- •1.Гематурия.Түрлері.Гематурия түрлері.Үш стакандык сынама
- •2.Дизурия түрлері.
- •3.Анурия түрлері.Анурияға алып келетін жағдай.
- •4.Бүйрек шаншуының пайда болу механизмін тізіп көрсетіңіз.
- •5.Несеп шығарудың жіті шықпауына әкелетін ауруларын тізіп көрсетіңіз.
- •6. Пиелонефрит жіктелуі
- •7.Жіті зәр шығарудың тоқтауында алғашқы көмек керсетудің алгоритмі.
- •8.Бүйрек шаншуында алғашқы көмек көрсетудің алгоритм.
- •11.Цистит.Жіктелуі.Этиологиясы.Клиникалық ағымы .Ерекшелігі.Дифдиагноз.Диагностика.Емі.
- •12. Ауырсыну, дизурия, зәрдің түсінің өзгеруі, патогенезі. Аталық без сөлін зерттеу, эякуляттың биохимиясы, патологиялық өзгерістер.
- •15. Жіті зәр шығарудың ұстап қалуына әкелетін аурулар. Жіті зәр шығарудың ұстап қалуы кезіндегі жедел жәрдем.
- •18.Анурия.Этиологиясы.Негізгі клиникалық симптомдарын атаңыз.Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.
- •19.Орхоэпидидимит.Негізгі клиникалық симптомдарын атаңыз.Диагностика әдістерін атаңыз.Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.
- •20.Аталық бездің аденомасы.Этиологиясы.Патогенезі.Негізгі клиникалық симптомдары.Ауру сатысы.Негізгі консервативті емнің принциптерін атаңыз.
3.Анурия түрлері.Анурияға алып келетін жағдай.
Анурия- несептің қуыққа түсуінің тоқтауы. Бұл несептің бүйрек паренхимасынан бөлінбеуінен не жоғарғы несеп жолдарының бітелуіне байланысты қуыққа жетпеуінен болады. Анурияда тәулік бойы несепке шақыру болмайды, қуықтан катетер арқылы несептің аз мөлшерін (20-30мл) алады. Қуықта несептің болмауы 3 түрлі факторларға байланысты болады: 1)пререналды 2)реналды 3)постреналды
1)пререналды анурия-буйрек артериясының не венасының окклюзиясынан 2 буйректің қан айналысының кенет бұзылуынан,коллапс,шок,дегидротация әсерінен болады.
2)реналды анурия-буйректер шумақтарының,өзекшелер аппаратаның 1ші реттік зақымдану нәтижесінде дамиды: жіті гломерулонефритте,пиелонефритте,сәйкессиз қан құйғанда,нефротоксикаық улармен уыттанғанда
3)постреналды анурия- буйректерден несеп шығуына кедергі болғанда пайда болады. Несеп жолдарының обтурациясы-2 жақты несеп тасы,несеп жолдарының ісікпен қысылуы, гинекологиялық операцияларда несепағарларға кездейсоқ лигатура салғанда болады.
4.Бүйрек шаншуының пайда болу механизмін тізіп көрсетіңіз.
Буйрек шаншуы-бұл бүйрек маңайында немесе несеп ағар бойымен жоғарғы несеп жолдарының обструкциясымен шақырылатын кенеттен пайда болатын ұстамалы ауырсыну.Негізгі себебі несеп тас ауруы,несеп ағардың қанмен бітелуі,ісікпен жаншылуы.
Механизмі: жедел обструкцияның толық және жартылай болуынан,инф бар жоқтығына байланысты.Зәрдің бүйрек тостағаншалары мен несепағардан шығарылуының бұзылысынан зәр обтурациядан жоғары жинақталып,бүйрек түбекшелерінің созылуына әкеледі және қан айналымды төмендетеді.Ал бүйрек тіні керіліп және капсуласынағы нерв аппаратын тітіркендіреді де ұстамалы түрде қатты ауырсыну тудырады.
Осы кезде ауырсыну 10 балдық шкалаға дейін жетіп жедел көмек көрсетуді талап етеді.Бұл кезде науқасқа паранефральді новокаинді блокада жасаймыз.
5.Несеп шығарудың жіті шықпауына әкелетін ауруларын тізіп көрсетіңіз.
Несеп шыгарудың жедел жеткіліксіздігі деп-зәрдің қуықта жиналып бірақ өздігінен шыгуының бұзылуы.
Себептері:1)динамикалық және механикалық инфравизикалды абструкция.Оларға
Қуық асты безінің қатерсіз гиперплпзиясы,бұлшық еттің гипертонусы
2)қуықтың инервациясының бұзылысы,детруздың маторлы функциясының бұзылысы
3)қуықтың шамадан тыс толуына алып келетін себептер
Баскада себептер:іш қату қуық асты безінің рагы,қуықтың ңан ұйындысымен бітеелуі,операцияның асқынуы,нжж тастардың болуы,инф қабыну аурулары,дәрілердің әсерлері.Әйелдерде кіші жыныс мүшесіндегі көлемді түзілістердің болуы,жүктілік,уретраның лейомиомалары.жас қыздарда гематокольпометрлерден болады.Несеп шығарудың тежелуі қуықтын б/е-.нің тым созылуынан болады.
6. Пиелонефрит жіктелуі
Пиелонефрит – бактериялармен, әсіресе ішек таяқшасымен шақырылатын тостағанша-түбекше жүйесі мен бүйрек паренхимасының қабынуы. Ол интоксикациямен өтетін ауыр инфекциялық ауру.
Пиелонефрит жіктеледі:
І. Локализациясы бойынша: 1) бір жақты; 2) екі жақты;
ІІ. Туындауы бойынша : 1) біріншілік (асқынбаған), 2) екіншілік(асқынған) – бұрыннан бар урологиялық патологияның немесе гемодинамика бұзылысының фонында туындайды.
ІІІ. Инфекциялық агенттің енуі бойынша: 1) гематогенді; 2) өрлеуші: 2а – несепағар қуысы арқылы; 2б – несепағар қабырғасы арқылы; 3) лимфогенді
IV. Несепшығару жолдарының өткізгіштігі бойынша: 1) обструктивті; 2) обструктивті емес
V. Морфологиялық белгілері бойынша: 1) жедел пиелонефриттің өзі:а/ серозды, б/ іріңді, в/некротикалық папилит деп жіктеледі; 2) созылмалы пиелонефрит: минимальды өзгерістермен, строма-клеткалық компонент, тубулостромальды компонент, строма-тамырлы компонент, бүйректің тыртықтануы немесе пионефроз.
VI. Науқастың сипаты бойынша:1) балалық шақ пиелонефриті, 2)жүктілер пиелонефриті,3) қарттық пиелонефрит,4) қант диабеті кезіндегі пиелонефрит.
VII. Қабыну фазасы бойынша:1) активті қабыну фазасы; 2) латентті қабыну фазасы; 3) ремиссия фазасы;
VIII. Бүйректің жағдайы бойынша: 1) апостематозды пиелонефрит; 2) бүйрек карбункулы; бүурек абцессі; 4) бүйрек тыртықтануы; 5) пионефроз.
9. Зәрдің сандық және сапалық өзгерістері.
Сандық өзгерістері.
Полиурия зәрдің бқлінуінің патологиялық жоғарылауы. Науқас тәулігіне сал. тығ. 1002-1012 2000мл артық зәр бөледі. Қант диабеті кезінде қандағы глюкоза мөлшерінің кқп болуына байланысты зәрдің сал.тығ. 1030 жоғарылайды. Полиурия поллакиуриямен қатар жүреді. П/я соз. бүйрек жетк. көрсетеді. П/ямедикаментозды диуреиктерді қолданғанда да дамиды.
Опсоурия- көп мөлшерде сұйықтық қабылдаған соң 1 тәулік не одан көп уақыттан кейін зәрдің көп мөлшердегі кеш бөлінуі.жүрек жеткіліксіздігінде жиі кездеседі.бауыр және ұйқы безінің ауруларының симптомы болуы мүмкін.
Олигоурия- зәрдің аз мөлшерде бөлінуі. Олигоурия деп тәулігіне зір 100-500мл арасында болады. Мұндай жағдайда зәрдің сал.тығ. өте төмен болады. О/я жедел және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің белгісі болып табылады. Жедел нефрите о/я шумаақ мембранасының сүзгілік қызметі бұзылысымен де байланысты. Урологиялық аурулармен қатар іш өткенде, құсу, қан кету, жоғ. тершеңдікте, қызба кезінде, жүрек жеткіліксіздігінде ісіну дамығанда болады.
Анурия –зәрдің қуыққа келуінің тежелуі, зәрдің мүлде бөлінбеуі. Негізгі себептері
Бүйрек паренхимасынан зәрдің мүлде бөлінбеуі
Жоғарғы зәр шығару жолдарының обтурациясы
Катетеризация жасау арқылы аз мөлшерде 20-30мл көп емесзәр бөлінеді.зәрдің қуықта болмауы негізгі 3 факторға байланысты, соған байланысты анурияның 3 негізгі түрін бөлеміз.
Преренальді;
Ренальдісекреторлы;
Постренальді экскреторлы;
Аренальді егер білмей жалғыз бүйректі алып тастаған жағдайда;
Сапалық өзгерістері. Зәрдің химиялық құрамында 150-ден астам компоненттер бар.
Зәрдің сал.тығ. өзгеруі- бүйректің концентрационды қызметінің бұзылуының бір белгісі.
Гиперстенурия- зәрдің сал.тығ.ң жоғарылауы. Ол бүйрек патологиясына байланысты емес, ҚД, гиперпаратиреоз,ауыр металлдардың тұздарымен ұзақ уақыт уланғанда дамиды.
Гипостенурия- зәрдің сал.тығ.1002-1010 төмендеуі, ол бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дамиды.
Зәрдің түсі мен мөлдірлігі. Қалыптыда сары түсті (урохромныңболуы) мөлдір болады.
Протеинурия-зәрде белоктың көп болуы. Қалыптыда 0,033г/л аспауы керек. Арнайы және арнайы емес қабынулық зақымдануда 1г/л аспауы керек.
Жалған протеинурия
Шынайы пртейнурия
Пиурия- зәрде ірің болады-урологиялық қабыну ауруларында кездееді.
Гематурия- зәрде қанның болуы.
Макрогематурия
Микрогематурия
Миоглобинурия-зәрде миоглобиннің болуы.
Цилиндрурия-цилиндрлі жасушалардың болуы.
Шынайы цилиндрурия
Жалған цилиндрурия
Бактерурия-зәрде бактерияның болуы.
Пневматурия-бөлінген зәрде газ не ауаның болуы.
Липурия-зәрде майдың болуы.
Хилурия-зәрде лимфаның болуы.
Гидатидурия(эхинококкурия)-эхинококктың ұсақ көпіршіктерінің болуы.
Бүйрек шаншуы-оның негізінде зәрдің жоғарылауы, зәр жлдарының жоғарғы бөліктерінің бітел себібінен шығуының қиындауы және бұзылысы нәтижесінде пайда болады.Патогенезі:түбекше ішектік қысым жоғарылайды,нәтижесінде түүбекше рецепторларының қозуы,ол жұлынға өтіп,үлкен-ми қыртысында ауырсыну пайда болады.Екінші патогенезінде бүйрек тамырларының спазмы,паренхима ісінуі, ббүйрек капсуласының фиброзды созылуы, нәтижесінде ауырсыну импультері жоғарылайды. Этиологиясы:зәр-тас ауруы,пиелонефрит,зақымдалу, қуық бүйрек ісігі.Клиникасы бел қабырға астында ауырсыну ол қасаға аймағынна несепағарға, санға таралады.Лоқсу,құсу,ішек парезі, дефекация,науқас өзіне ыңғайлы орын таппайды.Диагностикасы жалпы қан анализі,жалпы зәр аналлизі,қанның биохимиялық анализі,УДЗ, ренгенография,экскреторлы урография,хромоцистоскопия,ретроградты пиелография. Егер бүйрек шаншуы бүйрек тас ауруының фонында көрінсе ,онда УДЗ-да бүйректе немесе несеп ағарда әр түрлі көлемдегі тастар көрінеді.Ал рентген көріністе конкременттердің көленкесін көруге болады. Емі консервативті 1. несеп ағарда 0,5 см көлемді болса оган өздігінен тастардын ажырататын терпен тобындагы препараттар;цистенал,энатин т.б. диуретикалық және спазмолитикалық әсер беретін марена экстрактысын. Тас айдаушы терапия жүргізіледі. 2.Бүйрек шаншуын купировать ететин жылыту процедуралары мен қоса ауырсынуды басатын инъекциялар. 3.блокадалар; ер адамдарга- ұрық шылбыры аймаіына 40-60 мл 0,5% новокаин салады. Әйел адамга –блокада Лорин –Эбштейн бойынша ,яғни жатырдын жұмыр байламына енгізеді. Хирургиялық емді егер тас 0,6дан жогары болган жагдайда сонымен қатар консервативті ем эффективсіз болган жағдайда.
