Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
урология ответ (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51 Кб
Скачать
☆

15. Жіті зәр шығарудың ұстап қалуына әкелетін аурулар. Жіті зәр шығарудың ұстап қалуы кезіндегі жедел жәрдем.

Жити зар шыгарудын усталып калуы – шектен тыс толган куыкты босата алмау. Зардин усталуын ануриядан ажырата билу керек. Анурияда зардин шыкпауы зар болинуинин бузылысынан немесе жогаргы несеп жолдарынын обструкциясынан болады. Анурияда куык зарге толмайды.

Жіті зәр шығарудың ұстап қалуына әкелетін аурулар:

-Куыктын кысылуы: куык асты безинин аденомасы, кабынулык процесстери, абцесстери, уретранын исиги

-Несеп жолдарынын бителип калуы: уретранын таспен, ботен денемен бителуи, т.б.

-Уретранын жаракаттары мен жамбас суйектеринин сыныктарында.

-Куыктын булшыкеттик тонусынын немесе уретранын сфинктеринин нервтик реттелуинин бузылысынан дамиды.

-Медикаментозды интоксикация (снотворлы препараттармен улану т.б.)

-уретранын кабынудан тарылуы

-Рефлекторлы функциональды жагдайлар( шатаралыкка тик ишекке, айел жыныс мушелерине операция жасалганнан кейин,босанганнан кейин , стрессте, алкогольды масаю, истерияда, тосекте узак мерзимде мажбур жату жане т.б.)

Жедел жардем:

Куыкты катетерлеу- емдик жане диагностикалык максатта колданылады.Куыкты катетерлеген сон наукас бирден женилдейди. Шыккан зар сипатына карап диагноз коюымызга болады.(уретранын стриктурасы, ботен денеси, закымдалуында катетеризация жасалмайды)

Егер катетерлеу болмаса (уретранын стриктурасы, ботен денеси, закымдалуында ) онда шап устилик троакарлы катетеризация, иш кабыргасы аркылы енгизилген тутикшеден зарди шыгарады.

Адекватты антибактериальды, дезинтоксикационды жане кабынуга карсы терапия. Егер кажет болса толыгымен шока карсы жане гемостатикалык шаралар жургизеди.

Куык сфиктеринин спазмында

- 0,5-1мл 0,1% р/р атропина сульфата

- 2-4мл 2% р/ра папаверина гидрохлорид

Куык жыртылуларында, травмада жедел операция.

16.Гематурия.Диагностика алгоритмі.Гематурияның әр түрлі формасының арасындағы салыстырмалы диагностикасы.Гематурияны басудың консервативті және операциялық тәсілдері.Зәрде қанның болуы гематурияны көрсетеді.Оның микроскопиялық және макроскопиялық түрі бар.Макрогематурия кезінде зәрдің түсі ет жуындысы түсінен қан ұйындылары бар интенсивті қызыл түске дейін өзгереді.Микрогематурия(эритроцитурия) микроскопиялық анықталады және әр түрлі патологиялық процесстер кезінде кездеседі.Микрогематурияны уретроррагиядан ажыратуымыз қажет.Яғни уретроррагия кезінде зәр шығару актісінен бөлек уретрадан қанның бөлінуін айтамыз.Макрогематурия көбінесе бүйректің, тостағаншаның, несепағардың, қуықтың қатерлі ісіктері кезінде байқалады.Гематурияның қай жерде екенін анықтауға болады. Егер қан тек зәрдің бірінші порциясында болса(инициальді),онда патологиялық процесс уретраның алдыңғы бөлігінде локализацияланады.Бұл жағдай зәр шығару каналының жарақаттарында, полип, қатерлі ісік, қабыну аурулары кезінде болады. Ал егер қан зәрдің тек соңғы порциясында болса(терминальді), детрузордың жиырылуы кезінде зақымдалған аймақтан қанның бөлінуін тудырады, ол көбінесе уретраның артқы бөлігі зақымдалғанда байқалады. Терминальді гематурия қуықтың мойнының,қуықасты безінің қабыну ауруларында, қуықасты безінің аденомасы, қатерлі ісігі кезінде, қуық мойнының ісігі кезінде болады.

Егер қан зәр шығару актісінің барлығында болса, онда тотальді гематурия туралы айтуға болады.Тотальді гематурия бүйрек паренхимасы, тостағанша, несепағар немесе қуықтың зақымдануы кезінде болады.Ол бүйрек, тостағанша, несепағар, қуықтың ісігі, бүйрек поликистозы, бүйрек туберкулезі, пиелонефрит, бүйректас ауруы, бүйрек емізікшесінің некрозы, геморрагиялық цистит, қуықтың ойық жарасы, қуықасты безінің аденомасы, эндометриоз, қуықтың шистосомозы сияқты аурулардың симптомы болып табылады.

Гематурияның сипатын анықтау үшін екі және үш стақанды проба қолданылады.Онымен қатар қан ұйындылары формасы арқылы анықтауға болады.Формасыз қан ұйындылары қуықтан қан кетудің белгісі болып табылады. Құрттәрізді қан ұйындылары бүйректен немесе несепағардан екенін байқатады.Зәр шығарудың жоғарғы бөліктерінен қан кетуінің топикалық диагностикасы болып несепағардың қан ұйындысымен бітеліп қалған аймақтағы бүйректің ауырсынуы болып табылады.

Ісіктік процесстің нәтижесінде туындаған қан кету бүйректе ауырсынудың туындауына әкеледі.керісінше бүйректас ауруында ауырсыну қан кетуді туғызады.Ауырсынусыз жүретін тотальді гематурия кезінде қан кетудің қай аймақта екенін анықтау қиынға соғады.Сондықтан қан кету анықталған сәтте цистоскопия жасау қажет.Зәр тек гематурия кезінде қызыл түске енбейді, кейбір дәрілік преапараттарды, тағамдарды(қызылша) қолданғанда сондай-ақ қызыл түске енуі мүмкін.Мұндай жағдайда анамнездің көмегі тиеді.Сонымен қатар зәрді микроскопиялық тексерідің маңызы зор.Гематурия сондай-ақ антикоагулянттармен емдегенде асқыныс түрінде пайда болуы мүмкін.Гематурияны гемоглобинуриядан ажырата білу керек.Зәрді өткізгіш жарықта қарағанда қызыл түсті, бірақ тұнық болады.Микроскопиялық қарағанда эритроциттер табылмайды.

Диагностикасы:шағымдар,іш қуысының және бүйретін УДЗ,КТ,МРТ,урография,цистоскопия.

Емі:антианемиялық терапия.қанды тоқтату үшін суық басу,иммунокорректорлар.

17.Бүйрек соғылуы.Гематурия.Негізгі клиникалық симптомдары.Диагностика.Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.Ішперде артында орналасқан белдің екі жағында орналасқан жұп мүше. бауырдан кейінгі жиі соққыға ұшырайтын мүше болып табылады.Себептері:түрлі жарақаттар нәтижесінде туындайды.Мысалы,қатты заттарға құлау, бел аймағына соққы, ұзақ жаншылу, тұрмыстық жарақаттар, жол апаты кезіндегі жарақаттар.Симптомдары:ауырсыну, гематурия, бел аймағының ісінуі.Гематурия өте ауыр жарақаттар алған кезде пайда болатын симптом.Біріншілік және екіншілік болып бөлінеді.Гематурия бүйрек паренхимасының соққы нәтижесінде бұзылуынан болады.Яғни зәрде қан және қан ұйындыларының болуымен сипатталады.Негізгі диагностикалық мәлімет беретін науқастың шағымдануы бойынша зәрдің қан аралас болуы.Одан кейін лабораторлы зерттеулер:жалпы қан анализі,жалпы зәр анализі,кейбәр зәр пробалары,инструменталды әдістерге цитоскопия,рентгенография,урография,уретеропиелография,УДЗ.

Емі:соққыдан алған зақымданудың дәрежесіне, асқынысына және де өосымша ауруларға байланысты ем тағайындалады.гематурия ұзақ жалғасқан жағдайда анемия пайда болуы мүмкін.яғни антианемиялық терапия.Гематурияны тоқтату үшін жарақат орнына суық басамыз.тоқтағаннан кейін гематоманы кетіру үшін физиотерапия тағайындаймыз.ауырсынуды басу үшін анальгетиктер, новокаинді блокадалар тағайындаймыз.