- •Билет 1
- •3 Тәуелсіз Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздері.
- •№1Билетке қосымша Шоқан Уәлиханов
- •Билет 2
- •Омонимдер
- •Мәтіннің мазмұнын айт. Хафиз Жаңабайұлы Мақажанов
- •Лексикалық тақырып: “Менің отбасым”.
- •Билет 3
- •Үндестік заңы.
- •2 Мәтіннің мазмұнын айт. Әлиев Мұхтар Әлиұлы
- •Билет 4
- •Жіктік жалғаулары.
- •Мәтіннің мазмұнын айт. Ә.Қастеев
- •Лексикалық тақырып: “Емханада”
- •Мәтіннің мазмұнын айт “Бөгенбай батыр”.
- •Лексикалық тақырып: “Поштада”.
- •Бөгенбай батыр
- •Билет 6
- •Синонимдер.
- •Мәтіннің мазмұнын айт “Астана- бас қала”.
- •Лексикалық тақырып: “Дәріханада”
- •Билет 7
- •Көптік жалғаулары.
- •Мәтіннің мазмұнын айт “Қабанбай батыр”
- •Лексикалық тақырып: “Асханада”
- •Қабанбай батыр
- •Тәуелдік жалғаулары.
- •Мәтіннің мазмұнын айт “Наурызбай батыр”.
- •Менің мамандығым.
- •Наурызбай батыр
- •Сабақтас құрмалас сөйлем.
- •2 Мәтіннің мазмұнын айт . Талғат Бигелдинов
- •3 Лексикалық тақырып: “Танысу” № 9 билетке қосымша Талғат Бигелдинов
- •Етістіктің болымды түрі.
- •2. Мәтіннің мазмұнын айт Мәншүк.
- •3. Лексикалық тақырып: “Кітапханада” № 10 билетке қосымша
- •2 Мәтіннің мазмұнын айт. Әбдіров ескерткіші
- •3. Лексикалық тақырып: “Театрда” № 11 билетке қосымша Әбдіров ескерткіші
- •Салалас құрмалас сөйлем.
- •Мәтіннің мазмұнын айт “Менің Қазақстаным”.
- •3. Лексикалық тақырып: “Біздің колледж”
- •Қазақстан
- •Билет 13
- •Мәтіннің мазмұнын айт Мартбек Мамыраев
- •3. Білім туралы 5 мақал айту.
- •Билет 14
- •Көмекші есімдер.
- •Мәтіннің мазмұнын айт. Әлия Молдағұлова
- •3. Лексикалық тақырып: “Аудиторияда”
- •Сан есім, түрлері.
- •Мәтіннің мазмұнын айт “Әл-Фараби”.
- •3. Лексикалық тақырып: “Менің күн тәртібім”
- •Билет 16
- •Антонимдер.
- •Мәтіннің мазмұнын айт. С.Баймағамбетов
- •3. Лексикалық тақырып: “Өзім туралы”
- •С.Баймағамбетов – Кеңес Одағының батыры
- •Билет 17
- •Есімдік, оның түрлері
- •Мәтіннің мазмұнын айт “а.Қунанбаев”.
- •3. Лексикалық тақырып: “Біздің отбасы”
- •Билет 18
- •Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
- •2.Мәтіннің мазмұнын айт. Әл -Фараби
- •3. Лексикалық тақырып: “Өтініш үлгісін жаз”
- •Билет 19
- •1. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.
- •2. Мәтіннің мазмұнын айт. «Қазақстан»
- •Қазақстан
- •Билет 20
- •Септік жалғаулары.
- •2. Мәтіннің мазмұнын айт. Тамырдың соғуын өлшеу
- •3. Лексикалық тақырып: “Шаштаразда”
- •Тамырдың соғуын өлшеу
- •Мекен үстеуі.
- •2. Мәтіннің мазмұнын айт “Тұмау-жұқпалы ауру”.
- •Отан туралы 5 мақал айт.
- •Тұмау – жұқпалы ауру
- •Мәтіннің мазмұнын айт “қр ұлттық мерекелері”.
- •3. Лексаикалық тақырып: “Біздің колледж”.
- •Қазақстан Республикасының ұлттық мерекелері
- •Есімдік, оның түрлері.
- •Мәтінді мазмұнда.Мәншүк Мәметова.
- •№ 23 Билетке қосымша
- •Етістіктің келер шағы.
- •Мәтінді мазмұнда.Мәншүк Мәметова мұражайы..
- •Өтініш үлгісін жаз. (Басқа жұмысқа кету жөнінде) № 24 билетке қосымша
- •Мәтінді мазмұнда. «Шоқан»
- •Құрмалас сөйлем.
- •Мәтінді мазмұндау. “Мамандық”
- •Өмірбаян үлгісін жаз.
- •Мамандық
- •Мәтінді мазмұндау. Біздің үйіміз.
- •Қолхат үлгісін жаз.
- •3 Лексикалық тақырып: “Менің досым”.
- •Буын және тасымал.
- •Лексикалық тақырып: Жаңа жыл
- •Ана тілі туралы 5 мақал мәтел айт.
- •Зат есімнің жасалуы.
- •2 Мәтінді мазмұнда. Төле би.
- •Етістіктің болымсыз түрі.
- •Мәтінді мазмұнда. “Қонақтарды қалай шақыру керек”.
- •Лексикалық тақырып : “Телефонмен сөйлесу”
- •Қонақтарды қалай шақыру керек?
Билет 4
Жіктік жалғаулары.
Мәтіннің мазмұнын айт. Ә.Қастеев
Лексикалық тақырып: “Емханада”
№4билетке қосымша
Ә.Қастеев (1904-1973)
Әбілхан Қастеев - бейнелеу өнерінің негізін салушы.
Ә.Қастеев - Қазақстан республикасының халық суретшісі, Қазақстан республикасы мемлекеттік сыйлығының (лауреаты) иегері.
Ә.Қастеев Алматыдағы Н.Х. Хлудов пен Москвадағы И.И. Бродскийдің көркем сурет студияларында оқыды.
Суретші Жетісу өлкесін ерекше сүйіп, оны бейнелей білді.
“Медеу маңының сипаты”, “Жайлауда” (1938), “Күз”(1942), “Амангелді сарбаздары” (1970), “Қапшағай ГЭС-і” (1972) еңбектерінен суретшінің Отанға деген зор патриоттық сезімі айқын көрінеді.
Алматыда Ә.Қастеев атындағы көше бар.
Оқытушы.
Билет 5
Екпін.
Мәтіннің мазмұнын айт “Бөгенбай батыр”.
Лексикалық тақырып: “Поштада”.
№5 билетке қосымша
Бөгенбай батыр
Бөгенбай батыр – Абылай хан заманындағы атақты қолбасы, батыр. Ол Абылай ханның батырларының ішіндегі ең үлкен ағасы және Қанжығалы руынан, сондықтан оны халық аңызында “Қанжығалы қарт Бөгенбай” деп атаған.
Бөгенбай батыр Сыр бойында туып, Торғай өзенінің бойында қайтыс болған. Сүйегі Түркістан қаласындағы Ахмет Иассауи күмбезінде жатыр. Оның Тұраналы,Тұрымбет деген екі баласы болған.
XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақ халқын торлаған көп жаудан елді қорғауда Бөгенбай батыр көп ерлік көрсетті. Оның даңқы, әсіресе, жоңғармен, кейін Қытай әскерімен соғысқанда ерекше көзге түсті. 1725-1727 жылдары қазақ жұртының астанасы – Түркістанды қорғауда абылай ханмен бірге соғысып, жоңғарларды қуып шықты. 1756-1758 жылдары Түркістанға келген Қытай әскерін Үрімшіден асыра қуды.
Бөгенбай батыр – ақылды, білгіо болған адам. 1761 жылы Абылайдың Әділ деген баласымен бірге бітім жасау мәселесімен Қытайға барған. Бөгенбай батыр 1728 жылы 38 жасында 30 мың қолға қолбасшы болды.
Қазақ халқы батырын әр уақытта аса құрметтеген. Қазақстанның көптеген қалаларында оның атында көшелер бар.
Оқытушы :
Билет 6
Синонимдер.
Мәтіннің мазмұнын айт “Астана- бас қала”.
Лексикалық тақырып: “Дәріханада”
№6 билетке қосымша
Астана
Қазақ Республикасының ең алғашқы астанасы Орынбор (1920-1925), одан кейін Қызылорда (1925-1929), 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алматы қалалары болды.
1997 жылы қазанның 20- сында Н.Ә.Назарбаев “Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау” туралы жарлыққа қол қойды. 1998 жылы мамырдың 6-сында Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласы Астана қаласы болып аталды. Осы жылғы маусымның 10-ында тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі өтті, Сөйтіп, енді Астана қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болды.
Аз ауақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Қаланың ортасынан ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы батпақ, қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды. Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, “Интерконтиненталь” қонақ үйі, Еуразия университетінің жаңа корпусы, Жастар сарайы, министрліктердің үйлері, көп қабатты тұрғын үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылды. Аспанға атылған ақ барыс мүсіні Қазақстанның XXI ғасырдағы бақытты болашағын білдіріп тұр.
Әсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа Астананың сұлулығы ерекше. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. “Бәйтерек” ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады.
Астананың болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сұлу әйгілі қала болмақ.
Астана – Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы, бас қала.
Оқытушы :
