Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос.сратары.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать
☆

1. Қылмыстық заңның түсінігі және маңызы

Қылмыстық заң - қылмыстық жауаптылықтың негiзi мен принциптерiн бекiтетiн, қоғамға қауiптi әрекеттердiң қайсысы қылмыс болып табылатындығын және оларды жасағаны үшiн қандай жазалар қарастырылатынын анықтайтын, сонымен бiрге қандай жағдайларда қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату мүмкiн екендiгiн белгiлейтiн заңдық нормалардан құралған мемлекеттiк билiктiң өкiлеттi органы қабылдаған нормативтi акт.

Қылмыстық құқық нормалар мазмұнына қарай үш түрлі топқа бөлінеді

1.Декларативті-яғни, қылмыстық құқықтық жалпы міндеттерін айқындайтын нормалар (К.К. 2 бабы)

2.Анықтаушы-яғни, құқық түсінігі мен жекеленген институттарына айқындама беретін нормалар. (қ/к 9-бабы қылмыс ұғымы).

3.Арнаулы яғни, нақты қылмыс құрамына және оған тағайындайтын жазаға сипаттама беретін нормалар) мысалы: қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі барлық нақты, жекеленген қылмыс құрамдары).

2. Қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімінің ескіруінің түсінігі

Қылмыстық жауапқа тартудың мерзімінің ескіруі деп – қылмыс істеген уақыттан бастап, шарттарға сәйкес жауапқа тартуға мүмкіндік беретін уақыттың өтуін айтамыз. Мұдай мерзімнің өтуі қолданылатын шараың тиімділігін, қажеттілігін жояды, содықтан да ол қылмыс ескірген қылмыс қатарына жатқызылады. Уақыты өтіп, ескірген қылмысты тергеу оған дәлелдерді жинау, істі сотта қарау кезінде жинақталған мәліметтерді қайта жаңғыртудың өзі де көптеген қиындықтарды туғызады. Сондықтан да жауапқа тарту мерзімі ескірген қылмысы үшін кінәлі адамға қылмыстық жауаптылық жүктеудің қажеті жоқ.

3. Тауар жеткізілімі шартының түсінігі, оның мазмұны мен атқарылуы

Тауар жеткізілімі шарты бойынша кәсіпкер болып табылатын сатушы сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді. Тауар жеткізілімі шартының елеулі айырмашылықтарының бірі одан туындайтын құқықтық қатынастар ұзаққа созылатын болып келеді.

Тауар жеткізілімі шартының жасау тәртібі өзгешелігі болып табылады. Шарттың жобасын алған тарап 20 күннің ішінде оны қарап, шарттың бір данасын екінші тарапқа береді.

Тауар жеткізілімі шартының нысаны – жазбаша. Шартты жасау, өзгерту, бұзу немесе оның мерзімін ұзарту тараптары қол қойған келісім немесе хаттар т.б. арқылы жасалады. Тауар жеткізілімі шарты әрбір мерзімге жасалады: ай, тоқсан және басқа да ұзақ мерзімге. Шарттың жағдайларының бәрін оның жүргізу кезеңдерінде келісіп алуға болады.

Тауар жеткізілімі шартының тараптары болып кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын субьектілер келеді. Мемлекет тауар жеткізілімі қатынастарында сатып алушы ретінде ғана қатыса алады.

1. Қылмыстық заңның уақытта және кеңістікте әрекет етуі

Әрекеттiң қылмыстылығы мен жазаланушылығы сол әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгiленедi. Қоғамдық қауiптi iс-әрекет (әрекетсiздiк) жүзеге асырылған уақыт, зардаптардың басталған уақытына қарамастан, қылмыс жасалған уақыт деп танылады.

Кез келген заң, оның iшiнде қылмыстық заңның қолданылу аясы, яғни күшi жүретiн шектеулi кеңiстiгi бар.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық заңының кеңiстiкте қолданылуы мынадай төрт принциптерге негiзделедi:

1). Территориялдық принцип,

2). Азаматтық принцип;

3). Универсалды принцип;

4). Реалды принцип.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]