- •Реферат
- •-Сурет - Веб – сервистердің қолданбалы программалық орталармен әрекеттесуі
- •1.3 Wsdl: веб-сервистерді сипаттау
- •Құрауыштар Компоненттер
- •1.3 Soap: веб – сервиске қол жеткізу
- •1.4 Rest архитектуралық стилі
- •1.4.1 Rest дегеніміз не
- •2.1 Тарихы
- •1.4.2 Rest – ті қолдану
- •2 Soa бағдарламалау
- •2.2 Сервисті бағытталған қосымша
- •2.3 Қағидаттары мен канондары
- •2.4 Сервистің анатомиясы
- •2.6.2 Бір бағытты модель
- •2.6.3 Хабарламалармен дуплексті алмасу
- •2.6.4 Ағынды модель
- •3 Windows communication foundation технологиясы
- •3.1 Wcf дегеніміз не ?
- •3.2 Орындалу шекаралы және сервистермен әрекеттесу
- •3.3 Негізгі түсініктер жайлы ортақ мағлұматтар
- •3.3.2 Хабарламалармен алмасу және түпкі нүктелер
- •3.3.3 Қарапайым abc
- •3.4 Хостинг
- •Локалді хостинг
- •Iis (Internet Information Service) сервері
- •3.5 Wcf архитектурасы
- •4.Дистанционды диагностика порталы
- •4.1 Порталдың сипаттамасы
- •4.2 Порталдың коммуникациялық архитектурасы
- •4.3 Порталдағы сервистердің ролі
4.2 Порталдың коммуникациялық архитектурасы
4.4–сурет - Порталдың коммуникациялық архитектурасы
Порталдың коммуникациялық сервистерін құруда ең басты мақсат ол порталдың мобильді тұғырмен байланыста болуы (4.4-сурет). Яғни мобильдік қосымшадан қолданушы сұрау жібергенде оған порталдың негізгі сайтының функциялары қол жетімді болуы. Ол үшін деректер қорымен әрекеттесетін және деректер қорындағы мәліметтерді мобильді тұғыр ретінде болған клиентке қол жетімді қылатын сервис құру. Сондықтан осы мәселелер ескеріле отырып REST архитектуралық стильде негізделген Restful Web API құрылды.
WCF REST архитектуралық стилін қолдайды және Restful сервистерді құруда жақсы мүмкіншіліктер береді. Біріншіден ол сәйкес байлаулар. Сервис REST стилінде құрылса webHTTPbinding байлауы қолданылады. Ал операциялық контракттардың орнына WebInvoke атрибуты қолданылады. REST қолданғанда негізгі керекті компоненттер System.ServiceModel.Web.dll библиотекасында орналасқан.
4.3 Порталдағы сервистердің ролі
Енді негізгі мақсат болып осы порталдың коммуникациялық сервистерін құру. Ең бастысы ол негізгі сайттың “контенті” мобильді тұғырда көрсетілуі. Яғни қолданушы мобильдік тұғыр арқылы порталға сұрау сала алады.
Бұл мүмкіндіктер іске асу үшін сервистерді құрудағы API (Application Programming Interface) құрылды. Зерттеу жүргізу нәтижесінде REST архиттектурасы қолданылды. Бірақ мобильді тұғырға сервис құруда, алғашқы қадамдарда SOAP протоколындағы сервис те құрылған, алайда көптеген анализ жүргізу барысында REST архитектурасы таңдалды. Себебі, біріншіден REST сервис SOAP-қа қарағанда жеңіл әрі деректер тасымалдауда тезірек және басқа платформалармен әрекеттесу деңгейі жоғары. Мобильдік платформа ретінде Android таңдалды, және ол REST сервисімен жақсы байланысты. Сонымен қатар iOS платформасымен де әрекеттесуді жүргіздік, сол байланыс нәтижелері де жақсы болды.
Енді коммуникациялық сервистердің қалай құрылғанын талдайық.
4.5-суретте көрсетілгендей мобильді тұғырмен байланыс үшін үш сервис құрылды: ClientChat, Taup_Authenticate_Service, Taup_Data_Service. ClientChat – бұл клиентпен онлайн түрде хабарламамен алмасу сервисі, Taup_Authenticate_Service – авторизация сервисі, Taup_Data_Service – деректер сервисі, яғни мобильді тұғырға деректер қорынан деректерді сұрауға мүмкіндік. Деректер қоры MS Sql Server-де құрылғандықтан оған сұрау ADO.NET технологиясы арқылы жүреді. Ал клиентке ол деректер REST сервисі болғандықтан HTTP протоколы арқылы жіберіледі. Taup_Data_Service сервисінде сонымен қатар іздеу жүйесі іске асырылған. Яғни қолданушы қосымшаға кіргенде аурыдың атын енгізіп, немесе бір аурудың симптомы бойынша іздеу жүргізе алады. Сонымен қатар тағы дәріханалар тізімін, ауруханар тізімін ала алады, ол ауруханалардың және дәріханалардың адресін біле алады. Тағыда іздеу жүйесі арқылы сол дәріхана мен аауруханарды тек адресін ғана жазу арқылы немесе жақын жердегісін таба алады.
4.5-сурет – Құрылған сервистер
4.6-суретте Taup_Data_Service сервисінің IPortal_Data_Service1 интерфейсі көрсетілген. Онда сервисті “ашатын” немесе қол жетімді қылатын [ServiceContract] контракті. Ал әрбір сұрау немесе метод e WebInvoke атрибуты арқылы жүзеге асады. UriTemplate атрибуты сұрауды URL адресіне береді. Яғни клиент сол URL біле отыра сол методты шақыра алады. Деректер JSon форматында жіберіледі. Бұл форматты таңдаған себеміміз ол Android плаформасындағы клиент қосымшасын құрғанда, шақыру кезінде келген деректерге “парсинг” жүргізуге ыңғайлы болуы. Яғни Android қосымшасында деректерді ыңғайлы түрде баптау және қолданушыға түсінікті түрде жеткізіп көрсету мақсаттарын қанағаттандырады.
4.6-сурет –Taup_Data_Service сервисінің интерфейсі
4.7-суретте Taup_Data_Service сервисінің конфигурациялық файлы көрсетілген. Ондағы ең негізгісі шеткі нүктелер. Бұл сервисте бір шеткі нүкте қолданылды. Онда REST сервис болғандықтан webHttpBinding байлауы қолданылды. Яғни деректер HTTP протокоымен тасымалданады.
4.7-сурет - Taup_Data_Service сервисінің конфигурациялық файлы
4.8-сурет - Taup_Data_Service сервисінің құрылымы
4.8-суретте Taup_Data_Service сервисінің құрылымы көрсетілген. Яғни әрбір методтың жұмысы және қалай шақырылатыны. Мысалы GetNews методы жаңалықтар тізімін береді. Оны шақыру үшін браузерді ашып http://localhost/Taup_Data_Service/Portal_Data_Service1.svc/GetNews адресіне өтсек жаңалықтар тізімін Json форматында шығарып береді.
4.9-сурет – GetNews методын шақыру
4.10-сурет – Сервистің іске қосылуы
ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмысты орындау барысында диагностикалық порталдың коммуникациялық сервистері құрылды. Портал медициналық ақпараттың энциклопедиясы ретінде үлкен жұмыс атқарады және алдын ала диагностика жүргізіуге мүмкіндік береді. Осы порталдың мүмкіндіктерін алыстатылған түрде пайдалану үшін үлестірілген қосымшалар құрылды. Сол үлестірілген қосымшалар бір бірімен коммуникациялық сервистер арқылы әрекеттеседі.
Мобильдік тұғырмен байланыс орнату үшін Windows Communication Foundation технологиясымен Restful Web API құрылды. Зерттеу жұмыстары барысында көптеген анализдер жасау нәтижесінде REST архитектуралық стилі таңдалды. Себебі REST архитектуралық стиліндегі сервис ыңғайлы әрі жеңіл және көптеген платформалар арасында байланыс орнатып, ақпарат алмасуға жақсы бейімделген.
Жұмыс барысында Microsoft компаниясының: .NET, WCF, SQL Server 2012, Visual Studio 2012 технологияларымен танысып, меңгердім. Деректер қорымен жұмыс істеуді, C# программалау тілін, объектіге-бағдарланған бағдарламалауды, сервистерді құрудағы сервисті-бағытталған архитектураны, желілік технологиялар мен стандарттарды жетік меңгердім.
Қазақстан аумағында медицина саласына бағытталған бұндай күрделі ақпараттық жүйелердің әлі құрылмағандығынан, бұл порталдың құрылуы сондай инновациялық бағыттағы бір қадамы. Сондықтан, болашақта Қазақстан Республикасының медицина саласында күрделі ақпараттық жүйелерді енгізе отырып, халықты медициналық қамтамасыз етіп халық жағдайын жақсартатынына сенімдімін.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Оқулықтар мен монографиялар тізімі
Дж. Лёве. Создание служб Windows Communication Foundation. – СПБ.: Питер, 2008, – 592 с.:ил.
Сибраро, Пабло, Клайс, Курт, Коссолино, Фабио, Грабнер, Йохан. WCF 4: Windows Communication Foundation и .NET 4 для профессионалов. : Пер с англ. – М.: ООО “И.Д.Вильямс”, 2011. – 464 с. : ил. – Парал.тит. англ.
Ньюкомер Э. Веб-сервисы. XML, WSDL, SOAP и UDDI. Для профессионалов.
Основы Windows Communication Foundation для .NET Framework 3.5: Пер. с англ. Слинкина А. А. – М.: ДМК Пресс, 2008. – 480 с.: ил.
Троелсен, Эндрю. Язык программирования C# 5.0 и платформа .NET 4.5, 6-е изд. : - М:ООО “И.Д.Вильямс”,2013. - 1312с.: ил. – Парал. тит. англ.
Сахил Малик. Microsoft SharePoint 2010 для профессионалов.
Сілтемелер
http://msdn.microsoft.com/ru-ru/library/dd456779.aspx
http://www.techdays.ru/Search?search=wcf
http://www.slideshare.net/ptsukanov/rest-soap-wcf
http://www.softfluent.com/documentation/Generating_Mobile-Enabled_WCF_Services.html
http://msdn.microsoft.com/ru-ru/library/ff521583(v=office.14).aspx
