- •Реферат
- •-Сурет - Веб – сервистердің қолданбалы программалық орталармен әрекеттесуі
- •1.3 Wsdl: веб-сервистерді сипаттау
- •Құрауыштар Компоненттер
- •1.3 Soap: веб – сервиске қол жеткізу
- •1.4 Rest архитектуралық стилі
- •1.4.1 Rest дегеніміз не
- •2.1 Тарихы
- •1.4.2 Rest – ті қолдану
- •2 Soa бағдарламалау
- •2.2 Сервисті бағытталған қосымша
- •2.3 Қағидаттары мен канондары
- •2.4 Сервистің анатомиясы
- •2.6.2 Бір бағытты модель
- •2.6.3 Хабарламалармен дуплексті алмасу
- •2.6.4 Ағынды модель
- •3 Windows communication foundation технологиясы
- •3.1 Wcf дегеніміз не ?
- •3.2 Орындалу шекаралы және сервистермен әрекеттесу
- •3.3 Негізгі түсініктер жайлы ортақ мағлұматтар
- •3.3.2 Хабарламалармен алмасу және түпкі нүктелер
- •3.3.3 Қарапайым abc
- •3.4 Хостинг
- •Локалді хостинг
- •Iis (Internet Information Service) сервері
- •3.5 Wcf архитектурасы
- •4.Дистанционды диагностика порталы
- •4.1 Порталдың сипаттамасы
- •4.2 Порталдың коммуникациялық архитектурасы
- •4.3 Порталдағы сервистердің ролі
3.2 Орындалу шекаралы және сервистермен әрекеттесу
3.1–cурет - Бір компьютерде WCF – әрекеттесу
WCF – те клиент ешқашан сервиспен тікелей әрекеттеспейді, егер де бір жад кеіңстігінде локалды байланысу болса да. Оның орнына клиентті шақыру делдар (proxy) арқылы жіберіледі. Делдал сервис атқаратын операцияларды орындайды.
WCF клиентке әртүрлі орындалу шекараларынан әрекеттесуге мүмкіндік береді. Егер сервис пен клиент бір компьютерде орналасса, клиент сервиске сол қолданбалы доменде, сол немесе басқа процестің басқа қолданбалы доменінде сұрау жібере алады (3.2-Сурет). Егер де клиент пен сервис әртүрлі компьютерлерде орналасса, клиент сервиске өзінің интражелісінде немесе Интернетте сұрау жібере алады (3.3-Сурет).
3.2–сурет - WCF -ті қолданумен компьютер аралық байланыс
3.3 Негізгі түсініктер жайлы ортақ мағлұматтар
3.3.1 WCF – тегі негізгі композиция
WCF таралған қосымшаны құрған кезде әдетте үш байланысқан жинақ жасалынады.
WCF сервисінің жинағы. Бұл *.dll кітапханасы, сыртқы клиенттерге ұсынылатын, қапталған функционалдықты беретін, класстар мен интерфейстерді құрайды.
WCF сервисінің хосты. Бұл – WCF сервисінің жинағын қабылдайтын программалық модуль.
WCF клиенті. Бұл серфистің функционалдығына аралық прокси(делдал) арқылы қарайтын қосымша.
WCF сервисінің жинағы – өзінде көптеген WCF контракттары мен олардың орындалауын құрайтын .NET-ң класстар кітапханасы.
Екінші жинақ – WCF хосты, .NET платформасының кез келген орындалатын программасы бола алады. Және егер сервисті интражеліде жариялау үшін IIS (Internet Information Services) қолданылады.
Соңғы жинақ WCF сервисінің шақыруларын іске асыратын клиент.
Ол клиент ретінде тағыда .NET платформасының кез келген орындалатын программасы бола алады. Хост сияқты, клиенттік қосымша әдетте клиенттік жақтың, клиенттік барлық механизмдерді анықтайтын *.config файлын қолданады. Сонымен қатар егер WCF сервис HTTP – де негізделген байлауларды қолданса, клиенттік қосымша басқа платформада жасалуы мүмкін(мысалы Java-да).
3.3.2 Хабарламалармен алмасу және түпкі нүктелер
WCF негізінде хабарламалармен алмасу, және хабарлама түрінде моделденетін кез келген объекттер, арқылы байланыс қағидаты жатыр. Бұл әртүрлі транспортты механизмдерге әмбебап API (Application Programming Interface) интерфейсін қамтамасыз етеді.
Модельде байланысты бастамашылық ететін клиент, және клиентпен байланысты күтіп, оған жауап беретін қосымша болып табылатын сервис танылады(3.3–сурет). Бір қосымша - клиент әрі сервис бола алады.
Негізінде сервис – клиентке пайдалы мүмкіндіктер ұсынатын көптеген шеткі нүктелер(endpoints) арқылы жұмыс істейді. Шеткі нүкте – хабарлама жіберуге болатын қарапайым желілік ресурс. Ұсынылған мүмкіндіктерді қолдана алу үшін клиент хабарламаны, клиент пен сервис арасындағы контрактпен сипатталатын форматта, шеткі нүктеге жібереді. Сервистер, хабарламалардың келіскен форматта жазылғанын болжап, хабарламаның шеткі нүкте адресіне келуін күтеді (3.4-сурет).
Әрбір сервис кем дегенде бір шеткі нүктені беруі тиіс және әрбір шеткі нүкте кем бегенде бір контрактқа ие болу керек. Бір сервисте бірнеше шеткі нүкте бола алады, және әрбір шеткі нүктенің өзінің ерекше адресі болады. MEX шеткі нүктесі WCF функционалдығын сипаттайтын және сол сервиспен байланысу тәсілдерінің метадеректерін береді. Ол бастапқы қадамда прокси-классты баптау үшін қолданылады.
3.3–сурет – Клиент пен сервис
3.4-сурет – Клиент пен сервис арасындағы мәліметтермен алмасу
