Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәріс (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91 Кб
Скачать
☆

Дәріс тақырыбы: "Төменвольтті жабдықтар қауіпсіздігі туралы» ко тр 004/2011

Дәріс жоспары:

  1. Қолданылу аясы

  2. Нарықтағы айналым ережелері

  3. Қауіпсіздік талаптары

Дәріс мақсаты: "Төменвольтті жабдықтар қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентпен танысу

Осы "Төменвольтті жабдықтар қауіпсіздігі" техникалық регламенті мынадай айналымға шығарылатын және пайдалануға берілетін:

шыққан еліне қарамастан жаңа, бұрын пайдалануда болмаған;

жаңғыртудан кейін пайдалануда болған;

Қазақстан Республикасына әкелінетін, бұрын пайдалануда болған төменвольтті жабдыққа қолданылады.

Осы техникалық регламент 2-бөлімінің айқындамасына сәйкес келетін және 1000 В дейінгі ауыспалы тоқты қоса алғандағы және 1500 В дейін тұрақты тоқты қоса алғандағы атаулы кернеу кезінде қолдануға арналған электр жабдығы осы Техникалық регламентте төменвольтті электр жабдығы деп түсініледі.

Оларға қатысты осы техникалық регламентпен қауіпсіздік талаптары белгіленетін техникалық реттеу объектілері болып мыналар табылады:

1) электр машиналары;

2) электротехникалық жабдықтар мен материалдар;

3) кәбіл өнімі;

4) есептеу техникасы;

5) жалпы өнеркәсіптік мақсаттағы автоматтандыру аспаптары және құралдары;

6) арнайы мақсаттағы автоматтандыру аспаптары және құралдары;

7) тракторлар және ауыл шаруашылығы машиналары;

8) құрылыс, жол және коммуналдық машина жасау өнімі;

9) жеңіл және тамақ өнеркәсібіне арналған технологиялық жабдық және тұрмыстық аспаптар;

10) радиобайланыс, радиохабарларын тарату және телевидение құралдары;

11) сымды байланыс құралдары және түпкі және аралық радиобайланыс аппаратурасы;

12) мәдени-тұрмыстық, шаруашылық, оқу мақсатындағы, жеңіл өнеркәсіп үшін қосалқы театр-ойын-сауық кәсіпорындарының бұйымдары.

Осы техникалық регламент мыналарға қолданылмайды:

1) кемінде 5 ВТ атаулы қуаты бар және ауыспалы тоқтың 50 В қоса алғанға дейін және тұрақты токтың 75 В қоса алғанға дейін атаулы кернеу кезінде қолдануға арналған электр жабдығы;

2) жарылыс қауіпті орталардағы жұмысқа арналған электр жабдығы;

3) радиологиялық жабдық;

4) жиынтықты төменвольтті құрылғылар мен электр қозғалтқыштарын қоспағанда лифтілер мен көтергіштердің электр бөліктері;

5) медициналық жабдық;

6) теміржол, автомобиль көлігінде және әуе, су кемелерінде пайдалануға арналған электр жабдығы;

7) қорғаныс өнімі;

8) ол туралы мәлімет мемлекеттік құпияны құрайтын өнім.

Нарықта орналастыру шарттары

1. Төменвольтті жабдық нарықта орналастырылады немесе осы техникалық регламентке, сондай-ақ, күші оған қолданылатын басқа да техникалық регламенттерге оның сәйкестігі кезінде пайдаланылады.

2. Оның сәйкестігі осы техникалық регламенттің талаптарына расталмаған төменвольтті жабдық осы техникалық регламентке сәйкестік белгісімен таңбаланбауы тиіс және нарықта орналастыруға немесе пайдалануға беруге жол берілмейді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Таңбалауға және пайдаланушы құжаттарға қатысты талаптар қандай?

  2. Сәйкестікті растау қалай жүргізіледі?

  3. Мүше мемлекеттернарығында бірыңғай белгімен таңбалау

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. "Төменвольтті жабдықтар қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті

2. Техникалық реттеу туралы Федералды заң

3. www.gosstandart.gov

4. memst.kz

9-шы дәріс

Дәріс тақырыбы: «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті

Дәріс мақсаты: «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентін зерттеу

Дәріс жоспары:

  1. Қолданылу аясы

  2. Анықтамасы

  3. Қауіпсіздік талаптары

  4. Сәйкестікті бағалау

«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 008/2011 техникалық регламентіне сәйкес ойыншықтар нарықтағы айналымға Кеден одағының осы техникалық регламентіне сәйкес шығырылады, сонымен қатар оларға таралатын және осы техникалық регламентінің қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуын растау тәртібінен өту жағдайында Кеден одағы, ЕврАзЭС техникалық регламенттерімен де шығарылады. Сәйкестікті растау куәландыру формасында жүзеге асырылады.

«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» КО ТР 008/2011 Кеден одағының Техникалық регламентінің 3-бабының 1-тармағына сәйкес ойыншықтар олар Кеден одағының Техникалық регламентіне сәйкес сәйкестікті растаудан өту шартымен нарықта айналымға шығарылады.

Жоғарыда көрсетілген техникалық регламенттің 6-бабының 2-тармағына сәйкес ойыншықтардың сәйкестігін растау сертификация нысанында жүзеге асырылады.

Сонымен, тауарларды кедендік декларациялау кезінде «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» КО ТР 008/2011 Кеден одағының Техникалық регламентінің объектілері болып табылатын әкелінген тауарлардың сәйкестігін растайтын құжат болып сәйкестік сертификаты ғана есептеледі.

Ойыншықтарға қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары:

1. Ойыншықтарды пайдаланушылар ойыншықтардың конструкциялық және өзге де кемшіліктері салдарынан денсаулыққа зиян келтіру немесе жарақат алу қатерінен қорғалуға тиіс. Ойыншықтардың конструкциясы мен дайындау технологиясы оларды мақсатына сәйкес қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге тиіс.

2. Функциясы мен негізгі сипаттамаларын және қасиеттерін өзгертпестен конструкциясын өзгерту арқылы толық жойылуы мүмкін емес ойыншықтарды пайдалануға байланысты қатерлердің алдын алу үшін ойыншықтарды пайдаланушылардың ең төменгі жасын және ойыншықтарды ересектердің бақылауымен ғана пайдалану қажеттігін көрсету қажет.

3. Ойыншықтар мен олардың бөлшектерінде, сондай-ақ олардың бөлшек сауда үшін салынатын орамасында буынып қалу қатері барынша аз болуға тиіс.

4. Ойыншықтар баланы:

1) агрессиялық іс-әрекеттерге;

2) қатыгездік танытуға;

3) өнегесіз іс-әрекеттер мен зорлық-зомбылыққа;

4) баланың жас ерекшелігі құзыретінің аясынан шығатын сексуалдық проблемаларға жағымсыз қызығушылыққа;

5) балалар мен ересектердің нәсілдік ерекшеліктеріне және денесінің кемшіліктеріне менсінбей және теріс қарауға итермелемеуге тиіс.

Сәйкестікті растау

1. Ойыншықтар қауіпсіздігінің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау саласындағы құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінде танылған жағдайда олар Қазақстан Республикасында жарамды деп есептеледі.

Бақылау сұрақтары:

  1. Аталмы техникалық регламент қандай бағытта қолданылады?

  2. Ойыншық материалы қандай болуы керек?

  3. Ойыншықтардың сәйкестігін растау қалай жүзеге асырылады?

Пайданылған әдебиеттер:

  1. «Ойыншықтар қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті

10-шы дәріс

Дәріс тақырыбы: "Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы регламенті

Дәріс мақсаты: "Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы регламентін зерттеу

Дәріс жоспары:

  1. Қолданылу аясы. Терминдер мен анықтамалар

  2. Парфюмерлік-косметикалық өнімдерге қатысты талаптар

  3. Сәйкестікті бағалау

1.Аталмыш техникалық регламентте қолданылатын терминдер:

1) ампулды косметика - герметикалық дәнекерленген шыны ыдысқа салынған, консерванттары жоқ, бір рет пайдалануға арналған ПК өнімдер;

2) ПК өнімдерінің түсініктемесі - ПК өнімдерінің тұтынушылық қасиеттері, тағайындалуы, қолдану жөніндегі нұсқауларының сипаттамалары, сондай-ақ қолдану тәсілдері бар сөзбен сипатталуы және (немесе) графикалық белгілеуі;

3) антиперспиранттар - тер бөлінуін төмендететін құралдар;

4) ерінге арналған жылтыр - ерінде жылтыр қабыршақ жасайтын косметикалық сәндік құрал;

5) ПК өнімдердің қауіпсіздігі - қауіпті факторлардың ықтималдығы мен оның салдарының ауырлығының деңгейін ескере отыра, өмірге, адам денсаулығына, қоршаған ортаға, өсімдік және жануарлар дүниесіне зиян келтіруге байланысты жол берілмейтін қатердің болмауы;

6) ПК өнімдердің сыртқы орауы (сыртқы орауы) - ПК өнімдердің ішкі орауы сиятын материал немесе бұйым;

7) ПК өнімдердің ішкі орауы (ішкі орауы) - ПК өнімдерді тікелей салуға арналған ыдыс;

8) көмекші құралдар - ПК өнімдерді тікелей жағуға (кетіруге) арналған және оларды пайдаланудан күтілетін жоғарғы әсерді қамтамасыз етуге арналған құралдар;

9) косметикалық гель - құрамында су, май эмульсиялар, арнайы қоспалар және гель пайда болатын компоненттері бар коллоидті жүйелерді білдіретін парфюмерлік-косметикалық құрал;

10) косметикалық саз - косметикалық процедураларға пайдаланылатын, айтарлықтай созылғыштыққа ие табиғи минералды заттар;

11) косметикалық балшықтар - косметикалық процедураларға пайдаланылатын табиғи минералды және (немесе) органикалық заттар;

12) дайындалған күні - дайындаушы қоятын және ПК өнімдерді дайындаудың технологиялық процесінің аяқталғаны жөнінде ақпарат беретін күні;

13) дезодорант - хош иістендіретін және сергітетін қасиетке ие парфюмерлік-косметикалық құрал;

14) өтініш беруші - өнімнің сәйкестігін растау үшін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;

15) өнімді сәйкестендіру - өнімді біртекті өнім тобына жатқызу мақсатында оның маңызды белгілері бойынша сипаттамасының ұқсастығын белгілеу;

16) ПК өнімді дайындаушы - ПК өнімдерді келесі иелігінен шығарғанға дейін өндіретін жеке немесе заңды тұлға;

17) косметикалық қарындаш - қарындаш түрінде шығарылатын, сырты ағаш немесе пластик парфюмерлік-косметикалық құрал;

18) клиникалық қауіпсіздік - арналуы бойынша ПК өнімдерді пайдаланған кезде азаматтардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргенін куәландыратын теріні тітіркендіретін және сенсибилизациялайтын әсерінің болмауы;

19) консерванттар - ПК өнімдердің жарамдылық мерзімін ұзартуды қамтамасыз ететін заттар;

20) бояулар - ПК өнімдерін бояу үшін қолданылатын табиғи және (немесе) синтетикалық текті химиялық зат;

21) лосьон - тері және (немесе) шаш және (немесе) тырнақ күтіміне арналған парфюмерлік-косметикалық сұйық құрал;

22) косметикалық май - сұйық майлы түрдегі парфюмерлік-косметикалық құрал;

23) маска - теріні, шашты, тырнақты тиімді күтуді қамтамасыз ету үшін арналған парфюмерлік-косметикалық құрал;

24) иіс сабын - денені күтуге арналған парфюмерлік-косметикалық құрал;

25) ПК өнімнің атауы - ПК өнімдерді даралайтын дайындаушы берген белгі;

26) ПК өнімнің аты - ПК өнімдерді біртекті топқа жатқызуға мүмкіндік беретін өнім түрінің белгісі;

27) парфюмерлік-косметикалық өнімнің арналуы (арналуы) - ПК өнімнің функционалдық қасиеті;

28) ашық хат - тұтынушыға арналған ақпараты бар кез келген форматты парақ өнімі;

29) бетті тазарту - терінің артық секретін, кірді, сәндік косметиканың құралдарын жою;

30) өнім партиясы - сапасы мен қауіпсіздігі туралы бір құжатпен берілетін белгіленген сапа және қауіпсіздік көрсеткіштері бар бір атау мен аттың өнім мөлшері; және т.б.

2. Жалпы қауіпсіздік талаптары

Қазақстан Республикасында айналымға шығарылатын ПК өнімдерді арналуы бойынша пайдаланғанда және (немесе) жарамдылық мерзімі ішінде алдын ала болжамды пайдаланған кезде адам өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеуге тиіс; бұл ретте өнімнің жарнамасы, оның таңбалануы, оны пайдалану және орналастыру жөніндегі нұсқаулық, сондай-ақ өндіруші, оның агенті немесе Қазақстан Республикасының нарығында өнімді таратуға жауапты кез келген тұлға берген қандай да бір түсінік немесе басқа да ақпараттар ескеріледі.

ПК өнімдердің қауіпсіздігі:

1) құрамына;

2) микробиологиялық көрсеткіштеріне;

3) улы элементтер мөлшерінің деңгейіне;

4) токсикологиялық көрсеткіштеріне;

5) клиникалық-зертханалық көрсеткіштеріне;

6) ПК өнімдердің өндірісіне;

7) тұтыну орауына;

8) тұтынушыға арналған ақпаратқа қойылатын талаптардың жиынтығын қамтамасыз етеді.

3. Сәйкестілікті бағалау

Қолданылу саласына осы өнім жататын осы техникалық регламенттің және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына ПК өнімінің сәйкестігін бағалау:

1) ПК өнімінің құрамына кіретін химиялық заттарды тіркеу;

2) сәйкестігін міндетті бағалау;

3) мемлекеттік бақылау жолымен жүзеге асырылады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Аталмыш техникалық регламенттің таралу аймағы?

  2. ПК өнімінің қауіпсіздігі қандай талаптардыңорындалуы кезінде жүзеге асады?

  3. ПК өнімінің сәйкестігін бағалау қалай жүргізіледі?

Пайданылған әдебиеттер:

  1. "Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы регламенті

11-ші дәріс

Дәріс тақырыбы: «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы регламенті

Дәріс мақсаты: «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы регламентін зерттеу

Дәріс жоспары:

  1. Қолданылу аясы. Терминдер мен анықтамалар

  2. Қауіпсіздік талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету

  3. Сәйкестікті бағалау

  1. Осы Заң машиналар мен жабдықтарға, олардың өмірлік циклы процестеріне қойылатын талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді және адам өмірін, денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауға кепілдік беру үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін белгілейді.

Қолданылу аясы:

1. Осы Заң адамның өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн, тұтынушылардың мүдделерiн және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн машиналар мен жабдықтарға, олардың өмiрлiк кезеңi процестерiне қажеттi ең төменгi талаптарды айқындау, белгiлеу, қолдану және орындау жөнiндегi қатынастарды реттейдi.

2. Осы Заңның техникалық реттеу объектiлерiне Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ оларды жобалау, өндiру, пайдалану, тасымалдау, сақтау, өткiзу, кәдеге жарату және жою процестерi жатады.

3. Осы Заңның күшi оларға Қазақстан Республикасының арнайы заңнамалық актiлерiнде арнайы талаптар машиналар мен жабдықтарға қолданылмайды.

Қазақстан Республикасының арнайы заңнамалық актiлерiмен реттелмеген бөлiгiндегi мұндай машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi осы Заңның нормаларымен реттеледi.

4. Осы Заңда және машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейтiн машиналар мен жабдықтарды өндiру, өткiзу, сақтау, тасымалдау, пайдалану (оның iшiнде, жөндеу, техникалық және сервистiк қызмет көрсету) процестерiне рұқсат етiлмейдi.

5. Осы Заңның, машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкес келмейтiн, көрмелер мен таныстыруларда көрсетуге арналмаған машиналар мен жабдықтарды сатуға рұқсат етiлмейдi.

Мұндай таныстырулар мен көрмелер барысында адамдардың денсаулығы мен өмiрiн және қоршаған ортаны қорғауға арналған қажеттi шаралар қабылдануы тиiс.

Терминдер мен анықтамалар:

1) бас тарту - нәтижесiнде адамның өмiрiне немесе денсаулығына, жеке немесе заңды тұлғалардың, мемлекеттiң мүлкiне және қоршаған ортаға зиян келтiру қауiп-қатерi туындайтын машиналар мен жабдықтар жай-күйiнiң жұмыс қабiлетiн бұзудан көрiнетiн оқиға;

2) дайындалған күн - машиналар мен жабдықтарды өндiру процесi аяқталған күнi;

3) жабдық - машинаға орнатылатын және машинаның негiзгi және (немесе) қосымша функцияларын орындау үшiн қажеттi, сондай-ақ оларды бiрыңғай кешенге бiрiктiруге арналған техникалық құрылғы;

4) жүйенiң жобалаушысы - жүйелерге (технологиялық желiлер, өндiрiс, қондырғылар) пайдалану жөнiндегi жобалық құжаттаманы және нұсқаулықты әзiрлейтiн заңды немесе жеке тұлға;

5) қауiптi аймақ - адамның жарақат алу немесе өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру қауiп-қатерiне ұшырайтын машинаның iшiндегi немесе оның айналасындағы аймақ;

6) қауiптi машиналар мен жабдық - адамның өмiрi мен денсаулығы, қоршаған орта үшiн қауiптi өндiрістің және машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласында қабылданған осы Заңда және техникалық регламенттерде белгiленген, қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейдi деп танылған машиналар немесе жабдықтар;

7) машиналардың және жабдықтардың сәйкестiк туралы декларация - өндiрушi айналымға шығарылатын машиналар мен жабдықтардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн куәландыратын құжат;

8) машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi - адамның өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiрумен байланысты рұқсат етiлмейтiн қауiп-қатердiң жоқтығы;

9) машиналар мен жабдықтардың өмiрлiк кезеңi - жобалау, өндiру, өткiзу, сақтау, тасымалдау, пайдалану (оның iшiнде жөндеу, техникалық және сервистiк қызмет көрсету), кәдеге жарату және жою процестерi;

10) машина - энергияны, материалдарды және ақпаратты түрлендiруге арналған, кешендi бipeуi қозғалатын өзара байланысты компоненттерден тұратын техникалық құрылғы немесе құрылғылар жиынтығы;

11) машиналардың және (немесе) жабдықтардың жобалаушысы - машиналар және (немесе) жабдықтарға пайдалану жөнiндегi жобалық құжаттаманы және нұсқаулықты әзiрлейтiн заңды немесе жеке тұлға;

12) машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгiне жауапты субъектiлер - машиналар және (немесе) жабдықтарды жобалаушы, өндiрушi, уәкiлеттi өкiл, импорттаушы персонал (операторлар);

13) өндiрушi - машиналарды және (немесе) жабдықты өндiретiн, машиналар қалпына келтiретiн (жөндейтiн) немесе елеулi түрде өзгертетiн (жаңғыртатын) және тарататын заңды немесе жеке тұлға;

14) пайдаланушы - машиналарды және (немесе) жабдықтарды пайдалануды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;

15) персонал (операторлар) - машиналар мен жабдықтарды iске қосумен, реттеумен, ағымдық қызмет көрсетумен, тазартумен, жөндеумен, сақтаумен немесе тасымалдаумен айналысатын тұлға;

16) сәйкестiк белгiсi - машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде және стандарттау жөнiндегi өзге де нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмiнен машиналардың және (немесе) жабдықтардың өткенi туралы сатып алушыға хабарлау қызметiн атқаратын белгi;

17) машиналардың және жабдықтардың сәйкестiгiн растау - машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде және стандарттау жөнiндегi өзге де нормативтiк құжаттарда немесе шарттардың жағдайларында белгiленген талаптарға машиналардың және (немесе) жабдықтардың сәйкестiгiн құжаттық куәландыру болып табылатын (сәйкестiк туралы декларация немесе сәйкестiк сертификаты түрiндегi) рәсiм;

18) уәкiлеттi орган - берiлген өкiлдiктер шегiнде салалық бағыттылыққа сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн өзге де мемлекеттiк органдардың қызметiне басшылық етудi және үйлестiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

19) уәкiлеттi өкiл - оның атынан сауданы жүргiзуге (жүзеге асыруға) рұқсат ететiн, өндiрушiден алған жазбаша өкiлеттiгi бар заңды немесе жеке тұлға;

20) шектi жай-күй - олардың одан әрi пайдаланылуын не олардың жұмыс қабiлетi жай-күйiн қалпына келтiру мүмкiн емес немесе орынды емес машиналар мен жабдықтардың жай-күйi;

21) жол берiлмейтiн қауiп-қатер - адамның денсаулығы мен өмiрi, қоршаған ортаны қорғау үшiн машиналар мен жабдықтардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген қауiпсiздiк деңгейiнен асатын қауiп-қатер.

  1. Сәйкестiктi растау

1. Машиналар мен жабдықтардың сәйкестiгiн растау техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Шетел мемлекетi берген сәйкестiктi растау саласындағы құжат егер, халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеудiң мемлекеттiк жүйесiн оның тануы шартымен Қазақстан Республикасында жарамды деп саналады.

3. Машиналар мен жабдықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық регламенттер машиналар мен жабдықтың қауiпсiздiгiнiң ең аз қажеттi талаптарын, сәйкестiктi бағалау рәсiмiн, сәйкестiк пен техникалық құжаттар туралы өндiрушi декларациясының нысандары мен мазмұнын, олар үшiн сертификация талап етiлетiн машиналардың қауiптi түрлерiнiң тiзбесiн, сәйкестiк белгiсiн таңбалауға талаптарды, машиналар мен жабдықтар туралы Ереженi және осы Заңмен және техникалық регламентпен белгiленген талаптарға сәйкестiк презумпциясы үшiн негiздеме болып табылатын нормативтiк-құқықтық құжаттама және үйлестiрiлген стандарттардың тiзбесiн белгiлейдi.

Өндiрушi (уәкiлеттi өкiл) машиналар мен жабдықтар өндiрiлген сәттен немесе жаппай өндiрiлген жағдайда машиналар мен жабдықтардың соңғы данасы өндiрiлген сәттен бастап 10 жыл бойы нормативтiк-техникалық құжаттаманы сақтауға мiндеттi.

Бақылау сұрақтары:

  1. Аталмыш техникалық регламенттің таралу аймағы?

  2. Техникалық регламенттің талаптарына қатысты сәйкестік бағасы қалай қойылады?

  3. Көлік немесе жабдықтардың сәйкестігін растау кезінде қандай құжаттар дайындалады?

Пайданылған әдебиеттер:

  1. «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы регламенті

12-ші дәріс

Дәріс тақырыбы: "Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы теникалық регламенті

Дәріс мақсаты: "Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы теникалық регламентін зерттеу

Дәріс жоспары:

  1. Қолданылу аясы. Терминдер мен анықтамалар

  2. Жеңіл өнеркәсіп қауіпсіздігіне қатысты ортақ талаптар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]