Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәріс (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91 Кб
Скачать
☆

2. Аталмыш техникалық регламентті техникалық реттеудің нысандары болып табылады:

1) тамақ өнімі;

2) талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріндегі (сатыларындағы) олардың сәйкестігіне, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріне (сатыларына) қатысты;

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Мемлекет тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында, генетикалық түрлендірілген объектілердің сапалық және сандық құрамдарын және радиациялық сәуле алу деңгейін айқындауға арналған зертханаларды қоса алғанда, олардың материалдық-техникалық базасы мен персоналына қойылатын халықаралық талаптарға сәйкес мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама зертханаларының қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

3. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты талаптар

Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне және оларды әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріне (сатыларына) қойылатын талаптар субъектілердің орындауы үшін міндетті болып табылады.

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі:

1) субъектілердің Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптарын сақтауы; P001783

2) субъектінің тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне өндірістік бақылау жүргізуі; P080285

3) тамақ өнімдерінің Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растау;

4) санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу;

5) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.

3. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестері (сатылары) уәкілетті органдармен келісім бойынша жүзеге асырылады .

4. Мынадай көрсеткіштердің бірі бойынша:

1) сапасыздығының айқын белгілері бар (бүлінген, бұзылған, ластанған);

2) радиологиялық, уыттылық, химиялық және (немесе) микробиологиялық нормативтерден асқан;

3) қауіпсіздігі куәландырылған және шыққан тегі расталған құжаттары жоқ;

4) белгіленген жарамдылық мерзімдері жоқ немесе жарамдылық мерзімдері өткен;

5) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында көзделген мәліметтермен таңбаланбаған;

6) ұсынылған ақпаратқа сәйкес емес;

7) жалған тамақ өнімдері болып табылатын, Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тамақ өнімдері оларды өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестеріне (сатыларына) жіберілмейді.

Бақылау сұрақтары:

1.Аталмыш техникалық регламент нені бекітеді?

  1. Аталмыш техикалық регламенттің техникалық реттеу нысандары болып табылады:

Пайданылған әдебиеттер:

  1. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» туралы Кеден одағы регламенті

14-ші дәріс

Дәріс тақырыбы: "Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті

Дәріс мақсаты: "Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентті зерттеу

Дәріс жоспары:

  1. Қолданылу аясы

  2. Қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету

  3. Қауіпсіздікке қатысты талаптар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]