Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәріс (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91 Кб
Скачать
☆

3. Былғары және былғары-галантерея бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

1. Осы Техникалық регламенттің реттеу объектілері мыналар болып табылады:

1) тоқыма және трикотаж материалдар;

2) киімдер және тоқыма және трикотаж материалдардан жасалған іш киімдерді қоса алғанда, бұйымдар;

3) былғары мен теріден жасалған киім мен бұйымдар;

4) төсек-орын жаймалары мен көрпелер;

5) былғары және тері материалдары;

6) аяқ киім және былғары галантерея бұйымдары;

7) шұлық-ұйық бұйымдары;

8) бас киімдер.

Осы Техникалық регламенттің әрекеті мына:

1) бұрын тұтынуда болған немесе жеке тапсырыс бойынша дайындалған;

2) оларға қатысты талаптар дәрілік заттар, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі саласында жекелеген Техникалық регламенттермен белгіленетін медициналық мақсатта қолданылатын;

3) оларға қатысты талаптар "Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде белгіленетін балаларға арналған;

4) әскери және нысандық киім мен аяқ киімге, жеке қорғаныс құралы болып табылатын арнайы киім мен аяқ киімге;

5) санитарлық-гигиеналық мақсаттағы өнімге;

6) оларға қатысты талаптар "Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламентінде белгіленетін буып-түю материалдарына;

7) техникалық мақсаттағы тоқыма материалдар мен бұйымдарына қолданылмайды.

Осы Техникалық регламентте "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген терминдер, сондай-ақ мынадай терминдер қолданылды:

1) аяқ киім - аяқты жабуға немесе қорғауға арналған қолданбалы ұлтаны бар барлық бұйымдар, соның ішінде олардың жеке сатылатын құрамдас бөліктері;

2) беттік қабаты (беттік үсті) - аяқ киімнің ұлтанға қосылатын немесе аяқ киім материалдарының (былғарының) құрылымдық элементінің сыртқы жоғары бөлігі;

3) биологиялық қауіп - дайын бұйымның физикалық (иілгіштік, су өткізбеушілігі) және химиялық қасиеттерінің көрсеткіштері өнім түріне қарай белгіленген талаптарға сәйкессіздігі салдарынан тұтынушының ағзасына келеңсіз әсері;

4) зиянды заттар - әдеттегі пайдалану уақытында олардың бұйым материалында болуы рұқсат етілетін концентрациядан артық болған жағдайда тұтынушының денсаулық жай-күйіндегі келеңсіз ауытқушылық тудыруы мүмкін химиялық заттар;

5) механикалық қауіп - тұтынушының денсаулығына залал тигізу қатерін арттыратын бұйымдардың мөлшерлес еместігі, беріктігінің, орнықтылығының жеткіліксіз болуы немесе кедір-бұдырлығы салдарынан дайын өнімнің тұтынушыға келеңсіз әсері;

6) өнімді айналымға шығару - сату үшін дайындаушы (сатушының немесе шетелдік дайындаушының уәкілетті өкілінің) қоймасынан жіберілетін өнім;

7) өнімнің айналымы - өнімді әкелуді (импорт) және әкетуді (экспорт), сондай-ақ олармен байланысты буып-түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау процестерін қоса алғанда, сатып алу-сату шарттары бойынша сатуда тұрған өнім;

8) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.03.24 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;

9) супинатор (өкшелік) — аяқ киімнің өкшелік бөлігінің қажетті қаттылығы мен иілгіштігін жасауға арналған негізгі ұлтарақ пен ұлтан арасында бекітілетін металл фигуралық тілікше;

10) сыртқы ұлтан - пайдалану процесінде үйкеліске ұшырайтын және аяқ киімнің жоғары бөлігіне қосылатын аяқ киімнің төменгі бөлігі;

11) сырылған көрпе - айқыс бедерлі тігістермен сырылған, екі қабатты матадан тұратын және олардың арасына жылу қорғағыш төсемі салынған тігін бұйымы;

12) табиғи беттік қабаты бар былғары — шіруді болдырмас үшін өңделген, түкті құрылымды жануарлар терісі;

13) талшық құрамын таңбалау - тоқыма материалына кіретін талшықтары құрамы пайызбен көрсетілетін затбелгіде, бұйымда немесе орауышта жазбаша немесе баспа мәтін түрінде немесе графикалық орындау түрінде көрсету;

14) тоқыма көрпе - ұйықтайтын орынның қажетті гигиеналық жағдайларын жасауға арналған әр түрлі талшықтардан жасалған тоқыма бұйым;

15) тоқыма материалдар - жалпы салмағынан ең азы 80 % тоқыма талшықтарынан тұратын материалдар;

16) төсек жаймасы - ұйықтайтын орынның қажетті гигиеналық жағдайларын жасауға арналған тігін бұйымы;

17) төсем және ұлтарақ - аяқ киімнің ішкі бөлігін құрайтын, жоғары бөлікке және ішкі ұлтанға түптелген материалдар;

18) уыттылық индексі - жасушалар тінінде "in vintro" (шыны түтік ішінде) айқындайтын жалпы жіті уыттылықтың интегралдық керсеткіші;

19) ұйықтайтын қап - айқас тігістермен сырылған, екі қабатты матадан тұратын және араларына жылу қорғағыш төсемдері салынған, әдетте сырма-ілгегі мен бас қапшығы бар және негізінен туристерге демалуға арналған тігін бұйымы;

20) химиялық қауіп - денсаулық үшін зиянды, қауіпті химиялық заттар концентрациясының шекті рұқсат етілетін деңгейінің өнімде артық болуы;

21) іш киім бұйымдары - тұтынушы үшін қажетті гигиеналық жағдайлар жасауға арналған тігін бұйымдары.

2. Өнімнің қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар

21. Өнім түрі, мақсаты және конструкциясы бойынша "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарға, өнім өндіруші бекіткен үлгі-эталондарға және техникалық сипаттамаларға сәйкес болуға тиіс.

22. Өнімді өндіру үшін қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес болатын және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат еткен шикізат пен материалдар қолданылуға тиіс.

23. Өнімді рұқсат етілген деңгейге дейін тұтану қатерін болдырмау немесе оны төмендету үшін материалдар мен дайын өнімнің отқа төзімді қабаттары болуы тиіс.

24. Осы Техникалық регламенттің әрекеті қолданылатын өнімнің бояуының орнықтылық нормалары "төзімді" тобынан төмен болмауға тиіс. Өнім өндіруде қолданылатын бояғыш заттарды қолдануға "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген тәртіппен рұқсат етілуі тиіс.

Өнімің бояуының төзімділік нормалары оларға қатысты нормативтік құжаттарға және осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес болуы тиіс.

25. Өнімнің физикалық-гигиеналық қасиеттерінің көрсеткіштері осы Техникалық регламентте белгіленген нормаларға сәйкес болуы тиіс.

26. Экологиялық таза тоқыма және трикотаж материалдарға, тігін және трикотаж бұйымдарға, былғарыға және иіретін талшықтарға қойылатын талаптар белгіленген экологиялық тазалық стандарттарына сәйкес болуы тиіс.

3. Былғары және былғары-галантерея бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

Аяқ киім мына механикалық, биологиялық және химиялық қауіпсіздік көрсеткіштерімен:

1) механикалық - аяқ киімнің төменгі бөліктерінің, өкшесінің дайындама жіп тігістерінің бекітілу беріктігі, пішін өзгерісі көрсеткіштерімен; спорттық аяқ-киім - ұлтанның көп мәрте иілуге шыдамдылығы ұлтанның соққыға беріктігі, бекітілу тұстарының беріктігі көрсеткіштерімен;

2) биологиялық - бұйымның физикалық қасиеттерінің көрсеткіштерімен (иілгіштігі, су өткізбеушілігі);

3) химиялық - модельді ауа соғатын ортасына және сулы ортаға

денсаулыққа қауіпті химиялық заттардың шекті бөлінуімен, материалдар

бояуларының құрғақ және ылғалды үйкелуге, терлеу әсеріне беріктігімен

сипатталады.

Аяқ киімнің мынадай қауіпсіздік көрсеткіштері айқындалады:

1) күнделікті киетін, модельді, спорттық және үйде киетін аяқ киім-ұлтанның және төменгі бөліктерінің бекітілу беріктігі;

2) күнделікті киетін, модельді және үйде киетін — өкшенің бекітілу беріктігі;

3) күнделікті киетін, модельді, үйде және жолда киетін — иілгіштігі;

4) спорттық - ұлтанның көп мәрте иілуге төзімділігі;

5) спорттық - ұлтанның соққыға беріктігі және бекітілу тұстарының беріктігі;

6) резеңке, полимер, резеңке-тоқыма және полимер-тоқыма - су

өткізбеушілігі.

Аяқ киім аяққа ыңғайлы болуы тиіс. Аяқ киім дайындауға арналған қалыптар, өкшені, аяқ киім бөліктерін бекіту әдістері мен беріктігі, аяқ киімнің иілгіштігі, табан ұшы мен өкшесінің майысу шамасы аяқ киімнің нақты түрлеріне арналған қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес болуға тиіс. Қолданылатын материалдардың сапасы аяқ киімнің иілгіштігін қамтамасыз етеді. Өкшесі төмен аяқ киімнен басқа, табан жиынтығын ұстау үшін міндетті түрде супинатор (өкшелік) болуы тиіс.

Аяқ киім астары бөліктерінің бояуы құрғақ, ылғалды үйкелу және терлеу әсеріне төзімді болуы тиіс.

Аяқ киімнің механикалық және биологиялық қауіпсіздік көрсеткіштері осы Техникалық регламентке 3-қосымшаның 1-кестесінде белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Аяқ киім шығаруда қолданылатын материалдардан бөлінетін зиянды заттардың шекті рұқсат етілген нормалары осы Техникалық регламентке 3-қосымшаның 3-кестесінде белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Үйде және жағажайда киетін аяқ киім материалынан бөлінетін зиянды заттардың бөлінуін бақылау сулы ортада, аяқ киімнің қалған түрлерін ауа соғатын ортада жүргізіледі.

Сулы орта мен ауа соғатын ортадағы дәлдік индексі 120%-дан артық болмауы қажет.

Былғары-галантерея бұйымдардың қауіпсіздігі мына:

1) тұтқалары мен иықтық белдіктердің ажырату жүктемесі - механикалық көрсеткіштермен.

2) денсаулыққа зиянды химиялық заттардың модельді ауа соғатын ортаға және сулы ортада шекті бөлінуі химиялық көрсеткіштермен сипатталады.

Былғары-галантерея бұйымдары бөліктерінің бояуы құрғақ, ылғалды үйкелу және терлеу әсеріне орнықты болуға тиіс.

Былғары-галантерея бұйымдарының механикалық және химиялық қауіпсіздік көрсеткіштері осы Техникалық регламентке 3-қосымшаның 2-кестесінде белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Былғары-галантерея бұйымдарын жасау кезінде қолданылатын материалдардан бөлінетін зиянды заттардың шекті рұқсат етілген нормалары осы Техникалық регламентке 3-қосымшаның 3-кестесінде белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.

Былғары-галантерея бұйымдарының материалдарынан зиянды заттардың бөлінуін бақылау ауа ортада жүргізіледі.

Ауа соғатын ортадағы дәлдік индексі 120 %-дан аспауға тиіс.

Бақылау сұрақтары:

  1. Аталмыш техникалық регламенттің таралу аймағы?

  2. Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі қандай көрсеткіштер бойынша бағаланады?

  3. Киім мен бұйымдарға не жатқызылады?

Пайданылған әдебиеттер:

  1. "Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы теникалық регламенті

13-ші дәріс

Дәріс тақырыбы: «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»Кеден одағының техникалық регламенті

Дәріс мақсаты: «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»Кеден одағының техникалық регламентін зерттеу

Дәріс жоспары:

  1. Қолданылу аясы

  2. Техникалық реттеу нысандары

  3. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты жалпы талаптар

1. Осы заңның қолданылу саласы

1. Осы заң адам өмiрi мен денсаулығы, тұтынушылар мүдделерi мен қоршаған ортаны қорғау үшiн тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi анықтау, белгілеу, қолдану және ең аз қажеттi талаптарды орындау бойынша қатынастарды реттейдi.

2. Осы заңның реттеу объектiлерiне Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн тамақ өнiмдерi, сонымен қоса тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау) өндiру (дайындау) айналым, қайта кәдеге жарату және оларды жою процестерi (сатылары) жатады.

3. Тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары:

1) адам өмiрi мен денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау үшiн тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

2) тұтынушылар мүддесiн қорғауды қамтамасыз ету;

3) кәсiпкерлiктiң дамуына көмектесу;

4) отандық өнiмдердiң бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн арттыру;

5) халықаралық сауданы дамыту үшiн жағдайлар жасау;

6) адам өмiрiн, денсаулығын және тұтынушылардың мүдделерiн қорғау кепiлдiгiнiң қажеттiлiгiн есепке ала отырып Қазақстан Республикасының заңнамасын халықаралық нормалармен және ережелермен үйлесiмдiлiгiне көмектесу;

7) қоршаған ортаның экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

8) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету болып табылады.

Тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк реттеулер мынадай принциптер негiзiнде:

1) адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау үшiн тамақ өнiмi қауiпсiздiгiнiң басымдылығы;

2) адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиян әсер ету мүмкiншiлiгiн ескерту;

3) мемлекет жүзеге асыратын шаралардың ашықтығы;

4) ақпараттың жариялығы, қол жеткiзiмдiлiгi, шынайылығы;

5) қауiп-қатерлердi бағалаудың ғылыми негiздiлiгi;

6) тамақ өнiмiн әзiрлеудiң (жасаудың), өндiрудiң (дайындаудың), айналымның, қайта кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерiнде (сатыларында) тамақ өнiмiн бақылап отыру;

7) тамақ өнiмiнiң барлық процестерiнде (сатыларында) оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге субъектiлердiң жауаптылығы жүзеге асырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]