- •Сөйлемнің біріңғай мүшелері
- •1.2. Бір құрамды сөйлемдердің зерттелуі
- •2.2. Жақты, жақсыз сөйлемдер
- •2.3. Жақсыз сөйлемнің түрлері
- •2.4. Белгісіз жақты сөйлемдер
- •2.5. Жалпылама жақты сөйлемдер
- •2.6. Ауыспалы жақты сөйлемдер
- •Пысықтауыштардың классификациясы
- •Анықтауыш болатын сөз таптары мен сөз тұлғалары:
- •Бастауыш болатын сөз таптарының кестесі.
- •Баяндауыш
- •Баяндауыштың құрылысына қарай бөлінуі
- •Баяндауыш болатын сөз таптарының кестесі.
- •Анықтауыш болатын сөз таптарының кестесі
- •Пысықтауыштың құрамына қарай түрлерінің кестесі
- •Пысықтауыштың мағыналық жағынан бөлінуінің кестесі:
2.4. Белгісіз жақты сөйлемдер
Бірқатар сөйлемнің граматикалық бастауышы ерекше айтылмайды да, істелген әс-әрекет, әйтеуір, белгісіз субъектілерге тән болып ұғынылады.
Қалпақты қыста кимейді, жазда киеді деген сөйлем - жақты (баяндауышы ІІІ жақта), бірақ бастауышы белгісіз.
Осындай бастауышы белгісіз - жақты сөйлемдер былай жасалады:
1. ІІІ-жақ, ауыспалы шақ тұлғалы етістіктерден болған баяндауыштар осы шақтық мағынада айтылу арқылы кейде бастауышы белгісіз сөйлем жасалады:
Ол жақта жылқының етін жемейді. Нарларды көбіне жүкке пайдаланады.
(Ә. Сәрсенбаев)
Кеше келіншекті атасының үйіне әкеліп кіргізеді.
(Ы. Алтынсарин)
2. Өткен, келер шақтық, ІІІ-жақтық тұлғадағы етістіктер не есімшелер баяндауыш болғанда, сөйлемнің бастауышы белгісіз болуы мүмкін.
Оның ұлдары, сүйікті ұлдарын, ертең әкеткелі отыр, - әкеткенде де біржола көз көрмеске әкетпекші...
(Н.В. Гоголь)
Остап бірінші жылы өнерді қашудан бастады. Оны қайта алып барды. Жанына батыра дүреледі, сабаққа қайта отырғызды.
(Н.В. Гоголь)
Ол кезде көмірді қауғанымен тартатын.
(Ғ. Мұстафин)
3. Кейде баяндауышы ІІ-жақтық жіктік жалғауда айтылған сөйлемдердің бастауыштары болмай, үш жаққа бірдей ортақ мағынада, жалпылауыш жақты (обобщенно-личный) сөйлем болып жұмсалады:
Қарағандының кешегі өткен күйін адам баласының көзі көрмесін. Кіп-кішкентай, қап-қараңғы шахтаға беліңе арқан байлап, шыңырау қараңғы түнекке түсесің де кетесің. Әлде уақытта белден суға быш ете түскеніңді білесің.
Біз оны арнайы қарастырдық.
2.5. Жалпылама жақты сөйлемдер
Бір құрамды жақты сөйлемдердің аталған топтары сөйлемге грамматикалық бастауыштың қатысы, оның ой білдіруі мен сөйлем семантикасына тигізетін әсері жағынан бір-бірінен ерекшеленеді.
Ендігі тоқталатынымыз бір құрамды сөйлемдердің бір түрі, басты зерттеу объектіміз - жалпылама жақты сөйлемдер. Жалппылама жақты сөйлемдер бір құрамды сөйлемдердің типтік бір түрі ретінде қазіргі тіл ғылымында жеке қаралап жүр. Жалпылама жақты сөйлемнің өзіне тән басты ерекшелігін Ж. Садуақасов: «Ол бас мүше белгілі бір жақтың формада тұрғанымен, оның мағынасы нақты жақтың емес, жалпылық мәнді білдіреді, яғни осындай құрылымдағы сөйлем семантикасы іс-әрекет, қимылдың үш жаққа бірдей болатын жалпы мағынасын білдіруі болып табылады»,- деп көрсетеді /19;123/.
Бұл пікір ғалымдардың бәріне дерлік ортақ болғанымен, бас мүшенің қандай жақтың формада келетіні жөнінде пікір аралығы бар екенін байқалады.
Орыс ғалымдары ішінде жалпылама жақты сөйлемдерді өз алдына сөйлем типі ретінде қарайтыңдардың бірсыпырасы оның бас мүшесі тек 2-жақтың формада болады деп есептейді. Мысалы: А.М. Пешковский жалпылама жақтың сөйлемдердің 2-жақтық формада келетінін айта отырып, сөйлемді айтушы тарапынан осылай берудің тұрмыста болсын, әдебиетте болсын мәні зор екенін көрсетеді.
Ол «Қандай да бір өзінің соншалықты жақын сырын, көңіл қошын жұртқа ашық түрде нақты жақ тарапынан айтуға болмайтын жағдайда сөйлеуші оны жалпылаға тән етіп көрсетуге тырысады, сол жалпының ішінде өзін бірдей қабылдайтын тыңдаушының болатындығын» айтады. /20, 375-376/. А.М. Пешковский бұл пікірі В. Белошапкованың оқулығында үндестік табады. Жалпылама жақты сөйлемге ол мынадай анықтама береді: «Жалпылама жақты сөйлем деп, бас мүшесі ашық райдың осы және келер шақтарында 2-жақтың жекеше жіктік жалғаумен түрленген немесе бұйрық райында келген, сқйтіп жалпылық жақты білдіретін сөйлемді айтады». /21;327/.
Ғалымдардың бір тобы жалпылама жақты сөйлем тек 2-жықтың формада ғана емес, сирек те болса 1- және 2- жақтық формаларда да келетінін айтады. Осындай пікір Д.Э. Розенталь мен М.А.Теленкованың «Лингвистикалық терминдер сөздігінде» де айтылады /22;156/.
М. Валгина жалпылама жақты сөйлемге анықтама бере отырып, оның ІІ жақтық формасына айрықша мән береді. /23;254/.
Орыс тілі біліміндегі болсын, түркологиядағы болсын жалпылама жақты сөйлемге берілген анықтамаларда салыстырсақ, олардың екі бөлімнен тұратынына назар аударуға болады:
Бірінші бөлімінде іс-әрекеттің эалпы жаққа тәндігін немесе сөйлемнің жалпылық жақтық үғымды білдіретіні туралы, екіншісі оның қандай жақ формасы берілетіні туралы айтылады.
Тіліміздегі сөздер нақты мағына білдірумен бірге көптеген жағдайда жалпылық мағынаға да ие болатыны белгілі. Мысалы үй, ағаш сөздерінің бойында нақтылықпен бірге жалпылық та мағынасы бар. Осы сияқты бір жақтық жалғауы нақты мағынасынан басқа бөтен жақтық мағыналарды да білдіретін дәрежеге жетеді /яғни абстракцияланады/. Немесе, одан да дәлірек келсек, сөйлемнің бас мүшесі қандай жақтың көрсеткішпен белгіленгеніне қарамастан, тыңдаушы /оқушы/ сөйлем мазмұнынан сол хабардағы әс-әрекет, қимыл-қозғалыстың өзі үшін де, сөйлеуші үшін де, бөгде жақ үшін де бірдей қатысты екенін ұғынатындай болады.
Мысалы:
Көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра /мақал/. Таспен атқанды, аспен ат.
Ат сатып алмай тұрып қора сайлапты /Абхаз мақалы/. Берілген сөйлемдердің баяндауыш тұлғалары ІІ,ІІІ жақ формаларында тұрғанымен, сөйлемде айтылған ой берілген нақты жақтарға ғана емес, үш жаққа да /І,ІІ,ІІІ/ қатысты.
Келтірілген сөйлемдердің ерекшелігі - осындай жаққа тән іс-әрекеттің жалпыға арналуында. Бұл жалпылық мәнде сөйлемнің сыртқы құрылымынан емес, семантика мазмұнынан пайда болған.
Міне, осы айтылған пікірлер негізінде жалпылама жақты сөйлемге мынадай анықтама беруге болады: Бір бас мүшесі белгілі бір жақтың тұлғасында /көбінесе ІІ жақ, кейде І және ІІІ жақтар/ тұрғанымен, сөйлемде айтылған ой үш жаққа да тән болып көрінетін бір құрамды сөйлем түрін жалпылама жақты сөйлем дейміз.
Жалпылама жақты сөйлемдердің жақты сөйлемнің өзге түрлерімен арақатынасы
а) Белгілі жақты сөйлемнің байланысы
Жалпылама жақты сөйлемдер өзіндік ерекшелігі бар бір құрамды сөйлемнің ерекше түрі десек те, бастауышы түсірілген жақты сөйлеммен сәйкес келетін жайттары бар. Бұл сәйкестік аталған сөйлемдердің баяндауыш формасының сырт тұлғасы жағынан ұқсастығынан туындайды. Сондықтан көптеген оқулықтарда субъект нақты сөзбен берілмегендіктен, әрі бас мүшесінің жасалу жолының сәйкес келуіне байланысты жақты сөйлемнің ір түріне келтірілген мысалдар аралысып кетіп жатады. Мәселені анықтау үшін аталған сөйлемдердің семантикалық ерекшелігіне, баяндауыш формасында көрсетілген қимыл иесінің сөйлемдегі ойға қатынасына айрықша мән берілгені дұрыс.
Жақты сөйлемнің бір түрі - белгілі жақты сөйлемдер. Жақты сөйлемнің өзге түрлерінен белгілі жақты сөйлемдер субъектісінің нақтылығымен ерекшеленеді.
Қайсыбір ғалымдар бастауыш сөйлемге қатыспаса да, қимыл иесі баяндауыштың жақ формасы арқылы айқын көрініп тұратындығына сүйеніп белгілі жақты сөйлемнің стильдік варианты ретінде танып, оны бір құрамды сөйлемдер қатарынан шығарып тастауды ұсынды. Бірақ, аталған мәселеге байланысты пікір-таластардың қорытынды пікірі бір ғана бас мүшеге негізделген сөйлемнің бұл түрін бір құрамды сөйлемдер қатарында қарастыруға негізделеді.
Сөйлемде бастауыштың түсіріліп айтылуы баяндауыштың грамматикалық құрылымы тікелей байлансты, дәлірек айтсақ, баяндауыш құрамындағы жікітік жалғауы сөйлем бастауышын көрсетіп тұрады.
Э. Севортян татар тіліндегі «Ишчимен» /Жұмысшымын/ типіндегі сөйлем туралы: ... Нет отдельного подлежащего, а есть лишь обозначение его лица, в форме личного показателя сказуемости - мен, выражающего в одной форме две грамматические категории: лицо подлежащего и сказуемость», дей келіп, бұл құрылымдағы сөйлемдердің түркі тілдеріне ортақ екенін көрсетеді. /23;6/.
Жалпы түркі тілдерінде ортақ мұндай сөйлемдер болғанымен, олардың әр түрінің өзіне тән ішкі құрылымдық - семантикалық ерекшеліктері болуы мүмкін. Бұл ерекшелік белгілі жақты сөйлемдердің жасалу жолынан көрінеді.
Өзбек тіліндегі бір құрамды сөйлемді зерттеген И. Расулов белгілі жақты сөйлемдердің І,ІІ,ІІІ жақ тұлғалары арқылы жасалатынын көрсетсе, Б. Тойчубекова қырғыз тілінде, Ж. Садуақасов қазақ тілінде бұл сөйлемдердің тек І,ІІ жақ тұлғалары арқылы жасалатынын көрсетеді /2; 24;19/.
Аталған еңбектердің түркі тілдеріндегі бір құрамды сөйлемдерді танытудағы ролі зор екеніне дау жоқ, бірақ қазақ тілінде белгілі жақты сөйлемдер тек І,ІІ жақ субъектілеріндей нақты емес, көп жағдайда жалпылық сипатқа ие екені мәлім.
Бірақ нақты субъектісі белгілі, бірақ контексте түсіріліп айтылған сөйлемдерді белгілі жақты сөйлемдер құрамынан шығарып тастауға болмайды деп ойлаймыз. Мысалы: Жұмабайдың басын көтеріп, тымағын түзетуге де мұршасы келмей қалды.
Тартысуға да қорғаншақ, шабуға да мүгедек болып қалды. /М.Э/.
Асты сызылған жақты сызылған жақты сөйлемнің субъектісі нақты, қимыл иесі басқа біреу емес, нақты Жұмабай.
Қимылға өзге жақтардың /І,ІІ/ ортақтығы да сезілмейді. Олай болса, бұл типтес сөйлемдер белгілі жақты сөйлемдерқұрамынан орын алуы тиіс деп санаймыз.
Белгілі жақты сөйлемдер жалпылама жақты сөйлемдермен салыстырғанда сө йлемдегі қимылдың не сапаның субъектісінің нақтылығымен ерекшеленеді.
Салыстырыңыз:
Белгілі жақты сөйлем
1. Ал, шырақ, құрғақ әңгіме болмасын, болмасын, іске кірісейік /Ғ. Мұстафин/
2. - Шіркін, Абай-ай ақынсың-ау /М.Ә/.
3. Біресе ел жайын, біресе жер жайын әңгемелеп, құлақ құрышын қандырды. /Ғ. Мұстафин/.
Жалпылама жақты сөйлем.
1. Ауру емес, жын емес,
Мінезді қайтіп жазамыз. /М/.
2. Арыңды жасыңнан сақта
3.Сұрай-сұрай мекені де табады. /М/.
Мысалдардың байқағанымыздай, баяндауыш формасы белгілі бір жақта тұрғанымен, белгілі жақты сөйлемдердің субъектісі нақты болса, жалпылама жақты сөйлемдерде айтылған ой үш жақта үшеуіне де қатысты ортақ сипат алған.
ә) Жалпылама жақты сөйлемдердің белгісіз жақты сөйлем мен жалпылама жақты сөйлемнің арасы ажыратылмай, өз мәнінде зерттелмей келді.
Оған мысал ретінде Ғ. Мадинаның төмендегі пікірін келтіруге болады:
«Сөйтіп мағына жағына бір сарындас болып келетіндіктен, бұл сөйлемдерді сөйлемнің бір типіне жатқызу керек те, жасалу жолына қарай ажырату керек. Жалпылауыш жақты, белгісіз жақты деп бөлу таза мағынамен байланысты жасалады. Ал қазақ тілі сөйлемдері үшін ондай мағыналық айырмашылық жоқ болғандықтан, бір терминді атау, яғни /белгісіз жақты сөйлемдер/ деген терминді қалдырған дұрыс - дейді. /11;58-59/.
Бұл жерде автордың аталған сөйлемдердің ұқсас жақтарына көп мән бергенін байқаймыз.
Қазақ тіл білімінде белгісіз және жалпылама жақты сөйлемдерді өз алдына жеке сөйлем типтері ретінде қарағандар - М. Балақаев пен Ж. Садуақасов.
Әсіресе Ж. Садуақасов аталған сөйлемдерді бөліп көрсетудің теориялық негізіне көп мән береді.
М. Балақаев белгісіз жақты сөйлемге ІІІ жақтық жалғауда келіп, іс-әрекет иесі кім екені белгісіз болатын сөйлемді; ал жалпылама жақты сөйлемге баяндауышы ІІ жақтың жалғауда келіп, мағынасы үш жаққа да бірдей, ортақ болып келетін сөйлемнің ерекшеліктеріне тоқтала отырып, жалпылама жақты сөйлемдердің ІІ жақ қана емес, І,ІІ,ІІІ жақ тұлғаларынан да жасалатынан көрсетеді. /25;188; 26;69/.
Мысалы: Ол кезде көмірді қауғамен тартатын /Ғ. Мұстафин/.
Еңбек ет те, міндет ет /мақал/.
Берілген екі сөйлемнің ұқсастығы сол-қимыл иесі субъект лексикалық жолмен берілмеген, бірақ сөйлемде айтылған ойдың иесі қимылды атқарушы бар екенін сөйлем мазмұнына белгілі болып тұр.
Айырмашылығы - сол субъектінің қимылға қатысында. Алғашқы сөйлемдегі қимыл иесі нақты болмаса да /белгісіз/ белгісіз болса да бар, қимылға тек сол ІІІ жақтың субъекті / не субъектілер/ қатысының жоқтығы сөйлем семантикасынан айқын байқалады.
Ал екінші сөйлемдегі субъектінің ролі басқаша. Мұнда сөйлемдегі берілген ой тек ІІ жақтық субъектігеде бағытталады.
Жалпылама жақты сөйлемнің жасалу жолдары
Жалпылама жақты сөйлемдерді бір құрамды сөйлемнің жеке типі ретінде тану үшін оның жасалу жолдарын айқындаған жөн. Осы тұста орыс тіл білімінде болсын, туркологияда болсын пікір алалықтары кездескенімен, олардың барлығы дерлік аталған сөйлем баяндауышының ІІ жақтық жіктік жалғауында келетін дұрыс көрсетеді. Ал қазақ тіл білімінде М. Балақаев, А. Әбілқаев сынды ғалымдар оның тек ІІ жақ арқылы жасалатынына мысал келтірумен шектелсе, Ж. Садуақасов оның сирек те болса І,ІІІ жақтарда кездесетінін дұрыс көрсетеді. Жалпылама жақты сөйлемдер қай жақ тұлғасы арқылы жасалмасын, сөйлемде айтылған ой үш жаққа да ортақ сипатқа ие болады.
І. ІІ жақ тұлғасындағы жалпылама жақты сөйлемдер
ІІ жақтық жіктік жалғауы жалпылама жақты сөйлемдердің негізгі грамматикалық тұлғасы екенін жоғарыда айттық. Бұл жақтың семантикалық ерекшелігіне де байланысты. Айтушы жақ өз ойын тыңдаушы жаққа /ІІжаққа/ бір іске өзінің де, өзгенің де қатысын білдіре алады.
Мысалы:
1) Соғыс майданында кездескен одан қатаң адамды көрмейсің. /Қ. Қайсенов
2) Жақсыға барсаң, жазылып қайтарсың,
Бақсыға барсаң, қағынып қайтарсың. /Мақал/
ә) Бас мүшесі күрделі құрылымда келген жалпылама жақты сөйлемдер негізгі және көмекші етістіктердің тіркесінен тұратын күрделі етістіктерден жасалады:
Мысалы:
1) Алғаш көрген адамның сөзіне
Қалай сене қоярсың. /Ш. Құмарова/
б) тіршілік заңы қатал, оны тек көз
жасымен жібіте алмайсың. /Д. Исабекова/
б) Жалпылама жақты сөйлемнің бас мүшесі бұйрық райлы етістіктен де жасалады.
1) ІІ жақты бұйрық райлы етістіктің дара күйінен жасалған жалпылама жақты сөйлемдер:
1. Күшіңе сенбе, ісіңе сен /Мақал/
2. Жаны жақсы ағаның
Етегін баспа, жолын қу.
Болайын деген балының
Бетін қақпа, белін бу. /Мақал/.
3. Жол, құйрығы қаба деп
Жабыдан айғыр салмаңыз.
Қалың малың арзан деп
Жаман қатып алмаңыз. /Бұхар жырау/
2) ІІ жақтың бұйрық райлы күрделі сөздерден жасалған жалпылама жақты сөйлемдер:
1. Ал осыдан кейін мықты болсаң, тырыспай көр. /С. Асылбеков/
2. Асты көрсең, қадір тұт.
Досты көрсең, әділ тұт. /Мақал/
Мұндайда сөйлем баяндаушы етістіктердің өзара тіркесуі арқылы да /тырыспай көр/, есім сөзге бұйрық райлы етістіктердің тіркесуі арқылы да /Қадір тұт, әділ тұт/ жасалады.
І жақ тұлғасындағы жалпылама жақты сөйлемдер
Жалпылама жақты сөйлем І жақта да жасалады. Осы көзқарастағы ғалымдардың пікірінше, көбінесе жақтың жалғаудың көпше түрі осындай сөйлем жасауға бейім тәрізді.
Көбіне үндеу, біресе қимыл жасауға шақыру мағынасында қолданылады.
Қазақ тілінде көптік қана жекеше формада келген, мақал-мәтел мен афоризмдерге де осы құбылыс тән.
Бұлар негізінен ашық райлы формада келеді. Бірақ жақ жағынан да жалпыланған болады. Сөйтіп, мынандай мысалдарды жалпылама жақты деп есептеуге болады.
1. Мұнан да жаман күнімде тойға барғанмын. /Мақал/
2. Батырсыған жігітті
Жау келгенде көреміз.
Менменсіген жігітті
Дау келгенде көреміз. /Мақал/
ІІІ жақ тұлғасындағы жалпылама жақты сөйлемдер
Жалпылама жақтық мағына мақал-мәтелдердің, афоризмдердің ІІІ жақтық формалары арқылы да жасалады.
Мысалы:
1. Досыңмен көп сөйлеспе,
Жолыңнан қалдырады.
2. Дұшпаныңмен көп сөйлеспе,
Сағыңды сындырады. /Мақал/
3. Көре-көре көсем болады.
Сөйлей-сөйлей шешен болады. /Мақал/
4. Сұрай-сұрай Мекені де табылады.
Осы тәрізді мақалдардың ІІ жақ формасында қолданылуда да жиі кездеседі. Және олар осы қолданыстарында үш жаққа да тән іс-әрекетті көрсететіні айқын байқалады.
Көре-көре көсем боласың, Досыңмен көп сөйлеспе, Жолыңнан қаласың. Дұшпаныңмен көп сөйлеспе, сағыңды сындыраың/. Ал енді мына мысалдардан ондай ерекшеліктерді байқауға болмайды. Сондықтан бұларды белгілі жақты деп есептеген орынды /ІІ компонентің/.
Мысалы Ақымақты тыңдасаң, ішкен-жегенін айтады.
Ақылдыны тыңдасаң, көрген-білгенін айтады.
ІІ жақтың белгілі жақты сөйлемдер көбіне контексте тәуелді болуымен ерекшеленеді.
Міне, жоғарыда аталған бас мүшелерінің жасалу ерекшеліктері мен семантикалық сипаттары жалпылама жақты сөйлемді бір құрамды сөйлемдердің жеке бір типтік түрі ретінде тануға мүмкіндік береді.
Жалпылама жақты сөйлемдердің бас мүшесінің жасалуы.
Баяндауыш жақ формасы
1. Ашық райлы ІІ жақ тұлғасы
Мысалы: Ер қадірін іс түскенде білерсің.
Етік қадірін қыс түскенде білерсің. /Мақал/
2. Бұйрық райлы ІІ жақ тұлғасы
Мақтанып жүрме
Сақтанып жүр. /Мақал/
3. І жақ тұлғасы
Қысыла-қысыла қыз болдым /Мақал/
4. ІІІ жақ тұлғасы
Ашуланса, көшке берген тайлығын алсын /Мақал/.
