Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sintaxis_zhay_soylem.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104 Кб
Скачать
☆

Анықтауыш болатын сөз таптарының кестесі

 

Анықтауыш болатын

сөз таптары

Мысалдар

Сын есімдер

Қарақат – тәтті де сұлу жеміс. Тоғайдакәрі үйеңкі, торы тобылғы өседі.

Зат есімдер

Тоғайдың күміс қабықты қайыңы менмыс қабықты мойылы ерекше көз тартады.

Сан есімдер

Қазақстан жерінде тарихта қалған жетікеремет бар.

Есімдіктер

Бұл кітап адамды ізгілікке, парасаттылыққа тәрбиелейді.

Есімшелер

Алабұртқан көңілі әлденеге елеңдей берді.

Ілік септікте тұрған есім сөздер

Мойылдың дәмі таңдайыңнан кетпейді.

 

 

Пысықтауыш – тұрлаусыз мүшенің бір түрі. Етістіктен болған баяндауыштымекен, мезгіл, қимыл-сын, себеп, мақсат жағынан айқындайтын сөйлемніңтұрлаусыз мүшесі пысықтауыш деп аталады. Сұрақтары: Қашан? Қалай? Қайдан? Қашаннан бері? Қанша? Қалай? Қайтіп? Қалайша? Неліктен? Неге? Не үшін?

 

Пысықтауыштың негізгі белгілері: 1) іс-қимылды мезгіл, мекен, мақсат, мөлшер, себеп, сын-қимыл жағынан пысықтап тұрады; 2) Қашан? Қайда? Қалай? Қайтіп? Неге? Не үшін? Неліктен? деген сұрақтарға жауап береді; 3) байланысу түрлері: қабысу, меңгеру, жанасу.

 

Пысықтауыш құрамына қарай үшке бөлінеді: 1) дара пысықтауыш;

2) күрделі пысықтауыш; 3) үйірлі пысықтауыш.

 

Пысықтауыштың құрамына қарай түрлерінің кестесі

 

Пысықтауыштың түрлері

Мысалдар

Дара пысықтауыш

Алыстан бірнеше салт атты көрінді.

 

Күрделі пысықтауыш

Тілек досына көмектесу үшін ерте келді.

 

Үйірлі пысықтауыш

Ит жоқта қораға шошқа үреді.

 

 

Пысықтауыш мағыналық жағынан алты түрге бөлінеді: 1) мезгіл пысықтауыш; 2) мекен пысықтауыш; 3) мақсат пысықтауыш; 4) амал пысықтауыш; 5) себеппысықтауыш; 6) мөлшер пысықтауыш.

 

Пысықтауыштың мағыналық жағынан бөлінуінің кестесі:

 

Пысықтауыштың мағыналық түрлері

Сұрақтары

Мысалдар

Мезгіл пысықтауыш

Қашан? Қай кезде?

Қай уақытта?

Жолаушылар кешке қарайаттанбақшы. Ол биыл мектеп бітіреді.

Мекен пысықтауыш

Қайда? Қай жерде? Қай жақта? Қайдан?

Оқушылар қала сыртынадемалуға бармақшы. Ата-анасыжайлауға көшкелі жатыр.Жоғарыдан бір топ аттылытөменге қарай түсіп келеді.

Мақсат пысықтауыш

Кім үшін? Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен?

Кітапханадан кітап алғалыкелді. Айдос жорта білмегенсіп отырды.

Амал пысықтауыш

Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше?

Әйгерім бұл сөзге жымиыпкүлді. Жас әнші бұлбұлшасайрады. Бала үлкендершесөйлеп отыр.

Себеп пысықтауыш

Неліктен? Не себепті?

Жұмысты бітірмегендіктенуақытында тапсыра алмады. Олар шаршағаннан сөйлеуге шамасы келмеді.

Мөлшер пысықтауыш

Қанша? Қалай?

Шешен ұзақ сөйледі. Оқушылар тапсырманы жаппай орындады.

 

Жай сөйлем пунктуациясы. Құрамына қарай сөйлем, негізінен, екіге бөлінеді: жай сөйлем, құрмалас сөйлем. Бұлардың өзі бірнеше түрге бөлініп, алуан түрлі жолдармен жасалады. Міне, осымен байланысты сөйлемнің ерекшеліктеріне орай, қолдану сипатына қарай әр түрлі тыныс белгілер қойылады. Мәселен, хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады, сондай-ақ, сұраулы сөйлемнең соңсұрау белгісі, лепті сөйлемнен соң леп белгісі қойылады.

Сөйлем құрамында кездесетін оңашаланған мүшелер, оқшау сөздер деп аталатын қаратпа, қыстырма сөздер - бұлар сөйлем құрамындағы өзге мүшелерден тиісті тыныс белгілері арқылы ажыратылады. Сондай-ақ, жалпылауыш сөз сөйлемнің бірыңғай мүшелерінен бұрын келсе, жалпылауыш сөзден соң қос нүкте қойылады да, ал керісінше келетін болса, жалпылауыш сөздің алдынан сызықша қойылады.

Ахмет байтұрсынов жалаң сөйлем мен жайылма сөйлем туралы. Бастауышы мен баяндауышы бар екі мүшелі ғана сөйлем жалаң сөйлем д.а. бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшелері, олардан басқа сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері де бар деп жоғарыда айттық. Бастауыш, баяндауыштан басқа мүшелері бар сөйлем жайылма сөйлем д.а.Сөйлемнің асыл мағынасы – біреуге білдірейін сөйлем деген ойын айту. Айтушының мақсаты – тыңдаушыға ойын түгел түсіндіру.

Толымды сөйлем – тұрлаусыз мүшелері бар

Толымсыз –тұрлаулы мүшелерінің біреуі немес екеуі де жоқ сөйлем.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]