Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sintaxis_zhay_soylem.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104 Кб
Скачать
☆

Пысықтауыштардың классификациясы

Барлық пысықтауыш мағынасына қарай беске бөлінеді:

  1. Мезгіл пысықтауыш. Сұрауы: қашан, қашаннан, қашанан бері, қашаннан соң, қашаннан кейін, қашанға шейін, қай  кезде, не арада, қай жылы, қай күні, қай жақта. Мысалы: Ол былтыр мектеп бітірді. Бүгін екеуі жиналыстан кейін кезіге алмады. Олар күні бойы жүріп отырды. Ол Ерейменнің етегінде жарты айға жуық жүрді.

  2. Мекен пысықтауыш. Сұрауы: қайда, қалай, қарай, қай арада, қай жерге шейін. Қайда сұрауы толықтауышқа да тән. Бірақ, толықтауыштағы қайда? Жатыс жалғауының тура мәніне жауап беретіндер. Мысалы: Құстар жоғары ұшып жүрді. Біз Калини көшесінен төмен тұрамыз. Көздері өздігінен түйісіп қалып, төмен қарап кетті.

  3. Себеп пысықтауыш. Сұрауы: неліктен, неге, не себепті, қандай себептен, не үшін, кімі үшін, кік, не арқылы, қайткен соң. Мысалы: Асқан ерлігі үшін Әлия Молдағұловаға Совет Одағының Батыры деген атақ берілді. Ол өзінің құнттылығынан жұмысты қашан да жақсы орындайды.

  4. Мақсат пысықтауыш. Сұрауы: не үшін, не істеу үшін, не мақсатпен, не деп, неге, неге бола. Мысалы: Қапан кітап алуға барды. Жидебай оқу үшін қалаға келді. Біз кітапты оқиық деп алдық. Себеп пысықтауыш пен мақсат пысықтауыштың да бірнеше сұрауы біркелкі сөзбен айтылады. Бірақ, мұнда мағыналық, контекстік жағынан айырылып тұр.

  5. Сын-қимыл пысықтауыш.  Сұрауы: қалай, қалайша, қайтіп, нетіп, неғып, қай түрде. Мысалы: Біржан Сарамен тәртіпті түрде айтысты. Мұғалім өлеңді әдемілеп оқыды. Ғылымды іздеген сияқты іздеу керек.

  6. Анықтауыш болатынның негізгісі – сын есім, ол өзі абстрактқа айналып кеткендіктен, оның объект екенін табу өте қиын болады. Тек зат есімнен жалғау арқылы, жұрнақ арқылы болған анықтауыштың объект екендігін табу оңай.

  7. Анықтауыш болатын сөз таптары мен сөз тұлғалары:

  8. 1)            Сын есімнің атау түрі, қандай? деген сұрауға жауап беретіндері түгел-ақ анықтауыш болады. Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш, Қара шаш, Қызыл жүзді жасырғанда.

  9. 2)            Сан есімнің атау, туынды түрі де анықтауыш болады. Сұрауы: қанша? неше? нешінші? т.б. Қырқаның басында төрт жерде үйілген кенді тастар өртеніп жатыр. Әуелі үйге екі жігіт кірді.

  10. 3)            Зат есім де анықтауыш болады. Оның сұрауы: қай, қандай. Екі зат қатар келсе, оның бұрын айтылғаны анықтауыш болады. Мысалы: Садық мұғалім. Мұғалім Садық. Қонақ үйде сәулесі бар, тас шам жанып тұр.

  11. 4)            Есімдіктер де анықтауыш болады. Бұлардың ішінде атау тұдғада тұрып жиі анықтауыш болатындары – сілтеу есімдігі. Сұрауы: қайсы? Ал, өздік, жалпылау, белгісіздік есімдіктер де атау тұдғада анықтауыш бола алады. Бұл жақта күн қандай салқын. Осы балшық үйде екі ағаш шебері бар.

  12. 5)            Есімше мен етістік есімдіктер де анықтауыш болады. Сұрауы: қай, қандай, неткен, не қылған. Жаңа үйге ұсталған кілемдерді де Омар алғызды. Жастар болса, ішерлік сусын да жоқ. Ондағы Құнанбайдың айтқаны барыс-қайтыс жол жайы болатын.

  13. 6)            Еліктеуіш сөздер де анықтауыш болады. Шаң-шұң дауыстар естіледі. Гуу-гу әңгімемен отырып тамақ жеуге кірістік.

  14. 7)            Ілік жалғауында тұрып сөз табының бәрі де анықтауыш бола береді: Мұны жазған кісінің атын білме, сөзін біл. Біреудің сөзі әдемі, біреудің өзі әдемі.

  15. Анықтауыштар құрамы жағынан дара, күрделі болып келеді.

  16. Дара анықтауыштар. Ердің сыншысы – елі. Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол ақынның білімсіз бишарасы.

  17. Күрделі анықтауыштар кемі екі сөздің қосыла бір сұрауға жауап беруі арқылы жасалады:

  18. 1) Күрделі сын есімдер: Қолаң қара шашы бар жібек талды. Көк торғындай аспан көк.

  19. 2) Зат есім мен сын есімнің тіркесі: Қарлығаш қанатының ұшындай боп самайға қарай тартылған қас.

  20. 3) Ілік септікті зат есім тіркесі: Арманы жоқ жігіттің пәрмені жоқ.

  21. 4) Бір ұғымды білдіретін зат есім мен көмекші есім сөз: Абай жеңгендей боп, ел ішіндегі оның атағы қатты дабырайды.

  22. 5) Зат есім мен ілік септікті есімше: Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.

  23. 6) Есімдік пен ілік септікті зат есім: Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын.

  24. 7) Күрделі сан есім: Сонда бір гектардан жүз жиырма бес центнер түседі.

  25. 8) Сан есім мен сын есім: Құсы да, иесі де қоразданар, Алпыс екі айлалы түлкі алғанда.

ҚИЫСУ- синтаксистік байланыстың жиі ұшырайтын бір түрі. Ол сабақтаса байланысқан сөздердің бағыныңқысының басыңқы сөздерге икемделе, олардың грамматикалық мағыналары мен тұлғаларына үйлесіп тұратын сөздер арасында болады.қиысу. қиысуға тұлғалық үйлесімі бар сөздер тіркесті түгел ене бермейді, тек сөздер тіркесінің бағыныңқы бөлегі басыңқы бөлегіне бейімделіп үйлесуі ғана енеді.

Қ т/де сөздер бір-бірімен орыс тіліндегідей, септік жалғауларында қиыспайды, тек оңашаланған айқындауыштар ғана айқындайтын сөздері қандай септік жалғауда тұрса, сол жалғауда тұрып қиысуы мүмкін. Баяндауыштың бастауышпен қиысуы «жақтық не көптік» болады.

Баян/ң белгілі жақтық мағынада, жақтық тұлғада айтылуы еркін бастауыштық қызметте жұмсалатын сөздердің жақтық мағынасы билейді. Бастауыш болатын негізгі сөздер – зат есімдер мен жіктеу есімдіктері. Олардан басқа сөздер де субчтантивтеніп, бастауыштық қызметте жұмсала береді. Сол сөздердің тек төртеуі- 1 және 2 жақтық жіктеу есімдіктер (мен, біз, сен, сіз) 1,2 жақтық бастауыш болады да, олардан басқа сөз атаулының бәрі бастауыш қызметінде тек 3 жақтық мағынада айтылады. Сонд «жұмабай айтты» деген сөйлемнің де, «жолдасым айтты», «жолодасың айтты» деген сөйлемнің де басндауыштары 3 жақтық бастауышпен қиысып, сол 2 жақта тұрады.

Бастауыштың баяндауышпен жақтық қиысуының 2 түрі бар: 1) жалғаулы қиысу; 2) жалғаусыз мағыналық қиысу

Түркі тідері жайлы әдебиеттерде жалғаулы қиысуды 1,2 жаққа, кейде басндауыш ашық райлы етістік болғанда 3 жаққа тән,; жалғаусыз, мағыналық қиысуды тек қана 3 жақтық есім баяндауыштарға тән деген көзқарас берік орын алып келеді. Қ т/ң материалдарына қарағанда, мағыналық қиысу, 1,2 жақта да бар екені байқалады. Ол сен тұр, сен шық сияқты бұйрық райдың баяндауыш болуын қоспағанда, мынадай сөйлем құрылысында кездеседі:

*сіз- жалын шоқ, біз – бір май (абай)

*мен-президент

*мен келгенде, сен үйде жоқ едің

Сен шақырғанда, ол келер ме еді?

*Біз көрдік дегенде –ді+к әрі бірінші жақтық, әрі көпше мағына білд.

Сандық қиысу. Баяндауышты бастауышпен сандық мағынада қиыстыру үшін жұмсалатын жіктік жалғаулар: (Т.С.М.Б. 140 бет оқыыы)

Сөйлемге тән белгілер. (А.Б) Сөйлем дегеніміз – сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой. Сөйлегенде, жазғанда кім де болса ойын айтады. Ойын айтуға тиісті сөздерді алады да, олардың басын құрап, біріне бірінің қырын келтіріп, қиындастырады.

Қыры келетін, келмейтін сөздерді мысалмен көрсетейік: қатты, қар қалың, күн суық» дегенде үш сөйлем бар. Үшеуінің ішіндегі сөздер өзгерілместен алынған жаңа өзгерілмей-ақ қырлары келіп қиындасып тұр.

Сондықтан ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді., айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық даражада түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады. Сонд сөйлемнің жаны – сөздердің басы мағыналы болып құрылуы.

Сөйлем – тілдің грамматикалық заңдылығы негізінде қалыптасқан синтаксистік бірлік, адамдардың қарым-қатынас жасауы үшін жұмсалатын тілдік категория. Сөйлем сөзден, сөз тіркесінен өзіндік коммуникативтік қасиетімен ерекшеленеді. Сөздер мен сөз тіркестері сөйлем құраудың материалы, оның құрамдас бөлшегі болып табылады. Сөйлем предикаттық қатынасты, модальдылықты, біршама аяқталған ойды білдіреді және оның айтылу интонациясы болады. Предикативтілік сөйлемнің барлығына тән, ал модальдылық әр сөйлемде түрліше көрініс табады, айтушының қатынасын білдіреді. Модальдылық лексикалық және грамматикалық тәсілдер арқылы жүзеге асады, объективті және субъективті болып бөлінеді. Ал интонация сөйлем мүшелеріне қатысты көрініс тауып, ішкі элементтерге сай құбылып отырады. Сөйлемнің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін білдіреді. Интонацияның құбылуына сөздердің орын тәртібі, демеуліктер, модаль сөздер, одағайлар, қыстырмалар, қаратпалар, т.б. себеп болады. Жақ категориясы да сөйллемнің негізгі арқауы саналады. Сөйлемнің құрамы, құрылысы, мағынасы әр түрлі келеді.

Сөйлем мүшелерінң орын тәртібі.

Сөздер сөйлемде қала болса солай орналаспайды, тіліміздің синтаксистік ерекшеліктеріне лайық белгілі тәртіппен орналасады. Сонд әрбір сөйлем мүшесінің сөйлемде қалыпты орны болады. Оның бірқатарында сол қызметінде тұрып орнын ауыстыруға б/м/ды.

Осыны еске алып, қазақ тілі сөйлемдеріндегі сөздердің орналасу тәртібі, негізінде,ғ екі түрлі болады дейміз: сөйлемдегі бірқатар сөйлем мүшелерінің орын тәртібі «тұрақты», бірқатарының орын тәртібі «жылжымалы» болады. Орын тәртіб тұрақты болатындар – жалғаусыз қабыса байланысатын сөйлем мүшелері, оырн тәртібі жылждымалы болатындар – жалғаулар арқылы қиыса, меңгеріле, матаса байла/н сөйлем мүшелері. Мысалы, «Жолдасымыз екеуміз күнде...қалың ағаш көлеңкесінде жататынбыз» деген сөйлемдегң анықтауыш қалыңды сол орнынан қозғауға б/м/ды.

Екі зат есім не зат е мен ет қатар тұрып, алдыңғысы бастауыш, соңғысы баянд болатыны белгілі. Солардың орынан ауыстырып айтсақ, олардың синтаксистік қызметі де ауысады. *оспан - оқушы. Оқушы – Оспан

Сөйлемдегі сөздердің қалыпты орынан ауыстырып айтуды «инверсия» дейміз.(т.с.б.м)

Жалпы ереже б/ша сөйлем мүшелерінің орын тәртібі былай болады: баян/ш сөйлемнің ең соңында, бастауыш одан бұрын, анықтауыш анықталатын сөзден бұрын, толықтауыш пен пысықтауыштар өздері қатысты сөздерінен бұрын тұрады. Осы жалпы ереженің мазмұнын, басқа да ерекшеліктерін толығырақ түсіну үшін, әр сөйлем мүшесінің орын тәртібі ұалай болатынын бөлек қарайық. (толық 204 беттен оқып ал)

Мәтін синтаксисі. Грамматикалық тұрғыдан алғанда мәтін деп құрастырушы сығарлардың иерархиясынан тұратын дыбыс, сөз, сөйлем, шумақтан тұратын, композициялық құрылысы бар (абзац) аяқталған ойды білдіретін тілдік бірліктерді, тұтастықты айтамыз.

Мәтінді құрастырушы сыңарларға тақырып аты, эпиграф, ішкі бірліктер (сөйлем, сөз, шумақ, т.б.) мәтіннің бастапқы шені мен соңғы шені жатады.

Гальперин тақырып аты мен эпиграфты мәтіннің сыртқы пішіміне жатқызады.

Сыртқы пішімдер өзінің кейінгі тұрған мәтінмен я тікелей, я жанама байл/та болады. Осы байланыстар мәтінге тақырып қоюдың уәжі б.т.

Эпиграфтың аллюзиялық қызметі болады. Бұл өзінен кейінгі мәтінде не айтылатынын, байл/н ишаралап тұрады.

Сөйлем мүшелері. С м дегеніміз сөйлемді сөйлем етуге, яғни қарым-қатынас құралы етуге тікелей қатысып тұратын бөлік. Белгілі мағынаға ие болып, белгілі синтаксистік қызмет атқаратын сөз формалары сөйлем мүшесі д.а.

(а.б.)Сөйлем мүшелері тұрлаулы, тұрлаусыз боп екіге бөлінеді. Тұрлаулы мүше болады сөйлем болған жерде қалмай айтылатын сөздер немесе қалса да қалғандығы сезіліп тұратын сөздер. Мәселен, «асыл тастан, ақыл жастан» дегенде «шығады» деген сөз, қалып тұрғандығы сезіліп тұрады. Сөйлем ішінде бірде болып, бірде болмайтын сөздер немесе керек болған жерде айтылып, керек болмаған жерде айтылмай қалып отырған сөздер, жаңа да қалған жерде, қалғандығы сезілмейтін сөздер тұрлаусыз мүше д.а.

Сөйлемнің тұрлаулы м екеу: 1) бас мүше; 2) баяншы мүше.

Бас мүше дейміз – сөйлем ішіндегі сөздер байланатын қазық сөзін, сөйлем иесін. Ол қазық сөз болатын қандай тсөз? Сөйлегенде бір нәрсе туралы сырын-сипатын, жайын, амалын, болымысын сөйлейміз. Сөйлем ішінде сол нәрсенің атын көрсететін сөз бас мүше болады. Ол нәрсенің сырын-сипатын, жайын, амалын, болмысын айтып баяндайтын сөз баяншы мүше болады.

Бұлар бас мүше мен баяншы мүшенің әшкә белгілері. Бұлардан басқа тысқы белгілері де бар. Бас мүшенің тысқы мүшелері кім? Не? Деген сұрауларға жауап беру. Баяншы мүшенің тысқы белгілері, негізі не етпек? Не ұылмақ? Қайтпек? Не болмак? Нешік? Немене? Қалай? Кімдікі? Қайсы? Ненікі? Деген сұрауларға жауап беру.

Айқындауыш. Айқындауыш мүше жөнінде ұғым басқа тілдердегі приложение, аппозион деп аталып жүрген ұғымдарға сай туып, қазақ т б/де орнықты. Айқындауыш – ол анықтайтын сөзінің заттық не пысықтауыштық сапасын қосымша, жанама қасиеті ретінде айқындайды.

Айқындауыш 3 түрге бөлінеді (Р.Ә): қосалқы, қосарлы, оңашаланған.

Қосалқы айқ зат есім сөзден кейін тұрып, заттың сынып, сапасын білд: *козы көрпеш, баян сұлу, майқы би, асқар қорқақ т.б. қосалқы айқ жалқы есімдер және мен,сен, ол дейтн есімдіктермен тіркесіп жұмсалады.

Айқ мүше басым мүшемен (ол баст, толықт болуы мүмкін) тығыз гр/қ байл/та тұрад. Соның көрінісі - басым мүшеге қатысты жалғауды осы айқындауыш қабылдайды: * оспан қартты кісілер үйден шығып қарсы алды.

Айқындауыш қызметінде зат е, сын е сөздер жұмсалады. Сын есімдердің ішінде осы синтаксистік қызметке арналып көптеп жұмсалатын сөздер бар. Ол –ғыр, -гір жұрнақты сын есімдер: *сол құрығыр жоқ боп шықты ғой.

Бұлардан бөлек тек осы айқындауыш ретінде ғана жұмсалатын сөздер бар: неме, түскір.

Айқындауышты мағына жағынан былай саралауға болады:

1. кісіні жас, мамандық, қызмет, әлеум/к тірш, орны тұрғысынан айқындау. *оспан бригадир, майқы би, төле би

2.Затты сана жағынан айқындауғ сө йлеушінің эмоциялық қатынасын білдіру. *оспан құ, ол шірік, сен ит, сәлім жетпегір.

Қосалқы айқындаыш негізінен сөйлеу тіліне тән. Ол эмоцияны білдіру тәсілі ретінде көп жұмсалады.

Қосарлы айқ деп негіщгі сөзге қосарланып, онысы дефис арқылы жазылуынан көрінетін айқ/ды атаймыз. Бұл айқындауыштар қазақ т/де орыс тілінің ықпалымен, сол сөздегі терминдік атауларды, сөздің құрылысын, графемалық көрінісін бұзбай калька ретінде алу нәтижесінде пайда болды. *телефон-автомат, олимпиада-75, инженер-механизатор

Оңашаланған айқ деп сөйлемдегі бір мүшені саралап, айқындап қайта атайтын сөзді, сөздер тіркесін айтамыз. *мұнда, алматыда, барлық мәселелерді шешуге, оны қалай істеп, неден бастауға күні бұрын жұрттың жәрдемін алуым керек. (Р.Ә.)

Т.С.М.Б еңбегінде айқындауыш анықтауыштың ерекше түрі екендігін айта отырып, ол анықтауышқа ұқсас болғанмен,одан кейбір өзгешеліктері бар дейді. Олар: анықт анықтайтын сөзінің алдында тұрып, оның өзіне тән, басқа заттан ерекше сынын, сапасын білдірсе, айқындауыш анықтайтын сөзінен кейін тұрып, көбінесе оның лексикалық мағынасын, мүшелік қызметін басқа сөздермен дәлдеп толықтырады немес қосымша, көлденең сапасын көрсетеді.

Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша Бастауыш пен баяндауыш тыныс белгісімен бөлінбейді. Екі мүшенің арасындағы тыныс белгісі сызықша (-) олардың мүшелік қатынастарын ажыратуға байланысты ғана қойылады. Сызықша койылатын жерлер: 1. Бастауыш атау тұлғалы зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан жасалып, баяндауыш та зат есімнен болып, жіктік тұлғаның үшінші жағында тұрса, немесе заттанған басқа сөз таптарынан болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: жастар — біздің болашағымыз. Еңбек ету — ардақты іс. Ел намысы — ер намысы. (Мақал). Ол — инженер. Баяндауыш болған сөздердегі жіктік тұлғаның үшініш жағыңда арнайы қосымша жоқ. Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы синтаксистік қатынас интонация арқылы беріледі. Бірінші сөйлем баяндауышындағы -ымыз — жіктік жалғау емес, I жақ тәуелдік жалғау; сондықтан да ол бастауыштың қай жақта тұрғанын білдіре алмайды. 2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің III жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Бұл — мың тоғыз жүз жиырма үшінші жылдың жазы. (А. X.) Бұл — үлкен қуаныш. (А. Лекеров) Ол — үлгілі пионер. 3. Бастауыш заттанған (субстантивтенген) сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есім болса, бастауыштан кейін сызықша койылады: Сөйлеп тұрган — Алматы. Келген — Айбек. Үш — тақ сан. 4. Бастауыш пен баяндауыштың бірі (кейде екеуі де) тұйық етістіктен болып, екіншісі зат есімнен болғанда, араларына сызықша қойылады: Көп оку — білім алудың негізгі шарты (С. Мұқанов) Менің ұмтылған тілегім — қалай да пайдалы адам болып шығу (Ы. Алтынсарин). 5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықша қойылады: Бес жерде бес — жиырма бес. Үш жердегі үш — тоғыз. 6. Бастауыш та баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалуы мүмкін, бұл жағдайда да бастауыштан кейін сызықша қойылады: Ар жазасы — бар жазадан ауыр жаза (М. Әуезов) Ғашықтың тілі — тілсіз тіл. (Абай). Әлі де беделі — бедел (Ғ. Мұстафин). 7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін және бастауыш өзінен кейінгі сөзбен тіркесіп, сөйлемнің баска бір мүшесімен шатасып кетпеу үшін, одан кейін сызықша қойылады: Жүз — жиырма беске бөлінеді. Елу — беске қалдықсыз бөлінеді. Мен білмейтін — жер астында. (Мен білмейтін нәрсе жердің астында жатады). Мен білмейтін — жер астында түрінде білмейтін деген бастауыштан кейін сызықша қойылмаса білмейтін нәрсе емес, жер деп түсінілуі мүмкін. 8. Мақал-мәтелдерде, афоризмдерде, өлеңдерде сөйлемнің баяндауышы түсіріліп, ықшамдалып айтылады. Мұндай сөйлемдер түсінікті болу үшін бастауыштан кейін сызықша қойылады: Асыл — тастан, ақыл — жастан (Асыл тастан шығады, ақыл жастан шығады). Біреуі — көк, біреуі — жер тағысы. (Абай). 9. Бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы дегеніміз (дегенім, дегенің, деген) деген сөздер тұрса, одан кейін сызықша қойылады: Гипотеза дегеніміз — ғылыми жорамалдар. Көрдім деген — көп сөз (Мақал). Балалар әдебиеті дегеніміз — балалар тәрбиесі деген сөз (Ш. Ахметов).

Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша. Тұрлаусыз мүшелер:толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш

Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер сөйлем мүшелері деп аталады. Қазақ тілінде бес сөйлем мүшесі бар: бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш. Сөйлем мүшесінің белгілері: 1) толық мағыналы сөз болуы керек; 2) сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұруы керек; 3)сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына жауап беруі керек. Мысалы: Жылы желдің әлсіз ызыңы естіледі. Сөйлемде толық мағыналы бес сөз бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір сұраққа жауап беріп тұр. Жылы – қандай? –сындық ұғым атауы, желдің – ненің? – заттық ұғым атауы, әлсіз – қандай? –сындық ұғым атауы, ызыңы – несі? – заттық ұғым атауы, естіледі – қайтеді? – қимылдық ұғым атауы.

 

Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі мүше болыпүшке бөлінеді.

 

Дара сөйлем мүшесі толық мағыналы бір сөзден болады. Мысалы: Аман жиналғандармен қысқа амандасты. Сөйлемдегі әрбір сөйлем мүшесі – бір ғана сөзден құралып тұрған дара мүшелер.

 

Күрделі сөйлем мүшесі күрделі сөзден, тұрақты тіркестен не сөз тіркесінен, шылаулы сөзден құралады. Мысалы: Еңбек Ері Ыбырай Жақаев екі рет Алтын Жұлдыз медалімен марапатталған еді. Сөйлемдегі Еңбек Ері Ыбырай Жақаев – күрделі бастауыш, екі рет – күрделі пысықтауыш,Алтын Жұлдыз медалімен – күрделі толықтауыш, марапатталған еді –күрделі баяндауыш.

 

Үйірлі мүше – кемінде екі не одан да көп сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. Үйірлі мүшелер көбінесе бар, жоқ, аз, көп тәрізді сөздерге және сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталады. Мысалы:

 

Білімі көп адам жерде қалмайды. Білімі көп – қандай? адам – үйірлі анықтауыш. Сөйлемнің бес мүшесі де үйірлі бола алады.

 

Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер жәнетұрлаусыз мүшелер болып екі үлкен топқа бөлінеді. Бұлардың ішіндебастауыш пен баяндауыш сөйлем құрауға негіз болады, сондықтан тұрлаулы мүшелер деп аталады. Ал анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштарөздігінен сөйлем құрай алмайды, тек берілген ойдың шеңберін кеңейтеді, сондықтан бұлар тұрлаусыз мүшелер деп аталады.

Атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы сөйлем мүшесібастауыш деп аталады. Бастауыштың сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кіміңіз? Неңіз? Кімі? Несі? Кімдер? Нелер?

 

Бастауыш баяндауышпен жақ жағынан жекеше, көпше түрде қиысабайланысады. Мысалы: Сен оқыдың, білім алдың, ұстаз көрдің

(ІІ жақ, жекеше). Біз надан өстік (І жақ, көпше).

Бастауыштың құрылысына қарай бөлінуі

 

Құрылысына

қарай бөлінуі

Мысалдар

Дара бастауыш

Балалар (кімдер?) саяхаттан көңілді оралды.

 

Күрделі бастауыш

Ел көру, жер тану (не?) – ер жігітке лайық қасиет.

 

Үйірлі бастауыш

Жұмысы жоқтық (не?) аздырар адам баласын.

Анамның айтқаны (не?) әлі есімде сақтаулы.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]