- •Бақылаушы органдардың жұмысын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының Бақылау комитетінің басқару құрылымы.
- •Касса және кассалық операцияларды бақылау.
- •3. Банк және есептесу операцияларын бақылау.
- •4. Жұмысшылар мен қызметкерлермен есептесуді бақылау.
- •5. Негізгі құралдарды және тауарлы-материалдық құндылықтарды сақталуын бақылау.
- •Бухгалтерлік есеп жағдайын бақылау.
- •7.Кешенді бақылау нәтижесін жинақтау.
Касса және кассалық операцияларды бақылау.
Мемлекеттік мекемелерде кассаларға және кассалық операцияларға ревизия жүргізуде, 25.04.2000 ж. №195 ҚР Қаржы министрлігінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде кассалық операция жүргізу Ережелерімен, ҚР республикалық және жергілікті бюджет есебінен төленетін, 1998 ж. 23 шілдеде №335 ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық Департаменті Директоры Қаулысымен бекіткен, ұйымдардағы активтерге инвестиция жүргізу тәртібі, материалдық қор, ақша, есеп айырысу және басқа да баланс баптары туралы нұсқаумен және 1998 ж. 27 каңтарындағы №30 ҚР Қаржы Министрлігінің Қазынашылық Департаменті бекіткен Қаулысы, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп бойынша нұсқаулар қолданылуы тиіс.
Кассаны түгендеу кезінде кенеттілік міндетті шарт болып табылады. Кассаны түгендеу ереже бойынша бақылаудың басында өтеді. Ревизордың көзқарасы бойынша бақылауды өткізу кезеңінде кассаны түгендеу қайталанып жүргізілуі мүмкін.
Мемлекеттік мекемелерде кассаны және кассалық операцияларды тексеру мына тәртіппен жүргізілуі мүмкін:
Түгендеу басталар алдында кассир кіріс және шығыс ордерлерінен тұратын, ағымдағы күнге операциялар туралы есептілік құрастырады.
Кассаны түгендеу кезінде кассада бар нақты ақша — қаражаттары мен т.б. құндылықтар тексеріледі. Ақшалардың барлығы қолдағы барлық ақшаларды толық қағаз бойынша санау жолымен тексеріледі, бұл кезде, ешқандай құжат немесе қолхат кассаның қалдығына кіргізілмейді. Бір уақытта тексеруге кассада сақталған ақшалай құжаттар мен құндылықтар және қатаң түрде есептіліктің бланкілері тексеріске ұшырайды. Нақты барлық ақшалай құжаттардың тексерісі кезінде (пошталық маркалар, май және жанар май үшін төленген талондар, демалыс үйлеріне төленген жолдамалар, пошталық аударым үшін алынған хат және т.б.) осы құжаттардың сомасы, олардың түпнұсқасы және олардың дұрыс толтырылуы тексеріледі. Қатаң түрдегі есептіліктің бланкілері түрлері, нөмірлері және сериялары бойынша тексеріледі.
Кассаны түгендеу Қазақстан Республикасының республикалық және жергілікті бюджет есебінен құралған ұйымдардағы активтерді, материалдық қорларды, ақшаларды, есептеулерді және т.б. баланстың баптарын түгендеуді жүргізу туралы Нұсқаумен бекітілген, бөлек актімен ресімделеді.
Ақша — қаражаттарының жетіспеушілігі — шығыс кассалық ордерде немесе оның орнын ауыстыратын басқа құжаттарда ақша алушының қолхатымен расталмай кассадан ақшаны беру.
Ақша қаражаттарының артықшылығы — кіріс касса ордерімен анықталмаған қолдағы ақшалар.
Кассада ақша немесе басқа құндылықтардың жетіспеушілігі немесе артықшылығы айқындалған кезде қолда бар ақшаларды түгендеу актісінің екінші жағы толтырылады. Кассаның артықшылығы бюджетке сәйкес табыс ретінде түседі.
5. Кассалық операциялардың бақылауын жүргізген кезде мынадай сұрақтарды тексеру қажет:
а) материалдық жауапкершілік туралы кассирмен жазбаша түрде келісімшарт бар ма және ол мемлекеттік ұйымдарда кассалық операцияларды жүргізу туралы тәртіптерімен таныс па;
б)ақша қаражаттарын және қатаң түрдегі есептіліктің бланкілерін кенеттен түгендеу бюджеттік ұйымның басшысымен белгіленген мерзімде жүргізіле ме;
в)кассалық құжаттарды толтыру тәртібі сақталады ма;
г)түсетін ақшаларды толық және уақытында кірістеу қамтамасыз етілген бе;
д)мемлекеттік ұйымдардың кассасындағы қолда бар ақшалардың қалдықтарының шегі және есеп – айырысу шоттарындағы қолда бар ақшалардың шектік сомалары сақталады ма;
е)есеп берушіге қолда бар ақшаның берілуін негіздеу.
6. Мемлекеттік өкілетті банкілерден алынған қолда бар ақшалар белгілі бір мақсат бойынша қатаң жүмсалады. Қолда бар ақшалардың мақсатпен қолданылуы қайрымдылық және демеушілік көмек, депозиттік сома түріндегі «Ақылы қызмет керсетуден түскен қолда бар ақшаларды белгілі бір мақсатпен қолданылуын бақылау кітабы» және «Бюджеттік қаражаттар үшін қолда бар ақша қаражаттарды белгілі бір мақсат бойынша қолдануын бақылау кітабы» негізінде тексеріледі. Екі кітап бойынша ақша қаражаттарының айдың басына қалдығы, ақшалардың түсуі, шығындар және шығындардың арнайы экономикалық жіктелуі бойынша айдың аяғына ақша қаражаттарының қалдығы. Екі кітап бойынша ақшалардың қалдығының сомалары кассалық кітап бойынша айдың аяғындағы ақшалардың қалдығына сәйкес келуі керек.
7. Бақылау кезінде бухгалтерлік құжаттардың 1 желтоқсан 1998 ж. №548 Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Қазынашылық Департаментінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік бюджеттің есебінен құрылған ұйымдар үшін және келесі құжаттардың дәлдігін тексеру:
— № KQ-1 ф. кіріс касса ордерлерін;
— № КО-2 ф. шығыс касса ордерлерін;
— № КО-3 ф. кіріс және шығыс ордерлерін тіркеу журналы;
— №КО-4 ф. немесе №440 ф. кассалық кітаптарын;
— №1 мемориалдық номерін
— №320 стипендия және еңбекақы төлеу үшін ақша берушілерге берілгені туралы есептің журналын;
— №389 ф. төлем ведомостында;
— №453 ф. «Ақылы қызмет көрсетуден түскен қолда бар ақшаларды белгілі бір мақсатпен қолданылуын бақылау кітабын» және №454 ф. «Бюджеттік қаражаттар үшін қолда бар ақша — қаражаттарды белгілі бір мақсат бойынша қолдануын бақылау» кітабын.
8. Бақылау кезінде шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есептің шоттарында дұрыс көрсетілуінің 27.01.1998 ж. №30 Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Қазынашылық Департаментінің бұйрығымен бекітілген, республикалық және жергілікті бюджеттің есебінен құрылған ұйымдардағы бухгалтерлік есеп бойынша нүхқаулықтарға сәйкестігін тексеру.
