- •Бақылаушы органдардың жұмысын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының Бақылау комитетінің басқару құрылымы.
- •Касса және кассалық операцияларды бақылау.
- •3. Банк және есептесу операцияларын бақылау.
- •4. Жұмысшылар мен қызметкерлермен есептесуді бақылау.
- •5. Негізгі құралдарды және тауарлы-материалдық құндылықтарды сақталуын бақылау.
- •Бухгалтерлік есеп жағдайын бақылау.
- •7.Кешенді бақылау нәтижесін жинақтау.
Бухгалтерлік есеп жағдайын бақылау.
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы” – деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаттарын өлшейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында “Есептей алмаған, басқара алмайды” – деген сөздің бекер айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты. Халықаралық қаржылық есеп беру стандартының негізгі мақсаты-мына төмендегілерді орындай отырып қаржылық есеп беруге қол жеткізу: - қаржылық ақпаратты құру барысында қажетті міндеттер; - ақпараттық жүйені құру принциптері; - осы ақпараттардың сапалық сипаттамалары; - қаржылық есеп берудің элементтері; - өлшеу және мойындау критериялары. Қаржылық есептің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпараттар беру. Сондай-ақ ұйымның қаржылық есебінде мыналарға қажетті ақпараттық мәліметтердің болуы қажет: - қаржы салымын жасау және несие беру туралы шешім қабылдауға қажетті мәлімет; - ұйымның алдағы кезеңдегі ақшалай айналымын бақылауға қажетті мәлімет; - ұйымға берілген ресурстармен байланысты міндеттерін бағалауға қажетті мәлімет; - басқару органдарының жұмысын бағалауға қажетті мәлімет. Қаржылық есеп ұйымның бухгалтерлік ақпараттарының алғашқы таратылым құралы болып есептеледі. Ал бұл қаржылық есеп бухгалтерлік есептің жеті элементінен құралады. Элементтердің алғашқы үштігінің қатарына ұйымның балансында көрсетілетін активтері, меншікті капиталы және міндеттемесі жатқызылады. Қалған төрт элементі кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есебінде көрсетілетін табыс, шығын, пайда және зиян деп аталатын топтардан тұрады. Қаржылық есеп беру тұжырымдамалары (концепциялары) шешім қабылдау үдерісінде көрсетілетін бухгалтерлік ақпараттардың қажеттілігін анықтайды және оны бекітеді. Есеп тұжырымдамасын (концепциясын) жалпы және жеке – деп аталатын екі түрге бөлуге болады. - Жалпы тұжырымдама (концепция) бұл бірнеше елдің бухгалтерлік есеп туралы көзқарасын білдіреді. - Жеке тұжырымдама (концепция) тек қана бір елдің өз ішінде жүргізілетін бухгалтерлік есеп туралы көзқарасын білдіреді. Тұжырымдамалар (концепциялар) халықаралық бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру стандартына қарастырылған бухгалтерлік есеп принциптері, есеп саясаттары, есеп берулер негізінде құрастырылады. Бұған дейін айтылып жүргендей қазіргі таңда бухгалтерлік есептің әлемдік теориясында, сондай-ақ тәжірибесінде екі негізгі, жалы деп аталатын континенттік (еуропалық) және америкалық тұжырымдама (концепция) қатар жүргізіліп келеді.
