Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ АУДИТ.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57 Кб
Скачать
☆

5. Негізгі құралдарды және тауарлы-материалдық құндылықтарды сақталуын бақылау.

Тауарлы-материалдық құндылықтардың және негізгі құралдың ревизиясын жүргізген кезде 23.07.1998 ж. №335 Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің Қазынашылық Департаментінің директорының бұйрығымен бекітілген «Республикалық және жергілікті бюджет есебінен құралған ұйымдардағы активтерді, материалдық қорларды, ақшаларды, есептеулерді және т.б. баланстың баптарын түгендеуді жүргізу туралы Нұсқауды» қолданылуы қажет.

Мемлекеттік ұйымдарда активтердің ревизиясын жүргізген кезде мынадай бақылау шараларын жүзеге асыру қажет:

1.  Негізгі құралдардың есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру, оның ішінде:

—барлық есеп регистрлерінің барлығы мен жай-күй (карточка және т.б.);

— барлық техникалық паспорттардың және т.б. техникалық құжаттардың құрылымын тексеру;

— бюджеттік ұйымдардың жалға, сақтауға және уақытша қолдануға алған немесе берген активтер құжаттарының құрылымын тексеру; бұл құжаттардың жоқ болған жағдайда олардың алынуын және толтырылуын қамтамасыз ету қажет.

2.  Негізгі құралдардың түгендеуін жүргізу және мыналарды анықтау:

— барлық активтерді (ғимарат, құрылыс, көлік және жабдықтар, транспорттық жабдықтар, құралдар және т.б.);

— құрылған күрделі жұмыстар немесе құрылыстың және ғимараттардың жеке-жеке жойылуы бухгалтерлік есепте көрініс таппаған жағдайда, онда олардың баланстық құнының көбею немесе азаю сомасын сәйкес құжаттармен анықтап, келтірілген өзгерістер туралы ескерту қажет;

— объектілердің есепте тіркелмегенін немесе олар­ды есеп регистрінде немесе оларды сипаттайтын мәліметтер дұрыс берілмеген кезде, осы объектілер бойынша жетіспейтін мәліметтері мен техникалық көрсеткіштерін түгендеу тізіміне кіргізу қажет. Сонымен қатар объектілерді есепке кіргізбеген кінәлілерді және кіргізбеу себептерін айқындау;

— соңғы түгенделуін жүргізген кезден бастап табылған және есепте тіркелмеген объектілердің бағалануы нақты техникалық жағдайы бойынша орнатылатын нарықтық бағасы бойынша жүргізілуі қажет. Қажет еткен кезде бұл жұмысқа жылжымайтын мүлікті бағалау бойынша мамандар тартылады;

—  пайдалануға және қалпына келтіруге жатпайтын активтерге осы объектілерді жарамсыздыққа әкелген себептері және пайдалануға кіргізген уақыты жөнінде бөлек тізім құрылады. Бұл кезде мұндай объектілерді есептен шығару мемлекеттік аймақтық мүлік және жекешелендіру жөнінде комитеттің рұқсатымен жүзеге асырылады;

—  түгендеумен бірге жалға берілген активтер де тексеріледі. Жалданған объектілердің түгендеу тізімі әр жалға беруші бойынша құрылады. Бұларда жалға берушінің атауы мен жалдың уақыты көрсетіледі;

—  жалдың келісімі шарттармен хатталған ба және негізгі құралды қолданғаны үшін жалдың ақысы төленеді ме;

—  орнатылған норма бойынша негізгі құралдың тозуы мен тозу есебін жүргізудің тәртіптері сақталады ма.

3. Барлық құндылықтардың сақталуын тексеру:

—  бақыланатын объектілердің материалдық құндылықтарды сақтауға белгілі бір шарттар мен талаптарға жауап беретін қоймалармен қамтамасыз етілуін;

—  барлық материалдық құндылықтар осы материалдық құндылықтар үшін жауапты тұлғалармен қабылданған ба және осы жауапты тұлғалармен толық материалдық құндылықтарға жауаптылық туралы жазбаша келісім-шарт бекітілген бе;

—  өндірістік және әкімшілік мақсаттар үшін материалдық құндылықтарды жіберудің тәртіптері мен нормаларының сақталуын, оларды шығындарға жатқызу дұрыстығын, уақытша хаттарсыз немесе құжаттарсыз материалдық құндылықтарды жіберу жағдайларының жоқтығын;

—  материалдық құндылықтардың барлығын түгендеуін. Түгендеуді жүргізу уақытының және тәртіптерін сақтау, түгендеу құжаттарының дұрыс құрылуын және толтырылуын. Түгендеу қорытындыларының есепте дұрыс көрсетілуін;

—                материалдық құндылықтарды түгендеу материалдық құндылықтарды сақтау жерлері бойынша және оларға жауапты тұлғалар бойынша жүргізу. Түтендеу сол материалдық құндылықтардың орналасқан орнында жүргізілуі керек. Түгендеу кезінде бір материалдан екінші материалдарға тексерудің ретсіз өтуін болдырмау керек. Түгендеу кезінде жарамсыз немесе бүлдірілген материалдар табылған кезде материалдық құндылықтардың  бүліну  сипатын,   себебін  және дәрежесін көрсететін қосымша акті құрылады, соны­мен қатар бүлінуге жауапты тұлға көрсетіледі; материалдық қалдықтар туралы материалды жауапты тұлғалардың сөздерінен, оларды нақты тексермегенше деректерді құжатқа енгізуге тыйым салынады; жауапты сақтауға орналасқан және басқа ұйымға жа­татын материалдық құндылықтарға меншіктегі материалдық құндылықтармен бірге түгендеу жүргізіледі. Бұл құндылықтарға сақтауға алғанын растайтын басқа құжаттарға байланысты қосымша құжат жасалады; жолда келе жатқан материалдар мен тауарларға олардың жіберу уақытында келесідей деректер келтірілетін бөлек акт жасалады: құжаттардың атауы мен көлемі, жіберу уақыты және жіберілген кездегі номері. Түскен материалдардың кірістелмегені жайлы факті табылған кезде әкімшілік тексеріс жүргізілуі және жауапты адамдардан түсіндірмелер талап етілуі керек, материалдар теріс пайдаланған жағдайда материалдар тергеуші органдарға жіберілуі керек.

—    Түгеңдеу кезде материалдық құндылықтар түскен кезде түгендеу комиссиясының қатысуымен материалдардық құндылықтарға жауапты адамдармен қабылданады  және  түгендеу  аяқталғаннан  кейін кірістеледі. Бұл материалдар «Түгендеу уақытында түскен материалдық құндылықтар» атгы құжатка жабдықтаушыны, кірістелген құжаттың датасын, түрін, көлемін және сомасын көрсетумен бөлек құжаттарға енгізіледі.