Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОМФ 3 курс студент. каз тесты-10 ж.400 воп..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
448 Кб
Скачать
☆

6. Бүйрек патофизиологиясы

275. Созылмалы гломерулонефритке тән зәр симптомдарын ата:

1. олигурия

2. полиурия

3. анурия

4. гиперстенурия

5. никтурия

276. Созылмалы гломерулонефрит кезiнде полиурияның пайда болуына әкелетiн факторлары:

1. бiрiншiлiк зәрдiң фильтрациясы азаюы

2. бiрiншiлiк зәрдiң фильтрациясы күшеюі

3. фильтрациялық қысымның жоғарылауы

4. натрий реабсорбциясының азаюы

5. натрий реабсорбциясының күшеюi

277. Гипастенурия тән:

1. жедел диффузды гломерулонефритке

2. созылмалы гломерулонефритке

3. нефротикалық синдромға

4. некронефроздың полиуриялық кезеңiне

5. бүйрек тас ауруына

278. Нефротикалық синдром кезiндегi олигурия немен байланысты:

1. гиперпротеинемия

2. нефронның өлуi

3. альдостерон бөлiнуiнiң азаюы

4. АДГ секрециясының жоғарылауы

5. астаушаның зақымдануы

279. Нефротикалық синдромда iсiктiң дамуына әкелетiн факторлар:

1. плазмада онкотикалық қысымның жоғарылауы

2. альдостеронның бөлiнуi

3. АДГ секрециясының азаюы

4. плазманың онкотикалық қысымның азаюы

5. натрийді жоғалту

280. Куссмауля типтi патологиялық тыныс алу тән:

1. жiтi гломерулонефритке

2. некронефрозға

3. уремияға

4. бүйрек астаушасының қабынуына

5. бүйректас ауруына

281. Жедел гломерулонефрит кезiнде iсiнулердiң дамуы немен түсiндiрiледi:

1. қан ағысындағы гидростатикалық қысымның төмендеуi

2. тіндік капиллярларынын өткiзгiштiгiнiң жоғарылауы және Nа+ ағзада тежелуi

3. тамырларда онкотикалық қысымның жоғарылауы

4. тамырларда онкотикалық қысымның төмендеуi

5. фильтрациялық қысымның төмендеуi

282. Қандай бүйрек патологиясының қандай түрiнде зәрде көп мөлшерде цилиндр бөлiнедi:

1. жедел диффузды гломерулонефрит

2. созылмалы гломерулонефрит

3. нефротикалық синдром

4. бүйрек тiс ауруы

5. астаушаның қабынуы

283. Бүйректi алып тастағанда не дамиды:

1. артериальды қысымның жоғарылауы

2. уремия

3. артериальды қысымның төмендеуi

4. гиперволемия

5. гиповолемия

284. Гипотенурия тән:

1. жедел диффузды гломерулонефритке

2. созылмалы гломерулонефрит

3. нефротикалық синдромға

4. бүйрек астаушасының қабынуына

5. бүйректас ауруына

285. Гиперстенурия тән:

1. жедел диффузды гломерулонефритке

2. созылмалы гломерулонефритке

3. бүйрек астаушасының қабынуына

4. бүйрек тас ауруына

5. созылмалы пиелонефритке

286. Гломерулонефрит кезiнде гематурияның пайда болуы неге байланысты:

1. шумақ капиллярының өткiзгiштiгiнiң жоғарылауына

2. шумақ капиллярының өткiзгiштiгiнiң төмендеуiне

3. бүйректiң каналшылық аппаратының зақымдануына

4. астаушаның зақымдануына

5. жинағыш түтiкшелердiң зақымдануына

287. Бүйрек жетiспеушiлiгi кезiнде дамитын синдром:

1. полиурия

2. гематурия

3. уремия

4. глюкозурия

5. никтурия

288. Бүйрек жетiспеушiлiгiнiң нефротикалық типiнде зәрде қандай өзгерiстер болады:

1. глюкозурия

2. протеинурия

3. гематурия

4. пиурия

5. гемоглобинурия

289. Бүйрек жетiспеушiлiгiнiң шумақтық типiнiң дамуымен жүретiн бүйрек ауруы:

1. некронефроз

2. нефротикалық синдром

3. жiтi гломерулонефрит

4. бүйрек амилоидозы

5. созылмалы гломерулонефрит

290. Бүйрек жетiспеушiлiгiнде қышқылды-сiлтiлi тепе-теңдiк жағдайы:

1. алкалоз

2. ацидоз

3. қанда натрий концентрациясының төмендеуi

4. қанда калий мөлшерi төмендеуi

5. қанда белок мөлшерi жоғарылауы

291. Гломерулонефрит дамуын қандай қоздырғыш шақырады:

1. вирустар

2. В-гемолитикалық стрептококк

3. iшек таяқшасы

4. алтындаған стрептококк

5. протей

292. Созылмалы гломерулонефритт организмде қандай өзгерiстер дамиды:

1. спленомегалия, гепотомегалия

2. жалпы склероз

3. артериялар атеросклерозы

4. кардиосклероз, гипопротеинемия

5. анемия, азотемия

293. Нефротикалық синдром немен көрiнедi:

1. гематурия

2. пиурия

3. лейкоцитурия

4. протеинурия. гипопротеинемия

5. никтурия, цилиндрурия

294. Мына көрсетiлген факторлардың қайсысы жедел диффузды гломерулонефриттi шақырады:

1. сулемамен улану

2. ауыр металлдармен, тұздармен улану

3. “ылғалды суықтың” ұзақ әсерi, бүйрек территориясындағы иммунологиялық реакция

4. ұзақ, бiрден көрнектi артерия қысымының төмендеуi (шок,коллапс)

5. иондайтын радиация, иммунодефицитті жағдай

295. Созылмалы гломерулонефритте полиурияның туындауына әкелетiн факторларды белгiлеңiз:

1. натрий реабсорбциясының азаюы, зәр фильтрациясының күшеюi

2. зәр фильтрациясының азаюы

3. азотемия, никтурия

4. натрий реабсорбциясының күшеюi

5. плазманың онкотикалық қысымның азаюы

296. Шумақтық фильтрацияның азаюына не әкеледi:

1. қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы

2. келетiн қан көлемiнiң көбеюi

3. артериальды қысымның жоғарылауы

4. фильтрлеу қысымының жоғарлауы

5. фильтрациялық қысымның төмендеуi

297. Гипертониялық ауру нәтижесiндегi бүйрек ауру қалай аталады:

1. амилоидты нефроз

2. артериосклеротикалық нефросклероз

3. бүйректiң екiншiлiк тырысуы (сморùение)

4. фибропластикалық гломерулонефрит

5. некронефроз

298. Мына көрсетiлген өзгерiстердiң қайсысы созылмалы бүйрек жетiспеушiлiгiне тән:

1. анемия, су-электролиттi баланстың бұзылуы

2. төмен артериальдық қысым

3. өкпе бағанының транбоэмболиясы

4. гиповолемия

5. тахикардия, ЖИА

299. Түнгi диурездiң күндiзгiден жоғары болуы қалай аталады:

1. протеинурия

2. гематурия

3. никтурия

4. олигурия

5. анурия

300. Фильтрация бұзылысының себебi не:

1. каналшалардың ферментативтi дефектiсi

2. каналшаларының эпителия қабынуы

3. шумақ мембранасының зақымдануы, фильтрациялық қысымның жоғарылауы

4. каналшаларының эпителия десквамациясы

5. зәр ағып шығуына кедергінің болуы

301. Жедел бүйрек жетiспеушiлiгiнiң реналды себебiн ата:

1. жiтi сусыздану

2. бүйрек тас ауруы

3. несеп ағардың структурасы

4. бүйрек паренхимасының жiтi зақымдалуы, қызметшi нефрондардың массасының бiрден төмендеуi

5. несеп ағарда тас болуы, простата аденомасы

302. Бүйректердiң зәрдi концентрлеуге шамасыздығын не деп айтады:

1. олигурия

2. полиурия

3. гематурия

4. гипостенурия

5. протеинурия

303. Зәр түзiлудiң бұзылуының экстраренальды (бүйректен тыс) факторларын бөлiп көрсет:

1. нефриттер, пиелонефриттер

2. бүйрек амилоидозы

3. қан айналымның тамырлы жетiспеушiлiгi, заттар алмасуының өзгеруi, анемиялар

4. бүйрек-тас ауруы, қышқыл сілті тепе-теңдігінің бұзылуы

5. артериосклеротикалық нефросклероз

304. Жедел диффузды гломерулонефрит дамуының этиологиялық факторларын көрсет:

1. жүректiң ишемиялық ауруы

2. ұрық пен анасының резус-сәйкессiздiгi

3. тиреотоксикоз

4. жедел сәулелену, қорғасынмен улану

5. созылмалы танзилит, стрептококкты сепсис

305. Жедел диффузды гломерулонефрит дамуындағы патогенетикалық факторларды ата:

1. айналымдағы қан көлемiнiң өзгеруi

2. стрептококкты эндотоксинмен интоксикация, бүйректiң нервтi-гуморальдi реттелуiнiң бұзылуы, иммунды реакциялар

3. жүрек жұмысы ритмiнiң бұзылуы

4. бүйрек толақандылығы, АДГ секрециясының жоғарлауы

5. иммунды жетіспеушілігінің жағдайы, бүйрек шумақшаларының өлуі

306. Жедел диффузды гломерулонефрит дамуының патогенетикалық факторын көрсет:

1. бүйректердiң толақандығы (қан ағысының күшеюi)

2. шумақтардың базальды мембранасынан аутоантигендердiң түзiлуi бүйректер ишемиясы, базальды мембраналар антигендерiне антиденелердiң түзiлуi,

3. иммунтапшылық жағдайы

4. бүйрек ишемиясы, бүйрек шумақшаларының өлуі, дәнекер тіннің өсуі

5. нервті-гуморальді реттелудің бұзылуы

307. Нефротикалық синдромның негiзгi симптомдарын көрсет:

1. полиурия, сусыздану

2. гиперлипидемия, жайылмалы iсiнулер, массивтi протеинурия

3. гиполипидемия, гиперпротеинемия

4. глюкозурия, диспротеинемия

5. гипопротеинемия, гиполипидемия

308. Нефротикалық синдромның этиологиялық факторларының iшiнен бiрiншiлiк факторларын көрсет:

1. безгек

2. Боткин ауруы

3. пиелонефрит, амилоидоз

4. туберкулез

5. радиациялық зақымдану ЖИА

309. Мына көрсетiлген факторлардың қайсысы жедел диффузды гломерулонефрит шақырады:

1. сулемамен улану

2. ұзаққа созылған артериалды қысымның бiрден көрнектi төмендеуi (шок,коллапс)

3. хром қышқылының тұздарымен улану

4. “ылғалды суықтың ” ұзақ әсері

5. уранмен улану

310. Жедел диффузды гломерулонефрит кезiнде ісінудің пайда болу себебi:

1. натрийдi жоғалту, онкотикалық қысым жоғарылауы

2. альдостерон бөлiнуiнiң жоғарылауы, натрийдiң ұсталып қалуы

3. АДГ секрециясының төмендеуi

4. қанда белок мөлшерiнiң азаюы

5.ренин–ангиотензин жүйесінің белсенділігі

311. Жедел диффузды гломерулонефритке қандай зәр симптомдары тән емес:

1. олигурия

2. гипостенурия

3. гематурия

4. цилиндрурия

5. протеинурия

312. Уремияға тән өзгерiстердi көрсетiңiз:

1. iсiктер

2. азотемия

3. гипокалиемия

4. гипонатриемия

5. гиповолемия

313. Созылмалы гломерулонефритке тән қан өзгерiстерi:

1.гипонатриемия

2.гипокалемия

3. глюкозурия

4. қандағы белок мөлшерінің жоғарылауы

5. азотемия, анемия

314. Мына көрсетiлген факторлардың қайсысы некронефроз тудырады:

1. сiрке қышқылымен улану

2. ұзаққа созылған артериалды қысымның күрт көрнектi төмендеуi (шок,коллапс)

3. бүйрек маңайында иммунологиялық реакциялар

4. сулемамен улану, хром қышқылының тұздарымен улану

5. антибиотиктермен ұзақ емдеу

315. Жедел нефритке тән белгiлер:

1. олигоурия, гиперстенурия

2. гипотония

3. массивтi протеинурия

4. никтурия

5.гипонатремия

316. Жедел гломерулонефрит кезiнде iсiнулердiң дамуы немен түсiндiрiледi:

1. тамырларда онкотикалық қысымның жоғарылауы

2. тамырларда гидростатикалық қысымның төмендеуi

3. су мен тұздың шығарылуының күшеюi

4. ткань капиллярының өткiзгiштiгiн жоғарылауы, каналшаларда Nа+ реабсорбциясының жоғарылауы

5. қандағы осмостық қысым төмендеуі

317. Нефротикалық iсiнуiнiң басты механизмi болып не табылады:

1. тамырларда гидростатикалық қысымның жоғарылауы

2. альбумин синтезiнiң бұзылуына байланысты қанның гипоонкиясы

3. альбуминурияның нәтижесiндегi қанның гипоонкиясы

4. тiндiк қарсы қысымның азаюы

5. фильтрациялық қысымның төмендеуi

318. Гломерулонефритте қан қысымның көтерiлу механизмi:

1. гиповолемия

2.депрессорлық факторлардың өнiмiнiң жоғарылауы

3.қанның коллоидты-осмотикалық қысымның өзгеруi

4. айналымдағы қан көлемінің ұлғаюы

5. гиперволемия, ренин бөлiнуiнiң жоғарылауы

319. Нефротикалық синдромға не тән:

1. гематурия, глюкозурия

2. пиурия

3. гиперальбуминурия

4. протеинурия, гипопротеинемия, iсiнулер

5. қан сары суында холестерин фосфолипидтерінің, триглицепидтердің төмендеуі

320. Мына көрсетiлген аурулардың қайсы жиi бүйрек амилоидозына әкеледi:

1. гипертониялық ауру, жүрек жетіспеушілігі

2.крупозды пневмония

3. ревматоидты полиартрит, өкпе туберкулезi

4. дизэритропоэтикалық анемия

5. лейкоз

321. Жедел диффузды гломерулонефритте гипертензияға не әкеледi:

1. Ренин бөлiнуi, альдостеронның бөлiнуi

2. ағзада калийдiң ұсталып қалуы

3. зәрмен белоктың бөлiнуi

4. натрий реабсорбциясының төмендеуі

5. судың реабсорбциясының төмендеуі

322. Жоғарылаған диурез қалай аталады:

1. полиурия

2. никтурия

3. олигоурия

4. поллакиурия

5. анурия

323. Шумақтық фильтрацияның төмендеуiне әкелетiн себептердi атаңыз:

1. қанның онкотикалық қысымның төмендеуi

2. шумақ артериолаларынан әкететiн спазм

3. жүйелік артериолдық қысымның жоғарылауы, шумақтың әкелгіш артериолалар тонусының төмендеуі

4. шумақтағы капиллярішілік қысымның жоғаылауы

5. жүйелiк артериалдық қысымның төмендеуi, зәрдiң ағып кетуiне кедергi, шумақ артериолаларына әкелетiн спазм

324. Бүйрек түтiкшелерiнiң функциясының бұзылуын сипаттайтың көрсеткiштердi табыңыз:

1. гипостенурия, бүйректiк глюкозурия

2. селективтi протеинурия

3. эритропоэтин секрециясының төмендеуі

4. анурия

5. дизуриялық құбылыстар

325. Зәр түзiлудiң бұзылуына әкелетiн экстраренальды факторларын көрсет:

1. невроздар, эндокринопатиялар, полицитемия

2. нефротикалық синдром

3. гломерулонефриттер, тұқым қуалайтын тубулопатия

4. пиелонефрит

5. амилоидоз, жедел және созылмалы бүйрек жетіспеушілігі