- •1. Қан жүйесі патофизиологиясы
- •5. Гемолитикалық анемия
- •2. Лейкоцитоз
- •3. Лимфоцитоз
- •1. Нейтрофилдi лейкоцитоз
- •5. В12 жетiспеушiлiк анемия
- •1. Нейтрофилдi лейкоцитоз
- •3. Лимфоцитоз
- •5. Темiржетiспеушiлiк анемия
- •3. Темiржетiспеушiлiк анемия
- •5. Апластикалық анемия
- •1. В12 жетiспеушiлiк анемия
- •2. Қан айналу патофизиологиясы
- •3. Сыртқы тыныс алу патофизилогиясы
- •4. Асқорыту патофизиологиясы
- •5.Бауыр патофизиологиясы
- •6. Бүйрек патофизиологиясы
- •7. Эндокринді жүйенің патофизиологиясы
- •8. Жүйке жүйесінің патофизиологиясы
7. Эндокринді жүйенің патофизиологиясы
326. Гипофиздiң функциясы тотальды жетiспеушiлiгi мынандай кезде болады:
1. пангипопитуитаризмде, гипофиздiң босанғаннан кейiнгi некрозы
2. гипофиздiң эозинофильдi клеткаларының аденомасында
3. бас миына қан құйылғанда
4. невроздар
5. гипертиреоз кезінде
327. Гипофиздiң тотальды жетiспеушiлiгi мынандай гормондар инфекциясы түскенде байқалады:
1. соматотропты
2. адренокортикотропты
3. гонадотропты
4. тиреотропты
5. барлығы бiрге
328. Гипофиздiң алдыңғы бөлiгiнiң эозинофильдi аппаратының гиперфункциясы мынаның дамуына әкеледi:
1. Иценго-Кушинг синдромы
2. бiрiншiлiк альдостеронизм
3. адреногенитальдi синдром
4. гипофизарлы гигантизм, акромегалия
5. екіншілік альдостеронизмде
329. Ересек жаста гипофиздiң алдыңғы бөлiгiнiң эозинофильдi аппаратының гиперфункциясы кезiнде дамиды:
1. гигантизм
2. Адиссон ауруы
3. акромегалия
4. Симонд ауруы
5. бiрiншiлiк гиперальдостеронизм
330. Ұзындығынан сүйектердiң өсуi және мүшелердiң салмағының ұлғаюына байланысты өсу гормонның гиперпродукциясы:
1. белок анаболизмнiң азаюымен
2. белок анаболизмнiң көбеюiмен, хондриогенездiң ынталандыруымен
3. липолиздiң азаюымен
4. глюконеогенездiң күшеюiмен
5. гликогенолиз күшеюімен
331. Иценго-Кушинг ауруы кезiндегi артериальды гипертензия маңызды роль атқарады:
1. симпатоадреналдi жүйенiң екiншiлiк белсендiлiгi және кортизолдың пермиссивтi әсерi, тамырлар қабырғасының адренергиялық әсерлерге сезiмталдығының жоғарылауы
2. организмнен калий иондарының шығуы
3. кальций алмасуының бұзылуы
4. циркуляциялық қан көлемiнiң азаюы
5. натрий реатсорбциясының азаюы
332. Тиреотропты гормон өнiмiнiң таңдамалы жоғарылауы мынаның дамуына әкеледi:
1. гигантизм
2. акромегалия
3. тиреотоксикоз
4. Иценко-Кушинг синдромы
5. эндемиялық зоб
333. Адренокортикотропты гормон өнiмiнiң таңдамалы жоғарылауы мынаның дамуына әкеледi:
1. Иценко-Кушинг ауруы
2. феохромоцитома
3. акромегалия
4. гипофизарлы нанизм
5. бiрiншiлiк гиперальдостеронизм
334. Қандай гормонның түзiлуiнiң бұзылуы гипоталамустың паравентрикулярлы және супраоптикалық iрi клеткалық ядролардың таңдамалы зақымдалуымен қатар жүредi:
1. адренокортикотропты
2. соматотропты
3. тиреотропты
4. окситоцин (вазопрессин)
5. ганадетропин
335. Кортикостероидтардың тежегiш әсерiне гипоталамикалық құрылымдардың сезiмталдығының төмендеуi қандай эндокриндiк бұзылысқа әкеледi:
1. жыныс бездерiнiң атрофиясы
2. бүйрекүстi безiнiң милы қабатының гипофункциясы
3. қалқанша без гиперплазиясы
4. бүйрекүстi безiнiң қыртысының гиперплазиясы
5. бүйрекүстi безiнiң қыртысының гипоплазиясы
336. Ер балаларда жыныстық жетiлу кезенiнде гипоталамикалық құрылымдардың тестостеронға жоғары сезiмталдығы ненiң дамуына әкеледi:
1. уақыттан ерте жыныстық жетiлу
2. жыныстық жетiлудiң және екiншiлiк жыныс белгiлерi дамуының бөгелуiне
3. изосексуальды адреногенитальды синдромының дамуына
4. гетеросексуальды адреногенитальды синдромның дамуына
5. екіншілік жыныс белгілерінің ерте дамуы
337. Адренокортикотропты гормонның гиперпродукциясы қандай гормондардың түзiлуiнiң күшеюiне әкеледi:
1. глюкокортикоидтар, минералокортикоидтар
2. катехоламиндер
3. вазопрессин
4. тироксин
5. кальцитония
338. Қанда тироксин байланыстырғыш глобулиннiң азаюы неге әкелетiнiң көрсетiңiз:
1. эндемиялық зобқа
2. тиреотоксикалық зобқа, қанда бос тетрайодтирониннiң концентрациясының жоғарылауына
3. тироксиннiң бос фракциясының концентрациясының азаюына
4. қанда монойодтиронин концентрациясының жоғарылауы
5. миксетемаға
339. Тиреоидты гормондар биосинтезiнiң туа бiткен аномалиясы қандай патологияға әкеледi:
1. ересек жастағы микседема
2. тиреотоксикозға
3. қалқанша бездегi түйiндi өзгерiске
4. кретинизмге
5. эндемиялық зобқа
340. Иценко-Кушинг синдромы мынаның гиперфункциясы кезiнде пайда болады:
1. бүйрекүстi безi қыртысының шумақ зонасының
2. қыртыстың торлы зонасының
3. қыртыстың шоғырлы зонасының
4. бүйрекүстi безiнiң барлық қыртысының
5. бүйрекүстi безiнiң милы қабатының
341. Экспериментальды жануарларда бүйрекүстi безi жетiспеушiлiгi пайда болады:
1. екi жақты адреналэктомия кезiңде, кортикостероидтармен ұзақ уақыт емделгенде
2. екi жақты демедуляция кезiңде
3. кортикостероидтар емдеумен жүргiзiлетiн екi эктомиясы
4. бас ми қыртысын алып тастағанда
5. адренокортикатропты гормон енгізгенде
342. Иценко-Кушинг синдромы кезiнде пайда болатын өзгерiстердi көрсетiңiз:
1. артериалды қысымның жоғарылауы, бет, мойынның семiруi
2. гипогликемия
3. оң азоттық баланс
4. кальций иондарының қанда азаюы
5. артериалды қысымның төмендеуі
343. Иценго-Кушинг ауруы кезiнде науқастардың семiруiне әкелетiн себептер:
1. гипергликемия, триглицеридтер синтезiнiң активациясы
2. белок синтезiнiң жоғарылауы
3. қанда глюкокортикоидтар құрамының азаюы
4. қанда кальций құрамының жоғарылауы
5. белокты шектен тыс қолдану
344. Гиперкортизолизм кезiндегi көмiрсу алмасуының ерекшелiктерiн көрсетiңiз:
1. анурия
2. ОЦН-төмендеуi
3. демiкпе
4. артериалды қысымның жоғарылауы
5. артериалды қысымның төмендеуi
345. Гиперкортизолизм кезiндегi гипертензия патогенезiн көрсетiңiз:
1. адреналин мен норадреналин шығуының жоғарылауы
2. тамыр реттеудiң жоғарғы орталықтарының трофикасының бұзылуы
3. көмiрсу алмасуының бұзылуы
4. су-тұз алмасуының бұзылуы, тамыр қозғалтқыш орталықтың белок катаболизмi өнiмдерiнен қозуы
5. антидиуретикалық гормонның шектен тыс шығуы
346. Қандай жағдайда бiрiншiлiк гиперальдостеронизм дамиды:
1. бүйрекүстi безiнiң милы қабатының парциальды гиперфункциясы
2. бүйрекүстi безi қыртысының шумақты зонасының парциальды гиперфункциясы
3. бүйрекүстi безi қыртысының торлы зонасының парциальды гиперфункциясы
4. бүйрекүстi безi қыртысының барлық зонасының гиперфункциясы
5. бүйрекүстi безi қыртысының тотальды гиперфункциясы
347. Гиперальдостеронизмнен негiзгi симптомдарына жатады:
1. бұлшықеттiң әлсiреуi, гипертензия
2. натрийдың зәрмен шығуының күшеюi
3. анурия
4. бүйректе калий реабсорбциясының жоғарылауы
5. бұлшық ет тонусының жоғарлауы
348. Әйелдерде гетеросексуальдық адреногенетальдық синдром себебi болып табылады:
1. эстрогендердiң көп түзiлуi
2. андрогендердiң көп түзiлуi
3. глюкокортикоидтардың көп түзiлуi
4. минералокортикоидтардың гиперпродукциясы
5. пролактин гиперпродукциясы
349. Қандай аурудың негiзiнде бүйрекүстi безi милы қабатының гиперфункциясы жатыр:
1. қола ауруы
2. феохромацитома, адреналды криз
3. Конн ауруы
4. фиброзды остеодиетрофия
5. Иценко-Кушинг синдромы
350. Қандай аурудың негiзiнде созылмалы бүйрекүстi безi жетiспеушiлiгi жатыр:
1. Конн ауруы
2. феохромоцитома
3. қола ауруы, Аддисон ауруы
4. фиброзды остеодистрофия
5. Иценко-Кушинг синдромы
351. Бүйрекүстi безi милы қабатының гиперфункциясы үшiн организмде болатын қандай өзгерiстер тән:
1. жоғары нерв қозғыштығы, артериалды қысымның жоғарылауы
2. төмен нерв қозғыштығы
3. гипогликемия
4. iшек перисталькасының жоғарылауы
5. төмендеген артериальді қысым
352. Бүйрекүстi безi милы қабатының гиперфункциясы үшiн тән:
1. гипогликемия
2. гипергликемия, iшектiң қатуы және жарылуы
3. артериальды қысымының төмендеуi
4. анаэробты гликолиздiң күшеюi
5. ішек перистальтикасының күшеюі,іш өтулер
353. Кретинизм дамиды:
1. эндемиялық зобта
2. атиреозда
3. тиреотоксикозда
4. ересектер микседемасында
5. балалар микседемасында
354. Тиреотоксикоз себебiн атаңыз:
1. суыну
2. гипоталамикалық құрылымдардың гиперреактивтiлiгi
3. психикалық жарақат, тиреотропты гормон гиперпродукциясы
4. тұқымқуалаушылық
5. адренокортикотропты гормон гипопродукциясы
355. Тиреотоксикоз кезiндегi дене температурасының жоғарылауы тиреоидты ормондардың әсерiнiң қандай эффектiсiмен байланысты екенiң көрсетiңiз:
1. тотығу фосфорлануының бөлiнуi,макроэргтарда энергия аккумуляциясының төмендеуi
2. белоктың әлсіреген катоболизмi
3. көмiрсу алмасуының төмендеуi
4. көмiрсулардың ыдырауының гликолитикалық жолының активациясы
5. семіру
356. Гипергликемия және онымен байланысты қантты диабет тиреотоксикоз кезiнде байланысты:
1. глюконеогенездiң күшеюi
2. гексокиноза активтiлiгiнiң жоғарылауы,iшекте глюкозаның сiңiрiлуiнiң күшеюi
3. инсулиназдын активтiлiгiнiң жоғарылауы
4. көмiрсулар ыдырауының тежелуi
5. белоктін күшейген катаболизмі
357. Тиреотоксикоз кезiнде тершендiк, саусақтар дiрiлдеу, тахикардия сияқты симптомдар нерв жүйесiнiң қозуымен байланысты екенiн көрсетiңiз:
1. бас ми қыртысы
2. гипоталамус
3. гипофиз
4. вегетативтi нерв жүйесiнiң симпатикалық бөлiмi
5. вегетативтi нерв жүйесiнiң парасимпатикалық бөлiмi
358. Гипертиреоз кезiндегi ерте дамыған жүрек жетiспеушiлiгi байланысты:
1. жүректегi энергетикалық ресурстардың азаюымен,белок катаболизм күшеюiмен
2. брадикардия
3. миокард гипертрофиясы
4. негiзгi алмасуының төмендеуiмен
5. жүрек жиырылуының азаюымен
359. Жануарларға эксперимент кезiнде гипотиреозды шақыруға болады:
1. қалқанша бездiң электростиммуляциясымен
2. қалқанша бездi жартылай немесе толық алып тастау арқылы,тиреостатикалық препараттар еңгiзумен
3. тироксин енгiзу
4. кофеин енгiзу
5. йодталған тұзды қолдану
360. Туа бiткен қалқанша без аплазиясы кезiнде қандай ауру дамитынын көрсетiңiз:
1. эндемиялық зоб
2. бала микседемасы
3. ересектер микседемасы
4. кретинизм
5. аутоиммунды тиреодит
361. Егер ананың планцентарлы барьерi арқылы ұрық қанына тиреотропты гормон түсiп тұрса қандай ауру дамитының көрсетiңiз:
1. туа бiткен гипотиреоз
2. тетания
3. туа бiткен гипертиреоз
4. фиброзды остеодистрофия
5. гиперпаратиреоз
362. Микседема үшiн ағзада мынандай өзгерiстер тән:
1. зат алмасуының төмендеуi,гиперхолестеринемия
2. гипохолестеринемия
3. көп тершендеу
4. жоғары нерв қозғыштығы
5. ішектік симпатикалық жаралары
363. Гипотиреоз кезiндегi терi құрғақтығы, шаштiң түсуi, тырнақ сынғыштығы сияқты бұзылыстар организмдегi қандай бұзылуымен байланысты екенiң көрсетiңiз:
1. жүрек-тамыр жүйесiнiң қызметiнiң бұзылуы
2. зат алмасудың бұзылуы және трофикалық бұзылыстар,гиперхолестеринемия
3. гипохолестеринемия
4. темiр сiңiрiлуiнiң жетiспеуi
5. зат алмасудың жоғарылауы
364. Гипотиреоз кезiнде тiңдер белоктарына метиониннiң қосылуының азаюы көрсетедi:
1. энергетикалық алмасу азаюы
2. белокты алмасу азаюы
3. гликоген ыдырауының азаюы
4. iшекте глюкозаның сiңiрiлуiнiң азаюы
5. липидтi алмасу бұзылуы
365. Гипофизарлы ергежейлiк үшiн басқасына қарағанда туа бiткен гипотиреоз кезiнде тән:
1. кiшi бойы, әжiмдi терi
2. салмақтың азаюы
3. кретинизм
4. майдың едәуiр ыдырауы
5. тегіс,жылтыр тері
366. Эндемиялық зоб үшiн тән:
1. қалқанша бездiң ұлғаюы, зат алмасудың төмендеуi
2. қанда тиреоидты гормондардың жоғарғы концентрациясы
3. қанда тиреоидты гормондардың төмен концентрациясы
4. қанда йодтың жоғарғы концентрациясы
5. қалқанша безінің кішіреюі
367. Фиброзды остеодистрофия үшiн ағзаға мынандай өзгерiстер тән:
1. тканьдерде кальцийлiк қоспалардың түзiлуi,полиурия
2. гентгенографиялық тығыз сүйек тканi
3. қанда кальций мөлшерiнiң азаюы
4. сүйектердiң тығыздануы
5. қанда калий мөлшерінің азаюы
368. Аналық бездер гиперфункциясының этиологиялық факторлары болып табылады:
1. ми қыртысының iсiгi
2. гипоталамус iсiгi
3. гипофиз iсiгi
4. аналық без iсiгi
5. фибромиома
369. Гипофиздiң алдынғы бөлiгiнiң гормондары болып табылады:
1. тиреотропты, соматотропты
2. антидиуретикалық
3. тироксин
4. глюкокортикоидтар
5. глюкогон
370. Гипотиреоз үшiн тән:
1. дене салмағының төмендеуi
2. қалқанша бездiң кiшiреюi
3. брадикардия,негiзгi алмасудың төмендеуi
4. артериальды қысымның жоғарылауы
5. қанда глюкоздар мөлшерінің жоғарылауы
371. Иценко-Кушинг синдромы және ауруы кезiнде негiзгi симптомдар дамуының патогенезiнде басты маңызды атқарады:
1. пролактин
2. адренокортикотропты гормон,кортизол
3. эстрадиол
4. адреналин, норадреналин
5. инсулин
372. Аддисон ауруы қатар жүредi:
1. глюко-және минералокортикоидтардың гиперпродукциясымен
2. глюко-және минералокортикоидтардың гипопродукциясымен
3. глюкокортикоидтардың гипопродукциясы мен минералокортикоидтардың гиперпродукциясымен
4. соматотропты гормон гипопродукциясы
5. адренокортикотропты гормонның гиперпродукциясымен
373. Феохромацитома сипатталады:
1. эстрогендердiң синтезi жоғарылауымен
2. альдостерон гипопродукциясымен
3. бүйрек үстi безiнiң шумақты аймағы гиперфункциямен
4. бүйрек үстi безi милы қабатының гиперфункциямен,бүйрек үстi безiнiң милы затындағы адреналин мен норадреналиннiң гиперпродукциясымен
5. тиреотропты гормонының гиперпродукциясымен
374. Гипофиздiң соматотропты гормонның анаболикалық әсерiне байланысты:
1. қаңқа мускулатурасындағы белок синтезiнiң күшеюiмен, бауырда, бүйректе, көк бауырда белок синтезiнiң күшеюiмен
2. триглицеридтердiң синтезiмен белсендi
3. гликогенолиздiң күшеюiмен
4. белоктың едәуiр ыдырауымен
5.гемопоэздің күшеюімен, айырма безге әсері күшеюімен
375. Гипофизарлы нанизмнiң патогенетикалық механизiмiн көрсетiңiз:
1. соматотропты гормонның липолитикалық эффектiсi
2. тимотропты эффектiнiң жоғарылауы
3. сүйектердiң дамуы мен өсуiнiң тоқтауы немесе тұрып қалуы, гонадотропты гормон өнiмiнiң төмендеуi
4. паратгормонның түзiлуiнiң белсендiлiгi
5. шеміршек тінінде пролиферативті процесстердің күшеюі
