- •Аналық без
- •Аяқ артерияларының тармақтары:
- •Аяқтың беткей және терең веналары
- •Аяқ артерияларының қанмен жабдықтайтын аймақтары:
- •Аяқтың лимфа тамырлары және туиіндері
- •2 Шап аимағында - nodi iympatici inguinalis орналасады
- •Аяқ артерияларының топографиясы
- •Бұғанааст.Артерия.
- •Бел өрімінің тармақтары нервтендіретін аймактары
- •Бронхтар; топографиясы, қызметі, құрылысы
- •Бүйректің құрылысы
- •Жамбас астау көкеті құрылысы мен топографиясы
- •Жамбас қуысының веналары
- •Жоғ. Қуыс вена : түзілу көзд-і , топог-сы:
- •Қолдың терең және беткей веналары
- •Қолқаның көкірек болігі, қабырғалық тармақтар., қан жабд аймақтары, анестамоздары
- •Қолқаның көкірек б-гі: висц. Тар-р қанмен жабд. Айм.
- •Кава-кавалды анастамоздар.
- •Кеңірдек: құрылысы, топографиясы, қызметі.
- •Көкірек қуысының қабырғасының құрылысы.
- •Куперов безі қызметі топографиясы
- •Несепағар,топографиясы,қызметі
- •Несепқуықтың құрылысы.
- •Өкпе: құрылысы, топографиясы, қызметі.
- •26. Өңештің қанмен қамтамасыз етілуі,жүйкеленуі.
- •Өңештің қанмен қамтамасыз етіліуі
- •Сегізкөз өрімі: ұзын тармақтары, нервтендіретін аймақтары.
- •Сегізкөз өрімінің;қысқа тармақтары,нервтендіретін аймақтары
- •Сол жақ жалпы ұйқы арт, топог-тармақтары, қанмен жабдықталуы.
- •Сүт безінің қанмен жабдықталуы және жүйкеленуі.
- •Шәует шығаратын түтік(Ductus deferens)
- •Іш қуысы қабырғасының лимфа тамырлары мен лимфа түйіндері.
- •Іш қолқасының қабырғалық тармақтары, қанмен жабдықтайтын аймақ:
- •Ұма:құрылысы,топографиясы,қызметі
Несепағар,топографиясы,қызметі
Несепағар. ureter – ұзындығы 30см ге жуық түтік .Диаметрі 4-7 мм.несепағар түбектен тікелей ішастардың артқы жағымен төмен және медиалды жүріп,кіші жамбас астауға,сол жерден несеп қуық түбіне келіп, оны қиғаш бағытта тесіп өтеді.Несепағарда pars abdominalis-linea terminalis арқылы,оның кіші жамбас астау қуысына иілетін жеріне дейін және pars pelvina-осы соңғыдағыны ажыратады.Несепағардың қуысы барлық жерде бірдей емес,мынадай тарылатын жерлері бар:1)түбектің несепағарға ауысатын жерінде;2)partes abdominalis және pelvina аралық шекарасында;3)pars pelvina бойында және 4)несеп қуық қабырғасы қасында.Әйелдер несепағар еркектердің несепағарына караганда 2-3см қысқа ж/е оның төменгі бөлігінің ағзаларға қатынасы басқаша.Әйел жамбас астауы қуысында несепағар анабездің бос жиегі бойымен жүріп ,содан соң жатырдың жалпақ байламының негізінде жатыр мойынынан латералды жайғасып,кынап пен несепқуық аралығына өтіп,оның қабырғасын еркектердегі сияқты киғаш бағытта тесіп өтеді.
Несепқуықтың құрылысы.
Vesica urinaria seu cystis.Дара қуыс мүше,несептің жиналатын орны.Ересек адамдарда несепқуықтың сыйымдылығы 500-700 мл.Н.Қ пішіні мен көлемі несептің жиналуына байланысты өзгермелі келеді. Н.Қ ұшы алдыңғы жоғарғы бөлігі, алдыңғы іш қабырғасынабағытталған.Н.Қ ұшынан кіндікке фиброзды жіп орталық кіндік байламы –lig, umbilicale medianum , тартылған.Қуық ушы кеңейіп қуық денесіне corpus vesicae деп аталады. Қуық денесі арта төмен бағытталып, қуық түбіне fundus vesicae жалғасады. Н.Қ төменгі бөлігі құйғыш тәрізді тарылып, несеп шығаратын өзекке жалғасады.Осы бөлік қуық мойны cervix vesicae деп аталады. Н.Қ мойнының төменгі бөлігінде несеп шығаратын өзек тесігі ostium urethrae internum орналасқан. Н.қуық қабырғасының құрылысы: 1) Шырышты қабығының ішкі беті қызыл сұрғылт түсті, шырышасты негізінің жақсы дамуына байланысты бос кезінде қатпарлар түзеді, толған кезде қатпарлар жазылады. Несепқуық түбінің алдыңғы бқлігінің шырышты қабығында несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі, н.қ үшбұрышының артқа шекарасының жиегінде 2 несепағар тесіктері ostium uretrus орналасқан.Н.Қ үшбұрышының негізінде шырышты қабықтың несепағарлық қатпары, plica өтеді.2)Шырышасты негізі,tela submucosa, несепқуық қабырғасында жақсы дамыған.Соның нәтижесінде шырышты қабық қатпарларға жинала алады.Н.Қ үшбұрышында шырышасты негізі жоқ. 3)Бұлшықеттік қабығы tunica muscularis, біріңғай салалы 3 қабаттан тұрады.Сыртқы –ішкі қабаты бойлық, ортаңғысы-дөңгелек(циркулярлы)қабат. Қуықтың мойны аймағында және несеп шығарғыш өзектің ішкі тесігі тұсында ортаңғы қабат жақсы дамып, қуық қысқыш бұлшықетін m.sphincter vesicae, құрайды.. 4)Қуықтың сыртқы бетінде сірлі бетінде сірлі қабық жоқ жерде,оның сыртқы қабығы адвентиция
Несепқуық топографиясы мен қызметі: Топографиясы:vesica urinaria дара қуыс мүше, несептің жиналатын орны.Кіші жамбас қуысында, симфиздің артында орналасқан. Н.Қ алдыңғы беті қасаға симфизіне қараған, одан қасаға артқы кеңістігінде орналасқан майлы қатпармен шектелген..Ерлерде н.қ артқы беті тік ішекпен, шәует қуықшаларымен ж/е шәует шығаратын түтік ампуласымен, ал түбі қуық асты безбен шектеседі. Әйелдерде н.қ артқы беті жатыр мойнының алдыңғы қабырғасымен және қынаппен, ал түбі несеп жыныс диафрагмасымен шектеседі. Әйелдер мен ерлерде несепқуықтың бүйір беттері артқы өтісті көтеретін бұлшықетпен шектеледі. Ерлерде н.қ жоғарғы бетінде жіңішке ішек ілмектері , ал әйелдерде жатыр орналасқан. Н:Қ несепке толған кезде ішастармен үш жағынан, мезоперитонеалды, ал босаған кезде ретроперитонеалды жабылады.Ішастар несепқуықты жоғарыдан, бүйірінен, артынан жауып, ерлерде тік ішекке, әйелдерде жатырға өтеді.
Несеп шығаратын өзектің топографиясы мен қызметі: Еркек несеп шығаратын өзегі: uretra masculine-түтік пішінді тақ мүше.Диаметрі 0,5-0,7 см, ұз/ғы 16-22см.Ол қуық асты безінен, несеп жыныс көкетіне және еркек жыныс мүшесінің кеуекті денесінен өтеді. Еркек несеп шығаратын өзегін топографиялық орналасуына байланысты 3бөлікке: қуықасты,жарғақты және кеуекті, қозғалмалы болуына байланысты-қозғалмайтын және қозғалмалы (фиксацияланған) бөліктерге бөледі. Қуықасты бөлігі: pars prostatica ұз/ғы 3 см бһвертикальды бағытта қуықасты безден өтеді. Еркек несеп шығаратын өзектің қуысы қуықасты бөлігінің орбаңғы бөлімінде кеңейген.Несеп шығаратын өзектің қуықасты бөлігінің артқы қабырғасында –несеп шығаратын өзек қыры- crista urethralis орналасқан.Бұл қырдың ең шығыңқы бөлігі-шәует төбешігі colliculus seminalis, оның ұшында ұңғыл қуықасты жатыршасы utriculus prostaticus орналасқан. Қуық асты жатыршасының жан-жағында шәует жіберетін түтіктің тесігі ашылады. Шәует төбешігінің айналасында қуық астыбездің шығару түтіктерінің тесіктері орналасқан. Жарғақты бөлігі pars membranaceaқуықасты без ұшынан жыныс мүшесінің буылтығына дейінгі аралықта орналасқан. Бұл бөлігі қысқа және өте тар.Несеп шығаратын өзектің жарғақты бөлігі несеп-жыныс көкетінен өткен жерінде несеп шығаратын өзектің қысқыш бұлшықетін m.sphincter urethrae құрайтын қөлденең жолақты бұлшықет талшықтарымен қоршалған.Кеуекті бөлігі pars sponginosaнесеп шығаратын өзектің ең ұзын бөлігі, жыныс мүшесінің кеуекті бөлігінің қалыңдығында орналасқан.Еркек несеп шығаратын өзектің соңғы бөлімі жыныс мүшесінің соңында орналасы, несеп шығаратын несеп шығаратын қзектің қайық тәрізді шұңқырын fossa navicularis urethrae түзіа қайтадан кеңейеді. Еркек несеп шығаратын өзегі жыныс мүшесінің басында өзінің сыртқы тесігімен аяқталады. Ол аз созылады, себебі өзек қабырғасыснда фиброзды-эластикалық сақина бар. Қызметі: Несеп шығаратын өзек несепті шығару және шәуетті лақтыру қызметін атқарады. Әйел несеп шығаратын өзегі:urethra feminine,-тақ мүше, қуықтан әйел несеп шығаратын сыртқы тесігімен ostium urethrae internum басталады да, қынап тесігімен жоғары және алға қарай ашылатын сыртқы тесікпен ostium urethrae externum аяқталады. Несеп шығ.н өзек ұз/ғы 2,5-3,5 см, диаметрі 8-12см, қысқа сәл иілген және төмпешігімен сыртқа қараған түтік.Өз жолында әйел несеп шығаратын өзегі қынаптың алдыңғы қабырғасымен бітісе өскен.Төмен бағыттала отырып, несеп шығаратын өзек қасаға симфизінің төменгі шетін астына айналып, несеп жыныс көкетін тесіп өтеді.
Несеп шығаратын өзек құрылысы
Еркек несеп шығ. өзек қабырғаларының құрылысы:
-ішкі шырышты қабығында өзек қуысына ашылатын көптеген мөлшерде бездер,gll. urethralis, орналасқан.Несеп шығ. өзектің кеуекті бөлігінінде ұсақ,тұйық аяқталатын ұңғылдар-шұңқыршақтар,lacuna urethrales,орналасқан.
-Шырышасты негізі мен бұлшықеттік қабығы,бойлық және дөңгелек қабатты бірыңғай салалы бұлшықетті жасушалардан құралған.
Еркек нес.шығ. өзек өз жолында S тәрізді иіліп,тарылу кездеседі:
-еркек нес.шығ. өзектің ішкі тесігі аймағында
-несеп жыныс көкетінен өткен жерінде
-еркек нес.шығ. өзектің сыртқы тесігі аймағында
Еркек нес.шығ. өзектің кеңею жерлері:-қуысасты без бөлігінде;
-жыныс мүшесінің буылтығында;-соңғы бөлімінде,қайықтәрізді шұңқырда.
Әйел нес.шығ.өзегі қабырғаларының құрылысы:
Әйел нес.шығ.өзегінде бұлшықеттік және шырышты қабықтарды ажыратады.Шырышты қабық,tunica mucosa,беткейінде бойлық қатпарлар мен ұңғылдар,әйел нес.шығ.өзегінің бездері,gl.urethrales, орналасқан.Несеп шығ.өзектің артқы қабырғасындағы шырышты қабық жақсы дамыған,ол әйел нес.шығ.өзегінің қырына crista urethrales ұқсаған.Шырышты қабық сыртына қарай ішкі бойлық және сыртқы дөңгелек қабаттардан құралған бұлшықеттік қабық tunica muscularis орналасқан.Дөңгелек қабат қуықтың бұлшықеттік қабығы мен бітесіп,ішкі тесігіне еріксіз қысқыш құрайды.Төменгі бөлікте,несеп-жыныс көкеті арқылы өтетін жерде әйел нес.шығ.өзегі ерікті қысқыш m.sphincter құрайтын бұлшықет талшықтарының шоғырларымен қапталған.
Оң жақ лимфа түтігінің, ductus lymphaticus dexter ұзындығы 10-12 мм-ден артпайды және ол 3 бағанның:бас пен мойынның оң жақ аймағынан лимфа алатын, truncus jugulares dexter, оң қолдан лимфа әкелетін, truncus subclavius, кеуде торының оң жақ жартысының қабырғалары мен ағзаларынан және сол жақ өкпенің төменгі бөлігінен лимфа жинайтын truncus bronchomediastinales dexter-дің қосылуынан түзіледі. ОЛ оң жақ бұғанаасты венасына құяды.
