- •Аналық без
- •Аяқ артерияларының тармақтары:
- •Аяқтың беткей және терең веналары
- •Аяқ артерияларының қанмен жабдықтайтын аймақтары:
- •Аяқтың лимфа тамырлары және туиіндері
- •2 Шап аимағында - nodi iympatici inguinalis орналасады
- •Аяқ артерияларының топографиясы
- •Бұғанааст.Артерия.
- •Бел өрімінің тармақтары нервтендіретін аймактары
- •Бронхтар; топографиясы, қызметі, құрылысы
- •Бүйректің құрылысы
- •Жамбас астау көкеті құрылысы мен топографиясы
- •Жамбас қуысының веналары
- •Жоғ. Қуыс вена : түзілу көзд-і , топог-сы:
- •Қолдың терең және беткей веналары
- •Қолқаның көкірек болігі, қабырғалық тармақтар., қан жабд аймақтары, анестамоздары
- •Қолқаның көкірек б-гі: висц. Тар-р қанмен жабд. Айм.
- •Кава-кавалды анастамоздар.
- •Кеңірдек: құрылысы, топографиясы, қызметі.
- •Көкірек қуысының қабырғасының құрылысы.
- •Куперов безі қызметі топографиясы
- •Несепағар,топографиясы,қызметі
- •Несепқуықтың құрылысы.
- •Өкпе: құрылысы, топографиясы, қызметі.
- •26. Өңештің қанмен қамтамасыз етілуі,жүйкеленуі.
- •Өңештің қанмен қамтамасыз етіліуі
- •Сегізкөз өрімі: ұзын тармақтары, нервтендіретін аймақтары.
- •Сегізкөз өрімінің;қысқа тармақтары,нервтендіретін аймақтары
- •Сол жақ жалпы ұйқы арт, топог-тармақтары, қанмен жабдықталуы.
- •Сүт безінің қанмен жабдықталуы және жүйкеленуі.
- •Шәует шығаратын түтік(Ductus deferens)
- •Іш қуысы қабырғасының лимфа тамырлары мен лимфа түйіндері.
- •Іш қолқасының қабырғалық тармақтары, қанмен жабдықтайтын аймақ:
- •Ұма:құрылысы,топографиясы,қызметі
Сүт безінің қанмен жабдықталуы және жүйкеленуі.
Сүт безінің қанмен қамтамасыз етілуі негізінен ішкі кеуде (a. Thoracica interna) және кеуде қырындағы (a. Thoracica lateralis) артериялармен қамтамасыз етіледі.
Тоқ ішектің топографиясы,құрылысы,қызметі.
Тоқ ішек(intestinum crassum) ас қорыту жүйесінің соңғы бөлігі.Қызметі ас қорыту процесін аяқтап,нәжіске айналдырады. Тоқ ішек іш қуысы мен жамбас астау қуысының аралығында орналасқан. Ұзындығы 1 м-ден 1,65 м-дей.Тоқ ішектің өту жолының көлденең ені 5-8 см,тік ішекте 4см. Тоқ ішектің сыртқы бетінде үш таспасы бар: 1)шажырқайлық таспа. 2)шарбылық таспа. 3)бос таспа.Тоқ ішектің қабырғаларының құрылысы: 1) Сырқы сірлі қабық . 2) Шырышты қабық –бұл қабық тоқ ішектің қампаймаларының аралығында орналасқан Жарты ай тәрізді қатпарларды (plica semilunares coli) түзеді. Топографиялық орналасуына және атқаратын қызметіне қарай тоқ ішек: соқыр ішекке(caecum) және оның құрт тәрізді өсіндісіне(appendix vermiformis),жоғарылаған (colon ascendens), көлденең(colon transversum),төмендеген (colon descendens) , сигматәрізді жиек ішектерге және тік ішекке(rectum) бөлінеді.
Тоқ ішек қанмен жабдықталуы және жүйкеленуі .Тоқ ішекке A.Mesenterica superior,соқыр ішек пен құрттәрізді өсіндіні-мықын жиек артериясы және тармақтары: A.iliocolica,A.colica dextra, A.colica media; A.Mesenterica inferior тармақтары:A.colica sinistra және a.sіgmoіdia қанмен жабдықтайды.Жиек ішек кезбе нервтің тармақтары (сигматәрізді жиек ішек –ішкі мүшелік бел нервтері)мен жоғарғы және төменгі шажырқайлық өрімнің симпатикалық нервтерімен нервтенеді
Төменгі қуыс вена жүйесінің түзілу көздері. кардиналды анастомоз дарының пайда болшуымен байланысты.Мықындық бөлікте орналасқан анастомоз қанды сол төменгі бөліктен оң кардиналды венаға алып кетеді.Соның нәтижесінде анастомоздан жоғары орналасқан кардиналды венаның сол артқы үзіндісі қайталанады, ал анастомоздың өзі сол жалпы мықын артериясына айналады.Ал сол кардиналды вена оң жалпы мықын артериясына айналады .Осылыйша төменгі қуыс венаның 2 бөліктің оң артқы кардиналды венаның және біріншілік төменгі қуыс венаның бірігуінен түзіледі.
Төменгі қуыс венаның топографиясы мен салалары.Төменгі қуыс вена,vena cava inferior, денедегі ең ірі вена сабауы,іш қуысында қолқамен қатар ,оның оң жагында жатады. Ол IV бел омыртқа деңгейінде қолқаның бөлінетін жерінен сәл төмендеу және одан оңға қарай екі ортақ мықын веналарының косылуынан тузіледі.Төменгі қуыс вена қолқаның оң жагында орналасып,жоғары көтерілген сайын алшақтай береді. Оның төменгі бөлімі оң жактагы m.psoas-тың медиальды жиегіне жанасып жатады,содан кейін оның алдынгы бетіне өтіп,жогаргы жагында көкеттің бел бөлігі арқылы жане бауырдың артқы бетіндегі sulcus venae cavae-де жайгасып ,көкеттің foramen venae cavae арқылы кеуде қуысына өтіп,бірден оң жақ жүрекшеге құяды.Тікелей төменгі қуыс венаға құятын салалар қолқаның жұп тармақтарына сәйкес келеді.Олар қабырғақасылық және ішкі ағзалар веналарына бөлінеді.Қабырғақасылық веналар-1.vv.lumbales dextrae et sinistrae,,2.vv.phrenica inferioris..Ішкі ағзалар веналары-1-vv.testiculares,2-vv.renales,3-vv.suprarenales,4-vv.hepatica.
Тік ішек қабырғаларының құрылысы. Тік ішек қабырғалары:шырышты,шырышасты,бұлшықеттік және сірлі қабықтардан тұрады. -Тік ішектің шырышты қабығы,tunica mucosa,жылтыр,бүрлері жоқ,шырышты бездер мен дараланған лимфа түйіндерінен тұрады. -Шырышасты негіздің tela submucosa құрамы аралығында қан тамырлар мен лимфа тамырлары,нервтер орналаскан іркілденген дәнекер тіндерінен тұрады.Бойлық және көлденең қатпарлары болады. A)тік ішектің бойлық қатпарлары,plicae longitudinalis,шырышасты негізінің қалыңдығына,созылмалық қасиетіне байланысты,тұрақты және тұрақсыз қатпарлардан тұрады.Тік ішектің артқы өтіс өзегі тұрақты 8-10қатпарлардан немесе артқы өтіс бағаналарынан тұрады.Бойлық қатпарлар нәжістің еркін өтуін қамтамасыз етеді. ә)тік ішектің көлденең қатпарлары plicae transversals recti ол тік ішектің өту жолы шеңберінің 1/3 бөлігін құрайды. Көлденең қатпарлар тік ішектің артқы өтіс өзегінің жоғарғы бөлігінде спираль бағытта орналасып,нәжістің өтуін жеңілдету қызметін атқарады. Артқы өтіс қойнауларының sinus anales төменгі бөлігінде шырышты қабыығы мен шырышасты негізі дөңгелек артқы өтіс жапқыштарын valvula anales құрайды.Артқы өтіс жапқыштарының терең қабаты тік ішектің гемморойдалық веналық өрімдерден тұрады. -Тік ішектің бұлшықеттік қабығы tunica muskularis бірыңғай салалы ішкі көлденең,сыртқы бойлық еттен тұрады. а)сыртқы бойлық қабаты,біркелкі орналасып,төменде артқы өтісті көтеруші бұлшықетке жалғасады. ә)ішкі көлденең қабаты тік ішектің артқы өтіс тесігің еріксіз ішкі қысқыш бұлшықетін құрайды.Атрқы өтіс тесігінің сыртқы қысқыш бұлш,артқы өтіс тесігінің ішкі қысқыш бұлш мен терінің аралығында орналасқан.Топографиялық орналасуына қарай бұл бұлш. Шат аралық бұлш-ге жатады.Қызметі:нәжістің сыртқа шығуын реттеу. -Тік ішектің сыртқы беті сірлі қабықпен біркелкі жауып орналаспаған.Тік ішектің проксималды бөлігі интраперитонеалды,ортаңғы бөлігі мезоперитонеалды жағдайда жауып орналасқан.
Тік ішектің топограсиясы қызметі: Тік ішек артында сегізкөз бен құйымшақ жатады, ал алдында еркектерде ол ішастары жоқ бөлімімен шәуетқуықшалары мен шәует шығаратын түтікке, сондай-ақ олардың арасындағы несепқуықтың бөлігіне , ал одан төменде қуықасты безіне жанасып жатады. Әйелдерде тік ішек алдынан жатырмен және қынаптың артқы қабырғасымен шектеседі. Тік ішек қынаптан дәнекер тін қабатымен, тік ішек –жатыр қалқасымен septum rectovaginale, бөлінеді. Тік ішектің меншікті шандыры мен сегізкөздің алдыңғы беті және құйымшақ арасында қандай да болмасын берік шандырлы қосылыстар жоқ, бұл операция кезінде ішектік қан тамырлар мен лимфа тамырларын қамтитын шандырымен қоса алып тастауды жеңілдетеді. Тік ішек rectum , нәжіс массасының жиналуы үшін қажет.
Шәует қуықшалары Топографиясы: Шәует қуықшалары,Vesiculae seminales шәует шығаратын түтіктерден латералды,несепқуық түбі мен ішек арасында жатады. Құрылысы: Әрбір шәует қуықшасы өте иілген,жазылған кездегі ұзындығы 12см,жазылмаған кездегі ұзындығы 5см.Шәует қуықшасының төменгі үшкір шеті тар шығарушы түтікке,ductus excretorius, ауысады,ол сүйір бұрыш жасай өзінің жағындағы ductus deferens пен қосылып,онымен бірге шәует жіберетін түтік,ductus ejaculatorius,түзеді. Қызметі: ductus ejaculatorius жіңішке түтікше б.т. ол ductus deferens пен ductus excretorius қосылған жерден басталып, қуықасты без қабаты арқылы өтіп,несеп шығаратын өзектің қуықтық бөлігіндегі шәует төмпешігі негізі қасында тар тесік арқылы ашылады.Шәует жіберетін түтіктің ұз 2см.Шәует қуықшалары шәуеттің сұйық бөлігін өндіретін секреттік ағзалар б.т.
