- •1. Мемлекет және құқық теориясының анықтамасы
- •2. Мемлекет және құқық теориясының функциялары
- •3. Мемлекет және құқық теориясының пәні, әдістері
- •4. Мемлекет және құқық теориясының әдістері қандай?
- •3. Жеке ғылыми әдістер – мемлекет мен құқық теориясының техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың ғылыми жетістіктерін қабылдауы нәтижесінде пайда болатын әдістер.
- •5. Мемлекет құқық теориясының жалпы әдістері қандай?
- •6. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік биліктің ерекшеліктері
- •7. Алғашқы қауымдық қоғамдағы биліктің ерекшелігі
- •8. Мемлекеттің пайда болу себептері, теориялары
- •9. Мемлекеттің пайда болуындағы діни теория
- •10. Мемлекеттің пайда болуындағы патриархалды теория
- •11. Мемлекеттің пайда болуындағы күштеу теориясы
- •12. Мемлекеттің пайда болу нысандары
- •13. Мемлекет және құқық теориясының заң ғылымдары жүйесіндегі алатын орны
- •14. Мемлекеттің түсінігі және белгілері
- •15. Мемлекетті түсінудің әртүрлілігі
- •16. Мемлекеттің әлеуметтік мақсаты
- •17. Мемлекет функцияларының түсінігі, түрлері
- •18. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары
- •19. Әрекет ету ұзақтығына байланысты мемлекет функциясының түрлері
- •20. Таралу аясына байланысты мемлекет функциясының түрлері
- •21. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың құқықтық нысаны
- •22. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық нысаны
- •23. Мемлекет механизмінің түсінігі
- •24. Мемлекет органдарының түсінігі және түрлері
- •29. Мемлекеттің құрылым нысаны
- •30. Жай және біртұтас мемлекет
- •31. Мемлекеттің күрделі құрылымы нысанындары
- •32. Саяси режим нысаны
- •33. Мемлекеттік саяси режим түрлері
- •34. Демократиялық режимнің белгілері
- •35. Антидемократиялық режимнің түрлері
- •36. Мемлекет типінің түсінігі: формациялық және өркениеттік
- •37. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі
- •38. Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалар
- •40.Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы.
- •41. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі нормаларға жалпы сипаттама.
- •42.Құқықтың түсінігі және белгілері.
- •43.Құқықтың мақсаты.
- •44.Құқықтың құндылығы.
- •45.Құқықты түсінудегі қазіргі кезгі бағыттар.
- •46.Құқықты түсінудегі табиғи – құқықтық теория.
- •47.Құқықты түсінудегі діни теория.
- •48.Құқықты түсінудегі психологиялық бағыт.
- •49. Құқықтың қағидаларының түсінігі және түрлері
- •50. Құқықтың функцияларының түсінігі және түрлері.
- •51.Құқықтың типінің түсінігі, түрлері.
- •52. Әлеуметтік және техникалық нормалар.
- •53.Құқық және діни нормалар.
- •55.Құқық жүйесінің түсінігі, негізгі сипаттары.
- •56.Құқық саласы түсінігі, белгілері.
- •57. Құқық салаларының түрлері.
- •62.Нормативтік актілердің түсінігі және түрлері.
- •63.Заңның түсінігі, белгілері, түрлері.
- •64.Нормативтік актілердің күші.
- •65.Құқық нормаларының түсінігі және белгілері.
- •66.Құқық нормаларының түрлері:
- •67.Құқық нормаларының құрлымы
- •68.Құқықшығармашылықтың түсінігі және түрлері.
- •69.Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі мен түрлері.
- •70.Инкорпорация дегеніміз.
- •71.Консолидация дегеніміз түсінігі.
- •72.Құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •73.Құқықтық қатынастардың құрлымы.
- •74.Құқықтық қатынастардың субьектілері.
- •75.Құқық субьектілерінің құқық қабілеттілігі.
- •76. Құқық субьектілерінің әрекетқабілеттілігі.
- •77. Құқық қатынастардың обьектілері.
- •78.Заңды фактірлер және түрлері:
- •80.Заңды қарама – қайшылықтар түсінігі, түрлері.
45.Құқықты түсінудегі қазіргі кезгі бағыттар.
Жауабы: 1. Нормативистік бағыт.
2.Құқықтық табиғи – құқықтық теориясы.
3. Құқықтық діни теориясы .
4.Құқықтың тарихи мектебі.
5.Психологиялық бағыт.
6.Социологиялық бағыт.
7.Марксистік бағыт.
8.Интегративтік бағыт.
46.Құқықты түсінудегі табиғи – құқықтық теория.
Жауабы: Бұл құқық Теориясын жақтаушылар ( Аристотель,Фома Аквинский және т.б.) мемлекет орнықтыратын құқыққа қоса адамға тумысынан берілетін табиғи құқық та болады деп санаған. Бұл – өмір сүруге, бостандыққа, теңдікке, меншікке және т.б. құқық. Яғни, табиғи құқық (адамның табиғи, мәңгі, өзгермейтін құқықтарының жиынтығы) – қолданыстағы құқыққа (заңдар, прецеденттер) қарағанда жоғары құқық, бұл өз бойына сана мен мәңгілік әділеттілікті сіңіре білген құқық.
47.Құқықты түсінудегі діни теория.
Жауабы: Құқықтың діни теориясы құқықты түсіндіруде құдай кітаптарына, ең алдымен, Інжіле негізделеді. Бұл теорияның өкілдері (Аристотель, Фома Аквинский және т.б.) егер адамға табиғи құқықтар туған сәтінен берілсе, оларды Құдай беруі мүмкін деп санаған.
48.Құқықты түсінудегі психологиялық бағыт.
Жауабы:Бұл теорияның өкілдері ( Л.И.Петражицкиий, Росс, И.М.Рейснер және т.б.) нормалармен қатар « құқық » түсінігіне адамдардың құқықтық санасын да, құқықтық эмоцияларын да енгізеді. Психологиялық бағыт кеңес билігінің алғашқы жылдарында аса кең қолданыста болған.
49. Құқықтың қағидаларының түсінігі және түрлері
Жауабы: Құқықтың қағидалары – бұл құықтың ерекше әлеуметтік реттеуші ретіндегі мәнін көрсететін негізгі бастамалар, ережелер идеялар. Олар құқықтың заңдылығын, табиғатын және әлеуметтік мәнін көрсетеді және заңдардың өзінде тікелей көрніс тапқан немесе олардың мәнінен туындайтын жүріс – тұрыс ережелері болып табылады.
Таралу саласына қарай жалпы құқықтық, салааралық және салалық қағидаларды бөліп қарастырады. Жалпы құқықтық қағидалар барлық құқық салаларында күшке ие болып келеді. Оларға мына қағидалар жатады:
Әділеттілік;
Азаматтардың заң мен сот алдындағы заңды теңдігі;
Ізгілік ( гуманизм );
Демократиялық;
Құқықтар мен міндеттердің біртұтастығы;
Сендіру мен мәжбүрлеуді үйлестіру.
Саларалық қағидалар бірнеше құқық саласының ерекше мәнді белгілерін сипаттайды. Олардың арасының жарыспалылық және сот өндірісінің жариялылығы және т.б. қағидалары бөліп атауға болады.
Салалық қағидалар тек бір саланың шеңберінде ғана әрекет етеді. Мысалы, азаматтық құқықта – мүліктік қатынастардағы тараптардың теңдігі қағидасы; қылмыстық құқықта – кінәсіздік преумпциясы.
Құқық қағидалары қоғамдық қатынастарды реттеуге қатысты, себебі, олар құқықтық әсер етудің жалпы бағыттарын анықтап қана қоймай, нақты бір іс бойынша шешімнің негіздемесіне де енуі мүмкін.
50. Құқықтың функцияларының түсінігі және түрлері.
Жауабы: Құқықтың функциялары – бұл құқықтың қоғамдық қатынастарыды реттеудегі рөлін көрсететін, құқықтық әсер етуінің негізгі бағыттары.
Сыртқы жақ, бұған сәйкес құқықтың әлеуметтік функциялары анықталады, олар: экономикалық ( құқық өндірістік қатынастары реттейді, меншік нысанын бекітеді және т.б.), саяси (құқық саяси қатынастарды, саяси жүйе субьектілерінің қызметін реттейді және т.б.), тәрбиелік (құқық белгілі бір идеологияны көрсетеді, тұлғаларға арнайы педагогикалық әсер етеді және т.б. ) функциялар.
Ішкі жақ, бұл құқықтық табиғатынан туындайды, олар – реттеуші және қорғаушы функциялар.
Реттеуші функция – бұл позитивтік жүріс – тұрыс ережелерін орнықтыруын, қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне сәйкес қатынастарыды дамытуға жәрдем беру мақсатында құқық субьектілеріне субьективтік құқықтар берудін және заңды міндеттер жүктеуден көрніс табатын, құқықтық әсер етудің әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.
Қорғаушы функция – бұл ерекше маңызды экономикалық, саяси, ұлттық және жеке қатынастарды қорғауға, заңды қорғау мен заңды жауапкершіліктің шамасын, оларды жүктеу мен орындаудың тәртібін орнықтыруға бағытталған құқықтық әсер етудің әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.
