- •1. Мемлекет және құқық теориясының анықтамасы
- •2. Мемлекет және құқық теориясының функциялары
- •3. Мемлекет және құқық теориясының пәні, әдістері
- •4. Мемлекет және құқық теориясының әдістері қандай?
- •3. Жеке ғылыми әдістер – мемлекет мен құқық теориясының техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың ғылыми жетістіктерін қабылдауы нәтижесінде пайда болатын әдістер.
- •5. Мемлекет құқық теориясының жалпы әдістері қандай?
- •6. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік биліктің ерекшеліктері
- •7. Алғашқы қауымдық қоғамдағы биліктің ерекшелігі
- •8. Мемлекеттің пайда болу себептері, теориялары
- •9. Мемлекеттің пайда болуындағы діни теория
- •10. Мемлекеттің пайда болуындағы патриархалды теория
- •11. Мемлекеттің пайда болуындағы күштеу теориясы
- •12. Мемлекеттің пайда болу нысандары
- •13. Мемлекет және құқық теориясының заң ғылымдары жүйесіндегі алатын орны
- •14. Мемлекеттің түсінігі және белгілері
- •15. Мемлекетті түсінудің әртүрлілігі
- •16. Мемлекеттің әлеуметтік мақсаты
- •17. Мемлекет функцияларының түсінігі, түрлері
- •18. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары
- •19. Әрекет ету ұзақтығына байланысты мемлекет функциясының түрлері
- •20. Таралу аясына байланысты мемлекет функциясының түрлері
- •21. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың құқықтық нысаны
- •22. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық нысаны
- •23. Мемлекет механизмінің түсінігі
- •24. Мемлекет органдарының түсінігі және түрлері
- •29. Мемлекеттің құрылым нысаны
- •30. Жай және біртұтас мемлекет
- •31. Мемлекеттің күрделі құрылымы нысанындары
- •32. Саяси режим нысаны
- •33. Мемлекеттік саяси режим түрлері
- •34. Демократиялық режимнің белгілері
- •35. Антидемократиялық режимнің түрлері
- •36. Мемлекет типінің түсінігі: формациялық және өркениеттік
- •37. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі
- •38. Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалар
- •40.Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы.
- •41. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі нормаларға жалпы сипаттама.
- •42.Құқықтың түсінігі және белгілері.
- •43.Құқықтың мақсаты.
- •44.Құқықтың құндылығы.
- •45.Құқықты түсінудегі қазіргі кезгі бағыттар.
- •46.Құқықты түсінудегі табиғи – құқықтық теория.
- •47.Құқықты түсінудегі діни теория.
- •48.Құқықты түсінудегі психологиялық бағыт.
- •49. Құқықтың қағидаларының түсінігі және түрлері
- •50. Құқықтың функцияларының түсінігі және түрлері.
- •51.Құқықтың типінің түсінігі, түрлері.
- •52. Әлеуметтік және техникалық нормалар.
- •53.Құқық және діни нормалар.
- •55.Құқық жүйесінің түсінігі, негізгі сипаттары.
- •56.Құқық саласы түсінігі, белгілері.
- •57. Құқық салаларының түрлері.
- •62.Нормативтік актілердің түсінігі және түрлері.
- •63.Заңның түсінігі, белгілері, түрлері.
- •64.Нормативтік актілердің күші.
- •65.Құқық нормаларының түсінігі және белгілері.
- •66.Құқық нормаларының түрлері:
- •67.Құқық нормаларының құрлымы
- •68.Құқықшығармашылықтың түсінігі және түрлері.
- •69.Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі мен түрлері.
- •70.Инкорпорация дегеніміз.
- •71.Консолидация дегеніміз түсінігі.
- •72.Құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •73.Құқықтық қатынастардың құрлымы.
- •74.Құқықтық қатынастардың субьектілері.
- •75.Құқық субьектілерінің құқық қабілеттілігі.
- •76. Құқық субьектілерінің әрекетқабілеттілігі.
- •77. Құқық қатынастардың обьектілері.
- •78.Заңды фактірлер және түрлері:
- •80.Заңды қарама – қайшылықтар түсінігі, түрлері.
40.Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы.
Жауабы: Қоғам – бұл, кең мағынада, адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан нысандарының жиынтығы немесе, тар мағынада, әлеуметтік жүйенің тарихи нақты типі, қоғамдық қатынастардың белгілі бір нысаны.
Мемлекет – бұл саяси биліктің саяси – аумақтық, егеменді түрде ұйымдастырылуы.Мемлекет қоғамға қатысты оның істерін шешу, басқару құралы рөлін атқарады.
41. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі нормаларға жалпы сипаттама.
Жауабы: Мемлекетке дейіңгі әлеуметтік нормалардың ерекшелігі болып олардың адамдардың күнделікті өміріне сіңе отырып рудың, тайпаның әлеуметтік – экономикалық біртұтастығын көрсетуі және қамтамасыз етуі табылады. Бұл еңбек құралдарының жетілмегендігімен, оның өндіру деңгейінің төмендігімен байланысты болды. Осыдан барып бірлесіп өмір сүру, қоғамдық меншікті қалыптастыру, өнімдері теңдік негізінде бөлу қажеттігі туындады, ал бұл жағдай, өз кезегінде, алғашқы қауымдық қоғам нормаларының табиғатына әсерін тигізді.
Мемлекетке дейінгі кезеңде болған нормалардың белгілері:
алғашқы қауымдық қоғамдағы қарым – қатынастар ең алдымен әдет – ғұрып нормаларымен, яғни, ұзақ уақыт бойы қолдану нәтижелерінде әдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс – тұрыс ережелерімен реттелген;
жазбаша нысандағы көрнісі болмастан, адамдардың жүріс – тұрысы мен санасына өмір сүрген;
әдеттің, сонымен қатар, сендіру және мәжбүрлеу( рудан қуу) шараларымен қамтамасыз етілген;
оларда негізгі реттеу тәсілі болып тыйым (табулар жүйесі, құқықтар мен міндеттердің болмауы) табылған;
олар ру мен тайпаның барлық мүшелерінің мүдделерін білдірген.
42.Құқықтың түсінігі және белгілері.
Жауабы:Құқық – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтыратын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формалъды анықталған заң нормаларының жүйесі.
Құқықтың белгілері:
еріктілік сипаты;
жалпыға міндеттілігі;
нормативтілігі;
мемлекетпен байланысы;
формальды анықталғандығы;
жүйелігі;
43.Құқықтың мақсаты.
Жауабы:Құқықтың қоғамдық жоғары мақсаты қоғамдағы бостандықты нормативитік тәртіпте қамтамасыз етуінен және кепілдеуінен, әділеттікті қалыптастыруынан, қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетімен кетушіліктерді жоя отырыа, қоғамдағы экономикалық және рухани факторлардың әрекет етуіне мейлінше жағдай жасауынан көрніс табады.
44.Құқықтың құндылығы.
Жауабы:Құқықтың құндылығы – бұл құқықтың азаматтардың және жалпы қоғамның әлеуметтік әділетті қажеттіктері мен мүдделерін қамтамасыз ету құралы мен мақсаты ретінде қызмет ете алу қабілеті.Құқықтың әлеуметтік құндылығының төмендегідей негізгі көрністерін атап өтеуге болады:
құқық адамдардың әрекеттеріне ұйымдастырушылықты, тұрақтылықты үйлесімділікті дарыта отырып, олардың бақылауын қамтамасыз етеді, осы арқылы ол қоғамдық қатынастарға реттеушілік элементін енгізе отырып, оларды өркениетті құбылысқа айналдырады;
құқық тұлғалардың ерекше мүдделерін үйлестіру арқылы олардың жүріс – тұрысы мен қызметіне әсерін тигізеді, яғни, құқық жеке мүдделерді басып – жаншымайды, керісінше, оны қоғамдық мүддемен үйлестіреді;
құқық тұлғаның қоғамдағы бостандығын көрсетуші және анықтаушы болып табылады және осы бостандықтың шегін, шамасын анықтайды;
құқық әділеттілік идеясын көрсету қабілетіне, ие, яғни, құқық материалдық игіліктердіңдұрыс және әділетті бөлуінің талаптарын орнықтырады, барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігін бекітеді;
құқықтық тәсілдер халықаралық және ұлтаралық сипаттағы мәселелерді шешудің негізгі және жалғыз құралы болып табылады.
