- •1. Мемлекет және құқық теориясының анықтамасы
- •2. Мемлекет және құқық теориясының функциялары
- •3. Мемлекет және құқық теориясының пәні, әдістері
- •4. Мемлекет және құқық теориясының әдістері қандай?
- •3. Жеке ғылыми әдістер – мемлекет мен құқық теориясының техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың ғылыми жетістіктерін қабылдауы нәтижесінде пайда болатын әдістер.
- •5. Мемлекет құқық теориясының жалпы әдістері қандай?
- •6. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік биліктің ерекшеліктері
- •7. Алғашқы қауымдық қоғамдағы биліктің ерекшелігі
- •8. Мемлекеттің пайда болу себептері, теориялары
- •9. Мемлекеттің пайда болуындағы діни теория
- •10. Мемлекеттің пайда болуындағы патриархалды теория
- •11. Мемлекеттің пайда болуындағы күштеу теориясы
- •12. Мемлекеттің пайда болу нысандары
- •13. Мемлекет және құқық теориясының заң ғылымдары жүйесіндегі алатын орны
- •14. Мемлекеттің түсінігі және белгілері
- •15. Мемлекетті түсінудің әртүрлілігі
- •16. Мемлекеттің әлеуметтік мақсаты
- •17. Мемлекет функцияларының түсінігі, түрлері
- •18. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары
- •19. Әрекет ету ұзақтығына байланысты мемлекет функциясының түрлері
- •20. Таралу аясына байланысты мемлекет функциясының түрлері
- •21. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың құқықтық нысаны
- •22. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық нысаны
- •23. Мемлекет механизмінің түсінігі
- •24. Мемлекет органдарының түсінігі және түрлері
- •29. Мемлекеттің құрылым нысаны
- •30. Жай және біртұтас мемлекет
- •31. Мемлекеттің күрделі құрылымы нысанындары
- •32. Саяси режим нысаны
- •33. Мемлекеттік саяси режим түрлері
- •34. Демократиялық режимнің белгілері
- •35. Антидемократиялық режимнің түрлері
- •36. Мемлекет типінің түсінігі: формациялық және өркениеттік
- •37. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі
- •38. Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалар
- •40.Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы.
- •41. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі нормаларға жалпы сипаттама.
- •42.Құқықтың түсінігі және белгілері.
- •43.Құқықтың мақсаты.
- •44.Құқықтың құндылығы.
- •45.Құқықты түсінудегі қазіргі кезгі бағыттар.
- •46.Құқықты түсінудегі табиғи – құқықтық теория.
- •47.Құқықты түсінудегі діни теория.
- •48.Құқықты түсінудегі психологиялық бағыт.
- •49. Құқықтың қағидаларының түсінігі және түрлері
- •50. Құқықтың функцияларының түсінігі және түрлері.
- •51.Құқықтың типінің түсінігі, түрлері.
- •52. Әлеуметтік және техникалық нормалар.
- •53.Құқық және діни нормалар.
- •55.Құқық жүйесінің түсінігі, негізгі сипаттары.
- •56.Құқық саласы түсінігі, белгілері.
- •57. Құқық салаларының түрлері.
- •62.Нормативтік актілердің түсінігі және түрлері.
- •63.Заңның түсінігі, белгілері, түрлері.
- •64.Нормативтік актілердің күші.
- •65.Құқық нормаларының түсінігі және белгілері.
- •66.Құқық нормаларының түрлері:
- •67.Құқық нормаларының құрлымы
- •68.Құқықшығармашылықтың түсінігі және түрлері.
- •69.Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі мен түрлері.
- •70.Инкорпорация дегеніміз.
- •71.Консолидация дегеніміз түсінігі.
- •72.Құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •73.Құқықтық қатынастардың құрлымы.
- •74.Құқықтық қатынастардың субьектілері.
- •75.Құқық субьектілерінің құқық қабілеттілігі.
- •76. Құқық субьектілерінің әрекетқабілеттілігі.
- •77. Құқық қатынастардың обьектілері.
- •78.Заңды фактірлер және түрлері:
- •80.Заңды қарама – қайшылықтар түсінігі, түрлері.
3. Жеке ғылыми әдістер – мемлекет мен құқық теориясының техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың ғылыми жетістіктерін қабылдауы нәтижесінде пайда болатын әдістер.
ә) статистикалық әдіс – нақты бір мемлекеттік-құқықтық құбылыстың сандық көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді;
б) кибернетикалық әдіс – кибернетиканың түсініктері, заңдары және техникалық құралдарының жүйесі арқылы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды тануға мүмкіндік береді.
4. Жеке құқықтық әдістер – тек заң ғылымдарына ғана тән болып келеді, оларға мыналар жатады:
а) формалды-заңды әдіс – заң түсініктерін, олардың белгілерін анықтауға, түрлендіруді жүзеге асыруға, құқықтық ережелердің мазмұнын түсіндіруге және т.б. мүмкіндік береді;
ә) салыстырмалы-құқықтық әдіс – әртүрлі құқықтық жүйелерді не олардың жекелеген элементтерін олардың жалпы және арнайы қасиеттерін анықтау мақсатында салыстыруға мүмкіндік береді.
5. Мемлекет құқық теориясының жалпы әдістері қандай?
Жауабы: Жалпы әдістер – ойлаудың кешенді қағидаларын көрсететін философиялық, дүниетандық бағыттар. Оларға мыналар жатады:
а) метафизика. Ол мемлекет пен құқықты мәңгілік және өзгермейтін институттар ретінде қарастырады;
ә) диалектика. Өз ішінде материалистік және идеалистік болып бөлінеді. Материалистік диалектика бұл құбылыстарды қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен, нақты айтқанда, жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырады, яғни, мемлекет пен құқық нақты бір тарихи кезеңге сәйкес, бір-бірімен байланыстылықта, даму барысында қарастырылады. Идеалистік диалектика, өз кезегінде, объективтік және субъективтік идеализм болып екіге бөлінеді. Объективтік идеализм мемлекет пен құқықтың пайда болу себептері мен өмір сүру жағдайын құдайдың күшімен, ал субъекетивтік идеализм адамның санасымен байланыстырады.
6. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік биліктің ерекшеліктері
Жауабы: Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік биліктің ерекшеліктері болып мыналар табылады:
- ол тек бір ру көлемінде ғана таралады, оның еркін білдіреді және қандық туыстыққа негізделеді;
- тікелей қоғамдық болып табылады, алғашқы қауымдық демократияның, өзін-өзі басқарудың бастамаларының негізінде қалаптасты;
- бұл биліктің биліктік органдары ретінде рулық жиналыстар, ақсақалдар, әскербасылары және т.б. қызмет етті, олар алғашқы қауымдық қоғамның өмір сүруінің маңызды мәселелерін шешіп отырды.
7. Алғашқы қауымдық қоғамдағы биліктің ерекшелігі
Жауабы: Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік биліктің ерекшеліктері болып мыналар табылады:
- ол тек бір ру көлемінде ғана таралады, оның еркін білдіреді және қандық туыстыққа негізделеді;
- тікелей қоғамдық болып табылады, алғашқы қауымдық демократияның, өзін-өзі басқарудың бастамаларының негізінде қалаптасты;
- бұл биліктің биліктік органдары ретінде рулық жиналыстар, ақсақалдар, әскербасылары және т.б. қызмет етті, олар алғашқы қауымдық қоғамның өмір сүруінің маңызды мәселелерін шешіп отырды.
8. Мемлекеттің пайда болу себептері, теориялары
Жауабы: Мемлекеттің пайда болуы туралы мәселе даулы болып табылады, себебі, этнография және тарих ғылымдары оның пайда болуы туралы күннен-күнге жаңа мәліметтер беруде. Мемлекеттің пайда болу себептері туралы бірқатар теориялар бар, олардың негізгілері болып мыналар табылады:
1. Діни теория – мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуының құдайылық бастамасын негізге алады, «барлық билік құдайдан» деген тұжырымдаманы бекітіп, жақтайды.
2. Патриархалды теория – мемлекеттің пайда болуын отбасымен байланыстырады, ал мемлекет басшысының билігін отбасы мүшелерінің алдындағы әке билігінен туындатады.
3. Шартты теория – 17-18 ғасырларда кеңінен таралған.
4. Күштеу теориясы – мемлекеттің пайда болу негізі ретінде күштеу әрекетін, бір халықтың екінші халықты жаулауын таниды.
5. Психологиялық теориясы – мемлекеттің пайда болуын адам психикасының көріністерімен байланыстырады.
6. материалистік теория – мемлекеттің пайда болуын әлеуметтік-экономикалық факторлармен, яғни, жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінуімен, байланыстырады.
