- •Мазмұны
- •I тарау. Жұқпалы аурулар іліміне кіріспе
- •Жұқпалы аурулар диагностикасының қағидалары мен әдістері
- •Жұқпалы науқастардың емдік тамақтандыруы (диетасы)
- •Спецификалық ем
- •Жұқпалы науқастарға жүргізілетін дәрілік емнің асқынулары
- •Жұқпалы аурулардың профилактикасы (алдын -алуы)
- •Жұқпалы науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру
- •Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы мен жұмыс тәртібі.
- •Жұқпалы науқастардың диспансеризациясы және реабилитациясы
- •II тарау. Жедел ішек инфекциялары және инвазиялары Іш сүзегі. А және в парасүзектері
- •Іш сүзегінің клиникалық жіктелуі
- •Іш сүзегін ерте (аурудың алғашқы 7 күнінде) анықтау алгоритмі
- •Жайылмалы ішек инфекциясы
- •Қосалқы диагностикалық белгілер:
- •Шешуші диагностикалық белгілер:
- •А және в паратифтер
- •Дизентерия (шигеллез)
- •Сальмонеллез
- •Тағамдық токсикоинфекциялар (тти)
- •Тырысқақ (холера)
- •Ботулизм
- •Амебиаз
- •Бұұ бойынша 1972 ж. Жіктелу:
- •Балантидиаз
- •Лямблиоз
- •III тарау. Ауа-тамшылы инфекциялары
- •Құстар тұмауының негізгі айырмашылықтары:
- •Парагрипп
- •Аденовирусты инфекция
- •Респираторлы-синцитиальды вирусты инфекция
- •Риновирусты инфекция
- •Реовирусты инфекция
- •Менингококкты инфекция
- •Герпестік инфекция
- •Жұқпалы мононуклеоз
- •Легионеллез
- •Балалардың ауа – тамшылы инфекциялары күл ауруы (дифтерия, diphtheria)
- •Жәншәу (скарлатина, scarlatina)
- •Қызылша (корь, morbilli)
- •Қызамық (краснуха, rubeola)
- •Паротиттік инфекция
- •А. Манифесттік түрлері:
- •Желшешек
- •IV тарау. Зоонозды инфекциялар
- •Обаның жіктелуі (а.М. Дмитровский бойынша, 1995)
- •1.Біріншілік-ошақтық түрлері
- •2. Жайылмалы түрлері
- •3. Екіншілік-ошақтық түрлері
- •Туляремия
- •№5 Кесте Түйнеменің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Түйнеменің түріне байланысты науқастан зерттеуге алынатын биосубстраттар
- •Пастереллез
- •Пастереллездің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Пастереллез диагнозын анықтау стандарты
- •Бруцеллез (сарып)
- •Эпидемиологиясы.
- •Патогенезі
- •№ 9 Кесте Бруцеллездегі инфекциялық процесстің сатылары
- •Клиникасы Қазақстан республикасында н.Д.Беклемишевтің жіктелуін қолданамыз. Бруцеллездің жіктелуі (н.Д.Беклемишев, 1957)
- •Латенттік бруцеллез кезінде сау адамда бруцеллаларға қарсы серологиялық және/немесе аллергиялық реакциялар «оң» болып табылады.
- •Бруцеллез диагнозын анықтайтын клиникалық критерийлері
- •Бруцеллез диагнозын анықтау стандарты
- •Бруцеллез жағдайының жіктемесі
- •Ку қызбасының жіктелуі (и.Л.Касаткина бойынша)
- •Иерсиниоздар
- •Псевдотуберкулез
- •Патогенезі. Қазақстандық көрнекті ғалым проф. Т.И.Дмитровская псевдотуберкулез дамуында 8 сатының кезең алмастырып өршуін дәлелдеп берді.
- •Клиникалық көріністері. Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі № 12 кестеде келтірілген.
- •Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Псевдотуберкулез диагнозын анықтау стандарты
- •Ішек иерсиниозы
- •Ішек иерсиниозы кезінде көбіне гастроэнтероколит түрі, аппендицит түрі, септикалық түрі, субклиникалық түрі жие қалыптасады.
- •Листериоз
- •Инфекцияның негізгі көзіне қоршаған орта жатады. Листериялар судан, топырақтан, жемнен, көкөністерден, нәжістен бөлінеді. Сол себептен сапроноздар тобына жатады.
- •Патогенезі толық зерттелмеген.
- •Листериоздың клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Листериоздың клиникалық түрлері :
- •Генитальды листериоз
- •Листериоз жағдайын стандартты анықтау
- •Лептоспироз
- •Клиникалық көрінісі. Аурудың дамуында жасырын, бастапқы, өршу және айығу кезеңдерін ажыратады. Жасырын кезең 3-5 күннен 20-30 күнге дейін созылуы мүмкін, жиірек –7-14 күн болады.
- •Асқынулары.
- •Емдеуі. Лептоспироздың емдеуі ауруханада жүргізіледі. Жедел кезеңде төсек режимін сақтау керек.
- •Алдын-алу шаралары.
- •Аусыл (ящур, aphtae epizooticae)
- •Токсоплазмоз
- •V тарау. Трансмиссивті және гемоконтакты инфекциялар
- •Эпидемиялық бөртпе сүзегі және Брилль-Цинссер ауруы
- •Бөртпе сүзегін және Брилл ауруын ерте (аурудың алғашқы 4 күнінде) анықтау алгоритмі
- •Васкулит синдромымен сипатталатын жайылмалы қан инфекциясы
- •Бөртпе сүзегі немесе брилл ауруы
- •Брилль-Цинссер ауруы (спорадикалық бөртпе сүзек)
- •Кенелік энцефалит
- •Жүйелік кенелік боррелиоз
- •Геморрагиялық қызбалар
- •Қырымдық геморрагиялық қызба (қгқ)
- •Омбылық геморрагиялық қызба (огқ)
- •Лейшманиоздар
- •Висцералді лейшманиоздың кейбір түрлерінің клиникалық ерекшеліктері
- •Ауыр түрлі тропикалық безгектің патогенезі (1977 a.Hall бойынша)
- •(1999 Жыл а.Б.Сейдулаева)
- •Безгектің химиотерапиясы келесі сатылардан тұрады:
- •Әсер ету түріне байланысты безгекке қарсы препараттар
- •Асқынбаған безгектің емі.
- •Асқынған безгектің емі.
- •Хлорохинге тұрақты тропикалық безгектің емі.
- •VI тарау. Вирусты гепатиттер және
- •Вирусты гепатиттер (hepatitis virosa )
- •А вирусты гепатиті
- •Жедел в вирусты гепатиті
- •В гепатиті кезіндегі серологиялық көрсеткіштер
- •I. Ағым циклдігіне байланысты:
- •С вирусты гепатиті
- •Е вирусты гепатиті
- •Салыстырмалы диагноз Агепатиті кезiндегiдей өткiзiледi.
- •Микст-гепатиттер
- •G гепатиті
- •Аив/житс- инфекциясы
- •Ересектер мен балалардағы
- •Ддұ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының воз)) эксперттері ұсынған
- •Біріншілік тілменің клиникалық ағымы
- •Рецидивті тілменің клиникалық ағымы
- •Асқынулары
- •Сіреспе
- •Сіреспенің жіктелуі
- •Инфекцияның кіру қақпаларына байланысты:
- •II. Таралуы бойынша:
- •IV. Асқынулар бойынша
- •А.Қ. Дүйсенова Жұқпалы аурулар
Бруцеллез жағдайының жіктемесі
Жедел бруцеллездің болжамды жағдайы (А23.9 – этиологиясы белгісіз бруцеллез) бес күннен астам жалғасатын, мына белгілердің кемінде төртеуімен сипатталатын күндіз елеулі ауысып отыратын қызба болғанда жіті ауру кезінде қойылады:
1) қалтырау және терлеу;
2) өте тез шаршап қалу және жалпы дімкәстік;
3) бауырдың ұлғаюы;
4) сүйек-буынның және жүйке-бұлшық еттің ауыруы;
5) полиаденопатия.
22. Созылмалы бруцеллездің болжамды жағдайы ұзақ, алты айдан астам, барабар диагноз болмағанда толқын тәрізді және мына белгілердің кемінде бесеуі білінгенде созылмалы ауру кезінде қойылады:
1) толқын тәрізді, көбіне субфебрильді температураның жоғарлауы;
2) тершеңдік, қалтырау,
3) ауырсыну белгісі (нейро-артро-миалгия);
4) арртиттер және/немесе сакроилеиттер және/немесе спондилоартриттер;
5) миозиттер және/немесе невриттер;
6) полиаденопатия;
7) бауырдың ұлғаюы.
23. Бруцеллездің барлық нысандары үшін ықтимал жағдай болжамды жағдайдың анықтауға сәйкес келгенінде және мына белгілердің кемінде біреуі болғанда қойылады:
1) төлдеу науқанына қатысу;
2) жануарлармен контактіде болу;
3) етті бөлшектеу және дайындау;
4) шикі сүтті немесе қолдан өндірген сүт өнімдерін пайдалану;
5) жеткілікті деңгейде термиялық өңделмеген етті пайдалану;
6) белгілі бруцеллез бұрқ етуімен немесе расталған адамдардағы бруцеллезбен эпидемиологиялық байланыс;
7) агглютинация реакцисының оң нәтижесі.
24. Расталған жағдай мына белгілердің кемінде біреуі болғанда қойылады:
1) қан сынамасынан немесе басқа клиникалық материалдан Brucella Spp. бөліну;
2) нақты уақытта ПТР-дің нәтижесі оң болғанда;
3) ауру басталғаннан кейін науқастан алынған бір немесе одан астам қан сарысуы сынамаларында Brucella агглютинациялаушы антиденелер >/= 1:160 титрі немесе титрдің кемінде төрт есе ұлғаюы;
4) агглютинациялаушы антиденелер >/= 1:160 титрі және мына зерттеулердің кемінде біреуінің оң нәтижесі:
ИФА әдісімен IgG және/немесе IgM сыныбының бруцеллезге қарсы антиденелерін анықтау;
комплементті байланыстыру реакциясының 2- меркаптоэтанол тесті нәтижесінің оң болуы;
Кумбс реакциясы (антиглобулинді тест) нәтижесінің оң болуы, IgG сыныпты антилиппополисахаридті антиденелерді анықтау;
су еріткіш протеиндерге қарсы иммуноэлектрофорез.
КУ-ҚЫЗБАСЫ
Синонимдері: Ку-риккетсиоз, Ку-коксиеллез, австралиялық риккетсиоз Ку, пневмориккетсиоз, өкпелік сүзек, балкан гриппі, ортаазиялық қызба, термез қызбасы.
Анықтамасы. Ку-қызбасы – Coxiella burnetii қоздыратын, сануалуан берілу жолдарымен, клиникасы қызбамен, арнайы өкпе қабынуымен, орта жүйке жүйенің және басқа жүйелердің зақымдануымен сипатталатын жедел табиғи ошақты зоонозды ауру.
Тақырыптың өзектілігі. Ку-қызбасы әлемнің барлық елдерінде, әсіресе тропикалық аймақтарда таралған. Тек қана Финдляндия, Швеция, Норвегия, Дания елдерінде және Молдовияда ауру тіркелмеген. Совет Одағында 1957-1985 жылдары жыл сайын Ку- қызбасымен 350-1477 адам ауырған. Аурудың табиғи және антропургиялық ошақтары бар. Жабайы және үй жануарлар арасында ауру кең тараған.
Қазақстан республикасында Ку қызбасы жиі кездеседі, бірақ дәрегерлік қауым бұл ауруды анықтайтын зерттеу жұмыстарын жургізбейді, көбінесе бұл ауру басқа диагнозбен өтеді.
Тарихи мәліметтері. Аурудың клиникалық көріністерін алғаш рет 1937 ж. Е.Г.Деррик анықтап жазған. Бұл ауру 1933-1935 жж. Квинслендте (Австралия) ет және сүт комбинаттарының жұмысшылары арасында пайда болған. Аурудың арнайы клиникалық көріністері анықталмағаннан соң, ауруды Е.Г.Деррик «Q-fever» деп атаған (query – белгісіз). 1937 ж. Е.Г.Деррик Ку-қызбамен ауратын науқастың қанынан қоздырғышты бөліп алған. 1939 ж. Ф.Бернет және М.Фридман аурудың қоздырғышы риккетсиялар туыстығына жататынын дәлелдеген. Қоздырғышты Rickettsia burnetii, кейін Coxiella burnetii деп атаған (америкалық ғалым N.R.Cox құрметіне).
1951 ж. Ресей әскері дәрігері И.А.Шифрин аурудың клиникалық көріністерін Совет Одағының ортаазиялық республикаларында анықтап жазып, оны «термез қызбысы» деп атаған. М.П. Чумаков науқастардан бөлінген қоздырғышты риккетсиялар тобына жататынын анықтаған. Бұл ауруды зерттеуде Қазақстан ғалымдарының (Е.Н. Бартошевич, И.Л.Касаткина, Н.Т.Ермуханова, Н.П.Петрова) үлесі зор.
Этиологиясы. Аурудың қоздырғышы – Coxiella burnetii Rickettsiacea туыстығына Coxiella тұқымдастығына жатады. Риккетсиялар грам «теріс» ұсақ кокк тәрзді немесе таяқша тәрізді, көлемі 0,25-0,5 және 0,25-1,5 мкм микроорганизмдер. C. burnetii – жасуша ішілік паразит, ол фаголизомолардың ішінде дамып, L-түрлерін түзуге бейім. Олар бактериалді фильтр арқылы өтуге қабілетті. Басқа риккетсиялардан айырмашылығы - сыртқы ортада, сондай-ақ әртүрлі физикалық және химиялық әсерлерге өте тұрақты. Қоздырғыш етте – 30 күн, сүтте –125 күн, бөлме температурасында – 160 күн сақаталады. 90°С дейін қыздыруда олар 1 сағат бойы жойылмайды, тек қана 100ºС – тіршілігін жояды. Құрғақ дақылда C. burnetii 5-10 жыл сақталады. C. burnetii құнарлы ортада өспейді. Ол доксициклин мен левомицетинге сезімтал.
Эпидемиологиясы. Аурудың табиғи (біріншілік) және антропургиялық (екіншілік) ошақтары бар. Табиғи ошақтарда аурудың көзі және резервуары ұсақ сүт қоректілердің (көбінесе кеміргіштер) 60 түрлері, құстардың 47 түрлері және кенелердің 70 түрлері болып табылады. Иксод, гамаз, аргас кенелер организмінде қоздырғыш 900 күнге дейін сақталып, кенелерде риккетсиялардың ұрпаққа трансовариалді және трансфазды берілуі қалыптасқан. Кенелер қоздырғышты сілекей және нәжіс арқылы бөледі. Табиғи ошақтарда қоздырғыштың циркуляциясы трансмиссивті, аэрогенді, фекалді-оралді механизмдер арқылы атқарылады.
Антропургиялық ошақтарда аурудың көзі үй жануарлары болып табылады (33% - ірі қара мал). Көбінесе жануарлардың арасында ауру латентті түрде өтеді, бірақ пневмония, бронхит, ринит, коньюнктивит, аборт дамуы мүмкін. Аурудың манифестік түрлері мал төлдегеннен кейін пайда болып, коздырғыш қағанақ суымен сыртқы ортаға бөлінеді. Осымен қатар, коздырғыш сүт және нәжіс арқылы бөлінеді.
Адам аурудың көзі болып табылмайды. Бірақ кездейсоқ жағдайларда трансфузия арқылы, анадан балаға емшек сүті арқылы берілуі мүмкін (И.К.Каракулов).
Аурудың берілу жолдары саналуан:
аэрогенді (заладанған шаң, жүн, тері, шөп, топырақ арқылы);
алиментарлы (шикі және пастерленген сүт, жануарлардың нәжісімен заладанған су арқылы);
контактілі (ауру малды күткенде, мал төлдегенде көмек көрсеткенде, малды сойып етін бөлшектегенде);
транмиссивті (заладанған кенелер шаққанда, сирек кездеседі)
Ауру залалданған факторлар арқылы біріншілік ошақтардан қашық жерлерге дейін таралуы мүмкін. Адамдар жануарлардың нәжісімен заладанған суаттарда шомылу арқылы ауруды жұқтыруы мүмкін.
Қабылдаушы макроорганизм. Ку-қызбасымен мал шаруашылығындағы адамдар, ет, сүт комбинаттарының қызметкерлері, балалар, жас өспірімдер жиі аурады. АИВ\ЖИТС пациенттерінде Ку-қызбасы 13 есе жиі кездеседі.
Ауру жиі көктем, жаз айларында кездеседі.
Патогенезі. Жұқтыру сатысы. Аурудың берілу жолына байланысты, қоздырғыштың енуі әртүрлі болуы мүмкін: тыныс алу жолдарының, ас қорыту жолдарының шырышты қабықшалары, жарақаттанған тері арқылы. Қоздырғыш енген жерде өзгерістер болмайды - біріншілік терілік аффект дамымайды.
Біріншілік риккетсемия. Қоздырғыш қан айналымына өтеді, бірақ бұл сатысы қысқа мерзімді болады. Аурудың клиникалық көріністері болмайды.
Гематогенді диссеминация. Қоздырғыш лимфоидты ағзаларға (бауыр, көк бауыр, сүйек кемігі), ретикулоциттерге, макрофагтарға, тамырлардың эндотелийіне еніп көбееді.
Үлкен риккетсемия. Қоздырғыштар көп мөлшерде қанға өтіп аурудың клиникалық көріністері дамиды.
Полиорганды ошақтардың пайда болуы. Өкпе қабынуының жиілігі 3-5% -60-70% дейін дамиды. Ауру асқынғанда эндокардит, гепатит, өкпе зақымданулары байқалады.
Аллергиялық қайтақұрылыстың дамуы және қоздырғыштың элиминациясы. Көбінесе ауру айығумен аяқталады, аурудың болжамы қолайлы. Иммунитет гуморальды, тұрақты. Бірақ, аяқталмаған фагоцитоздың әсерінен және қоздырғыштың L-түрлерінің пайда болуынан ауру ұзаққа созылуы мүмкін.
Патанатомиялық көріністер: ретикулоэндотелийдің пролиферациясы және ішкі ағазалардың дистрофиялық өзгерістері дамиды.
Ку-қызбаның басқа риккетсиоздардан айырмашылығы - панваскулиттің болмауы. Ку-қызбасы – панваскулитсіз дамитын жедел циклді қатерсіз ретикулоэндотелиоз (Лобан).
Клиникалық көріністері. Жасырын кезеңі -3-32 күн, эпидемиялық өршу уақытында -12-19 күнге созылады.
Бастапқы кезең. Ауру жедел басталып, қалтырау және 39-40°С дейін көтерілген дене қызуы байқалады.
Аурудың жедел, жеделдеу, созылмалы (жеңіл, орташа ауыр, ауыр) және көмескі, латентті түрлерін ажырату керек. Аурудың басым синдромына байланысты И.Л. Касаткина өзінің жітелуін ұсынған. Көбінесе ауру жедел түрінде өтеді. Аурудың созылмалы түрі сирек кездеседі.
