- •Мазмұны
- •I тарау. Жұқпалы аурулар іліміне кіріспе
- •Жұқпалы аурулар диагностикасының қағидалары мен әдістері
- •Жұқпалы науқастардың емдік тамақтандыруы (диетасы)
- •Спецификалық ем
- •Жұқпалы науқастарға жүргізілетін дәрілік емнің асқынулары
- •Жұқпалы аурулардың профилактикасы (алдын -алуы)
- •Жұқпалы науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру
- •Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы мен жұмыс тәртібі.
- •Жұқпалы науқастардың диспансеризациясы және реабилитациясы
- •II тарау. Жедел ішек инфекциялары және инвазиялары Іш сүзегі. А және в парасүзектері
- •Іш сүзегінің клиникалық жіктелуі
- •Іш сүзегін ерте (аурудың алғашқы 7 күнінде) анықтау алгоритмі
- •Жайылмалы ішек инфекциясы
- •Қосалқы диагностикалық белгілер:
- •Шешуші диагностикалық белгілер:
- •А және в паратифтер
- •Дизентерия (шигеллез)
- •Сальмонеллез
- •Тағамдық токсикоинфекциялар (тти)
- •Тырысқақ (холера)
- •Ботулизм
- •Амебиаз
- •Бұұ бойынша 1972 ж. Жіктелу:
- •Балантидиаз
- •Лямблиоз
- •III тарау. Ауа-тамшылы инфекциялары
- •Құстар тұмауының негізгі айырмашылықтары:
- •Парагрипп
- •Аденовирусты инфекция
- •Респираторлы-синцитиальды вирусты инфекция
- •Риновирусты инфекция
- •Реовирусты инфекция
- •Менингококкты инфекция
- •Герпестік инфекция
- •Жұқпалы мононуклеоз
- •Легионеллез
- •Балалардың ауа – тамшылы инфекциялары күл ауруы (дифтерия, diphtheria)
- •Жәншәу (скарлатина, scarlatina)
- •Қызылша (корь, morbilli)
- •Қызамық (краснуха, rubeola)
- •Паротиттік инфекция
- •А. Манифесттік түрлері:
- •Желшешек
- •IV тарау. Зоонозды инфекциялар
- •Обаның жіктелуі (а.М. Дмитровский бойынша, 1995)
- •1.Біріншілік-ошақтық түрлері
- •2. Жайылмалы түрлері
- •3. Екіншілік-ошақтық түрлері
- •Туляремия
- •№5 Кесте Түйнеменің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Түйнеменің түріне байланысты науқастан зерттеуге алынатын биосубстраттар
- •Пастереллез
- •Пастереллездің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Пастереллез диагнозын анықтау стандарты
- •Бруцеллез (сарып)
- •Эпидемиологиясы.
- •Патогенезі
- •№ 9 Кесте Бруцеллездегі инфекциялық процесстің сатылары
- •Клиникасы Қазақстан республикасында н.Д.Беклемишевтің жіктелуін қолданамыз. Бруцеллездің жіктелуі (н.Д.Беклемишев, 1957)
- •Латенттік бруцеллез кезінде сау адамда бруцеллаларға қарсы серологиялық және/немесе аллергиялық реакциялар «оң» болып табылады.
- •Бруцеллез диагнозын анықтайтын клиникалық критерийлері
- •Бруцеллез диагнозын анықтау стандарты
- •Бруцеллез жағдайының жіктемесі
- •Ку қызбасының жіктелуі (и.Л.Касаткина бойынша)
- •Иерсиниоздар
- •Псевдотуберкулез
- •Патогенезі. Қазақстандық көрнекті ғалым проф. Т.И.Дмитровская псевдотуберкулез дамуында 8 сатының кезең алмастырып өршуін дәлелдеп берді.
- •Клиникалық көріністері. Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі № 12 кестеде келтірілген.
- •Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Псевдотуберкулез диагнозын анықтау стандарты
- •Ішек иерсиниозы
- •Ішек иерсиниозы кезінде көбіне гастроэнтероколит түрі, аппендицит түрі, септикалық түрі, субклиникалық түрі жие қалыптасады.
- •Листериоз
- •Инфекцияның негізгі көзіне қоршаған орта жатады. Листериялар судан, топырақтан, жемнен, көкөністерден, нәжістен бөлінеді. Сол себептен сапроноздар тобына жатады.
- •Патогенезі толық зерттелмеген.
- •Листериоздың клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Листериоздың клиникалық түрлері :
- •Генитальды листериоз
- •Листериоз жағдайын стандартты анықтау
- •Лептоспироз
- •Клиникалық көрінісі. Аурудың дамуында жасырын, бастапқы, өршу және айығу кезеңдерін ажыратады. Жасырын кезең 3-5 күннен 20-30 күнге дейін созылуы мүмкін, жиірек –7-14 күн болады.
- •Асқынулары.
- •Емдеуі. Лептоспироздың емдеуі ауруханада жүргізіледі. Жедел кезеңде төсек режимін сақтау керек.
- •Алдын-алу шаралары.
- •Аусыл (ящур, aphtae epizooticae)
- •Токсоплазмоз
- •V тарау. Трансмиссивті және гемоконтакты инфекциялар
- •Эпидемиялық бөртпе сүзегі және Брилль-Цинссер ауруы
- •Бөртпе сүзегін және Брилл ауруын ерте (аурудың алғашқы 4 күнінде) анықтау алгоритмі
- •Васкулит синдромымен сипатталатын жайылмалы қан инфекциясы
- •Бөртпе сүзегі немесе брилл ауруы
- •Брилль-Цинссер ауруы (спорадикалық бөртпе сүзек)
- •Кенелік энцефалит
- •Жүйелік кенелік боррелиоз
- •Геморрагиялық қызбалар
- •Қырымдық геморрагиялық қызба (қгқ)
- •Омбылық геморрагиялық қызба (огқ)
- •Лейшманиоздар
- •Висцералді лейшманиоздың кейбір түрлерінің клиникалық ерекшеліктері
- •Ауыр түрлі тропикалық безгектің патогенезі (1977 a.Hall бойынша)
- •(1999 Жыл а.Б.Сейдулаева)
- •Безгектің химиотерапиясы келесі сатылардан тұрады:
- •Әсер ету түріне байланысты безгекке қарсы препараттар
- •Асқынбаған безгектің емі.
- •Асқынған безгектің емі.
- •Хлорохинге тұрақты тропикалық безгектің емі.
- •VI тарау. Вирусты гепатиттер және
- •Вирусты гепатиттер (hepatitis virosa )
- •А вирусты гепатиті
- •Жедел в вирусты гепатиті
- •В гепатиті кезіндегі серологиялық көрсеткіштер
- •I. Ағым циклдігіне байланысты:
- •С вирусты гепатиті
- •Е вирусты гепатиті
- •Салыстырмалы диагноз Агепатиті кезiндегiдей өткiзiледi.
- •Микст-гепатиттер
- •G гепатиті
- •Аив/житс- инфекциясы
- •Ересектер мен балалардағы
- •Ддұ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының воз)) эксперттері ұсынған
- •Біріншілік тілменің клиникалық ағымы
- •Рецидивті тілменің клиникалық ағымы
- •Асқынулары
- •Сіреспе
- •Сіреспенің жіктелуі
- •Инфекцияның кіру қақпаларына байланысты:
- •II. Таралуы бойынша:
- •IV. Асқынулар бойынша
- •А.Қ. Дүйсенова Жұқпалы аурулар
Ауыр түрлі тропикалық безгектің патогенезі (1977 a.Hall бойынша)
П
аразит
Э
ритроцит
Д
еформация
Жабысу Гипоксия
Нәзіктік Токсин
Қарсытек
Аноксия
Гемолиз
Қарсыдене
Қ
антамырлық
бөлік
Анемия Комплимент
деңгейінің
төмендеуі
Гемоглобинурия
Б
ауырдың
зақымдануы
ДВС
ЦИК
Вазодилятация
С арғаю Гипоальбуминемия Иммунокомпоненттік нефрит
Жедел тубулярлы некроз
Ісіну
Жедел бүйрек жетіспеушілігі
Ж
едел
бүйрек мида өкпеде
Спецификалық препараттардың токсинділігі
ж
етіспеушілігі
Көп
мөлшерде сұйықтықты енгізу
Гемморрагиялық синдром
ӨЛІМ
№21 кесте.
Безгек. Жасырын кезеңі (И.П. = Т.Ш. + П.Т.)
(1999 Жыл а.Б.Сейдулаева)
Қоздырғыштың түрі |
Т.Ш. – тіндік шизогония П.Т. – пирогенді табалдырық
|
Э.Ш. – эритроцитарлық шизогония Г.Ш. - гаметошизогония |
Pl.Vivax Pl.Ovale |
1.Тахиспорозоид. Т.Ш. – 9 күн, жасырын кезеңі қысқа – 20 күн. Брадиспорозоид -гипнозоидтар. Жасырын кезеңі ұзақ 6 – 14 ай. Бір мезгілде жұқтырғанда – кеш рецидивтер. |
Гаметоцитер қанда бірнеше сағат болады және тез өледі, егер де тасымалдаушық пайда болмаса.
Э.Ш. мен Г.Ш. безгектің 3 түрінде де бірге жүреді. |
Pl.Malaria |
Т.Ш. – 15 күн. Жасырын кезеңі– 40 күнге дейін. Т.Ш. олардың барлығы 10 000 тіндік мерозоидтар түзеді. |
|
Pl.Falciparum |
Т.Ш. – 6 күн. Жасырын кезеңі – 8 – 12 күн. 50000 тіндік мерозоидтар түзіледі. |
Г.Ш. - 3, 4 Э.Ш. кейіннен. Гаметоциттер 2 айға дейін қан айналымында ұзақ болады.
|
Гемограммада лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения, эритроциттер санының және гемоглобин деңгейінің азаюы байқалады, бұл ұстаманың мөлшеріне байланысты жиілейді. Сонымен қатар анизоцитоз және пойкилоцитоз, ЭТЖ жылдамдайды.
Асқынулары.
Безгектік кома
Бүйректің жедел жетіспеушілігі
Гемоглобинуриялық қызба
Инфекциялық-токсикалық шок
ТШҚҰ-синдромымен
Тропикалық безгекте кома дамиды және ол паразитемия кезінде иммунды емес адамдарда байқалады. Әуелі бас ауру, бас айналу, көп көлемде құсу, тынышсыздықпен басталады. Содан кейін науқас естен танып сопорға түседі де, менингиальді және ошақтық неврологиялық симптомдармен, тырысу, психомоторлық қозумен байқалады. Содан соң кома арефлексия түрінде дамиды, ол қарашықтың және корнеальді рефлекстердің бұзылыстарымен, Чейн-Стокс тынысының шуымен көрінеді. Соңғы кезеңінде адам өліміне алып келеді.
Бүйректің жедел жетіспеушілігі микроциркуляция бұзылыстарының, тубулярлық некроздың және капиллярларда паразиттердің дамуынан, «Мегреттің цитотоксикалық субстанциясының» тікелей әсерінен және бүйректің тамырларында иммундық комлекстің орналасуынан дамиды. Олигоанурия, қанда азоттық заттардың жоғарлауы және жедел уремияның клиникалық көріністері дамиды.
Генетикалық детерминирленген энзимопатиясы (Глюкоза – 6 ФДГ тапшылығы) бар адамдарда безгек ауруын, әсіресе тропикалық, хинин және сульфаниламид препараттармен емдеген кезде гемоглобинуриялық қызбаға әкелетін жедел тамыр ішілік эритроциттердің гемолизі пайда болады, ол интоксикацияның жоғарлауымен (бас ауруы, бас айналуы, құсу және т.б.), дененің қатты қалтырауымен, бел аймағында ауру сезімімен, сарғаюдың жоғарлауымен, анемиямен көрінеді. Диурез төмендейді, зәр қара түске боялған сияқты болады және тұндыру кезінде екі қабатқа бөлінеді: тұнба қоңыр-қара немесе қара түсті, ал тұндырылған сұйықтықтың түсі шие тәрізді.
Тропикалық безгек жиі инфекциялық-токсикалық шокпен, ТШҚҰ-синдромымен асқынады.
Диагностикасы.
Безгектің дифференциальды диагнозын висцеральды лейшманиозбен, іш сүзегімен, лептоспирозбен, гриппен, геморрагиялық қызбалармен, вирусты гепатиттермен, иерсениозбен жүргізеді.
Диагноз қою эпидемиологиялық анамнезге, аурудың анық клиникалық көріністеріне және зертханалық зерттеулердің деректеріне негізделген.
Эпидемиялогиялық анамнезде:
• ауру басталғанға дейін эндемиялық ошақта болу;
• ауру басталғанға дейін 3 ай бұрын гемотрансфузия, парентеральды манипуляция;
Безгектің диагностикасы безгектің инвазиялық үштігіне негізделеді:
• дұрыс интермитирлеуші қызба – дене қалтырауы, температураның жоғарлауы, терлеу;
• сарғыштану мен бірге дамыған анемия;
• спленомегалия және гепатомегалия;
Паразитологиялық диагностика клиникалық маңыздылығымен қатар, нақты диагноз қоюды қамтамасыз етеді, сонымен бірге ол эпидемиологиялық қадағалауда да үлкен орын алады. Плазмодияларды және оның түрін анықтау үшін қан препараттарын «жұқа жағындың және «қалың тамшың түрінде Романовский – Гимза әдісін қолданады. Бұл әдістер бір - бірін толықтырады. Олардың артықшылығы да, кемістігі де бар. Негізгі зерттеу әдісі болып «қалың тамшың есептеледі, өйткені бұл әдісте, «жұқа жағындығаң қарағанда, қан 30 – 40 есе көп көлемде зерттеледі, сондықтан паразитті табу мүмкіншілігі әлде қайда мол болады, әсіресе өте төмен паразитемия болғанда. Мұндай жағдай паразит тасымалдаушылық кезде жиі кездеседі.
«Қалың тамшының бекітілмеген (фиксацияланбаған) түрде бояйды, микроскоппен 100 қарау алаңын зерттейді. Плазмодияның ядросы қою - қызыл, цитоплазмасы – көгілдір немесе көк түске боялады. Безгектің барлық түрлерінде, тропикалық безгектен басқалары, “қалың тамшыда” және “жұқа жұғындыда” қоздырғыштың барлық даму кезеңдері анықталады. Тропикалық безгектің асқынбаған кезінде тек қана жас трофозойттар – дөңгелектер және 8 – 10 күннен кейін жартыай тәрізді гаметоциттер анықталады.
Эпидемиологиялық қадағалау мақсаты үшін кейбір серологиялық реакциялар – ЖИФР, ИФТ қолданылады. Қарсыдене 2- 3 ұстамалы қалтыраудан кейін анықталады. Қарсыдененің титрі 4 – 6 жұмадан кейін ең жоғарғы деңгейге жетеді. Қайта жұқтыру (реинфекция) болмаса қарсыдене титрі төмендейді және осы төменгі деңгей 2 жылға дейін сақталады. Серологиялық әдіс қан тапсырушылар (донорлар) арқылы безгек қоздырғышын жұқтыртпауды қамтамасыз етуде маңызды. ПТР – диагностикасын да пайдалануға болады, бұл әдіс өте сезімталдықпен және жоғарғы тәнділікпен сипатталады. Сызбада безгектің клиникалық - зертханалық диагностикалау алгоритмі келтірілген.
Емдеуі.
