- •Мазмұны
- •I тарау. Жұқпалы аурулар іліміне кіріспе
- •Жұқпалы аурулар диагностикасының қағидалары мен әдістері
- •Жұқпалы науқастардың емдік тамақтандыруы (диетасы)
- •Спецификалық ем
- •Жұқпалы науқастарға жүргізілетін дәрілік емнің асқынулары
- •Жұқпалы аурулардың профилактикасы (алдын -алуы)
- •Жұқпалы науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру
- •Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы мен жұмыс тәртібі.
- •Жұқпалы науқастардың диспансеризациясы және реабилитациясы
- •II тарау. Жедел ішек инфекциялары және инвазиялары Іш сүзегі. А және в парасүзектері
- •Іш сүзегінің клиникалық жіктелуі
- •Іш сүзегін ерте (аурудың алғашқы 7 күнінде) анықтау алгоритмі
- •Жайылмалы ішек инфекциясы
- •Қосалқы диагностикалық белгілер:
- •Шешуші диагностикалық белгілер:
- •А және в паратифтер
- •Дизентерия (шигеллез)
- •Сальмонеллез
- •Тағамдық токсикоинфекциялар (тти)
- •Тырысқақ (холера)
- •Ботулизм
- •Амебиаз
- •Бұұ бойынша 1972 ж. Жіктелу:
- •Балантидиаз
- •Лямблиоз
- •III тарау. Ауа-тамшылы инфекциялары
- •Құстар тұмауының негізгі айырмашылықтары:
- •Парагрипп
- •Аденовирусты инфекция
- •Респираторлы-синцитиальды вирусты инфекция
- •Риновирусты инфекция
- •Реовирусты инфекция
- •Менингококкты инфекция
- •Герпестік инфекция
- •Жұқпалы мононуклеоз
- •Легионеллез
- •Балалардың ауа – тамшылы инфекциялары күл ауруы (дифтерия, diphtheria)
- •Жәншәу (скарлатина, scarlatina)
- •Қызылша (корь, morbilli)
- •Қызамық (краснуха, rubeola)
- •Паротиттік инфекция
- •А. Манифесттік түрлері:
- •Желшешек
- •IV тарау. Зоонозды инфекциялар
- •Обаның жіктелуі (а.М. Дмитровский бойынша, 1995)
- •1.Біріншілік-ошақтық түрлері
- •2. Жайылмалы түрлері
- •3. Екіншілік-ошақтық түрлері
- •Туляремия
- •№5 Кесте Түйнеменің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Түйнеменің түріне байланысты науқастан зерттеуге алынатын биосубстраттар
- •Пастереллез
- •Пастереллездің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Пастереллез диагнозын анықтау стандарты
- •Бруцеллез (сарып)
- •Эпидемиологиясы.
- •Патогенезі
- •№ 9 Кесте Бруцеллездегі инфекциялық процесстің сатылары
- •Клиникасы Қазақстан республикасында н.Д.Беклемишевтің жіктелуін қолданамыз. Бруцеллездің жіктелуі (н.Д.Беклемишев, 1957)
- •Латенттік бруцеллез кезінде сау адамда бруцеллаларға қарсы серологиялық және/немесе аллергиялық реакциялар «оң» болып табылады.
- •Бруцеллез диагнозын анықтайтын клиникалық критерийлері
- •Бруцеллез диагнозын анықтау стандарты
- •Бруцеллез жағдайының жіктемесі
- •Ку қызбасының жіктелуі (и.Л.Касаткина бойынша)
- •Иерсиниоздар
- •Псевдотуберкулез
- •Патогенезі. Қазақстандық көрнекті ғалым проф. Т.И.Дмитровская псевдотуберкулез дамуында 8 сатының кезең алмастырып өршуін дәлелдеп берді.
- •Клиникалық көріністері. Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі № 12 кестеде келтірілген.
- •Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Псевдотуберкулез диагнозын анықтау стандарты
- •Ішек иерсиниозы
- •Ішек иерсиниозы кезінде көбіне гастроэнтероколит түрі, аппендицит түрі, септикалық түрі, субклиникалық түрі жие қалыптасады.
- •Листериоз
- •Инфекцияның негізгі көзіне қоршаған орта жатады. Листериялар судан, топырақтан, жемнен, көкөністерден, нәжістен бөлінеді. Сол себептен сапроноздар тобына жатады.
- •Патогенезі толық зерттелмеген.
- •Листериоздың клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Листериоздың клиникалық түрлері :
- •Генитальды листериоз
- •Листериоз жағдайын стандартты анықтау
- •Лептоспироз
- •Клиникалық көрінісі. Аурудың дамуында жасырын, бастапқы, өршу және айығу кезеңдерін ажыратады. Жасырын кезең 3-5 күннен 20-30 күнге дейін созылуы мүмкін, жиірек –7-14 күн болады.
- •Асқынулары.
- •Емдеуі. Лептоспироздың емдеуі ауруханада жүргізіледі. Жедел кезеңде төсек режимін сақтау керек.
- •Алдын-алу шаралары.
- •Аусыл (ящур, aphtae epizooticae)
- •Токсоплазмоз
- •V тарау. Трансмиссивті және гемоконтакты инфекциялар
- •Эпидемиялық бөртпе сүзегі және Брилль-Цинссер ауруы
- •Бөртпе сүзегін және Брилл ауруын ерте (аурудың алғашқы 4 күнінде) анықтау алгоритмі
- •Васкулит синдромымен сипатталатын жайылмалы қан инфекциясы
- •Бөртпе сүзегі немесе брилл ауруы
- •Брилль-Цинссер ауруы (спорадикалық бөртпе сүзек)
- •Кенелік энцефалит
- •Жүйелік кенелік боррелиоз
- •Геморрагиялық қызбалар
- •Қырымдық геморрагиялық қызба (қгқ)
- •Омбылық геморрагиялық қызба (огқ)
- •Лейшманиоздар
- •Висцералді лейшманиоздың кейбір түрлерінің клиникалық ерекшеліктері
- •Ауыр түрлі тропикалық безгектің патогенезі (1977 a.Hall бойынша)
- •(1999 Жыл а.Б.Сейдулаева)
- •Безгектің химиотерапиясы келесі сатылардан тұрады:
- •Әсер ету түріне байланысты безгекке қарсы препараттар
- •Асқынбаған безгектің емі.
- •Асқынған безгектің емі.
- •Хлорохинге тұрақты тропикалық безгектің емі.
- •VI тарау. Вирусты гепатиттер және
- •Вирусты гепатиттер (hepatitis virosa )
- •А вирусты гепатиті
- •Жедел в вирусты гепатиті
- •В гепатиті кезіндегі серологиялық көрсеткіштер
- •I. Ағым циклдігіне байланысты:
- •С вирусты гепатиті
- •Е вирусты гепатиті
- •Салыстырмалы диагноз Агепатиті кезiндегiдей өткiзiледi.
- •Микст-гепатиттер
- •G гепатиті
- •Аив/житс- инфекциясы
- •Ересектер мен балалардағы
- •Ддұ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының воз)) эксперттері ұсынған
- •Біріншілік тілменің клиникалық ағымы
- •Рецидивті тілменің клиникалық ағымы
- •Асқынулары
- •Сіреспе
- •Сіреспенің жіктелуі
- •Инфекцияның кіру қақпаларына байланысты:
- •II. Таралуы бойынша:
- •IV. Асқынулар бойынша
- •А.Қ. Дүйсенова Жұқпалы аурулар
Бөртпе сүзегін және Брилл ауруын ерте (аурудың алғашқы 4 күнінде) анықтау алгоритмі
Маңызды диагностикалық белгілер:
қызба (4 күндей және одан көп) → ИНФЕКЦИЯ
бастың қатты ауыруы
ұйқының бұзылуы
бауыр мен көк бауырдың үлкеюі → ЖАЙЫЛМАЛЫ
ИНФЕКЦИЯ
↓
Жұқпалы аурулардың 4 тобының біріне ішек, тыныс жолдары, қан арқылы, сыртқы тері арқылы жұғатын аурулар жатуы мүмкін
↓
Әртүрлі сепсистер мен басқа жұқпалы және жұкпалы емес аурулармен салыстырмалы диагностика жүргізу
↓
Беттің және мойынның қызаруы, конъюнктива және склераның қан тамырларының инъекциясы, Розенберг, Киари-Авцын, Говоров-Годелье, Румпель- Лееде- Кончаловский, «шымшу», «жгут», «резинка» симптомдары
↓
Васкулит синдромымен сипатталатын жайылмалы қан инфекциясы
↓
шешуші диагностикалық белгілер:
↓
R.provacheki антигенімен комплемент байланыстырушы реакцияның «оң» нәтижесі
↓
Бөртпе сүзегі немесе брилл ауруы
№19 кесте
Бөртпе сүзегінің және іш сүзегінің,
А және В парасүзектерінің салыстырмалы-диагностикалық белгілері
Бөртпе сүзегі |
Іш сүзегі (А және В парасүзектері)
|
Дене қызуының тез жоғарылауы және ауру белгілерінің жедел дамуы |
Клиникалық белгілері жай дамып, аурудың бірте-бірте басталуы
|
Аурудың 4-5 күндерінде дене қызуы көбінесе тұрақты және кейде ремиттирлеуші болады |
Қызба толқынтәрізді (боткин қисығы), ауыр түрінде – тұрақты қисық |
Науқастың беті ісінген, қызарған. Конъюнктиваның қан тамырлары инъекцияланған |
Беті бозарған, склералары аздап сарығаған |
Киари-Авцын және Розенберг-Винокуров-Лендорф симптомдары- ның «+» болуы |
Киари-Авцын және Розенберг-Винокуров-Лендорф симптомдарының «-» болуы |
Науқастың жалпы жағдайында қозғыштық, сөйлегіштік байқалады; кей жағдайда тежелу. Аурудың өршу кезінде жалпы діріл байқалады және де көп науқастарда – сандырақтау |
Жалпы адинамия, науқастар аз сөйлейді. Егер сандырақтау болған жағдайда, тыныштық сипатта |
Тілі құрғақ, сұр жабындымен қапталған |
Тістің іздері ісінген тіл, қоңыр жабындымен қапталған |
Тыныс алуының жиілеуі пульстің жиілігінен жоғары; |
Тыныс алуының жиілегі пульстің жиілігіне сәйкес |
Пульс дене қызуына сәйкес немесе тахикардия болады; |
Салыстырмалы брадикардия, жиі дикротиямен сипатталады; |
Аурудың 3-4 күндерінде көк бауыры ұлғаяды, консистенциясы жұмсақ. Іштің кебуі аз сипатта, егер болған жағдайда орташа түрде. Оң жақ мықын аймағында қырылдау жоқ. Падалка симптомы теріс. |
Көк бауырының ұлғаюы 1-ші аптаның соңында байқалады, консистенциясы қатты. І штің кебуі айқын. Оң жақ мықын аймағында құрылдау анықталады. Падалка симптомы оң. |
Бөртпе розеолезді-петехиалды сипатта, көп мөлшерде; Элементтері жиі жағдайларда жалпақ, бүкіл денеге, аяқ-қолдарында тараған. Аурудың 4-6-ші күндерінде пайда болады. Бөртпе қайтқанда пигментация қалады; жаңа бөртпе элементтері болмайды |
Бөртпе розеолезді сипатта, аурудың 8-10ші күндерінде шығады. Элементтерінің саны аз, санауға келеді, тері денгейінен жоғары шығып тұрады; іште, дененің жоғарғы бүйірінде, белде орналасады, пигментациясыз жойылады; жаңа элементтер пайда болады |
Терінің, көрудің, естудің, иіс-сезуінің гиперестезиясы жиі байқалуы |
Тән емес |
Менингизм болуы мүмкін |
Сирек байқалады және ауыр интоксикация жағдайларында |
Ошақты булбарлы симптоматика тән (Говоров-Годелье симптомы, тілдің бір жаққа қарай ауытқуы, дизартрия, ауыз-мұрын қатпарларының тегістелуі); |
Ошақты булбарлы симптомы тән емес |
Қанда: таяқша-ядролы нейтрофилдердің солға ығысуы, ЭТЖ жоғарылауы, жиі лейкоцитоз, тромбоцитопения |
Лейкопения, эозинопения, таяқша ядролы нейтрофилдердің солға ығысуы, салыстырмалы лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, тромбоцитопения. Видаль реакциясы 2-ші аптаның соңында оң; |
Аурудың 4-6-ші күндерінде Провачек риккетсиясымен агглютинация реакциясының және 7-8-ші күндері - комплемент байланыстыру реакциясының, ТЕГАР-ң оң болуы . |
Іш сүзегі кезінде мына реакциялар әр уақытта теріс. |
Бөртпе сүзектің арнайы диагностикасы науқастың қанынан Провачек риккетсияларының таза дақылын немесе оларға қарсы антиденелерді бөлуге негізделген. Риккетсияларды өсіру техникалық қиындығына байланысты практикалық маңызы жоқ, сондықтан бөртпе сүзектің лабораториялық диагностикасы үшін сероиммунологиялық әдісті ( КБР, ТеГАР, РАР, МФА) пайдаланады. КБР-ның диагностикалық титрі (1:160 және одан артық) аурудың 6-7 күні анықталады, аурудың 12-20 күні максималді мәніне ( 1:640 – 1:1280) жетеді. Бөртпе сүзектің реконвалесценттерінде комплемент байланыстырушы антиденелер ұзақ жылдар бойы сақталады да, РСК-ны аурудың ретроспективті диагностикасына қажетті етеді ( 1:10 титрында ).
Бөртпе сүзектің серодиагностикасында ТеГАР-ның маңызы зор, себебі бұл реакция тек антиденелердің қосынды титрін анықтап қана қоймай, олардың иммунноглобулиндерінің қай класына жататынын анықтайды. Бөртпе сүзекте аурудың 5-7 күнінде диагностикалық титрі 1:1000 немесе одан артық болады. Бұл классқа жататын антиденелер анықталынады. Аурудың 15-20 күнінде антиденелердің максимальды титрі ( 1:12800 және одан артық) анықталады. Оның ішінде аурудың 3-4 аптасында қан сары суында класына жататын антиденелер басым болады.
Бөртпе сүзек ошақтарындағы тұрғындардың иммунологиялық құрылысын анықтау үшін теріге аллергиялық сынама жүргізеді.
Емдеуі. Эпидемиялық бөртпе сүзек кезінде этиотропты, патогенетикалық, симптоматикалық ем қолданады. Қазіргі уақытта негізгі этиотропты препараттар, бұл тетрациклин тобының антибиотиктері екені белгілі. Тетрациклинді пероралдьы ересектер үшін 0,3-0,4 г. күніне 4 рет белгілейді (тәулегіне 1,2 – 1,6 г.) немесе доксициклин 0,1 г күніне 2 рет (тәулегіне 0,2 г.) Емдеу курсы- бүкіл қызба кезеңі бойы және апирекцияның 2 күніне тағайындайды. Сирек левомицетинді 0,5-0,75 г. тәулігіне 4 реттен белгілеген. Аурудың ауыр өту кезеңдерінде антибиотиктерді парантеральды енгізеді. Этиотропты антибиотикотерапия өте тез әсер береді және сондықтан да патогенетикалық терапияның көп әдістері қазіргі уақытта тек тарихи маңызға ғана ие болып отыр.
Патогенетикалық терапия көрсеткіштер бойынша дезинтоксикациялық препараттар, диуретиктер, тамырлық аналептиктер, жүрек гликозидтері, витаминдер, әсіресе аскорбин қышқылы және Р-витаминді препараттарды қарастырады. Аурудың ауыр өтуі кезінде интенсивті терапия жүргізеді.
Делирий дамығанда бромидтер , барбитураттар, аминазин, седуксен, галоперидол немесе натрий оксибутиратты қолданады.
Тромбоз бен тромбоэмболиялық асқынулардың алдын-алу үшін антикоагулянттар тағайындайды.
Стоматит, паротит, жара (пролежни) болдырмау үшін міндетті түрде ауыз қуысы мен теріні тазалау қажет. Апирексияның 5-6 күніне дейін төсектік тәртіп, дене қызуы қалпына келгеннен кейін 6-7 күннен бастап науқасқа жүруге болады, аурудың асқынуы болмаған жағдайда апирексияның 12 күнінде ауруханадан шығарылады.
Болжамы. Антибиотиктерді практикаға енгізгенге дейін ауру болжамы күрделі болып, науқастар қайтыс болып отырған. Қазіргі уақытта науқасты тетрациклиндермен емдеу оң нәтиже беріп отыр. Өлім қаупі де сирек, ал практикаға антикоагулянттарды енгізгеннен кейін өлім қатері тіптен байқалмаған.
Аурудың алдын-алу шаралары. Бөртпе сүзекпен ауырған науқас міндетті түрде ауруханаға жатқызылады. 5 күннен артық қызуы көтерілген, анық диагноз қойылмаған науқастар провизорлы ауруханаға жатқызылады. Бөртпе сүзегінің профилактикасы үшін үлкен маңызды биттер мен күрес жүргізу жолдары алады. Инфекция ошағында келесі шаралар жүргізіледі: науқаспен жанасқан адамдар санитарлық тазартудан өтеді, науқастың және қарым-қатынаста болған адамдардың киімі, төсек орны камералық дезинфекциядан өткізіледі. Ошақта дезинфекция мен дезинсекция 3-5% лизол ерітіндісімен жүргізіледі. Науқасты ауруханаға жатқызғаннан кейін, эпидемиялық бөртпе сүзек ошағына бақылау 71 күнге (дене қызуын өлшеу, қарау) ал Бриллm ауруы ошағына 25 күнге бекітіледі.
Эпидемиялық көрсеткіш бойынша қауіпті контингентке құрғақ химиялық бөртпе сүзектік вакцинамен активті иммунизация жүргізіледі. Вакцина 0,5 мл мөлшерінде 1 рет енгізіледі.
