- •Психодиагностиканың ғылыми технологиясы, оның пәні мен принциптері.
- •Негізгі ұғымдар.
- •Психодиагностикадағы объективтілік пен тарихы, әдістері.
- •Психодиагностиканың классификациясы.
- •Тест әдістері.
- •Психодиагностика және білім беру
- •Мектеп психодиагностиканың міндеттері
- •2. Қабілет теориялары
- •3.Нышан және қабілет
- •4. Қабілет және тұлға даралығы
- •Дамудағы ауыт – қудын психодиагностикасы
- •3.6.1.Логикалық ойлауды дамыту әдістемесі
- •3.6.2.А.З.Зак ұсынған “Оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау” әдістемесі
- •3.7.Бастауыш сынып оқушыларының біліктілігін анықтауға арналған тестер жинағы
- •Білімді жедел тесттілеу.
- •2.1. Мектеп алды тобындағы балаларды зерттеу міндеттері
- •2.2 Мектеп алды тобындағылардың мектепте оқытуға даярлығын анықтау (1- сыныпқа қабылданғандарды зерттеу)
- •2.3. А.Л. Венгердің « Үлгі мен ереже » әдістемесі
- •2.4. Балалардың мектепке даярлығын есепке алу
- •Тәрбиелеудің психодиагностикасы
- •Мінез-құлықтағы ауытқудың диагностикасы.
- •Кәсіптік консультацияның диагностика.
Мектеп психодиагностиканың міндеттері
Жоспар: 1. Мектепке дайындықтың диагностикасы.
2. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі даму психодиагностикасы.
3. Оқушылардың қабілеттілігін диагностикалау.
Мақсаты: Мектептегі балалардың психологиясын түсіну.
Негізгі ұғымдар: Оқу іс әрекетінің мотивациясы.
Сұрақтар: 1. Мектепке дайындықты диагностикалау әдістері, тест түрлері.
2. Логикалық сұрақтар.
3. Люшердің сегіз түсті тесті.
Әрқандай іс - әрекетке байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет және сол істің тиімдік нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін салаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз алдына, қайталанбас көрінісінен жеке адам қабілеті деп аталады. Адам болғанның бәрі тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұлардың бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі, біріншісі – психологиялық құбылыс емес, екіншісі – баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілеттердің табысты іс - әрекетпен байланыстылығын баса айтумен, тиімді нәтижеге негіз боларлықтай -өзгермелі адам қасиеттерінің шеңберін тарылта қарастыру керек. Қабілетсіздерге қарағанда, қабілетті адам іс - әрекетті тезірек меңгереді, қажетті, мол нәтижеге оңай жетеді. Қабілет өз ішіне әртүрлі психофизикалық қызметтер мен психикалық процестерді ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның барша даму деңгейін қамтыған, әрі оларға тәуелді күрделі бірігім. Адамның сыртқы білім, ептілік, дағды әрекеттерінде көрінгенімен, қабілет табиғаты іс - әрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалық және білім жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кей біреулері арнайы оқып, үйренбей - ақ күрде лі қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер.
Нақты қойылатын білім, ептілік және дағдылар қатарында қабілет адамның жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағаланғаны жөн, яғни қабілет жерге тастаған дәнмен бірдей: қолайлы жағдай болса, өнеді, кері жағдайда көрінбей – ақ жойылады. Осыдан қабілет – білім, ептілік және дағдыларды игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу, аспауы көп жәйттерге тәуелді. Мысалы: балада керемет математикалық қабілет болуы ықтимал, бірақ сол баланың ғұлама – математик боларының кепіпі емес. Арнайы шарттар орындалмаса, қабілет дамымай жатып өшеді. Қоғам қолдамауынан қаншама даналардың болмай жатып, құрдымға кеткеніне кім кінәлі? Ал мектепте «үштік» бағаға әзер ілесіп жүрген Альберт Эйнштейн әлемге әйгілі ғалым – физик болыпты.
Білім, ептілік және дағдылардың игерілуімен олардың қабілетпен тікелей байланысы көріне бастайды, яғни іс - әрекетті игеру барысында қатыса отырып, қабілет одан әрі дамиды, іс - әрекеттке жаңа мазмұнмен сипат береді. Математиканы оқымаған адамның математикалық қабілеті ешқашанда жарыққа шықпайды: оны тек сандарды танып, олармен есеп құрап, мәселе шешу ж.т.б. барысында ғана қалыптастыру мүмкін.
Сонымен, қабілет білім, ептілік және дағдылардың өздерінде көрінбей, танып үйренуге орай нақты әрекетті игеру динамикасында байқалады. І - әрекеттің нәтижесі, орындалу деңгейі мен тәсілдерінің тиімділігі қабілетке тәуелді.
Қорытындылай келе, қабілет түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін (Б.М.Теплов) атайық:
Қабілет – бір адамда екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Барша бірдей тән қасиеттер қабілет бола алмайды.
Қабілет – барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандайда бір немесе бірнеше іс - әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.
Қабілет – нақты адамға тоқталған білім, ептілік және дағдылардың оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.
Қабілет пен іс - әрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер адам іс - әрекетке байланысты талаптарды орындай алмаса, оның қабілетінің жетімсіздігін атап өткен жөн. Мұндай тұлға қажетті білім қорын жинақтап, ептілуіктер мен дағдыларды қалыптастыру үшін талай күш салып, ұзақ уақыт жаттығуы тиіс, ал тәрбиеші – педагогтар оны оқытып, үйрету үшін үлкен шеберлік пайдалануы лазым. Әйгілі режиссер В.Немирович – Данченко «Кім болса, сол режиссер бола алады ма?» деген сұраққа «Әлбетте, әркімде болады,бірақ біреуге ол үшін 3 жыл оқып, тәрбиеленуі қажет, ал екіншіге - 30 жыл, үшіншіге – 300 жыл да аз» - деп жауап беріпті. Сонымен бірге, адам қабілеті уақыт өтумен пайда болып, немесе қандай да қызметке орай қалыптасуы мүмкін.
Көрінген іс - әрекет жеке адам қабілетін дамыта алмайды. Адам тіршілігінің жалпы құрылымына назар аудара отырып қабілет дамуына ықпалсыз, керісінше көрінген қабілет нышандарын тежеп, олардың жойылуына себепші іс -әрекеттер барын байқау қиын емес. Мысалы, ән – күй не шығармашылығы қабілеті бар адам ауыр, қарапайым дене жұмыстарымен шұғұлдануына тура келсе, әрине, кейінгі іс ондағы табиғи қаланған қабілеттердің дамуына оң әсер етуі екіталай.
Жеке түлғаға байланысты дамытушы іс -әрекет жағдайында әңгіме қозғалғанда, алдымен маңызды болуынан төңірегіне адамның барша мүмкіндіктерін жинақтай алатын іс -әрекет ескертілуі қажет. Сондықтан, іс -әрекеттің дамытушылық қасиетін тану үшін, оны жеке адаммен байланыстыра сипаииау керек. Бұл жағынан бүкіл адам өмірімен қабысқан кәсіби қызметтің өзі де иесі үшін аса мәнді де маңызды болмауы мүмкін. Өндірістік тапсырыстармен қызметтік міндеттер адамның шығармашылық мүмкіндіктерімен тұрмыстық бай тәжірибесін толық және жан-жақты ашып бере алмайды.
Іс - әрекет адам қабілетін ұдайы дамыта бермейді, оның себебі – қабілет пен іс - әрекет арасына белгілі сәйкестіктің болмауы. Бұл сәйкессіздіктің мәні: әрқандай қабілет өзіне қалаған іс -әрекет мүмкіндіктерін қамтуынан қай бір жағыннан нақты орындалып жатқан іске қарағанда ауқымды да кең мағыналы. Екінші жағынан, нақты іс -әрекет өзіне қатысты қабілеттен кеңіәрек ьолып, басқада қабілеттерді қажетсінуі мүмкін. Қалыпты адам өзінің дене және ақыл қабілеттерінің он пайызын ғана пайдаланады. «Қолданған және пайдаланбай қалған мүмкіндіктер айырмашылығы – адамның кім болып танылғаны мен әлі де кім болатынының көрсеткіші»(Коупленд П.)
Осыған орай нақта және мүмкін болып екіге бөлінеді. Мүмкін болар қабілеттер нақты әс - әрекеттің қандай да түрінде көріне бермейді, алайда белгілі әлеуметтік жағдайлардыңөзгеруімен қызмет желісіне қосылуы мүмкін. Нақты қабілеттер қатарына жалпы қызмет бабында іске асатыны ғана емес, сонымен бірге дәл бір уақытта және нақты шақтағы әрекетке қажет болғандары да кіреді. Мүмкін болған және нақты қабілеттерді тұлға қабілетінің дамуына ықпал етуші әлеуметтік жағдайлардың жанама көрсеткіші ретінде тануға болады. Себебі қоғамның әр тарихи даму кезеңінде қалыптасқан әлеуметтік жағдайлардан мүмкін болған қабілеттер өрістей түседі не кедергілерден сөніп кетеді, нақты іс жүзінде көрініп не пайдалану сәті болмай қалады.
