Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№ 6 Дәрістер.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
531 Кб
Скачать
☆

Дамудағы ауыт – қудын психодиагностикасы

Жоспар: 1. Даму психологиясы.

2. Жас ерекшелік психологиясы бойынша кризистердің психодиагностикасы.

3. Дамудағы ауытқудың психо - әлеуметтік деңгейін анықтау.

Мақсаты: Мектеп жасындағы балалардың ауытқу мәселелерін анықтау.

Негізгі ұғымдары: Жеткіншектердің ауытқыған мінез – құлығын диагностикалау принциптері.

Сұрақтар: 1. Дезадаптация дегеніміз не?

2. Кризистердің физиологиялық негіздері.

3. Даму сатысындағы физиологиялық жаңа құрылымдар.

4. Ауытқу түрлері, алдын алу жұмыстарын жоспарлау.

Бастауыш сынып оқушыларының ойлау процесі осы жас кезеңінің ішінде екі сатыда жүретінін ескеру қажет.Бірінші сатыда (ол шамамен 1-2 сыныптағылар)балалар ойлау әрекетінде нақтылы заттарға,оның дәл баламаларына, бейнеленулеріне сүйенеді.Ал 3-4 сыныптарда оқушылар ұғымдардың кейбір белгілері арасындағы тектік-түрлік қатынасты,яғни топтастыруды игере алады (мысалы:стол-зат есім), олардың логикалық ойлауы анық көрініс беріп, талдау мен топтастыру,жүйеге келтіру және сол сияқты күрделі оперецияларды жасайды.Осы жас шағындағы балалардың ойлау процессін зерттеуге арналған әдістемелер мол,олардың ішінен балалардың интеллектуалдық дамуына әсері өте үлкен,логикалық мағнасы барларын осы жерде келтіреміз.

3.6.1.Логикалық ойлауды дамыту әдістемесі

Мақсаты:балалардың логикалық ойлын дамыту.

Балалардың таным процестерін дамытуға арналған көптеген графикалық және сөздік жаттығулар жасалған.

Ұсынылып отырған графикалық-сандық тестт.

Орындау ережесі:

1 санынан 19-ға дейін мына шеңберлердің ішіне орналастыру қажет.Әр шеңбердің ішіне бір сан жазылады.Сандардың әр қайсысын бір рет қолдануға болады.Сан қайта қолданылса ол қате болып есептелінеді және жаттығу орындалмайды.

Сандарды дұрыс орналастырғанда қарама-қарсы орналасқан үш шеңбер ішіндегілердің қосындысы 30-ға тең болуға тиіс.Бір санды ортадағы дөңгелек ішіне,ал қалған 18 санды шеңбер бойынша айналасында орналасқан дөңгелектер ішіне жазып шығу керек.Сандарды толық орналастырып болғаннан соң әр диагональ бойында орналасқан үш санды бір-біріне қосып шыққанда олардың қосындысы 30-ға тең болатындай ретін табу керек.

Дұрыс жауабы:Ортадағы шеңберге 10 санын орналастыру керек.Сонан соң,сыртқы шеңберлер ішіне 1 санынан бастап 9-ға дейін ретімен жазып шығамыз.Олардың қарсы тұсында диагональ боиымен орналасқан барлық шеңберлерге сандарды суммасы 30-ға тең болатындай етіп жазып шыққанда тапсырма дұрыс орындалады.

Оқушылардың әрекеттеріне психолог араласпай,өздері шешу жолын дербес табуына мүмкіндік беруі қажет.

3.6.2.А.З.Зак ұсынған “Оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау” әдістемесі

Мақсаты:4 сынып оқушылардың логикалық ойлауының және интеллектуалдық қабілетінің даму деңгейін анықтап оларды дамыту.Бұл әдістеме екі тапсырмадан тұрады.Біріншісі “Анаграммалар”,ал екіншісі“22 есеп”деп аталады.Оларды ретімен орындату нәтижесінде баланың абстракциялық ойлауының орын алуы,шешу жолын білмейтін мәселелерді орындауға қабылдауы теориялық интеллектінің көрініс бере бастағаны зерттелінеді.

1-ші тапсырма.“Анаграммалар” әдістемесі

Мақсаты:Бастауыш сынып оқушыларының ойлау процестерінің даму деңгейін анықтау және олардың интеллектуалдық қабілетін дамыту.

Орындау ережесі:тапсырманы орындату алдын балаларға анаграмма не екенін түсіндіру қажет.Анаграмма дегеніміз сөздегі әріптердің орны ауытырылған,мағнасыз әріпетер жиынтығы.Тапсырманы шешу үшін,әріптердің орнын ауыстыру арқылы таныс сөздер құрылады.Жауапты тапсырма параққа жазып отыру керек.Мысалы:анаграммада “ОЛТС”әріптері берілген.Олардың орнын ауыстыру арқылы “стол” деген сөз құрылады.Келесі анаграммаларды шешу арқылы берілген сөздерді тап.Тапсырмаларды орындау барысында қосымша түсіндірудің ешқандай қажеті жоқ.

Анаграммалар: Дұрыс жауаптары:

1.СЕПЕ 1.ЕСЕП

2.ДӘМЕІ 2.АДЕМІ

3.РАМНА 3.АРМАН

4.АЖДҒАЙА 4.ЖАҒДАЙ

6.РОНЫДҚЫ 5.ОРЫНДЫҚ

5.ИҒАМРТА 6.ҒИМАРАТ

7.АБЫТРЛҚЫ 7.БАТЫРЛЫҚ

8.ЕШЕШДНКІ 8.ШЕШЕНДІК

9.АТСПРЫАМ 9.ТАПСЫРМА

2-ші тапсырма.А.З.Зактың “22 есеп”әдістемесі

Мақсаты:бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауының даму деңгейін анықтау және дамыту.

Балалардың интеллектуалдық қабілетін әкспресс диагностика жасау үшін А.З.Зақтың “22 есеп” әдістемесін қолдануға болады.

Орындау ережесі:оқушыларға 22 есеп жазылған карточкалар таратылып беріледі.Тапсырманы орындату үшін психолог әдістемесін жұмыс жасау тәртібін түсіндіреді.

“Балалар,карточкаға жазылған тапсырма бірнеше есептен тұрады.Осы есептерді оқып алып,жақсылап ойланыңыздар.Олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар, сондықтан шешу шарттарының айырмашылықтары бар.

1-4 есептер өте қарапайым,оларды шешу үшін есептерді жақсылап оқып,мағынасына түсініп,ойланып,оның жауабына тек бір адамның ғана атың жазуларыңыз керек.

5-10 есептерде бір түрлі,мағнасыз әріптер тіркесі,жасанды сөздер қолданылған.Олар 5-6 есептерде көңілді,шапшаң, күшті деген сөздердің мағнасын білдіреді.Бұл есептерді шешу үшін,онда қолданылған жасанды сөздерді кәдімгі,мағнасы түсінікті сөздермен ауыстыру керек.Есептерді шешкенде “ойда” мағнасыз сөздерден кәдімгі сөздер құруға болады.Тек 7-10 есептерде ауыстыратын сөздің орнына адам есімдерін жауап ретінде жазу керек.

11-12есептерде жануарлар туралы мағлұматтар ертегі сияқты,ақиқатқа сай емес нәрселер келтірілген.Бұл есептерді шешкенде жануарлар туралы есеп шартындағы мағлұматтарды және өмір тәжірибеден алған білімді пайдалану керек,алайда есептің шартын ұмытпау қажет.

13-16 есептерде берілгендерді талдау нәтижесінде бір есімді жазу керек.Бұрынғыларға қарағанда қиындатылған 17-18 есептердің жауабына бір немесе екі адамның есімін жазуға болады,ал 21-22 есептерде –олардың бірі қайталанса да,міндетті түрде үш адамның есімін жазып,аталған адамның басқалармен ара-қатынасын көрсетіп беру керек”.

Жабтықтау:22есеп жазылған парақ әр зерттелінушінің қолына беріледі.

Психологқа ескерту:есептер қиындықтарына байланысты үш топқа бөлінеді:

1.1-ден 18-ге дейінгі есептерде 1сұраққа жауап беріледі;

2.19-шы-20-шы есептерде 2 сұраққа дауап беріледі;

3.21,22-ші есептерде 3 сұраққа жауап беріледі.

Есеп шарттарында тек қажетті ақпарат ғана емес,тіптен артық мағлұматтар ,жасанды сөздер,әр түрлі атаулар ,есте қалатын ара-қатынастарының неше түрлері берілген.Сонымен қатар көрші есептегі сұрақтар бір-біріне ұқсамайды.

Тапсырмалар:

1.Қатираға қарағанда Марат көңілді.Қатира Әлияға қарағанда көңілді.Ең көңілді кім?

А)Қатира;Ә)Марат;Б)Әлия.

2.Сәкен Мәдиге қарағанда ауырлау.Әли Сәкенге қарағанда жеңілдеу.Ең жеңілі кім?А)Сәкен;Ә)Мәди;Б)Әли.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]