- •Комплемент жүйесінің құрылысы мен қызметтері
- •Классикалық жол;
- •Альтернативтік жол;
- •Лектинді жол. Комплемент жүйесінің активтену механизмдері
- •Комплемент жүйесінің классикалық жолмен актувтенуі
- •Алғашқы кезеңдері
- •Комплемент жүйесінің биологиялық әсерлері:
- •Комплемент жүйесінің альтернативті жолмен активтенуі
- •Комплемент жүйесін альтернативті жолмен белсенуін шақыратындар:
- •Кезіндегі бактериялардың лизисі
- •Комплемент жүйесінің лектинді жолмен активтенуі
- •Комплемент жүйесінің нәруыздарына рецепторлар
- •Комплемент жүйесінің бұзылыстарына байланысты дамитын аурулар
Классикалық жол;
Альтернативтік жол;
Лектинді жол. Комплемент жүйесінің активтену механизмдері
Қалыпты жағдайда комлемент нәруыздары қан саруында белсенсіз ізашарлар түрінде болады. Олардың микробтармен немесе иммунды кешендермен байланысуы каскадты белсену серпілісіне және белсенді компоненттердің жинақталуына алып келеді. Нәтижесінде ферментативті серпіліс әсерінен, белгілі бір тәртіппен, компоненттердің ыдырауы басталады. Бір серпілістің өнімі келесі кезең үшін фермент түзеді. Активацияның басталуына шағын стимул себепші болады және оның кейбір кезеңдері Са2+ және Mg2+ иондарына тәуелді.
Әрбір компонент белсену кезінде 2 немесе одан көп фрагменттерге ыдырайды. Фрагменттердің біреуі жасуша мембранасындағы рецептормен немесе басқа құрылыммен байланысады, ал екіншісі – келесі компоненттің белсенуін шақырады.
Комплемент жүйесінің белсенуі геометриялық прогрессия заңы бойынша жүреді, яғни белсенудің әрбір кезеңінде көптеген жаңа молекулалар қосылып отырады. Сондықтан тек бір С1 молекуласының белсенуі мыңдаған мембрананы зақымдайтын белсенді С5-9 кешендерінің (лизистік кешендер) түзілуіне алып келеді, олар нысана-жасушалардың мембранасын зақымдайды.
Комплемент жүйесінің классикалық жолмен актувтенуі
Комплемент жүйесінің классикалық жолмен белсенуі арнайы болып келеді, себебі оның басталуы үшін антиденелер қатысуы керек.
Комплементтің классикалық жолмен белсенуі иммунды кешендердің түзілуінен басталады. Бірақ, мұндағы маңызды жағдайдың бірі - иммунды кешендердің құрамында иммуноглобулиндердің белгілі бір кластары мен класашалары кіретін антиденелер болуы тиіс. Адамда оларға IgM, IgG1 және IgG3 жатады.
С1 молекуласы мен антиген-антидене кешенінің байланысуы классикалық жолдың негізі болып табылады. Нәтижесінде комплемент жүйесінің белсенуі басталады. С1 компоненті 3 суббірліктен тұрады: C1q, C1r және C1s. Олар активтенуге дейін қан плазмасында байланыспаған түрде кездеседі. Активация басталу үшін аталған үш суббірлік біртұтас кешен түрінде «жинақталуы», яғни ферментативтік белсенділігі бар С1 молекуласы қалыптасуы керек. Бірақ суббірліктер «жинақталу» үшін келесі жағдайлар керек.
Біріншіден, комплемент жүйесі классикалық жолмен активтену механизмі басталу үшін антиген антиденемен байланысып иммунды кешен түзілу керек.
Иммунды кешендер түзілген жағдайда, иммуноглобулиндердің Fc-фрагменттері ұзындығы қысқаруымен сипатталатын өзгерістер басталады. Мұндай иммуноглобулин молекулаларының конформациялық қайта құрылуының нәтижесінде С1q байланысуы үшін белсенді орталық түзіледі. Аталған орталық СН2 доменінде, иммуноглобулин молекуласының шиыршықты аймағына жақын қалыптасады.
Екіншіден, С1q эффективті байланысу үшін СН2 доменде бір орталықтың болуы жеткіліксіз. Кем дегенде осындай екі орталық және олар бір-бірінен белгілі бір ара қашықтықты болуы тиіс. Бұл ара қашықтық 100Å (1Å=10-8см) артық болмауы керек және ол қашықтықты «критикалық» деп атайды.
Байланысқан С1q молекуласына С1r суббірлігі, одан кейін С1s қосылады. Нәтижесінде эстеразды белсенділігі бар С1 молекуласы түзіледі. Ол комплементтің активтенуінің келесі кезеңдерін іске қосады. Егер антигенмен байланысқан IgG молекуласының Ғс-фрагменттері арасындағы ара қашықтық 100Å артық болса, С1q суббірлігінің эффективті байланысуы болмайды, осының салдарынан комплемент жүйесінің келесі кезеңдерінің активтенуін қамтамасыз ететін С1 молекуласының «жинақталуы» жүзеге аспайды. Бұл жағдай жиірек болуы мүмкін, сондықтан IgG комплемент жүйесінің салыстармалы түрде эффективтілігі төмен активатор.
Сарысулық IgM молекуласының пентамерлік стереохимиясы келесідей: оның көршілес мономерлік суббірліктері бір-бірінен «критикалық» ара қашықтықта орналасқан, яғни IgM молекуласының құрылымының өзі С1q эффективті байланысуын қамтамасыз етеді. Сондықтан IgM барлық иммуноглобулиндердің ішінде комплемент жүйесін классикалық жолмен активтейтін ең қуатты активатор болып табылады.
Активтенген С1 молекуласы жасуша мембранасындағы сәйкес орталықтармен байланысады және С4 пен С2 молекулаларының активтенуі мен ыдырауын шақыратын каталитикалық орталық қызметін атқарады. С4 компоненті 2 фрагментке ыдырайды: С4а және С4b. С2 компоненті де С2а және С2b фрагменттеріне ыдырайды (10-шы сурет).
С2 және С4 молекулаларының әрбір жұбы ыдырған жағдайда түзілген С4а мен 2b сұйық фазаға өтеді, ал қалған С4b мен С2а фрагменттері С4-2 кешенін түзеді. Ол кешен С1 молекуласынан босайды да жасуша мембранасымен байланысады. Ал босаған С1 келесі С4 пен С2 молекулаларын ыдыратады. Осылайша әсер үдей түседі.
10-шы сурет. Комплементтің классикалық жолмен белсенуінің
