Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4-ші тарау. Комплемент жүйесінің туа біткен жән...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
187 Кб
Скачать
☆

Комплемент жүйесінің нәруыздарына рецепторлар

Комплемент компоненттерінің фрагменттері және кейбір басқа бос компоненттер, сонымен қатар бактериялардың, вирустардың, саңрауқұлақтардың және организмнің меншікті жасушаларының бетіне бекітілген фрагменттер, иммунды кешендердің құрамындағы фрагменттер көптеген жасуша түрлерінде кездесетін комплементке арналған жасушалық мембраналық рецепторлармен байланысады. Ең маңыздысы, жасушаларға комплементтің нативті компоненттері емес, олардың әртүрлі функционалдық қасиеттері бар ыдыраған фрагменттері тіркеледі. Комплементтің белсенуі кезіндегі компоненттердің ыдырауы босаған фрагментерде сәйкес рецепторлармен байланысатын аймақтардың түзілуіне әкеледі.

Комплемент компоненттерінің фрагменттеріне арналған рецепторлар екі тұқымдастықтағы нәруыздарға жатады: комплементтің белсенуін реттегіштер тұқымдастығы (RCA – regulators of complement activation) және β2-интегриндер тұқымдастығы.

CR1 (CD35). Молекулалық салмағы 160-250 кД. Рецептор С3b, С4b, iС3b фрагменттерін байланыстырады, макрофагтарда, нейтрофилдерде, В-лимфоциттерде, фолликулярлы дендритті жасушаларда және эритроциттерде кеңінен таралған. Жұқпадан кейін қанда көп мөлшерде ерігіш иммунды кешендер жинақталады. Олардың айналымда болуы қан тамырларының қабырғасы үшін қолайсыз. Комплементтің белсенді С4b және С3b компоненттері ковалентті түрде ерігіш иммунды кешендермен байланысады және CR1 арқылы оларды эритроциттерге тіркейді. Эритроциттер, ал олар өз кезегінде иммунды кешендерді бауыр мен көкбауырдағы макрофагтарға алып келеді. Макрофаг эритроцитті зақымдамай, оның бетіндегі иммунды кешенді «шешіп» алады. Осылайша қанның иммунды кешендерден тазаруы қамтамасыз етіледі.

С3b мен С4b фрагменттерінің CR1 байланысуы нейтрофилдер мен моноциттердің иммунды кешендерді жұтуын ынталандырады.

CR2 (CD21). Бұл рецептор көбіне В-лимфоциттер мен фолликулярлы дендритті жасушаларда кездеседі. В-лимфоциттерде CR2 рецепторы Эпштейн-Барр вирусы үшін лиганда қызметін атқарады.

CR3 және CR4. Рецептордың екі түрі де мононуклеарлы фагоцитертерде, фолликулярлы және басқа да дендритті жасушаларда, сонымен қатар NK-жасушаларында кездеседі. CR4 көбіне тіндік макрофагтарда экспрессияланған, ал CR3 - эпителиалды жасушаларда. Екі рецептор де фагоцитозды ынталандырады, CR3 жасушалардың иммундық жабысуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, екі рецептор адгезия молекуласы қызметін атқарады және ICAM-1 мен ICAM-2 сәйкес лигандаларымен байланысады. Бұл жағдай фагоциттердің миграция мен адгезия үрдістерін қамтамасыз ету үшін керек.

Сонымен, комплемент нәруыздарына арналған жасушалық мембраналық рецепторлар комплемент жүйесінің иммундық үрдістерде көптеген эффекторлық қызметтерінің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Олар: фагоциттердің опсонизациясы, иммунды кешендердің элиминациясы, антигентаныстырушы жасушалармен иммунды кешен түріндегі антигендерді ұстау, В-лимфоциттердің белсенуі және апоптозға ұшыраған жасушалардың элиминациясы.

Сондай-ақ, В-лимфоциттердің бірқатар қызметтері комплементтің рецепторлармен байланысты. Мәселен, құрамында С3 компоненті бар иммунды кешендер В-лимфоциттерге CR3 рецепторы арқылы әсер етеді және олардың өсуі мен белсенуін ынталандырады. В-лимфоцитердегі комплементке арналған рецептор осы жасушалардың белсенуі, антигендерді ұстауы, лимфа түйіндерінде ұрықтық орталықтардың қалыптасуы, сонымен қатар В-зерде жасушаларының сақталуы үшін керек. Тимустәуелді антигендерге қарсы иммунды жауап үрдісі кезінде В-лимфоциттерде осы рецепторлардың болуы оларды апоптоздан қорғайды.