- •Вакциналардың негiзгi түрлерi Вакцина түрiндегi өлi микроорганизмдер
- •Тiрi аттенуацияланған вакциналар
- •Поливаленттi (ассоциацияланған) вакциналар
- •Негiзгi иммунизациялаушы компонент ретiнде құрамында бактериялар мен вирустардың фрагменттерi (негiзiнен олардың қабықтары) бар вакциналар
- •Жасанды вакциналар
- •Вакциналарды молекулалы клондау әдiсiмен алу (рекомбинантты вакциналар)
- •Генетикалық вакциналар (днқ-вакциналар)
- •Тағамдық вакциналар
- •Антиидиотиптiк вакциналар
- •Табиғатта аналогы жоқ жасанды иммунизациялаушы молекулалар
- •Вакцинация кезiнде дамитын асқынулар
- •Классикалық және замануи вакцинды адъюванттар
- •Адъюванттардың негізгі топтары
- •Алюминий туындылары негізіндегі адъюванттар
- •Бактериалды табиғаттағы адъюванттар
- •Жаңа ұрпақтағы адъюванттар
- •Иммунды ынталандырушы кешендер
- •Адъюванттар ретіндегі цитокиндер
- •Адъюванттардың басқа топтары
Поливаленттi (ассоциацияланған) вакциналар
Поливаленттi вакциналар – дегенiмiз бiрнеше қоздырғыштың иммунизациялаушы компонентерiнiң немесе бiр қоздырғыштың әртүрлi серологиялық түрiнiң қоспасы. Мысалы, АКДС – көк жөтел, күл және сiреспеге қарсы ассоциацияланған вакцина. Оның құрамына өлтiрiлген көк жөтел қоздырғышы және екi нәруыз-анатоксин (күл және сiреспе) кiредi. Анатоксин – дегенiмiз формалинмен инактивацияланған, бiрақ бактериалдық токсиндердiң антигендiгiн сақтап қалған токсиндер. Мұндай анатоксиндермен иммунизация жүргiзгенде протективтi антиденелер түзiледi. Олар белсендi орталықпен стереохимиялық байланысу нәтижесінде токсинды бейтараптайды және фагоциттермен токсиндердiң жұтылуын ынталандырады. Әдетте енгiзу алдында анатоксиндi адъювант қызметiн атқаратын алюминий гидроокисiмен адсорбциялайды. АКДС вакцинасында көк жөтелдiң өлi қозырғышы адъювант қызметiн атқарады.
Негiзгi иммунизациялаушы компонент ретiнде құрамында бактериялар мен вирустардың фрагменттерi (негiзiнен олардың қабықтары) бар вакциналар
Бұл мақсатта бактериялардың капсулалық полисахаридтерiн қолданады, олар менингококкты, пневмококкты және гемофилдi жұқпаларға қарсы антиденелердiң түзілуін эффективтi шақырады. Бұл антигендердi иммуногендi нәруызды тасымалдаушымен конъюгациялайды, себебi бұл полисахаридтер өздiгiнен Т-хелперлердi ынталандырмайды, сондықтан жеткiлiктi түрде зерде жасушаларының түзiлуiн шақырмайды.
Осы түрдегi вакцинаның басқа мысалына вирус суббiрлiктерiнiң вакциналары, мысалы, тұмау мен В гепатитi вирустарының беткей антигенi бар вакциналар жатады. Аталған вакциналар өте тиімді, бiрақ дайындау технологиясы күрделi болғандықтан қымбат.
Тырысқақтың алдын алу үшiн вакцинаны тырысқақ токсинiнiң В-суббiрлiгiн өлi вибриондармен бiрiктiру арқылы дайындайды. Бұл вакцинаны пероралды жолмен енгiзгенде, iшектiң шырышты қабатында антиденелер, қоздырғыштың әсерінен болғандай эфффективтi түрде түзіледі.
Пневмококтың бірнеше штамдарынан алынған капсулярлы полисахаридтерге негізделген вакциналарды ересек адамдарда қолданудың эффективтілігі ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап белгілі. Бүгінгі күні АҚШ-та пневмококктың 100 серотипі ішінде тек 25 серотипі ғана аурудың 95% шақыратыны белгілі болғаннан кейін ғана құрамында 23 антигендік ерекшелік бар пневмококкты вакцинаны дайындау басталды. Бұл вакцина қартайған адамдарға (жасы 60-тан асқан қарттар үшін) арналған. Басқа да H. Influenzae и Neisseria meningitides қарсы екі суббірлікті вакциналар бар. Олар барлық жас топтарында тиімді, тек 2 жасқа жетпеген балаларда қолданбайды.
Қабығы бар вирустарды, мысалы, тұмау вирусы, липидті еріткіштер немесе детергенттер көмегімен ыдыратуға болады. Мұндай препараттарды «ыдыратылғанған» вакцина түрінде қолдануға болады, бірақ кейіннен олардан беткей антигендерін бөліп алып, алынған препараттарды суббірлікті вакцина мақсатында қолданады. Олардың негізгі артықшылығы – тұтас вирусты вакциналараға қарағанда реактогенділігінің төмен болуы, бірақ жасушалық иммундық жауапты әлсіз шақырады.
Вакцинация тарихындағы жетістіктің бірі вирусты В гепатитімен ауыратын науқастардың қан плазмасынан сол вирустың беткей антигенін бөліп алу. Қауіпсіз вакцина алу үшін оны тазартады және стерилизациялайды. Бірнеше ай ішінде адъювантпен біріктірілген вакцинаны үш немесе төрт рет енгізу нәтижесінде 80% астам жағдайда иммундық жауаптың қалыптасуын қамтамасыз етеді.
