- •Вакциналардың негiзгi түрлерi Вакцина түрiндегi өлi микроорганизмдер
- •Тiрi аттенуацияланған вакциналар
- •Поливаленттi (ассоциацияланған) вакциналар
- •Негiзгi иммунизациялаушы компонент ретiнде құрамында бактериялар мен вирустардың фрагменттерi (негiзiнен олардың қабықтары) бар вакциналар
- •Жасанды вакциналар
- •Вакциналарды молекулалы клондау әдiсiмен алу (рекомбинантты вакциналар)
- •Генетикалық вакциналар (днқ-вакциналар)
- •Тағамдық вакциналар
- •Антиидиотиптiк вакциналар
- •Табиғатта аналогы жоқ жасанды иммунизациялаушы молекулалар
- •Вакцинация кезiнде дамитын асқынулар
- •Классикалық және замануи вакцинды адъюванттар
- •Адъюванттардың негізгі топтары
- •Алюминий туындылары негізіндегі адъюванттар
- •Бактериалды табиғаттағы адъюванттар
- •Жаңа ұрпақтағы адъюванттар
- •Иммунды ынталандырушы кешендер
- •Адъюванттар ретіндегі цитокиндер
- •Адъюванттардың басқа топтары
Адъюванттардың негізгі топтары
Адъюванттардың келесі негізгі топтары ажыратылады:
минералды қосылыстар (алюминий мен кальций туындылары);
су-майлы және май-сулы эмульсиялар мен сурфактанттар;
микробты туындылар;
микробөлек түріндегі адъюванттар (липосомалар, виросомалар, протеинді мицелаллар);
адъювантты кешендер;
эндогенді иммунды модуляторлар және оларды қадағалайтын гендер (цитоциндер мен хемокиндер және оларды қадағалайтын гендер).
Алюминий туындылары негізіндегі адъюванттар
Бұл көптеген профилактикалық классикалық вакциналарда қолданатын адъюванттар. Олар антигенннің баяу босауын қамтамасыз етеді және антигеннің АТЖ және лимфоциттермен әрекеттесу уақытын ұзартады. Бүгінде алюминий гидроксиді негізіндегі арнайы препарат – Alhydrogel қолданады, ол қауіпсіз, әрі жақсы стандартталған.
Алюминий туындылары негізіндегі препарттар бірқатар антигендерге қарсы антидене түзілуін жеткілікті түрде ынталандырады, бірақ, цитотоксикалық лимфоциттердің түзілуін ынталандыра алмайды. Бұл типтегі адъюванттарды бұлшық етке енгізу жанама әсерлерді шақырмайды, тек енгізген жерде әлсіз ауру сезімі дамиды, сирек жағдайда гранулемелар түзілуі мүмкін. Теріастына немесе теріішілік енгізу кезінде гранулемалардың түзілу қауіпі күрт жоғарылайды.
Алюминий туындылары негізіндегі адъюванттар кейбір адамдарда эозинофилия және IgE синтезін жоғарлатуы мүмкін, оның салдарынан вакцинды аллергия мен анафилаксиялар даму қауіпі жоғарлайды. Мұндай ынталандыру механизмі толық әлі белгілі емес. Осы топтағы адъюванттар созылмалы қабыну синдромын шақыруы мүмкін, оны макрофагалды миофасцит деп атайды. Симптомдарына миалгия, арталгия, астения, бұлшық еттердің әлсізденуі және қызба кіреді. Қабыну ошақтарында макрофагалды инфильтрация және алюминий гидроксидінің жинақталуы анықталған. Бұл синдром алғаш рет 1993 жылы белгілі болған, одан бері көптеген елдерде 200 артық асқынулар тіркелді. Кейбір науқастарда, тіпті неврологиялық бұзылыстар дамыған. Тышқандардағы тәжірибелер кезінде, алюминий гидроксиді немесе фосфаты бар вакцинаны итраперитонеалды енгізгенде, бір тәулік ішінде ми тіндерінде алюминий мөлшерінің жоғарлағаны анықталды. Бұл алюминийдің трансферритинмен байлынысып, арнайы трансферритин рецепторлары көмегімен миға тасымалдану арқылы жүзеге асады. Тәжірибеде, тіпті құрамында алюминий бар вакциналарды енгізген жерлерде ісіктердің дамитыны көрсетілген. Кейде бұл ісіктер алюминимен қосылған лимфоциттер және макрофагтармен қоршалады, сондықтан макрофагалды миофасцит көріністеріне ұқсайды. Мұндай персистенцияланған қабыну үрдісі мен иммунологиялық серпілістер дәнекер тінінің реапрация үрдістерінің бұзылыстарына әкеледі, нәтижесінде неоплазиялар дамуы мүмкін.
Май-сулы және су-майлы эмульсиялар
Бұл топтағы адъюванттарға Монтанид, Адъювант 65 (Ad 65), Липовит, MF59, Drаcеol (ISA-51), ISA-720, SBAS-2, CFA35, ASO3 және басқалары жатады.
Май бөлшектерімен суда түзілген эмульсиялар инъекйия енгізген жерде антиген депосын түзеді. Одан вакцинді антиген баяу, үнемі және ұзақ уақыт бөлініп тұрады. Судағы май бөлшектері күшті қабыну алды агенттері (ирританттар), сондықтан жергілікті қабынуды шақырады. Ол қабыну ошағына макрофагтарды шақыратын хемотаксис белгілерінің белсенуімен жүреді. Антигенмен біріккен май тамшылары макрофагтармен жұтылады, лимфа түйініне тасымалданады. Мұнда вакцинды антигенге қарсы антидене синтезін ынталандырады және Т-жасушалық адаптивті иммунды жауаптың дамуына ықпал етеді. Регинарлы лимфа түйіндерінде басталған бұл үрдіс алыс орналасқан лимфа түйіндері мен көк бауырға таралады, оларда антидене түзілетін жаңа ошақтар түзіледі.
Май-сулы эмульсиялардың адъюванттық әсері күшті, бірақ, реактогендігі жоғары. Олар жергілікті қабыну мен күшті ауру сезім шақырады. Инъекция енгізген жерде жоғары сезімталдықтың баяу түрі бойынша серпіліс дамиды, атап айтсақ нодулдар, цисталар және стерилді абсцесстер түзіледі, оларды хирургиялық жолмен алып тастау керек. Осы себептен бұл типтегі вакциналарды қолдану шектелген, сондықтан көбіне ветеринарияда қолданады, ал адамдар үшін ісікке қарсы вакцина мен АИВ-ға қарсы терапиялық вакциналарды құрастырғанда қолданады.
Фрейнд адъюванты май-сулы эмульсияның классикалық мысалы болады. Оның құрамына минералды майлар (Фрейндтің толық емес адъюванты) және туберкулез микобактериясы (Фрейндтің толық адъюванты) кіреді. Фрейндтің толық адъюванты комплемент-белсендіруші антиденелер қарқынды түзілуін және жасушалық типтегі адаптивті иммунды жауапты ынталандырады. Бірақ, реактогендігі жоғары болғандықтан тек қана жануарларға арналған вакциналарда қолданады.
