Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4-ші тарау. Вакцина және вакцинды профилактика.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
201 Кб
Скачать
☆

Тағамдық вакциналар

Генетикалық модификацияға ұшыраған өсiмдiктерді тағамдық вакциналар деп атайды және олардың құрамына патогендердiң антигендi пептидтерiн қадағалайтын гендер енгiзiледі. Осындай өсiмдiктердi тағаммен қолданғанда патогендерге қарсы вакцинация болады.

XX ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында БДҰ күшiмен жер шарының 80% балалары өте маңызды алты қоздырғышқа қарсы вакцинамен (күл, қызылша, көк жөтел, полиомиелит, сiреспе және туберкулез) қамтамасыз етiлдi (ол көрсеткiш 70-шi жылдары 5% болған). Егілмеген 20% балалар (ол шамамен екi миллион) осы жұқпалардан өлген, негiзiнен ол аз дамыған елдерде кездеседі.

Трансгендi картоп, томат, жүгері, банан негiзiнде дайындалған тағамдық вакциналар арқасында вакцинаның бағасы төмендейді, сонымен қатар олардың ұзақ мерзiмге дейiн сақталуына ықпал етедi, вакцинация үрдісін жеңiлдетедi және осы вакциналарды кез-келген уақытта, керектi мөлшерде дайындауға мүмкiншiлiк бередi.

Тағамдық вакциналарды дайындау жолдарының бiрi – бактериалды плазмидаға жұқпалы қоздырғышының антигенді пептидiн қадағалайтын гендi енгiзу. Сосын өсiмдiк жасушасына аталған плазмиданы енгiзедi. Нәтижесiнде антигендi пептидтi қадағалайтын ген өсiмдiк жасушасының ДНҚ орналасады. Осындай жолмен алынған жасушадан өсiмдiк өсiредi, ал оның барлық жасушалары берiлген антигендi пептидтi өндіреді және жинақтайды. Осы өсiмдiктен алынған тұқымдар да генетикалық модификацияға ұшыраған, сондықтан осы тұқымдардан алынған өсiмдiктер де жоғарыда аталғандай антигендi пептидтердi өндіреді.

Қазiргi кезде тырысқақ вибриондарына және диареяны шақыратын E. coli мен ротавирусқа қарсы тағамдық вакциналар сынақтан өтуде. Оларды банан, картоп және томат негiзiнде дайындайды.

Сондай-ақ темекiнiң трансгендi өсiмдiгi алынған, оның құрамында В гепатитi вирусының антигендi пептидтерiн қадағалайтын гендер енгiзiлген. Осы пептидтер трансгендi өсiмдiктерден алынады және В гепатитiне қарсы вакцина түрiнде қолдануда. 1997 жылдан бастап аталған вакциналар клиникалық сынақтан өтуде.

Қазiргi кезде күрiш, бидай, сәбiз, бұршақ, салат және соя негiздерiнде тағамдық вакциналар дайындалуда. Мұндай вакциналарды, яғни бананды немесе жемiс-жидектерден тұратын салатты қабылдаған ана ағзасы бiрқатар қоздырғыштарға қарсы антиденелердi өндіре бастайды және ол антиденелер ана ағзасын жұқпадан қорғайды, сондай-ақ плацента арқылы өтiп осы жұқпалардан нәрестенi де қорғайды деп ғалымдар үмiттенеді.

Антиидиотиптiк вакциналар

Вирустаға қарсы вакциналарды дайындағанда кез-келген түрдегi табиғи вирусты материалды қолдануға болмайды деген пiкiрлер айтылуда. Себебi, бұл жағдайда нуклеотидтер ретсіз орналасуы мүмкін. ЖИТС-ке қарсы вакцинаға қойылатын талаптар тiзiмiн анықтаған БДҰ сарапшылары осы жағдайға аса көңiл бөлуде.

Бұл қиындықтардан шығу үшiн антиидиотиптiк вакциналарды дайындау ұсынылған. Аталған вакцинаны дайындау барысында антигендiк материал ретiнде антигеннiң кеңiстiктегi құрылысын имитациялайтын антиидиотиптiк антиденелер қолданады.

Осындай принцип бойынша В гепатитiне қарсы вакцина дайындалды. Ол В вирусты гепатитi антигенiнiң бiрқатар беткей эпитоптарына арналған моноклонды антиидиотиптi антиденелер негізінде дайындалады. Аталған вакцинаны эксперименталды түрде шимпанзелерге қойғанда, оның В гепатитiнен қорғау тиімділігі жоғары екендiгi анықталды. Қазiргi кезде паразитарлық жұқпаларға қарсы антиидиотиптiк вакциналар дайындалуда.