- •Ежелгі Түрік қағанаты (552-603 жылдар).
- •4 Таттар (қүлдар)
- •16 Жылға созылған (640-657 жылдар) тайпааралык соғыстардың кағанатты әлсіретуінің салдарынан, Таң империясы Жетісуды басып алды (659 ж.).
- •Қарлүқ қағанаты (756-940 жылдар)
- •Оғыздар мемлекеті
- •Қимақ кагандыгы
- •Қарахан мемлекеті
- •Қарақытайлар
- •Наймандар мен керейттер
- •Монғол мемлекетінің саяси тарихы. А) Монғол тарихы.
- •Монгол шапқыншылыгы.
- •Монғол үлыстары.
- •Монғол шапқыншылығының зардаптары.
- •Моғолстан
- •Әмір Темір жорықтары.
- •XIV ғ. Темір империясы - Қазақстан мен Орта Азиядағы ірі мемлекет.
- •Ноғай Ордасы.
- •Орта ғасырлардағы Қазақстан
- •1726 Жылы Ордабасында үш жүздің игі жақсыларының басын қосқан ұлы жиын болды.
- •Қазақ халқыныц қалыптасуы.
- •XV ғасырдың екінші жартысы - XVI ғасырда негізгі этникалық топтардың қазақ халқына жэне олар орналасқан аумактың Қазақ хандығына бірігуі, түтас халык болып қалыптасудың аяқталуын тездетті.
- •Ә) "Қазақ" этнонимініц шығуы.
- •Абылай ханның тұсында Қазақ хандығы
- •Материалдық мәдениеті.
- •Тоннын түрлері:
- •Мәдениеті.
- •Үйсіндер.
- •Ә) Археологиялық ескерткіштері.
- •Б) Шаруашылығы. Діні.
- •Кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан
- •А) Шаруашылығы.
Қарақытайлар
X ғасырда Орталык Азияның кәптеген аудандарында саяси үстемдікке Қытай билеушілерінің күш-қуатын талқандаған көшпелі қидан
тайпала-рының кәсемдері ие болды. Қарақытай - моңғол тілді қидандардың орта ғасырлық шығыс авторлары жазбаларындағы атауы. Тарихи деректерде олар V ғасырдың екінші жартысынан бастап кездеседі. Олар бұл кезде Қытайдың солтүстігіндегі Маньчжурия мен Уссури өлкесін мекендеген. X ғасырдың алғашқы ширегінен бастап Тынық мұхиттан Алтайға дейінгі жерлер қидавдардың қол астында болды. Қидандар мемлекеті бұл кезде Ляо империясы деген атпен белгілі болатын.
XI ғасырдың соңы мен XII ғасырдың басывдағы әлеуметгік кайшылық- тар мен билік топтары арасындағы қырқысулар Ляо мемлекетін әлсіретті. 1125 жылы қытайлық Сунь мемлекеті мен чжурчжевдер бірігіп қидавдар- ды талкандайды. Қидавдардың бір бөлігі чжурчжендерге бағынса, бір бөлігі Батысқа карай көшеді. Олар көп ұзамай Жегісудың едәуір бөлігін өздеріне қаратады. Түркі халықгарымен араласып кеткен олар жергілікті халык арасывда «карақытайлар» деп аталды.
1125 жылы Қарахан әулеті оған бағынышты тайпалар арасывдағы ала-уыздықты тиімді пайдаланған карақытайлар Қарахан мемлекетінің ішкі істеріне араласа бастайды. 1128 жылы қарақытайлар көсемі Елу Даши Ба-ласағүвды басып алып, Жетісуда өз мемлекетін орнықтырады. Олар 1137 жылы Ходжентті, 1141 жылы Самарқанды жаулап, бүкіл Мауереннахр жерін өзіне
бағындырады.
Қидан мемлекетінің басшысы гүрхан деп аталды. Баласағұн мемлекеттің астанасына айналды. Қарақытайлардын ұстанған діні буддизм болғанымен олар әз діндерін жергілікті халыққа күштеп таңбады және ислам дініне араласпады.
1210 жылы Орта Азия билеушісі Мұхаммед Хорезмшах Талас маңывда қарақытайларды жевді. 1212 жылы Қашқар маңывда карақытайлардың ең соңғы гурханы Чжилугу қолға түсіп, дарға асып әлтірілді. Мемлекетгі бас-қаруда тәртіп күшті болмады, сондықтан да қарақытайлар мемлекеті XII ғасырдың басында әлсіреп, оларды Шыңғыс хан әскерлерінен ығысқан наймавдар жаулап алды
Наймандар мен керейттер
Наймавдар мен керейттердің шығу тегі мен ертедегі тарихы өте күрделі мәселе. Ғалымдардың көпшілігі оларды түрік тілдес халықтар десе, кейбіреулері моңғол тілдес халықтар дейді. Бұл мәселеде ғалымдар бір тоқтамға келген жоқ. Сегізоғыз атанған найман тайпалары VIII ғасырдың ортасында Жоғарғы Ертіс пен Орхон өзендерініңаралығын мекендеген. Ал керейттер наймандардың шығысында Селенга өзені мен Халкин-Гол аймағывда өмір сүрген. XII ғасырдың екінші жартысывда Тоғрылхан тұсын-да керейттер ұлысы күшейе түседі.
Керейттер мен наймандардың мемлекеттік құрылымы берік болмады, үнемі көшпелі өмір сүрген бұл тайпалардың мемлекеттік құрылымы Ұлыс деп аталды. Әрбір ұлыс белгілі бір аумақты иеленді. Ұлыстың жо-ғарғы билеушісі хан деп аталды. Үлыс әскері овдыққа, жүздікке, мындыққа және түменге бөлінді. XII ғасырда найман ұлысында іс жүргізу қызметі де бол-ды, ол ұйғыр жазуымен жүргізілді. Керейттер мен наймандар негізінен нестриовдық бағыттағы христиан дінін ұстанды.
Наймавдар мен керейттер кешпелі мал шаруашылығымен айналысты. Жьшқы олардың басты байлығы болып есептелді. Наймандар мен керейт-тер сонымен бірге аң аулауды және балық аулауды да кәсіп етті. Бірақ бұл кәсіптер қосымша маңызға ие болды. Наймандар мен керейттер оңай жи-налып және оңай кұрылатын киізбен жабылатын күркелерде тұрды.
XII ғасырдың аяғы мен XIII ғасырдың басында наймандар мен керейт-тер Шыңғыс хан әскерлерінің шабуылынан ығысып, Орталық Азиядан Қазақстан аумағына көшті. Күшлік хан бастаған наймавдар Алтай мен Ертіс бойына, ал 1206 жылы Алтайдан Жетісуға қоныставды. Бұл кезде Қарахан мемлекетінің билеушілері өзара соғысып жатқан еді. Осыны пайдаланған Күшлік хан қарахавдарды талқавдап Жетісуда өз билігін орнатады. Мұсыл-ман дінін ұстанушыларды кудалағандықтан Күшлік ханға қарсы жергілікті халықгың наразылығы күшейді. Бірак 1218 жылы Шыңғыс хан әскерлерінен жеңілген найманДар Қазақстанның ішкі аймақтарына ығысады. Орталық Азия түкпіріне қашкан Күшлік хан кейіннен ұсталып өлтірілді.
Жібек жолының багыттары. Ұлы Жібек жолы туралы алғашқы мэліметті будда діндары Сюань-Цзяннің қолжазбаларынан білеміз (629-630 жылдар).Б.зЗІ 111—11 . ғасырлар - жібек жолымен алғашқы сауда баиланысы жасалған.¥лы Жібек жолы - Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі (үзындығы 7 мың шакырымнан астам). Бүл жол Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды:Лазурит жолы: Бадахшан тауы-Иран-Месопотамия -Мысыр-Сирия-Қытай. Нефрит жолы: Жаркентдария-Шығыс Тұркістан-Қытай.Дала жолы (б.з.б. 1 мыңжылдықтың ортасы): Қара теңіз жағалауы-Дон-Оңтүстік Орал-Ертіс, Алтай - Зайсан көлі (Геродот дерегі).Қазакстан жеріндегі ¥лыЖібек жолының негізгі бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, 4 тармаққа бөлінді:
Батыстан шығысқа бағытталатын жол.
Іле бағыты. Еуропа бағыты.
Орталық жэне Шығыс Қазақстан бағыты.
¥лы Жібек жолының УІ-УІІ ғ.ғ. ең гүлденген бағыты -Қытайдан Жетісу жэне Оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа баратын жол.
¥лы Жібек жолы бойындағы қалалар: Қүлан қаласы - (қытайша Цзюйлень)
қазіргі Луговое селосының орны.
Іленің оң жағалауында қазіргі Көктал поселкесінің орнында Ілебалық қаласы болған.
Іле аңғарындағы үлкен кала - Екіоғыз (Эквиус) қазіргі Дунгановка селосының орны. Вильгельм Рубрук бұл қалада ирандық көпестердің сауда орындары болғанын айтады (1253 ж.).
Сырдарияны бойлай жүретін керуен жолындағы ең ірі қалалар - Отырар мен Шауғар. Отырар- көптеген керуен жолдары түйісетін қала. Шауғар (Қара тау) VIII ғ. деректерінен белгілі.
Орталық жэне Шығыс Қазақстан бағытындағы "Хан жолы" деп аталатын соқпақ бағыты: Тараз қаласы-Талас өзені-Мойынқұм, Бетпакдала- Атасу өзені.
Тауар тасымалы.
Саудадағы басты тауар - жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төлеген. ¥лы Жібек жолымен алғашкыда Қытайдың жібегі Батыс елдеріне жеткізілген. Кейін бұл жол арқылы Үндістан, Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды.
¥лы Жібек жолы арқылы тасылатын тауарлар: жасмин суы, мускат жаңғағы, женьшень, питонның өті, пілдер, мүйіз түмсықтар, арыстандар, арғымактар, түйелер, тотықүстар, сұңқарлар т.б.
Мәдениет пен діннін таралуы.
Ортағасырлық Азияда элемнің төрт патшалығы туралы түжырым болды:
Пілдер патшалығы немесе Үнді философиясы мен гылымының дамуы мен даналық патшалығы - Үндістан.
Бағалы тастар патшалығы немесе аңдар мен ерлер патшалығы - Иран мен Византия. Сәйгүліктер патшалығы немесе жыртқыш аңдар патшалығы - Түрік қағанаты.
Адамдар патшалығы немесе мемлекеттік басқару және өнеркәсіп патшалығы - Қытай.
Бүл түжырым Самарқан төңірегіндегі Кушаниядағы сарайдың қабырғасына салынған суреттерден байқалады.
¥лы Жібек жолы арқылы эн мен би өнері, эдебиет туындылары тараған. Қытайда көп тараған Шығыс Түркістан мен Қазақстанның эуендері болды. Византияда түрік
акробаттарының өнері көрсетілген. Бағдатта наурыз мерекесінде халифтың алдында маскалы ойын-сауык өткізілген. Сырдариядағы Кедер қаласынан Х-ХІ ғасырларға жататын саздан жасалған маска табылды.
¥лы Жібек жолының бойымен дін таралды.
