Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих 1 рубежка .doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286 Кб
Скачать
☆

Моғолстан

XIV ғасырдың ортасында Шағатай үлысының ыдырауына байланысты Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан жерінде жаңа көшпелі мем-лекет пайда болды. Моғолстан деп аталған бүл жаңа мемлекеттің аумағы Мырза Мұхаммед Хайдардың «Тарих-и-Рашиди» шығармалары бойынша шығысында Ертіс өзенінен солтүстігінде Балкаш, Қараталға, батысында Түркістан, Ташкентке дейін, ал оңтүстігінде Ферғана, Қашқар, Ақсумен шектеседі.

Жетісудағы ең қуатты түрік тайпаларының бірі болып саналатын ду-латтайпасы көсемдерінің колдауымен 1348 жылы Шағатай үрпағы 18 жас-тағы ТоғылыкТемір Моғолстанның алгашқы ханы болып сайланады. Ду-латтайпаларының көсемі Поладшы өздерінін ыкпалындағы адамды хан тағына тағайындай отырып, дулат ақсүйектерінің ел ішіңдегі ыкпалын күшейтуге үмтылумен қатар өз иеліктерін Ферғана мен Мауераннахр та-рапынан болатын шапқыншылықтан қорғауға және көрші елдердің ісіне араласуға да тырысты. Бір жарым ғасырдай уақыт өмір сүрген Моғолстан мемлекетінің шекарасы үнемі езгеріп отырды.

Тоғылық Темір билігі кезінде мемлекет құрамына Жетісу бойы мен Шығыс Түркістанныңбір белігі кірді. Кейініректе Шығыс Түркістан Темір ұрпағының мемлекетіне және Моғолстан хандарының қол астына алма кезек ауысып отырды. Ал XV ғасырдың 80-жылдарында Моғолстан құра-мына Ташкент пен Сайрам енді, XVI ғасырдың басында, яғни Моғолстан-ның ыдырау кезінде оның құрамында тек Кдшқария ғана калды. «Моғол­стан» тарихи-географиялық атауы «моғол» терминінен шыққан. Өйткені «моңғол» сөзі сол кездегі жазба деректерде «моғол» деп жазылып, «моғол» деп айтылатын болған. XIV ғасырдың әзінде-ақбүнда келген моңғол рула-ры мен тайпалары жергілікті халыкпен сіңісіп түріктеніп кеткен еді. Әйгілі тарихшы-ғалым В.Бартольд та Моғолстан мемлекеті өмір сүрген жылдары Онтүстік-Шығыс Қазақстанның негізгі халқы түрік тілдес халықтар бол-ғандығьін айтады.

Мемлекеттің саяси орталығы Жетісудың орталығындағы Алмалық қала-сы болды. Тоғылық Темір жаңа мемлекеттік қүрылымды нығайту үшін біркатар өкімшілік-саяси езгерістер жасады. Ол орта ғасырлық Шығыс-тағы сыннан өткен басты идеологиялык тірек — мұсылман діні арқылы өзінің билігін нығайтуға тырысты. Ислам діні Жетісу бойында қарахандар әулетінен бері белгілі болғанымен халықтың көпшілігі бұл дінді мойын-дай қоймаған болатын. Сондықтан да Тоғылық Темір ислам дінін күштеп тарату жөнінде бұйрықтар береді. Исламды қабылдамағандарға өлім жаза-сына дейінгі қатаң шаралар қолданылды.

Тоғылық Темірдің мұрагері Ілияс Қожаның билігі кезінде өзара күрес-тер күшейе түседі. Өзара соғыстарды тоқтата алмаған Ілияс Қожаны дулат тайпаларының кесемі Камар ад-дин өлтіреді. Бірақ басталып кеткен жан-жалдарды Камар ад-динге де тоқгату оңай болмады. Мемлекеттің саяси және шаруашылық емірінде аласапыран кезең басталады. Осы кезде Орта Азияда күшейіп келе жатқан Темір мемлекетініңшапқыншылык-тарына да қарсы тұруға тура келеді. Осы кездегі Моғолстан ханы Кызыр Қожа Әмір Темірге вассалдыкты мойындайды.

Қызыр Қожаның мұрагері Мүхамед хан кезінде (1408—1416 ж.) Моғол-станның жағдайы едәуір нығаяды, ол Шу мен Талас бойын азат етіп, Темір әулетінен тәуелсіздікке қол жеткізеді. Бірақ XV ғасырдың екінші ширегінде ішкі талас-тартыс күшейіп, бүл күресте Мір Мұхамед бастаған дулат тайпаларының ақсүйектер тобы жеңіске жетеді де, олар У әйісханның ұлы Есен Бұғыны хан тағына (1433-1462 ж.) отырғызады.

Хан тағына отырудан үміткер Уәйіс ханның екінші ұлы Жүніс бұған наразылық білдіріп, 30 мың шаңырақпен Моғолстаннан тыскары жерге кешіп кетеді. Есен Бұғының батыл іс-әрекеттеріне карамастан ішкі талас-тартыстар тоқтамайды. Үзаққа созылған ішкі талас-тартыстар мен сыр-тқы шапқыншылықтан XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басында Мо-ғолстан ыдырап күйреуге айналады. Бұдан кейінгі Шағатай ұрпақтарының Моғолстан мемлекетін қайта қалпына келтіру әрекеттері сәтсіз аяқталып, XVI ғасырдың ортасында жеке мемлекет ретінде Моғолстан емір суруін біржолата тоқтатады.