- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Х .Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті
- •«Саудадағы және ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп» пәнінен сырттай және қашықтан оқитын білімгерлерге арналған оқу бағдарламасы (силлабус)
- •Пәннің мақсаты мен міндеті:
- •«Саудадағы және ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп» пәні бойынша негізгі және қосымша әдебиеттің тізімі
- •Лекция 1. Ел экономикасының қазіргі кезеңдегі даму сатысындағы сауданың рөлі
- •Лекция 2. Тауар қорлары, оларды жіктеу және бағалау
- •Лекция 3. Көтерме және бөлшек тауар айналымының экономикалық мәні мен мазмұны
- •Лекция 5. Жеткізу келісім –шарттары бойынша тауарларды сатуды және босатуды есепке алу
- •Лекция 7. Ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшеліктерімен анықталатын бухгалтерлік есептің ерекшеліктері.
- •Лекция 8. Ауыл шаруашылығындағы негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді есепке алу ерекшеліктері
- •Лекция 9. Тұқым және минералдық тыңайтқыштарды есепке алу.
- •Лекция 10. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін --өндіру есебі және құжаттау рәсімдемесі.
- •Лекция 11. Өсімдегі және бордақыдағы малды есепке алу ерекшеліктері.
- •Лекция 12. Өсімдегі және бордақыдағы малдарды есепке алудың бастапқы есебі және құжаттау.
- •Лекция 13. Мал шаруашылығының негізгі салалары бойынша өнімнің өзіндік құнын есептеу тәртібі.
- •Лекция 14. Ауыл шаруашылығындағы негізгі өндіріс шығындарының есебі.
- •Лекция 15. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимі.
Лекция 13. Мал шаруашылығының негізгі салалары бойынша өнімнің өзіндік құнын есептеу тәртібі.
Ірі қара мал –(сүтті табын). Сүтті ірі қара малдың өзіндік құнын есептеу обьектісі негізгі табын бойынша – сүтті және төлі, жас төлдің өсімі және ересек малды бордақылау бойынша малдың тірі салмағының өсімі және жалпы тірі салмағы.
Негізгі сүтті табын бойынша өнімнің өзіндік құны шығындары бөлу әдістерін қолдану арқылы анықталынады. Алынған сүт және төлдің құнын есептеу үшін «Негізгі табын» аналитикалық шотында есептелінген жалпы шығындарын қосалқы өнімнің құнын шегеріп тастайды.
Қосалқы өнімдерге: қиы, жүні, терісі мен етті қосалқы өнімнің құнын шаруашылықта әрі қарай пайдалануға болатын немесе өткізуге мүмкіндік болған жағдайда анықталады.
Егер олар өндіріс қалдығы ретінде есепке алынса, оның құны негізгі өнімнің құнын анықтау кезінде шығындардың жалпы сомасынан шегерілмейді, қалған шығындар негізгі өнімнің жиынтық шығындарына – сүт пен төлге жатқызылады. Осы өнімнің ілеспелі түрлері арасындағы шығындарды жем – шөп шығындарына сәйкес бөледі: сүтіне -90%, төліне 10%.
1ц. Сүттің өзіндік құнын оны өндіруге кеткен шығындар сомасын алынған сүттің физикалық массасына бөлу арқылы есептейді, ал төлдің өзіндік құнын – оны алуға қатысты шығындарды басының санына бөлеміз. Негізгі табынды ұстауға кеткен нақты шығындарды есепті кезеңнің соңына ғана есептеу мүмкін болғандықтан, ал өнімнің қозғалысы күнделікті жүргізілгендіктен сүт пен төлді есептік құны бойынша бағалайды.
Есептік кезеңнің соңында есептік бағаға түзетку жүргізіледі.
Мысалы:
Есепті кезең бойына:
Негізгі табынды күтіп бағу бойынша шығындар жинақталады.
Дт 8010 Кт8011-8014 1 000000
Ілеспелі өнім кірістеледі.
Қиы-100тг.
Дт 1320 Кт 8010 50 000
Жүні
Дт1320 Кт8010 70 000
Есепті кезең бойына өткен тоқсан бағасы деңгейінде бекітілген есепті бағасы бойынша:
Сүті -2500 ц
Дт1320 Кт8010 800 000
Төлі - 6 бас
Дт1320 Кт8010 88 888
Есепті кезең соңында 1ц сүттің жіне 1бас төлдің нақты өзіндік құны келесі жолмепн анықталады:
Шығындардың жалпы сомасынан жанама өнім құны шегеріледі:
( 1 000 000 – 50 000 – 70 000 )=88 000
Негізгі өнімге кететін шығындар сомасы жем-шөп шығыстарының пропорциональды бөлінеді.
Сүт ( 888 000*90% )=792 000 тг
Төлі (880 000*10 %)=88 000 тг
Алынған мәлімет бойынша нақты өзіндік құнын анықтайды:
1ц сүттің (792 000/2500ц)= 316,8 тг
1бас төлдің (88 000/6 бас) =14 6666 тг
Алдын – ала қалыптастырылған есепті бағасы нақты өзіндік құнына «қызыл сия» әдісі арқылы түзетіледі.
Сүті:
2500ц= 792 000 Дт 1320 Кт 8010 8000тг
Төлі:
6 бас=88 000 Дт 1320 Кт 8010 888 тг
Ірі қара малдың етті бағыты. Калькуляциялау обьектісі малдың 3 тобына байланысты:
Негізгі табын бойынша (сиырлар, бұқалар)
Бордақыдағы ересек малдың тобы бойынша (таза салмағы, өсімі, мал басының өзіндік құны)
8 айдан жоғары жас төлі. (таза салмағы,өсімі, мал басының өзіндік құнын).
Етті бағыттағғы сиырларды саумайтын болғандықтан, оларды туылған төлін емзіп беру әдісі арқылы өсіреді.
Есепті кезең барысында туған сиыр төлдерін 1 кг. Есептік бағасы бойынша бұзаудың нақты таза салмағына сәйкес кірістейді.
8 айға дейінгі етті бағыттағы бұзаудың таза салмағын есептеу. Мысалы:
р/с |
Есептеуге қажетті көрсеткіштер |
Бас саны, шт |
Таза салмағы,ц. |
Жалпы құны, тг. |
1. |
Кезең басындағы бұзаулар қалығы |
430 |
387 |
4 558 400 |
2. |
Төлі және салмағы |
370 |
362 |
4 336 000 |
3. |
Өзге түсулер(қабылдау) |
30 |
24 |
240 000 |
3.1 |
Жинағы(1+2+3) |
830 |
773 |
9 634 400 |
4. |
Ересек топқа ауыстырылады |
440 |
408 |
5 098 359 |
5. |
Сатылды |
18 |
16 |
199 935 |
6. |
Өзге есептен шығулар |
32 |
27 |
337 441 |
7. |
Өлім-жетім,сою |
2 |
2 |
- |
7.1 |
Шығыстар жинағы (4+5+6+7) |
492 |
453 |
5 635 685 |
8. |
Кезең соңындағы қалдығы (3-7) |
338 |
320 |
3 998 715 |
9. |
1ц. Өсімнің өзіндік құны (4 836 000/(362-2)) |
|
|
12 495,98 |
10. |
1ц.Таза салмағының өзіндік құны (9 634 400/773-2)) |
|
|
12 495,98 |
11. |
1 бұзаудың өзіндік құны |
|
|
1 158 718 |
8 айдан жоғарғы жас төлдің өзіндік құны - оны бағып күтуге кеткен барлық шығыстардан жанама өнімді шегеріп тастау арқылы жинақталады.
