Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БУ в торг. и сел.хоз. Есенова.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
312 Кб
Скачать
☆

Лекция 9. Тұқым және минералдық тыңайтқыштарды есепке алу.

Тұқымға арналған ауыл шаруашылық өнімдерді есепте жеке көрсетіледі және бұл мақсаттарға арнайы құжаттар қолднылады.

Тұқымдыққа арналып жиналған дән жеке сақтауда болады. Басқа егістік алқапта жиналған дәнмен араластыруға болмайды.

Тұқымдық дәнді қабылдау кезінде төменгі құжаттар рәсімделінеді:

  • «Тұқымдық материалдары төгуге немесе түсіруге арналған акт» жасалады.

  • Тұқымды немесе егу материалдарын егіске жіберу кезінде сәйкес дақыл түрлеріне «Тұқым және егу материалдарын шығу актісін» толтырады. Сорттық тұқымдарды нан қабылдау пунктеріне тапсыру кезінде, сонымен қатар шаруашылық арасында айырбастау немесе басқа шаруашылыққа сату кезінде келесі құжаттар тіркеледі:

  1. барлық дақылдардың элиталық тұқымдарына «Тұқымға аттестат»,

  2. сорттық тұқымдарға және (гибрит) будандасып өндірілетін тұқымдарға «Тұқымға куәлік»,

  3. тазалығы және ылғалдылығы бойынша егу стандарттарының талаптарына сәйкес келмейтін тұқымдарға- «Сорттық куәлік»,

  4. Жүгерінің сорттық тұқымдарына:

  • «жүгерінің будандасқан тұқымына кәлік»

  • «Зауыттарғаға, жіберілетін жүгері тұқымына куәлік».

Сорттық құжат екі данадан толтырылды. Тұқымдар және егу материалдары өз өндірісі және сатып алынған есебі 1350 «Өзге қорлар» шотында нақты өзіндік құны бойынша есепке алынады.

Лекция 10. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін --өндіру есебі және құжаттау рәсімдемесі.

Дәнді-дақылдардың обьектісі : негізгі өнім- пісіп жетілген дән, жанама өнім-сабан.

Дәнді-дақылдардың өзіндік құнын есептеу үшін:

  1. Алдымен егінді жинау, престеу, тасымалдау жіне т.б. Жұмыстарға кеткен шығындар негізінде бекітілген норматив бойынша оған тиесілі шығындарға қатысты жанама қнім – сабанның өзіндік құнын анықтайды.

  2. Содан кейін есеп мәліметтері бойынша өткен жылдаңы аяқталмаған өнім қалдығы және жыл бойындағы шығарылған қнімді қосқандағы шығындардың жалпы жинағын анықтайды.

  3. Өңдеу және егінді жинау бойынша шығындардың сабан құнын шегеру арқылы дән мен дән қалдығының өзіндік құнын есептейді.

  4. Зертхана талдаулары мәліметтеріне сәйкес дән қалдықтарының құрамындағы пісіп жетілген дән пайызын бекітеді. Осы пайыз бойынша қалдықтарды пісіп жетілген дән құрамына ауыстырады және оның жалпы санын анықтайды. Дән қалдықтарын оның құрамындағы пісіп жетілген дәннің өзіндік құны бойынша кірістейді.

  5. Дәнге кететін шығындарды алынған пісіп жетілген дәннің санына бөле отырып 1ц. Өзіндік құнын табады.

Әр түрлі есепті топтардың өзіндік құндарын есептеу кезінде дақылдар тобына кіретін әрбір дақылдың 1ц. дәнінің өзіндік құнын есептеу қажеттілігі туындайды. Бұл есептеу үшін шығындарды әр түрлі дақылдардан алынған дән арасында оның сатып алу бағасы брйынша пропорционалды бөледі

Алынған дәнді – дақылдарды бастапқы есепке алу бінеше тәсілдермен жүргізуге болады.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының есеп саясатында сол кәсіпорында ұалыптасқан жағдайларға сәйкес келетін әдіс – түрін таңдалынып алынады.

Дәндік өнімдерді егістіктен шаруашылықтың сақтау орнына жөнелту кезінде төмендегі құжаттар толтырылады:

  1. Дәнді және басқа өнімдердегі егістіктен жөнелту реестері.

Реестерде алдын-ала - шаруашылықтың аты, комбайнердің табельдік және жеке номірі, оның тегі, аты-жөні, агрегаттың номері жіне т.б. реквизиттер толтырылып қойылады. Бұл құжат парақталып және бухгалтерияяда тіркелгеннен кейін комбайнерға беріледі. Егер дән комбайннан дайындау пунктеріне жөнелтетін болса, онда қосымша тауарлар – көлік накладнойы жазылады.

  1. Егістіктен өнімді жөнелтуге жолдама.

Бұл құжат үш данадан толтырылады. Жүргізушіден дәнді қабылдап алғаннан кейін қырман меңгерушісі дәннің таза салмағын анықтап, жолдаманы көрсетеді.

  1. Дәнді талонмен есепке алудың әдісі.

Бұл кезде жүргізушіге және комбайнерге талон жазып беріледі, ол талондар берілген талондар есебіне алу журналында тіркеледі. Қырманға түскен дән өлшенеді. Содан соң жүргізуші қырман меңгерушісіне комбайнерден алынған талонды береді. Қырманда дән тиелген автокөлікті өлшеп, жүргізушіден қабылданған талондардығ нөмірін жазып алады. Дәнді қабылдау реестрларының мәліметтері негізінде «Дәннің қозғалысы ведомосінде және қойма есебі» кітабында жазады. Бухгалтерияда қабылдаған құжаттардығ барлығын тексереді (комбайнер және жүргізушінің талондары мен реестрлерінің мәліметтерінің сәйкестігі) және әрбір қырман бойынша өнімнің өозғалысы есепке алынады.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің синтетикалық есебін 1320 «Дайын өнім» шотының, «Өсімдік шаруашылық өнімдері» аралық шотында есепке алады. Бұл шотта өсімдік шаруашылығы салаларының көкөніс шаруашылығы, бақша шаруашылшығы, егістік және т.б. қабылдау өнімдерінің қозғалысы есепке алынады. Әрбір өнім түрін саны және құны бойынша есепке алынады. Егер алынған өсімдік шаруашылығы өнімдерінің мақсаты нысаны көзделмесе, онда оны Дт 1320, Кт 8010 деп кірістейді. Егер өсімдік шаруашылық өнімдері басқа мақсаттарға жұмсалатын болса, онда

  • Тұқым және жем – шөп ретінде босатылған өнімге

Дт 1350 Кт 1320

  • Өңдеуге босатылған өнімдерге

Дт 1316 Кт 1320

  • Өз шаруашылығында өндірісті өңдеуге босатылған өнімдерге нысаны көзделмесе, онда оны Дт 1320, Кт 8010 деп кірістейді. Егер өсімдік шаруашылық өнімдері басқа мақсаттарға жұмсалаиын болса, онда

  • Шетке өткізу үшін босатылған өнімдерге

Дт 7010 Кт 1320