Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БУ в торг. и сел.хоз. Есенова.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
312 Кб
Скачать
☆

Лекция 7. Ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшеліктерімен анықталатын бухгалтерлік есептің ерекшеліктері.

Ауыл шаруашылық - материалдық өндірістің бір саласы болып табылады. Ауыл шаруашылық кәсіпорныдары тұрғындар үшін азық-түлік өнімдерін, бірнеше өндіріс саласы үшін шикізат, өнім беретін және жұмысшы малдардың негізгі отарын өндірумен айналысады. Ауыл шаруашылық оны басқа өндіріс салаларынан ажырататындай (ерекшелендіретін) арнайы сипатқа ие.

Ауыл шаруашылық негізгі өндіріс құрамы-жер болып табылады. Жердің ерекшелігі-ол бір мезгілде еңбек құралы және қаржысы. Осыған орай, жерді өңдеу, тыңайту, әрлеу, суару бойынша шығындар есебін уақытылы және толық ұйымдастыру, әрбір өнім және жұмыс өндірісінің тиімділігін анықтау қажет. Жердің эрозияға ұшырауын болдырмау керек. Дайындалған жер кадастары – жердің табиғи, шаруашылық және құқықтық жағдайы туралы мәліметтер жиынтығы. Жер есебі «Жер кітабында» жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығында өндіріс процессі үлкен аумақта жүреді. Өндірістік процессте қуатты ауыл шаруашылық техникасы қолданылады: тракторлар, комбайндар және т.б. Бұл техникалардың қызметі есебінің бөлімшелер бойынша (бөлімше,иферма, цех, бригада) дақыл түрі және мал түрі бойынша жүргізілуі талап етіледі.

Ауыл шаруашылығы өндірісінде өндіріс уақыты мен жұмыс кезеңі арасында айырма бар: көптеген салаларда өндіріс процесі календарлық жылдан асып кетеді. Мысалы : қыстық дәнді дақылдарды өсіру кезеңі 300 күн, ал оларды өсіру бойынша жұмыстарға 60-100 күн (жұмыс кезеңі) кетеді. Сондықтан бухгалтерлік есепте календерлық жылмен сәйкес келмейтін шығындарды өндірістік цикл бойынша шектейді:

  • өткен жылдардың шығындарын ағымдағы жылдың егісіне;

  • ағымдағы жылдың шығындарын алағы жылдардың егісіне;

  • төлдерді өсіру және төлдерді бордақылау бойынша.

Ауыл шаруашылығында меншікті өндіріс өнімдерінің көп бөлігі ішкі айналымға түсіп отырады: өсімдік шаруашылығы өнім – тұқымға, мал жем-шөпке (азық) егістік материалдары ретінде және т.б.; мал шаруашылығы өнім-мал азыққа, тыңайтқышқа, мал басын өсіруге және т.б. Бұл жағдай шаруашылық ішіндегі айналымның барлық сатыларында өнімдер қозғалысының нақты көрсетілуі қажеттілігін туғызады.

Биологиялық ерекшеліктері және өндірістік жағдайына байланысты көптеген дақылдармен малдардан негізгі өнімнің бірнеше түрі жіне ілеспе өнім алынды. Ілеспе өнімдер қосалқы мәнге ие болғандықтан, ................. есептеу обектісі болып табылмайды. Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі салаларында шығындар есебі есептеу обьектісі бойынша емес (дақыл, сүт, төл) ал есеп обьектісі бойынша (бидай, ірі қара малдың сүтті табыны, қой шаруашылығы және т.б.) жүргізіледі. Әртүрлі өнімдер арасындағы шығындарды оның бағасына пропорционалды бекітілген коэфициенттер бойынша бөледі.

Ауыл шаруашылығы өндіріс маусымдық сипатқа ие (негізгі жұмыстар астықты егу және жинау кезеңінде орындалады. Ауыл шаруашылығы техникасы жылын 1-2 ай ғана жұмыс істесе де тозу бір жыл бойы бірқалыпты есептеледі.

Өндіріс процесінде алғашқы материал не дайын өнім (тұқым, егу материалы, жұмыртқа) не тірі өсімдік немесе мал болып табылады. Аяқталған өнім өндіріс процессінде еңбектің, сыртқы ортаның және өндіріс құрлдарының әсер етуі арқылы өсімдік пен малдың өсуі және дамуы нәтижесінде өндіріледі. Мысалы, қыстық бидайдың тұқымын себу нормасы гектарына 0.8-2.2 центнер, ал егіні гектарына 20-30 центнер және одан артық болады