Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
«Wikimania 2014» халықаралық конференциясы бойы...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

«Wikimania 2014» халықаралық конференциясының сессиялары

  1. Тақырыбы: Fixing grammar errors semi-automatically

Сипаты: презентация

Бағыты: технология, интерфейс және инфрақұрылым

Жүргізушілері: Daniel Naber (Германия), Marcin Miłkowski (Польша)

Қысқаша мазмұны: бұл жобаның бас мақсаты жазылған мақалаларды автоматты түрде қысқа уақыт мерзімі ішінде сапалы түрде өңдеу. Өңдеу үрдісі белгілі бекітілген ережелерге сүйене отырып, қарапайым оқырманға түсінікті болатындай қателерді жою жолдарын ұсынады. Қазіргі таңда бұл жоба аудару саласында вики жобалары үшін едәуір өзгеріс енгізуде. Аталған жоба ғаламтор жүйесінде www.languagetool.org веб-парақшасында кез-келген қолданушы үшін ашық, алайда жобаға тіркелген тілдер саны әзірше отыздан аспайды.

  1. Тақырыбы: Machine aided article translation - The content translation project by wmf

Сипаты: презентация

Бағыты: технология, интерфейс және инфрақұрылым

Жүргізушілері: Santhosh Thottingal (Үндістан)

Қысқаша мазмұны: аудару тақырыбындағы бұл жоба толығымен мақалаларды бір тілден екінші бір тілге аударуға арналған. Бастапқысында «Content Translation Project» аталған бұл жоба, қазіргі уақытта өзінің зор мүмкіндіктерімен таң қалтырады. Бастапқысында, аудару сапасы өте төмен болса, қазірде тікелей аудару кезіндегі мәтін сапасы қарапайым сөйлеу тіліне жақын, әрі өте сапалы. Бүгінде бұл жоба дүние жүзінің 37 тілінен аудару мүмкіндігі бар. Ерекшеліктердің бірі – ол аудару үрдісінің тікелей Википедия парақшасында жүргізілуі мен аударылған мәтінді сол парақшада өңдеп, өзгерістер енгізе алу мүмкіндігі.

  1. Тақырыбы: Learning Literacy with Wikipedia

Сипаты: презентация

Бағыты: оқу және білім

Жүргізушілері: C. Scott Ananian (АҚШ)

Қысқаша мазмұны: Білім беру және сауаттылықыты ашу саласындағы бұл презентация төрт ірі жоба жайлы ақпарат берді. Олар: «Uruguay», «Peru», «Ethiopia», «Nell’s Wikipedia» жобалары. Жобалардың төртеуі де дүние жүзінің түкпір-түкпірінен, оның ішінде ғаламтор мен өзге де ақпарат көздеріне қолдары жетпейтін аудандарды мекен ететін адамдардың сауатын ашуға бағытталған.

  1. Тақырыбы: Top-down: making a country's education system wiki-compatible

Сипаты: презентация

Бағыты: оқу және білім

Жүргізушілері: Martin Poulter (Ұлыбритания)

Қысқаша мазмұны: Өз бастауын 2013 жылдың шілде айында алған бұл жоба, қысқа уақыт ішінде үлкен жетістіктерге жетті. Оның ішінде: 6 семинар, жүзден астам қағаз басылым мен мыңға жуық виртуалды басылым. Жалпы аталмыш жобаның бас мақсаты білім беру саласындағы мамандардың: мұғалімдер, кітапханашылар, оқушылардың Вики жобаларысен жұмысын нығайлату болып табылады. Қазіргі таңда Вики жобалары, соның ішінде ерекше түрде Википедя жастар мен оқушылар арасында өте үлкен қолданысқа ие, алайда көптеген жағдайларда Википедия сенімсіз ресурс болып саналады, сол себепті қазірде бұл жобаның мамандары мемлкеттердегі білім саласындағы мамандармен бірлесе отырып, Вики жобалары ұсынатын контентті сенімді ету мақсатында елеулі еңбек етуде.

  1. Тақырыбы: Presenting Wikipedia (so that people understand)

Сипаты: презентация

Бағыты: оқу және білім

Жүргізушілері: Ziko van Dijk (Германия, Голландия)

Қысқаша мазмұны: презентацияның басты мақсаты Вики жобаларына белсенді түрде ат салысып жүрген қатысушылар мен жанашырлары үшін Вики жобаларын таныс ету мен насихаттау жолдарын ұсынуға арналған. Презентация барысында Ziko van Dijk ғаламтор мүмкіндіктерін қалайша білім саласында қолайлы қолдануға болатыны жайлы бірталай маңызды кеңестер берді.

  1. Тақырыбы: Ask the Wiki Education Foundation

Сипаты: сұрақ - жауап

Бағыты: оқу және білім

Жүргізушілері: Frank Schulenburg (АҚШ), LiAnna Davis (АҚШ), and Jami Mathewson (АҚШ)

Қысқаша мазмұны: 2013 жылы өз бастауын алған «Wiki Education Collaborative» организациясы қазіргі таңда АҚШ пен Канада мемлекеттеріндегі білім беру мекемелерімен бірлесе отырып, үлкен жұмыс атқаруды. «Ask the Wiki Education Foundation» сұрақ-жауап бөлігінде, аталмыш организацияның өкілдері бар туындаған сурақтарға жауап беруге арналған.

  1. Тақырыбы: Wikipedia Education Collaborative Panel

Сипаты: жиын, сұрақ-жауап

Бағыты: оқу және білім

Жүргізушілері: Shani Evenstein (Израиль), Toni Sant (Ұлыбритания), LiAnna Davis (АҚШ)

Қысқаша мазмұны: «Wiki Education Collaborative» организациясының басты мақсаты – Википедия жобасын оқу үрдісіне енгізу. Осыған орай, бүгінде АҚШ және Канада мектептерінің оқушылары тоқсандық және жылдық бағалаудан сәтті өту үшін қорытындылаушы (бағалаушы) жұмыстары ретінде белгілі-бір ауқымды тақырып жайлы Википедияға мақала жазуды қолға алған. Мұндағы мақсат балалардың зерттеу мен ізденіс дағдыларын қалыптастырып, дамыту. Сонымен қатар бұл жобаның артықшылықтарының бірі – оқушылардың арасында академиялық адалдықты қалыптастыру болып табылады. Яғни ешбір жерден ақпарат пен мағлұматты көшірмей, өзіндік шынайы ізденіспен сапалы, кейіннен үлкен сұранысқа ие болатын мағлұмат енгізу. 2013 жылы ашылған бұл жоба қазірде қарқынды дамуда. Болашақта халықаралық деңгейге жетуді көздейді.