Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
«Wikimania 2014» халықаралық конференциясы бойы...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Википедияның негізін қалаушы Джимми Уэлспен кездесу

«Wikimania 2014» халықаралық конференциясының ашылу салтанатында Википедияның негізін қалаушы Джимми Уэлстің кезекті баяндамасын асыға күттік. Конференциянынң соңғы күні біз Википедияның негізін қалаушысымен бетпе-бет сұхбаттасуға мүмкіндік алдық. Джимми Уэлске сұрақ қоюға мүмкіндік алған оқушылар арасында мен де болдым. Ең алдымен сұхбат басталмас бұрын, біз өздерімізді таныстырып өтіп, өздеріміз жайлы кішігірім мағлұмат бердік. Өткен жылдан Қазақ Уикипедиясы мен Назарбаев Зияткерлік мектептерімен таныс Уэлс мырза, бірден Қазақстан делегациясын есіне түсіріп, бізді биылғы жылы өткен конференцияның аяқталуымен құтықтады. Біздің тараптан қойылған сұрақтар: «Сіз осы жылғы «Wikimania 2014» халықаралық конференциясының өту деңгейіне қандай баға бересіз?»,

«Жұмыс үрдісінде сізді не шабыттандырады?»,

«Қазіргі таңда Википедияны сенімді ресурс деп санауға бола ма?»,

«Сіздің ойыңызша Википедия бірлескен адамдар тобының жұмысының нәтижесі ме, әлде жеке-жеке әрбір қатысушының атқарған еңбегі ма?»,

«Википедиядан болашақта күтетін үміттеріңіз қандай?».

Аталмыш сұрақтарға Джимми Уэльс былай деп жауап берді: «Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында оныншы «Wikimania 2014» халықаралық конференциясы аса жоғары деңгейде өтті. Оған нақты дәлел болып өткізілген сессиялар мен шеберханалардың сапасы ғана емес, сонымен қатар биылғы екі жүзге жуық спикерлер, алты жүз сессия мен екі мыңға тарта қатысушылар саны айқын дәлел. Жеке басым үшін, қазіргі сәтте өзімді шабыттандыратын не екенін анықтау қиынға соғып тұр, дегенмен менің Википедияны құру мақсатым – дүние жүзінің кез-келген нүктесіндегі барша халыққа қол жетімді, тегін білім ресурсын әзірлеп, оны халыққа ұсыну болды. Сол себепті мен, өзімді шабыттандырған аталмыш ойым не идеям десем де болады. Контенттің сенімділігі мен сапасы жайлы сөз қозғайтын жағдайда, менің ойым мынадай: қазірде мақалалардың сапасы мен авторлардың атқаратын істері айтарлықтай дамыды. Сол себепті күннен күнге Википедия материалдарына сенімсіздік танытаын адамдар саны азаюда. Келесі сұраққа көшетін болсам, Википедия волонтерлердің ерең еңбектерінің арқасында құрылған жоба. Әрине жердің түкпір-түкпірінде Википедияға өз үлесін қосып жүрген адамдар бір-бірімен таныс болмаса да, бірлесе жұмыс істеп, бірлесе жоба құратындары сөзсіз. Осыған орай Википедия бірнеше жеке-жеке тұлғалардың атқарған ісі емес, мықты топтың әділ еңбегі. Википедияның болашағы, мен үшін ашық деп көрінеді. Қазіргі кезде дайындық үстіндегі жобалардың болашақта іске асуы Википедияға өз оң септігін тигізеді деп білемін. Сол себепті оған күмәнім жоқ».

Жалпы қорытындылай келетін болсам, осы кездесу мен сұхбаттан алған әсерім жақсы. Біріншіден, біз әлем танитын атақты Джимми Уэлспен кездесуге мүмкіндікке ие болып, өздеріміздің сұрақтартарымызға бетпе-бет жауап алдық. Жеке басым сұхбат пен кездесуден түйгенім – кез-келген идея жүзеге асуы да аспауы да мүмкін. Жақсы идеяны жүзеге асыру үлкен мүдделі топтың қажымас қайраты мен ерең еңбегі арқылы ғана мүмкін.

Википедияның негізін салушы Jimmy Wales.

«Wikimania 2014» халықаралық конференциясының ашулы салтанаты.

«Wikimania 2014» халықаралық конференциясының қатысушылары.