Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
«Wikimania 2014» халықаралық конференциясы бойы...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Лондон сәттері

Сапарымыздың барысында Ұлыбританияның астанысы Лондон қаласының мәдениет, тарих және сәулет объектілерімен таныстық. Танымдылық экскурсиямыз баршаға әйгілі Мадам Тюссо мұражайынан басталды. Мұражайдың ішіндегі әрбір балауыздан жасалған мүсін шын адам сынды. Мұражайдан кейін біз метроға жол тарттық. Метроға барар жолда біз Шерлок Холмстің үй-мұражайын тамашаладық. Келесі алған бағытымыз әйгілі Биг-Бен сағаты мен London Eye болды. Ескі тарихи ғимараттармен қоса, заманауи жаңа құрылыстар бір-біріне қарама қайшы келмей, керісінше бір-бірін толықтыруда. Соның бірден-бір дәлелі әйгілі Oxford Street. Жолдың бойында орналасақан екі ғасырлық тарихы бар шіркеулер, театрлар орналасқан ғимараттармен қатар, бірнеше ғана жыл бұрын салынған жаңа ірі сауда үйлері өте үйлесімді көрінеді. Конференция барысында жер шарының түкпір-түкпірінен жиналған түрлі адамдармен танысып, олармен әңгіме барысында олардың мемлекеттері, мәдениеті және тарихы жайлы жаңа ақпараттармен қанықтық. Сонымен қатар, бұл сапар өзіміз үшін ағылшын тілімізді тәжірибе жүзінде қолдануға керемет мүмкіндік болды.

Конференция достыққа жетелейді

Еліміздің жан-жағынан зияткер оқушылардың басын қосқан «Wikimania 2014» халықаралық конференциясы біздерді тек қана ортақ іспен айналысатын әріптерстер сияқты ғана емес, сонымен қатар Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үлкен отбасысы ретінде біріктірді. Еліміздің Астана, Өскемен, Семей, Орал, Шымкент, Қарағанды қалаларынан жиналған зияткер оқушылар бір-бірімен оңай тіл табысып кетті. Санаулы күндер ішінде достасып, соңғы қоштасар күні бір-бірімізбен қимастықпен қоштастық. Алдағы уақытта Wikipedia клубы жобасы аясында жүзеге асырылатын шаралар негізінде әлі де талай мәрте кездесеміз деген үміттеміз.

Қол жеткізілген нәтижелер

Біздің іссапарымыздың нәтижесінде көптеген нәтижелерге қол жеткіздік. Атап айтар болсақ, алдымызға қойылған міндеттер мен күтілетін нәтижелер толыққанды орындалды және сапарымыз өте жоғарғы деңгейде өтті. Нәтижесінде:

  • Вики жобаларына белсенді ат салысып жүрген азаматтардан өзімізге қажет жобалар жайлы маңызды мағлұмат алып, тәжірибе алмастым, оларды Қазақ Уикипедиясына бейімдеу механизмдерін үйрендім.

  • Аудару мен citation саласындағы жобаларды құрастырушылармен сұхбаттасып, олармен бірлесе отырып, аталмыш жобаларды қазақ тіліне аударуды бастадым.

  • Open Street Map жобасының аясында, туған елім мен туған өңірімнің карталық нұсқасын еңгізе бастадым және аталған жобаны «Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу экспедициясы аясында дамытуды ұсынамын.

  • Өзге елдерде Вики жобаларын дамытып және жетілдіріп жүрген азаматтармен байланысқа түсіп, қазірдің өзінде олармен ғаламтор жүйесінде байланыс ұстап, болашақта бұл байланысты екі жаққа да ұтымды етіп жалғастыруды қолға алудамын.

  • Болашақта Вики жобаларын Қазақстан аумағында дамытуға қатысты ұзақ мерзімді жоспар құрдым.

  • Сессияларда айтылып, талқыланған қателіктер мен кемшіліктерді ескере отырып, жаңа даму стратегияларын ұсынамым.

  • Жаңа технологияларды қолдану үрдісімен толыққанды таныс болдым.

  • Өзім үшін жеке тұлға ретінде дамуыма жаңа ұстанымдарға қолжеткізуді мақсат еттім.