Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ебекті орау.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
596 Кб
Скачать
☆

2.4 Тау жұмыстарны жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

Адамдарды клетке отырғызудың дұрыстығы мен қауіпсіздігін және олардың клеттен шығып, көтеру қондырғысындағы машинистке клетті көтеріп немесе түсірудің қажетті туралы сигнал беруін бақылауды ғимараттың қабылдау үй-жайындағы тұтқашы-белгі беруші мен әрекеттегі көкжиектің оқпан маңындағы алаңында болатын оқпанды-белгі берушілер жүзеге асырады. Көтеру қондырғысының машинисті клетті түсіріп, көтеруді тұтқашы берген белгі бойынша ғана жүзеге асырады. Клеттің ұзын жақтарының маңында клеттің қозғалысы кезінде адам тіреніш ететін құралдар орнатылуы керек.

Клеттер автоматты түрде әрекет ететін ұстағыш парашюттармен жабдықталуы керек.

Қазындылардың соңғы пунктерінің белгілерінің арасындағы қашықтық 40 метрден асатын еңісті қазындылар бойынша адамдарды механикалық түрде тасымалдау жабдықталуы керек. Адамдарды еңісті қазындылар бойынша тасымалдау қақпағы бар арнайы вагонеткалармен жүзеге асырылады. Адамдарды тасымалдауға арналған пойыз сенімді, қарсылықсыз әрекет ететін арқан үзіліп кеткен жағдайда кенеттен берілетін соққысыз пойызды тоқтататын автоматты парашюттармен жабдықталуы керек.

Адамдарды таситын вагонеткалар өзара қосарлы тұстастырғыштармен немесе бір тұстастырғыш пен қорғаныш шынжырымен қосылуы керек.

Жүктерді тасымалдау жүргізілетін барлық көлденең қазындылар адамдардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін қазындының бекітпелерінің арасында еркін өткелдерге ие болуы қажет.

Жарылыс материалдарын көлік қондырғыларында тасымалдау үшін пресстелген оқ-дәрілі зарядтар мен тротил үшін ағаш немесе пластмассалы және шашыранды оқ-дәріні тасымалдау үшін мырышты жәшіктер қарастырылуы керек. Тамысалдау қондырғыларының бөлімшелерінде бір уақытта жарылыс заттары мен бір топтың жарылыс құралдарын тасымалдауға болады. кумулятивті зарядтарды қатарларының арасына жеңіл материалдар төселген жәшіктерде тасымалдау қажет. Шынылы қабықтағы кумулятивті зарядтарды жеке жәшіктерге орналастырады. Кумулятивті перфораторларға арналған жарылыс патрондарын зарядтардан жеке зауыттық қораптарда тасымалдау керек. Жарылыс материалдарын тасымалдау кезінде кілттеп, кілтті материалды алған адамға беру керек.

Куммулятивтілерден басқа оқпаны түрлі бағыттарға қаратылған заряталған атқыш аппараттарды тасымалдау өткізбейтін материалдармен жүргізілуі керек. Мұндай тасымалдау перфоратор атылған жағдайда қоршаған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бірақта оқпандар бір бағытқа қаратылған жағдайда колоннаның өзін атумен, қабытты беруде нашарлайды. Перфоратордың өту қабілеттеріне әсер ететін факторлардың бірі оқты қоршаумен қарсы алу бұрышы.

Оқпандары қарсы жақтарына тік бағытталған атқыш аппараттарды тасымалдау ағаш жәшіктермен жүргізіледі. Мұнда оқпандар жоғарыдан төмен бағытталуы керек.

Жарылыс аппараттарын ұңғымаға тасымалдау жарылыстың орнатылған қондырғыларынсыз аппараттың қозғалуына кедергі жасайтын арнайы құралдарында жүргізіледі. Жарылыс аппараттарын қорғаныш тығынының жарылғышының үстіндегі ұясына бекітілген конструкцияға байланысты тасымалдайды.

Тасымалды перфораторлы көтергіштердің қозғалмалы зарядты шеберханаларында, сонымен қатар жарылыс материалдарын тасымалдау үшін арнайы жабдықталған автомашиналарда жүргізеді.

Тасымалдау кезінде жарылыс материалдарын құлыпқа салып, кілтін аппараты алған адамға беру керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]