- •1.2 Қазақстан Республикасында еңбекті қорғау бойынша негізгі заң актілері
- •I . Еңбек заңдары.
- •1.3 Гбж өндірісінде еңбекті ұйымдастырудың түрлері мен әдістері.
- •1.4 Еңбекті қорғау жағдайын бақылау органдары мен еңбек туралы заңды бұзудағы жауапкершілік.
- •1.5 Еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру
- •1.6 Сәтсіз жағдайларды тексеру және тіркеу.
- •1.7 Өндірістік жарақат және кәсіптік аурулар.
- •1.8 Өндірістік бөлмелерге және жұмыс орындарына қойылатын негізгі санитарлық-техникалық талаптар.
- •1.9 Кәсіпорында оператордың жұмыс орны.
- •1.10 Желдеткіш және өндірістік ауаның жылуы.
- •1.11 Өртке қарсы шаралар мынандай жағдайларды қарастыруы керек:
- •1.12 Әртүрлі физика-географиялық аудандарда жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
- •1.13 Дала жұмыстарының санитариясы мен гигиенасы.
- •1.14 Көтеріп – түсіру жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
- •1.15 Жарықтандырудың еңбектің өнімділігі мен қауіпсіздігіне тигізетін әсері.
- •1.16 Шу мен дірілдің адам ағзасына әсері.
- •1.17 Өндірістік шаң мен улы заттар.
- •1.18 Өндірістік сәулеленулер.
- •1.19 Жұмыс жүргізушілерді жеке және ұжымдық қорғау құралдары
- •1.20 Жану түрлері мен жану үрдісі.
- •1.21 Кәсіпорынды өрттен қорғау.
- •1.22 Өртті сөндіру құралдары.
- •1.23 Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өрттің алдын алу.
- •2.1 Көлік құралдары мен арнайы машиналарды пайдалануды қамтамасыз етуге арналған жалпы ережелер мен талаптар.
- •2.2 Электрлі қондырғылар мен электрлі жабдықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
- •2.3 Әрекеттегі электроқондырғылардағы жұмыс қауіпсіздігін қамтамассыз ететін шаралар.
- •2.4 Тау жұмыстарны жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
- •2.5 Бұрғылау қондырғыларын тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
- •2.6 Геофизикалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
- •2.7 Сейсмобарлау жұмыстары
- •2.8 Электрлі барлау жұмыстары.
- •2.9 Магнитті және гравитациялы барлау.
- •2.10 Ұгз жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
- •2.11 Көтеріп, түсіру механизмдерімен және аппаратураларды түсіріп, көтеру жұмыстары кезіндегі қт ережелері.
- •2.12 Перфорирлеу, торпедирлеу және сынама алу өндірісінің ережелері.
- •2.13 Жм тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
- •2.14 Атқыш және жарылғыш жұмыстар.
1.10 Желдеткіш және өндірістік ауаның жылуы.
Өндірістік зианды затардың жойылуы және жұмыстық аумақта ауалы ортаның құрылуы үшін, гигиеналық талаптарға жауап беруші ретінде желдеткіш қызмет етеді.
Желдеткіш табиғи және жасанды болады. Табиғи желдету кезінде аудандағы ауа алмасуы ауданның температурасының және сыртқы ауаның немесе желдің ісі әрекетінің нәтижесіндегі айырмашылығының есебінен туындайды. Жасанды желдету ауаның қозғалысы желдеткіш көмегімен қамтамассыз етіледі.
Желдеткіш жүйесінің қызмет етуіне байланысты, яғни нақты беруге (ағын) немесе жойылуына (ілше) аудандағы ауаның немесе оған және басқа бір уақытта жүруі ағынды, ілшелі және ағынды – ілшелі деп аталады. Қызметіне байланысты желдеткіш жалпы ауысымды және жергілікті болады, жалпы ауысымды желдеткіштің қызметі бөлінетін зиянды заттардың таза ауамен белгілі концентрацияға дейін араласуға негізделген.
27-суретте механикалық желдеткішке сызбалар келтірілген. Ілшелі желдеткіштің орнатылуы ілшелі ілгіштерден (7)тұрады, соның әсерінен ауа ауданынан жойылады, желдеткіш (5), ауалысу (2),ьгаздан және шаңнан тазартатын құрылғы (8), қошаған ортаның қорғауын қамтамассыз ету мақсатында бөлінетін ауаны тазарту белгіленуі қажет.
Жергілікті желдеткіш өндірістік ауданда шектелген аумақта ауалы орта жағдайын құру үшін қызмет етеді. Жергілікті ағынды желдеткіш орнатылуына ауалы душтар, оазистер және ошинділер жатады.
Жергілікті ілшелі желдеткіш түзілуінен бастап көздеріндегі зианды заттарды жою және қағып алу үшін қолданылады. Осы жүйемен дробилкалар,бокстер, ілше шкафтар кабина мен камералар құрылады, содан дәнекерлік және балғыш жұмыстар, ілшелі зонтар жүргізіледі.
28- суретте ілше шкафы және ілше зонтар және қажағыш, шлифовальді құрылғылары көрсетілген.
Желдеткіштің негізгі параметрлерінің есебі ауаға бөлінетін зиянды заттардың бөлінуінің санына байланысты және олардың ПДК сына жылу түзетін, өндірісте бірдей уақытта адам санымен және басқа да көрсеткіштерге байланысты.
Өндірістік ауданның жылуы. Өндірістік ауданда суық кезде адамның ұзақ уақыт болуына жылу құрылғылары қазет. Жылу жүйесі үш негізгі элементтен тұрады:
• жылу алатын генератор:
• жылу желілер:
• шығарылатын орыннан жылу тасығыш:
Транспортан каналы арқылы жылу беретін аудан және жылытқыш құралдар. Орталық генератордан бірнеше ауданды жылыту жүйесі орталықтанған. Олар үйлік (генератор бір ғимараттағы қазандықтар) және аудандық, аудандық қазандықтардан бірнеше ғимараттарды жылытады. Жылу болатын және біркелкі ауданда қолданылатын жүйе жергілікті деп есептеледі. Осындай жүйелерге газды, пешті және электрлік жытқыштар жатады.
Жылтқыштар түрлері бойынша мына жүйелерге бөлінеді: сулы, булы және ауалы. Көптеген тұрғын үйлерде, аудандарда, ауруханаларда және т.б сулы жылу тасушылар жылу жеткізеді. Өндірістік аудандарды жылыту үшін булы және ауалы жүйелер қолданылады.
Геологиялық барлау ұйымдардағы өндірістік аудандағы жылуларды пайдалану үшін көбінесе орталық және жергілікті жылытқыш жүйелер газды, сулы, ауалы, булы жылу тасмалдағыштар қолданылады.
Өнеркәсіптік желдетудің негіздері.
Өнеркәсіптік желдету технологиялық үрдістің талаптарына жауап беретін жағдай мен адамның денсаулығына қолайлы әуе ортасын құру үшін ауаалмасуын қамтамасыз етеді.
Желдетудің табиғи, жасанды (механикалық) және аралас түрлері болады. Әсер ету орыны бойынша желдетуді жалпы және жергілікті деп бөледі. Жалпы желдету бүкіл ғимараттағы ауаның алмасуына арналған, жергілікті – зиянды заттарды тікелей түзілген жерінде жоюға арналған.
Жергілікті тартымды желдету ластанған ауаны зиянды заттың түзілу көзінен жоюға арналған. Жергілікті сорулар түрлі жабындылар, тарпалы шкафтар және т.б. түрінде орындалады.
Басты желдету қондырғыларын сенімді пайдалану.
Пайдалы қазбаларды жерастылық тәсілмен игеру кезіндегі бірінші сатының ең маңызды нысандардың бірі бас желдету қондырғысы (бұдан әрі БЖҚ) болып табылады.
БЖҚ кенішті шахтаны пайдалану мерзімі ішінде қолданыстағы тау-кен қазбаларының бәрін желдетуге арналған. Сондықтан желдету қондырғыларының типі, өнәмділігі мен жасалатын қысым кеніштің, шахтаның жылдық барынша өнімділігі жобасы бойынша аныөталады.
Қазбаларды желдетуге арналған ауа мөлшері жер астылық жұмыстарға бір мезгілде қамтылған неғұрлым көп адамдардың санасына, көмір қышқылына, улы және жарылыс қаупі бар газдар мен шаңдарға, жарылыс жұмыстарынан шыққан газға, іштен жану қозғалтқыштарынан шыққан газға және пневмокониоздық қаупті шаңға қарай есептелінеді.
Желдету қондырғысын тұрақты және сенімді пайдалануды кеніштің шаң желдету қызметі бас энергетик пен механиктіктің бөлімдері қамтамасыз етеді. Желдету қондырғысын пайдалану мен оған қызмет көрсетуді кәсіби дайындығы бар қызметкерлер жүргізуі тиіс.
Алайда соңғы уақыттарда БЖҚ кезекті машинистері ретінде жерастылық жағдайларда (кен өндіру) жұмыс істеуге шамасы жоқ, жеңіл жұмысты қажетсінетін адамдар жіберіліп жүр. Мұндай қадам жасай отырып, кеніштердің әкімшіліктері өз жауапкершіліктерін жете түсінбейді, өткені БЖҚ 6000В кернеумен жұмыс істейді, сондықтан қызмет көрсетуші персоналда электр қауіпсіздігі бойынша төртінші тобы болуы тиіс.
Әртүрлі датчиктерге, қосқыштарға, жүк көтергіш тетіктерге қызмет көрсетуге тура келеді, кезекші майлау жүйесін білуге және алдын ала болжамдалмаған жағдайларда дұрыс дұрыс әрекет ете білуге міндетті.
БЖҚ әр түрлі себептермен қатардан шыққан жағдайда кәсіпорында жұмыс күшін жұмсауда, сондай-ақ ақшалай түрде де орасан шығындарға ұшыратуға тура келеді. Кезекті персонал дұрыс іс-әрекеттер тез жасаған жағдайда ғана материалдық шығындарды барынша азайтуға болады.
Сонғы уақыттарда БЖҚ құрлыс кезінде олар көрсетулері диспетчерінің орталық пультіне шығарылатын мүмкін болатын әр түрлі бақылау аспабтарымен жарықтандырылады, сондай-ақ бұл кезде кезекші персоналдың болуы міндетті емес.
Алайда біздің өңірдегі кеніштер мұндай заманауи қондырғылар мен қамтамассыз етілмеген, көптеген БЖҚ- лары 25 жылдан астам уақыт бойы пайдаланып келеді, ал оларды заманауи қондырғылар мен алмастыру мол қаржыны талап етеді.
БЖҚ қатардан шыққан кезде жұмысқа резервтік желдету қондырғысын жылдам іске қосу қажет. Олай болмаған жағдайда егер БЖҚ-ның тұрып қалуы екі сағаттан асып кетсе, онда жерастылық жағдайлардағы адамдар жер бетіне алып шырарылуы тиіс немесе БЖҚ тұрып қалуы 0.5 сағаттан асып кеткен кезде таза ауа ағымына алынып шырарылуы тиіс.
Осыған байланысты БЖҚ ны пайдалауды «Пайдалы қазбалар кен орындарын жер астылық тәсімен игеру кезіндегі өнеркәсіптік ережелерін » талаптарын білетін персонал жүзеге асырылуы тиіс.
Назар аударыңыз!
Аталған тақырып бойынша Ұлтық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Н. Әбіқаев баяндама жасады.
Мемлекет басшысы отырысқа қатысушылардың назарын өнеркәсіп пен өрт қауіпсіздігін қамтамассыз ету жөніндегі нақты шараларды қабылдау, алдын алу іс-шараларын жүргізу, осы саладағы нормативтік базаны жетілдіру қажеттігіне аударды. Призидент Қауіпсіздік Кеңесі Қазахстанның құқұқ қорғау жүйесін жетілдіруді қарастыратын таяуда жарық көрген Жарлыққа сәйкес құқұқ қорғау органдарының қызметін үйлестіру және бақылау функциясын, соның ішінде стратегиялық объектілердің қауісіздігін қамтамассыз етуін бөлігін орындауы қажеттігін атап көрсетті.
Бақылау сұрақтары:
1. Желдеткіш дегеніміз не?
2. Желдеткіштің түрлерін атаңыз?
3. Жылу дегеніміз не?
4. Жылу жүйесі қанша элементтен түрады?
5. Жалпы желдету қандай болып бөлінеді?
6. Жылытқыштар қандай жүйелерге бөлінеді?
7. Табиғи желдеткіш дегенді қалай түсінесіңдер?
