- •1.2 Қазақстан Республикасында еңбекті қорғау бойынша негізгі заң актілері
- •I . Еңбек заңдары.
- •1.3 Гбж өндірісінде еңбекті ұйымдастырудың түрлері мен әдістері.
- •1.4 Еңбекті қорғау жағдайын бақылау органдары мен еңбек туралы заңды бұзудағы жауапкершілік.
- •1.5 Еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру
- •1.6 Сәтсіз жағдайларды тексеру және тіркеу.
- •1.7 Өндірістік жарақат және кәсіптік аурулар.
- •1.8 Өндірістік бөлмелерге және жұмыс орындарына қойылатын негізгі санитарлық-техникалық талаптар.
- •1.9 Кәсіпорында оператордың жұмыс орны.
- •1.10 Желдеткіш және өндірістік ауаның жылуы.
- •1.11 Өртке қарсы шаралар мынандай жағдайларды қарастыруы керек:
- •1.12 Әртүрлі физика-географиялық аудандарда жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
- •1.13 Дала жұмыстарының санитариясы мен гигиенасы.
- •1.14 Көтеріп – түсіру жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
- •1.15 Жарықтандырудың еңбектің өнімділігі мен қауіпсіздігіне тигізетін әсері.
- •1.16 Шу мен дірілдің адам ағзасына әсері.
- •1.17 Өндірістік шаң мен улы заттар.
- •1.18 Өндірістік сәулеленулер.
- •1.19 Жұмыс жүргізушілерді жеке және ұжымдық қорғау құралдары
- •1.20 Жану түрлері мен жану үрдісі.
- •1.21 Кәсіпорынды өрттен қорғау.
- •1.22 Өртті сөндіру құралдары.
- •1.23 Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өрттің алдын алу.
- •2.1 Көлік құралдары мен арнайы машиналарды пайдалануды қамтамасыз етуге арналған жалпы ережелер мен талаптар.
- •2.2 Электрлі қондырғылар мен электрлі жабдықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
- •2.3 Әрекеттегі электроқондырғылардағы жұмыс қауіпсіздігін қамтамассыз ететін шаралар.
- •2.4 Тау жұмыстарны жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
- •2.5 Бұрғылау қондырғыларын тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
- •2.6 Геофизикалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
- •2.7 Сейсмобарлау жұмыстары
- •2.8 Электрлі барлау жұмыстары.
- •2.9 Магнитті және гравитациялы барлау.
- •2.10 Ұгз жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
- •2.11 Көтеріп, түсіру механизмдерімен және аппаратураларды түсіріп, көтеру жұмыстары кезіндегі қт ережелері.
- •2.12 Перфорирлеу, торпедирлеу және сынама алу өндірісінің ережелері.
- •2.13 Жм тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
- •2.14 Атқыш және жарылғыш жұмыстар.
2.9 Магнитті және гравитациялы барлау.
Магнитті барлау магнитті қасиеттердің ерекшелігін анықтауға, ал гравибарлау тау жыныстары мен пайдалы қазбалардың тығыздығының ерекшелігін анықтауға негізделеді.
Автомашинаның көмегімен магнитті және гравитациялы барлау жұмыстарын жүргізу кезінде аспаптарды жолдың екінші жағына орналастыру керек. Аспаптармен бақылау жүргізу кезінде, әсіресе көтеріп, түсіретін жерлерде автокөліктерді тоқтатқанда шофер кабинада болуы керек. Бұл кезде тежеуіш пен жылдамдық қосылуы керек.
Термостатсыз кварцті гравиметрдің сезімтал жүйесін алу кезінде қорғанышты көзілдірік кию керек, өйткені кварцты жүйе сынатын болса, көзілдірік көзге сынықтардың түсуінен сақтайды.
Гравитациялы және магнитті аспаптардың оптикалық түтіктері арқылы бір көзбен есептерді алғанда екінші көзді ашық қою керек. Сонымен қатар мұнда есеп жүргізіп тұрған көздің шаршауыда қорғалады. Егерде бақылауды далалы ашық таулы аймақтарда ашық күндерде жүргізсе күннен қорғайтын көзілдірік кию қажет.
Триангуляциялы және бұрғылау мұнараларында, сонымен қатар тау қазындыларында гравиметрмен, градиентометрмен және магнитометрмен бақылауды арнайы нұсқаудан кейін геодезиялық және таукентехникалық бақылауының рұқсатымен жүргізу керек.
2.10 Ұгз жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
Геофизикалық зерттеулерді тек арнайы дайындалған ұңғымаларда ғана жүргізуге рұқсат етіледі. Дайындық геофизикалық зерттеулердің барлық кешендерін жүргізуге қажетті уақыт аралығында ұңғымалы аспаптар мен каротажды белдемдерді кедергісіз түсіріп, көтеруді қамтамасыз етуі керек.
Ұңғымаларда төмендегідей геофизикалық зерттеулерді жүргізуге тыйым салынады:
- газдаушы және сіңіруші;
- статикалықтағыдан төмен бұрғылау ерітіндісінің деңгейіндегі (мұнай мен газ кенорындарында);
- бұрғылау қондырғыларында геофизикалық зерттеулермен байланысы жоқ жұмыстарды орындау кезінде геофизикалық зерттеулерді жүргізуге тыйым салынады.
Радиоактивті сәулеленудің барлық түрлері адам ағзасында қалыпты биохимиялық үрдістердің бұзылуына әкелетін өзгерістерді туындатады. Бұл өзгерістер үрдістердің қабырғаларына бағынышты болады. Бұл өзгерістер сәулеленудің ену мүмкіндігінің деңгейіне, әсер етудің мөлшері мен уақытына, сонымен қатар ағзаның жағдайына бағынышты болады. Осыған байланысты радиоактивті заттарды пайдалану кезінде ұңғымадағы жұмысты дұрыс сақтау, тасымалдау және жұмыс орындарының тазалығын бақылауды ұйымдастыру арқылы атқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Сәулеленудің алдын алу үшін төмендегідей ережелерді сақтау керек:
берілген жұмыс үшін қажетті төмен белсенділікті сәулелену көздерін пайдалану;
сәулелену көздерінің барлық операциялары өте қысқа уақыт аралығында жүргізіледі;
дистанциялы аспаптарды пайдалану жолымен сәулелену көзінен ең жоғары мүмкіндіктегі қашықтықта жұмыстарды жүргізеді;
контейнер, экран, арнайы киімдер түріндегі қорғау құралдарын пайдаланады;
радиометрлік және дозиметрлік бақылауды жүзеге асырады.
Сәулеленудің үш категориясы бар:
А категориясы – иондалушы сәулелену көзімен тікелей жұмыс жүргізетін тұлғаларды кәсіби сәулелендіру;
Б категориясы – радиоактивті заттармен және иондалушы көздермен жұмыс жүргізетін, бірақ олармен тікелей айналыспайтын үй-жайлардағы адамдарды сәулелендіру;
В категориясы – санитарлы-қорғау белдемінің территориясында тұратын тұрғындарды сәулелендіру.
Жұмысшыларға қойылатын негізгі талаптардың бірі радиоактивті заттармен кез-келген жұмыс жүргізу кезінде ұқыпты болып, қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау.
Негізгі ережелерге мыналар жатады:
1. Радиоактивті заттармен жұмыс жүргізушілер үй жайларда арнайы киімдер – халат пен қалпақтарды, кеніштерде – комбинизон киюлері керек. Ашық радиоактивті заттарды моникуляциялауды резеңке қолғаптармен жүргізу керек;
2. радиоактивті шаң мен радонды жұту қаупі туған жағдайда ШБ-1 респираторы мен ЛИЗ-3 пневмомаскасын пайдалану қажет. Егерде жұмыс радиоактивті заттармен жүргізілсе, клеенді және хлорвинилді фартуктарды пайдалану керек;
3. радиоактивті заттармен жұмыс жүргізілетін үй-жайлар мен қазындыларда шылым шегіп, тамақ ішіп, азық түлік өнімдерін сақтауға тыйым салынады;
4. жұмыстың барлық циклін орындауға қажетті радиоактивті заттар арнайы тіркелген сақтау орындарындарында сақталады. Қандай да бір тәжірибені немесе оның сериясын орындауға қажетті радиоактивті заттар сәулелендіруге арналған қорғасынды контейнерлерде, тез қозғалатын нейтрондар үшін парафинді контейнерлерде сақталады. Газ бөлетін радиоактивті заттар сазылмалы шкафтарда сақталады.
5. сәулелендіргіштерді тасымалдау қажет болған жағдайда дистанциялы заттарды пайдалану арқылы арнайы контейнерлерде жүргізіледі.
6. Радиоактивті заттармен жұмыс жүргізуге дәрігерлік тексеруден өткен, радилактивті заттармен жұмыс жүргізудің ережелерін білетін 18 жасқа толған адамға рұқсат етіледі.
7. НРБ-69-ға сай радиоактивті заттармен жүргізілетін барлық жұмыстар күнделікті дозиметрлік бақылаумен жүргізіліп, нәтижелері әрбір жұмысшыға арналған жұмыс орыны мен үй-жайдағы дозиметрлік бақылау журналына енгізіледі.
Бақылау сурақтары:
1. Үңғымаларда төмендегідей геофизикалық зерттеулерді жүргізуге тыйым салынатын шараларды атандар?
2. Сэулеленудің үш категориясын атандар?
3. ¥ҒЗ дағы негізгі ережелерге нелер жатады?
