Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД-синтаксис.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

4.Дәріс тезистері

Дәріс №1. «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» курсының мақсаты, зерттеу обьектісі, салалары. Синтаксис мәселелерінің зерттелуі

Мақсаты: синтаксистің зерттеу объектісі, салалары туралы түсінік беру, оның зерттелу тарихына шолу жасау.

Тірек сөздер: синтаксис, сөз тіркесінің синтаксисі, сөйлем синтаксисі, мәтін синтаксисі, сөйлем мүшелері, сөз формалары, сөздердің тіркесу қабілеттілігі.

1.«Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» пәнінің басты мақсаты – студенттерге қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік конструкциялардың түрлері мен жасалу жолдары, оның құрамы мен басты қағидалары туралы жүйелі білім беру. Қазақ тілі синтаксисі ғылымының туу, даму, зерттелу тарихынан хабардар қылу.

2.Синтаксис гректің syntaхіs – құрастыру, құрау деген сөзінен шыққан. Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынадай төрт салаға бөлінеді:

  • Сөз және оның формаларының синтаксисі.Сөзді өзіне тән ерекшеліктері тұрғысынан қарастырады.

  • Сөз тіркесінің синтаксисі. Онда сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сөз тіркестерінің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады.

  • Сөйлемнің синтаксисі. Онда сөйлемнің құрылу принциптері, сөйлемнің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады.

  • Мәтін синтаксисі.

Синтаксис бұл мәселелерді сөздердің грамматикалық құрылысы жөніндегі ілімнен бөліп алып, олардан оқшау тұрған нәрсе деп қарамайды, өзара тығыз байланыста қарайды.

Сөз сөз тіркесінің негізгі материалы болса, сөз тіркесі сөйлем құраудың материалды негізі, ал сөйлем кісінің ойын айтудың негізгі формасы және мәтіннің негізгі материалы. Синтаксис сөз тіркесін, сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін және басқа синтаксистік формаларды адамның ойын білдірудің грамматикалық тәсілдері ретінде, өзара байланысты категориялар ретінде қарастырады. Синтаксис сөздерді сөйлемнің бөлшектері ретінде, ал жалғауларды сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен қиюластырып тұратын морфологиялық-синтаксистік категория ретінде тексереді.

3.Синтаксис грамматиканың бір саласы ретінде біздің жыл санауымыздың II жартысында-ақ қарала бастады. Синтаксисті грамматиканың бір саласы деп түсініп, оны алғаш сөз еткен адам –б.з.ІІ ғ. өмір сүрген Александрия тіл зерттеушілерінің көрнекті өкілдерінің бірі –Аполлони Дискол. Ол синтаксистің объектісін айқындау, сөйлем, сөйлем мүшесі дегендерді ғылыми тұрғыда шешу тәрізді мәселелермен айналыспаған, сөздердің байланысын, байланысудың жолдарын қарастырған.

Ал XIX ғ. тіл біліміндегі қисындық бағыт өкілдері синтаксисті сөйлем туралы ілім деп бағалап, оны мүшелерге жіктеумен ғылыми тұрғыда айналысқан.

Қазақ тіл білімінде синтаксистің зерттеліп, сөз болуы А. Байтұрсыновтан басталады. 1920 ж. шыққан «Тіл құралдары» (3 кітап) оқу орындарында оқулық есебінде жұмсалған елеулі еңбек болды. Онда грамматикалық атаулар мен дыбыс, буын, сөз, сөйлем құрылыстары жайында жүйелі мағлұматтар берілген. Синтаксиске қатысты бастапқы мағлұмат үшінші «Тіл құралында» баяндалады. Одан соңғы синтаксисті зерттеуде, терминдерін, ережелерін қалыптастыруда еңбек еткен Қ. Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Қ.Есенов тәрізді лингвист ғалымдар.

1930-1940жж. қазақ тілінің бірнеше грамматикасы шықты. Оларда жай және құрмалас сөйлемдер синтаксисінің негізгі мәселелері сөз болады да, сөз тіркесінің синтаксисі атаусыз қалады. 1939ж. Қ.Жұбановтың, С.Аманжолов пен Н.Сауранбаевтың бірігіп жазған оқулықтары шықты. Бұларда да синтаксистің еленбей жүрген саласы сөз тіркесі екені, оның жекелеген мәселелерін де ол авторлар зерттеу нысаны ретінде танымайды. С.Аманжоловтың жоғарыда аталған кітабында «сөздердің тізбектері» деген тақырып бар. Онда лексикалық және тұрақты тіркеске қатысты мысалдарды екі бөліп баяндайды.

Қ.Жұбанов қазақ тілінің грамматикасын жаңаша құрастырып, бірқатар грамматикалық атауларды жаңаша атап, көптеген мәселелерді өзінше дұрыс бағдарлауға тырысты. Осы бағытта орта мектепке арнап 1936ж. грамматика оқулығын шығарды, соған байланысты «Ауыл мұғалімі» журналында «Жаңа грамматиканың жаңалықтары» деген мақала жариялады. Қазақ тіл білімінде проф. Қ.Жұбанов синтаксистің анықтамасын бере отырып, сөз тіркесін де сөйлем сияқты синтаксистің негізгі объектілерінің бірі деп қарастырады.

Мектеп тәжірибесінен ұлғайған ой-пікірлер проф. С.Аманжоловты да «Қазақ тілінің қысқаша курсын» жазуға итермеледі. Бұл студенттер үшін жазылған бірінші оқу құралы болғандықтан және автордың синтаксис мәселелерін ғылыми тұрғыдан баяндау мақсатын көздегендіктен, кезінде филолог-студенттердің қажетіне жарады. Бірақ автор сол кездегі «жаңа ілім» қағидаларын қазақ тілі синтаксисімен ұштастырмақ болды. Сөйтемін деп синтаксистің біраз мәселелерін қате түсіндірді. Дұрыс қорытқан пікірлері де болды. Олар соңғы жылдары басқа авторлармен бірігіп жазған мектеп оқулықтарынан орын алды.

Сөйтіп, қазақ тілі оқулығында «сөз тіркесі» деген термин 1950ж. кейін оқта-текте аталады, бірақ авторлардың оны қай мағынада жұмсап отырғандығы аян емес, оған берген анықтамалары мүлдем басқа жайды меңзейді.

Қазақ тіліне елеулі еңбек сіңірген ғалым С.Жиенбаев болатын. Оның жай және құрмалас сөйлем мәселелеріне арналған құнды зерттеулерінің қатарында сөз тіркесі бөлек талданбайды. Бірақ «үйірлі мүше» деген атпен қай сөздің қандай сөзбен топ құрай алатындығы жөнінде айтқандарының сөздердің толықтауыш, пысықтауыш қызметтерін айыру жөніндегі дәлелдерінің есімді, етістікті сөз тіркестеріне қатысы бар.

1954ж. «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен көлемді кітап шықты. Бұл кітап –қазақ тіл білімінің фонетика, лексика, грамматика мәселелеріне жан-жақты мағлұмат беретін елеулі табысы. Ол кітаптың синтаксис саласындағы бір жаңалығы –сөз тіркесі синтаксисін жай сөйлем синтаксисінен бөліп алып, өзіндік өзгешеліктері бар мәселелер ретінде қаралуы.

М.Балақаев өзінің алғашқы еңбектерінде сөз тіркесі әрі сөз таптарының, әрі сөйлем мүшелерінің тіркесі ретінде салаласатын, сабақтасатын байланыстағы сөздер деп, жай сөйлемге арналған еңбегінде синтаксистің бірден-бір зерттеу объектісі сөйлем деп қарастырады. Кейінгі зерттеулерінде «сөз тіркесі –сөйлем мүшелерінің тіркесі емес, сөз таптарының тіркесі, сөз тіркесіндегі сөздер тек сабақтаса байланысады, салаласа байланысатын бірыңғай мүшелер сөз тіркесі деп есептелмейді, олар жай сөйлем синтаксисінде қаралу керек» деп пікірін жөндейді. Бұл туралы Т.Қордабаев басқаша пікір білдіреді: «сөз тіркесі синтаксистегі басты тұлға емес, сөйлемнің бір бөлшегі ретінде ғана қаралуы тиіс», – дей келіп, «синтаксистің негізгі объектісі боп есептелетін 3 нәрсені қарастырады: 1) жай сөйлем синтаксисі, оның құрамы, структуралық, мағыналық түрлері, 2) сөздер тіркесі, ерекшеліктері, 3)сөйлемдер тіркесі».

Осындай біршама ұзақ тарихында синтаксис грамматиканың бір саласы ретінде қаралып келеді. Оның негізгі зерттеу объектісі сөйлем деп қалыптасқан болса, XX ғ. бастап синтаксистің тағы бір объектісі сөз тіркесі деген пікірлер айтыла бастады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Синтаксистің зерттеу нысаны не?

2.Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі қандай салаларға бөлінеді?

3.Синтаксиске қатысты қандай алғашқы зерттеулерді білесіз?

4.А.Байтұрсыновтың «Тіл құралдары» қай жылы шықты?

5.Синтаксис мәселесі қай бөлімінде айтылады?

6.Қ.Жұбановтың қазақ тілінің синтаксисіне қатысты қандай пікірлері бар?

7.С.Аманжоловтың қандай пікірлері бар?

8. «Синтаксис» термині қай тілден алынған және оның білдіретін мағынасы қандай?

9.С.Жиенбаевтың синтаксис саласына қатысты қандай еңбектері бар?

Ұсынылатын әдебиеттер:10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18.

Дәріс№2. Сөз тіркесінің синтаксисі. Сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу формалары

Мақсаты: Сөз тіркесінің зерттеу оъектісі болып табылатын сөздердің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары туралы түсінік беріп, оларды ажырата білуге үйрету. Сөз тіркесінің зерттелу тарихынан хабардар ету.

Тірек сөздер: бағыныңқы сыңар, басыңқы сыңар, синтетикалық тәсіл, аналитикалық тәсіл, жалғаулар арқылы байланысу, орын тәртібі, интонация арқылы байланысу, метафоралық тіркестер, тұрақты тіркестер, еркін тіркестер, түйдекті тіркестер, қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу.

1.Грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі, ерекшеліктері бар топтарын –грамматикалық единицалар – тұтастықтар дейміз. Солардың басты топтары – сөз тіркесі, сөйлем. Бұлардың әрқайсысы әр алуан бөлшек-бөлімдерден құралғанмен, бәріне тән, бәріне ортақ белгілеріне қарап, оларды тұтасқан, тұтасып ұласқан бөлшектер тобы деп танимыз. Мысалы, сөздің дыбыс құрылысы, лексикалық, грамматикалық мағыналары болады, сөз тіркесінің құрамына еніп адамның ойын, сана-сезімін білдірудің бөлшектері қызметін атқарады.

Осындай қарым-қатынасының нәтижесінде әрбір граммтикалық единицалар тілдің қарым-қатынас жасау қызметіне ортақтасады. Сол үшін сөз сөз тіркесінің құрамына, сөз тіркестері сөйлемнің құрамына еніп, ой, пікір тұтастығын құрастыруға қатысады.

Сөйтіп, сөз тіркесі дегеніміз сөз бен сөйлемнің арақатынасынан шығатын басты синтаксистік единицаның бірі деп есептеледі.

Сөз тіркесі жөнінде пікірлердің қалыптасып дамығанына көп болған жоқ. Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерде тек сөйлем мүшелерін, олардың байланысын, орын тәртібін көбірек сөз қылады да, ал сөз тіркесіне байланысты мәселелер көп қозғалмайды. Орыс тілінде сөз тіркестерін (СТ) тұңғыш қолға алған В.В.Виноградов СТ түрлері, байланысу формалары және олардың құрылысы Тіл білімінің ең басты бөлімі екенін айтады.

Көптеген ғалымдар, В.В.Виноградов бас болып, СТ номинативті, сөйлемді предикативті деп танитын болды. Осылай СТ «номинатив» деп тану оны «сөз» дегенмен бірдей деп санауға саятындықтан, оған басқаша анықтама, сипаттама берушілер болды. Мысалы, Н.А.Баскаков екі синтаксистік единицаларды (сөйлем мен сөз тіркесін) қарама-қарсы екі түрлі ойлау процесінің тілдегі көрінісі деп табады: абстракциялау, конкреттеу. Солардың бәрі өзара тығыз байланыста, бірінсіз-бірі бола бермейтін екі түрлі синтаксистік тұтастықты екі бөліп оқшаулауға лайықтанған сипаттамалар.

Сөз тіркестерін түгелдей номинативті деп қарау дұрыс емес. Ондай сөз тіркестері тек олардың жұмсалу орайында атқаратын қызметі тұрғысынан номинативті (атауыш) деп тануға болатындары бар. Мысалы, сөз тіркестері құрылымында пайда болған терминдік тұрақты атаулар (қант қызылшасы, қызыл бұрыш, мал дәрігері т.б.).Осындай ауыс мағыналы сөз тіркестерінен біріккен, кіріккен күрделі сөздердің жасалуы олардың екінші рет атауыш (вторичная номинация) дәрежесіне көтерілуі болмақ (қолөнер, ашудас, кәсіподақ).

Кейбір зерттеушілер есімдер тобын сөз тіркесі деп танығанымен, олардың басты ерекшелігі бір тұтастығы деп есептеді. Мысалы, француз түркітанушысы Ж.Денидің ізімен А.П.Поцелуевский былай дейді: «логикалық және тұлғалық жақтан бір бүтін болып есептелетін екі немесе одан да көп сөздер сөз тіркесі деп аталады». Осылай сөз тіркесін жеке сөзге балап бір бүтін дейтін себебі –тіркескен сөздердің соңғылары септеледі де, бағыныңқылары орыс тіліндегідей септелмейді. Егер олай болса, лексикалық тіркестерді ғана сөз тіркесі деп тануға болатын тәрізді. Бірақ оның келтірген мысалдарында, сөз тіркестерін топтастыруында ол байқалмайды. А.П.Поцелуевский сөз тіркестерін 1) детерминативті; 2) салалас; 3)сабақтас; 4)сөйлем деп бөледі. Бұл бөлістің қандай принципке негізделгенін түсіну қиын. Алайда оның сөз тіркесі аясына әр алуан сөздер тобын тарту керек деген ойын аңғаруға болады.

Сондықтан Н.К.Дмитриев сөз тіркесін сөйлемнен айырып тану керектігіне ерекше көңіл бөледі: «Сөз тіркесі де, сөйлем де бірнеше сөздер тобынан тұрады. Алайда екеуін біріктіретін принциптер мүлдем басқа. Бастауыш пен баяндауыштық қатынаста тұрмаған сөздер тобының бәрі сөз тіркесі болып табылады». Соңғы пікірі біраз дәлелдеуді қажет еткенмен, ғалымның сөз тіркесін сөйлемнен айыру керек екенін айтқанының үлкен мәні бар. Ол сөйлем мен сөз тіркесін олардың білдіретін мағыналарына қарап айыру керек екенін уағыздайды. Сөйлем байымдауды (суждение) білдіреді, сөз тіркесі оны білдірмейді дейді.

Мұндай пікір Н.А.Баскаков мақалаларында да бар. Бұл пікірді құптауға болмайды, өйткені байымдау, біріншіден, грамматикалық категорияларға тән ұғым емес, логика ғылымына тән. Екіншіден, сөз тіркесі болып есептелетін синтаксистік топтар сөйлем сияқты кісінің ойын білдірудің, қарым-қатынас жасаудың да формасы болуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды.

Сөз тіркестері мен сөйлемнің бір емес екенін мағыналарына қарап та, әлгіндей тұлғалық дәйекші қою арқылы да айыру мүмкін емес. Сөздер тобын сөз тіркесі деп те, сөйлем деп те тануға болатын орайы бар.

Н.К.Дмитриев те, Н.А.Баскаков та «атрибуттық» топтарды ғана (жазық дала) сөз тіркесі деп қарастырады. Н.А.Баскаков «атрибуттық» сөз тіркесі дегенді кең түрде түсінеді. Сонда анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық қатынастағы сөздер тобы байымдауды білдірмесе, сөз тіркесі деп таниды да, білдірсе, сөйлем деп таниды.

Түркі тілдерін зерттеушілердің ішінде сөз тіркесін жан-жақты зерттеудің объектісі еткен кісінің бірі –Е.И.Убрятова. Ол «Исследования по синтаксису якутского языка» деген еңбегінде сөз тіркестерінің түрлерін синтаксистік байланыс формаларының ізімен қарастырады: сөйте тұрып, сөз тіркесін «бір бүтін мағыналық единица» деп танып, екінші жағынан сөз тіркестерін «предикативті», «предикативті емес» деген тұрғыдан да қарастырады.

Е.И. Убрятова да сөз тіркестерін сөйлем мүшелері мен сөз таптарының басын біріктіріп жан-жақты қарастыруды көздеген. Сондықтан оның зерттеуінде сөз тіркесіне бай материалдар негізінде жасалған дұрыс қортындыларымен қатар лексикаға және сөйлем синтаксисіне тән мәселелерді олармен араластырып алған жайлары да бар. Дегенмен, бұл –құнды еңбектердің бірі.

Сөз тіркесіне, сөйлемге материалдық негіз болатын –сөз. Сөз тіл білімінде лексикология мен семасиологияның зерттеу объектісі болумен қатар, грамматикада да әр түрлі ыңғайда қарастырылады. Сөздердің құрамы, тұлғасы, жасалу жолдары, олардың грамматикалық мағыналы топтары морфологияда қаралады.

Сөз, негізінде, дараланған ұғымды, лексика-грамматикалық мағынаны білдіреді. Олар мағыналық үйлесімділігіне қарай тілдің синтаксистік ережелері негізінде әр алуан лексикалық және синтаксистік топ құрау арқылы сөйлем ішінде айтылады. Қарым-қатынас жасау үшін ойды айтудың негізгі формасы сөйлем болса, сөзді сөйлем құраудың материалы деп білеміз. Сондықтан сөз –ой құраудың арқауы. Сөздер қажеттіктен өзара тіркеседі, тіркесу арқылы сөйлемге енеді. Осыдан келіп сөздердің өзара тіркесе алу қабілеттілігі олардың ең басты грамматикалық қасиетінің бірі болып есептеледі.

Сөз тіркесіне тән белгілер:

  • Сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады;

  • Ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық және синтаксистік байланыста айтылады. Олар салаласа байланыспайды,. тек сабақтаса байланысады.

  • Тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалады.

Сөйтіп, синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз.

2.Сөз бен сөзді байланыстыруға дәнекер болатын негізгі тәсілдер:

1)Жалғаулар (септік, тәуелдік, көптік, жіктік): кітаптың беті, қаладан келді т.б.

2) Шылаулар(демеуліктер, жалғаулықтар): адам үшін, көрген сайын т.б.

3)Сөздердің орын тәртібі: биік үй, қалың орман т.б.

4)Интонация: Бұл –кітап, Асан –студент т.б.

СТ сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы –синтетикалық байланыс, қосымшаларсыз орын тәртібі, интонация, шылаулар арқылы байланысуы аналитикалық байланыс болады.

Сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде қалыптасқан синтаксистік байланыс жүйесін сөздердің байланысу формалары дейміз. Қазақ тіліндегі сөздердің байланысу формалары:

Қиысу –бастауыш пен баяндауыштың грамматикалық тұлғасына не грамматикалық мағынасына қарай тұлғалануы: мен келдім, сен айттың т.б.

Матасу –бағыныңқы мен басыңқының бірі ілік жалғауында, бірі тәуелдік формасында тұрып байланысуы: менің анам, ағаштың жапырағы т.б.

Меңгеру –бағыныңқы сөздің басыңқымен мағыналық үйлесімі негізінде іліктен басқа септік жалғауларының бірінде тұрып байланысуы: есікті ашты, маған келді т.б.

Қабысу –бағыныңқының басыңқымен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысуы, ал енді бір қабыса байланысатын сөздер сөйлемдегі орнын өзгертіп, өздері бағындыратын сөздерінен қашықтап тұрады. Бұл жанасуға жатады.

3. Сөздер синтаксистік топ құрап сөз тіркесі болғанда, олардың құрамына әр алуан сөздер енеді. Олар түрлі морфологиялық тұлғаларда айтылады. Сөздердің ол тұлғалары, лексика-грамматикалық мағыналары тіркескен сөздердің қарым-қатынасына үйлесімді айтылады.

Өзара мағыналық байланыста айтыла алатын сөздер ғана синтаксистік байланыста, белгілі сөз тіркесінің құрамында айтылады. Олай болмаған жағдайда стильдік қате болып есептеледі.

Көркем әдебиетте бір затқа тән қасиетті басқа затқа телу арқылы сөз кестелерін әшекейлеуге болады: Асау терек долданып, буырқанып... (Абай). Мұндай тіркестер метафоралық тіркестер деп аталады.

Енді бір тіркестер құрамы мызғымайтын берік болады: жүрегі шайылу, көз қырын салу т.б. Мұндай тіркестерді тұрақты тіркестер дейміз.

Сөз тіркесінің құрамы көбінесе еркін болады: жақсы кісі, жақсы ат, жақсы кітап т.б. Осылардай құрамын өзгертіп айтуға болатын тіркестерді еркін тіркестер дейміз.

Өзара тіркескен сөздің бірі екіншісін өзіне бағындырып тұрады. Сондықтан сөз тіркестері сабақтаса байланысқан екі сыңардан тұрады: бірі сөз тіркесінің ұйытқы бөлігі, сөз тіркесінің грамматикалық діңгегі –оның басыңқы сыңары, екіншісі –оған қатысты және тәуелді бөлігі – бағыныңқы сыңары. Мысалы: жаздың (бағыныңқы) көркі (басыңқы).

Сөз тіркесі толық мағыналы екі сөзден құралған жай болады немесе оның бір сыңары кейде екеуі де сөз тіркесінің құрамында күрделі сөздер және басқа түйдекті тіркестер болады. Түйдекті тіркестер дегеніміз - өзара байланыста тұрып, тобымен сөз тіркесінің құрамына енетін, яғни лексика-грамматикалық топ болып, сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде жұмсалатын тіркестер. Оларға күрделі етістіктер тобы (жүріп келе жатыр), есім мен көмекші етістіктер тобы ( жол жүру, қол қою), қосарлы есімдер тобы (жылдан-жылға, ыдыс-аяқ), күрделі есімдер тобы (арбаның қасы), тұрақты тіркестер тобы (үрейі ұшу, есі тану) кіреді.

Сөйлем ішінде СТ екі түрлі ыңғайда құралады:

1)СТ тізбектеліп, ондағы сөздер біріне-бірі сатылана байланысады: Азамат кең бөлменің ортасында отыр екен дегенде, кең сөзі бөлме сөзіне бағынып, бір тіркес, бөлменің сөзі ортасы дегенмен байланысып, екінші тіркес, ал ортасында сөзі отыр екен етістігімен тіркескен.

2) Кейде СТ құрамындағы бірнеше бағыныңқылар бір басыңқыға ортақтасып тұрады. Кеше мектепте ұстазыммен кездестім деген сөйлемде мынадай тіркестер бар: кеше кездестім, мектепте кездестім, ұстазыммен кездестім.

Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қара сөзден құралған сөйлемдерде басыңқыдан бұрын тұрады, өлеңде керісінше орналасуы мүмкін.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Сөз тіркесі дегеніміз не?

2.Сөз тіркесіне қандай белгілер тән?

3.А.П.Поцелуевский сөз тіркесі туралы қандай пікір айтты?

4.Н.К.Дмитриевтің пікірі қандай болды?

5.Н.А.Баскаков қандай пікірде болды?

6. Е.И.Убрятованың синтаксиске арналған қандай еңбегі бар, онда сөз тіркесіне қатысты қандай пікір айтылады?

7. Сөздердің тіркесу тәсілдері қандай?

8. Сөздердің байланысу формалары дегеніміз не?

9.Сөз, номинативті тіркес, күрделі сөз арасын қалай түсіндіресіз?

10. Түйдекті тіркес дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер: 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 39.

Дәріс №3. Сөз тіркесінің түрлері. Сөз тіркестерін топтастыру принциптері

Мақсаты: Сөз тіркестерін топтастыру принциптерімен таныстыру, СТ сөздердің тіркесу қабілетіне және байланысу формаларына қарай ажыратып талдауға үйрету.

Тірек сөздер: есімді тіркестер, етістікті тіркестер, сын есімді тіркестер, сан есімді тіркестер, есімдікті тіркестер, матаса байланысқан сөз тіркестері, меңгеріле байланысқан сөз тіркестері, қабыса байланысқан сөз тіркестері.

1.Сөз тіркестерін топтастыруды кейбір ғалымдар сөйлем мүшелерінің ыңғайында қарастырады. Олар тіркескен сөзінің өзара мүшелік қатынасына қарай СТ «предикативті», «предикативті емес» деп екіге бөледі де, соңғыдан «толықтауыштық», «анықтауыштық», «пысықтауыштық» сөз тіркестерін шығарады. Бұлай топтастыру сөздердің өзара тіркесу ерекшеліктеріне негізделмей, сөйлем мүшелерінің өзара тіркесіне негізделгендік болады. Рас, сөздер бір-бірімен тіркесу нәтижесінде белгілі мүшелік қатынаста айтылады. Бұл жағдай сөз тіркесінің синтаксисінде еленеді, бірақ оның ең басты белгісі бола алмайды.

Сөз тіркесін топтастыру принциптерін дұрыс белгілеу үшін сөз тіркесінің зерттеу объектілері нелер екенін, оның басты-басты ерекшеліктерін ашу керек. СТ синтаксисінің негізгі объектісі –сөйлем мүшесі емес, сөз.

2.Сөз тіркесінің синтаксисінде жеке сөз таптарының, олардың бөлшектерінің басқа сөздермен және өзара тіркесу қабілеті, байланысу тәсілдері , сөздердің сөз тіркесін құраудағы қызметі қарастырылады.

Қазақ тілінің сөз тіркестері сөздердің өзара тіркесу қабілетіне қарай есімді және етістікті болып бөлінеді. Есімді сөз тіркесінде есім сөздің бірібасыңқы болады да, етістікті сөз тіркесінде етістік басыңқы сыңар болады.

Есімді, етістікті сөз тіркесінің құрамдары әр түрлі болады. Сөз тіркесіндегі сөздердің басын құрайтын және сөз тіркестерін жіктеуге критерий болатын синтаксистік тірек –сөздердің байланысу формалары. Соған байланысты есімді және етістікті сөз тіркестері бірнеше топқа бөлінеді.

Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса және меңгеріле байланысады., етістікті сөз тіркестері қабыса және меңгеріле байланысады.

3.1. Сын есімді тіркестер.Сын есімдер мен зат есімдер қатар тұру арқылы өзара қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі жасалады. Мұндай синтаксистік тіркестердің құрамы әр алуан болатындықтан, олар әр түрлі анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Олар заттың т ү с і н (ақ қар, қызыл орамал т.б.), заттың к ө л е м д і к сапасын (тар жол, кең бөлме, терең сай), т а б и ғ и күйін (қалың қарағай, салқын жел), адамның, заттың і ш к і с ы р ы н (жақсы кісі, жаман адам), тамақтың д ә м і н (тәтті тамақ, ащы сорпа, қышқыл жеміс), салмақтың мөлшерін (ауыр жүк, жеңіл чемодан) білдіреді. Осындай әр үрлі мағынада жұмсалатын сын есімдер кез келген зат есіммен тіркесе бермейді. Мысалы, тілемсек деген сөз адамның ғана сынын білдіреді. Сол сияқты асау сөзін асау ат, асау бие, асау тайлақ сияқты құрамда айтуға болады. Ал асау бала, асау шал деп айтуға болмайды. Өйткені ербір сын есімнің білдіретін лексикалық мағынасы белгілі бір затқа тән сапа болады. Сондықтан мысалы, қисық сөзін қисайтуға болатын заттардың сапасы деп айтуға болады.

Сапалық сын есімдер мен зат есімдер еркін тіркес құрамында айтылғанда, сөз тіркесінің бірінші сыңары түбір қалпын өзгертпейді, екінші сөзі түрлі тұлғада айтыла береді. Бірақ соңғының жалғаулы болуының бұл сөз тіркесіне ешқандай қатысы болмайды. Сонымен қатар ондағы зат есімнің кейде дербестігі болмай, сын есім күрделі сөз тіркесінің құрамында айтылуы мүмкін. Мысалы: үлкен үйдің ортасында тас шам бар (М.Әуезов).

Бірқатар сын есімнің сындық сапасын күшейту үшін оларға басқа сын есімдер қатысты болып та олар күрделі сөз тіркесінің құрамына енеді: тастай қатты ағаш, удай ащы дәрі.

Қатыстық сындарымен зат есімдерден жасалған сөз тіркестері де әр түрлі мағыналық қатынасты білдіреді. Мұнда туынды сын есімдер қандай сөздерден жасалған болса, сол сөз анықтауыштық сапаның негізі болады: Таусыз,ормансыз дала (С.Мұқанов).

Қатыстық сындар зат есімдерден жасалғанда, олармен басқа зат есімдер не сын есімдер тіркесіп, барлығы жиналып, күрделі есім сөз құрамында айтылуы мүмкін: Бидай өңді, үріп ауызға салғандай келіншек есік алдына шықты (Б.Майлин).

Сан есімді тіркестер. Сан есімдер –зат есімдерге тән, оларды сан жағынан анықтап тұатын, зат есімнің жетегінде айтылатын, өзінің басыңқылық дербестігі жоқ сөздер. Олардың зат есімдермен тіркесуі арқылы қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері жасалады.

Бірқатар зат есімдер конкретті заттардың аты болады да, бірқатары абстракт ұғымының аты болады. Осыған орай, сан есімдер барлық зат есіммен бірдей тіркесей алмайды. Олар абстракт ұғымды білдіретін зат есімдермен тіркеспейді.

Жинақтау сан есімдерден басқа сан есімдердің бәрі де анықтауыштық қатынаста санауға, есепптеуге болатын заттардың атын білдіретін сөздермен тіркесе береді.

Болжалды сандар есімді сөз тіркесінің құрамында заттың сандық сапасын шама мөлшрі ретінде көрсетеді: Олжабек 300-дей жылқыны айдап келеді. 12-13 үйлі Балтабай аулының ық жағына қонды.

Сан есімдер уақыт, салмақ, көлем өлшемін білдіретін сөздерге және жасар, жастағы сөздеріне қатысты болу арқылы да күрделі есімді сөз тіркесін құрайды: 10 жасар бала, 6 айлық азық.

Есімшелі тіркестер. Есімшелердің зат есімдермен тіресуі арқылы анықтауыщтық қатынастағы есімді сөз тіркестері жасалады: орылған егін, айтар сөз.

Мұндай есімді сөз тіркестерінің құрамында жиі кездесетін есімшелер -ған, -ген тұлғалылар. Бұларға қарағанда -атын, -етін, -ар, -ер тұлғалы есімшелер есім сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызметінде аз айтылады. Оның себебі – есімшелердің білдіретін мағынасында: -ған тұлғалы анықтауыштар қимыл процесінің нәтижесін, оның зат есіммен тығыз мағыналық байланысын білдіреді: көрген кісі, ұшқан құс.

Есімшелер зат есімдермен ғана емес, олардың орнына жұмсалатын басқа есімдермен де тіркесуі мүмкін. Мысалы: келген біреу, тайсалмайтын батыр.

Көреген, сүзеген, қашаған тәрізді ертедегі біраз есімшелер бұл күнде есімшелік мағынасын жойып, сын есім қатарында жұсалады. Мұндай есімшелерден ауысқан сын есімдер де есімді тіркес құрамында айтылады: көреген кісі, қашаған ат.

Есімдікті тіркестер. Есімдіктердің ішінде қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары болып жиі кездесетіндері – сілтеу, сұрау және жинақтау есімдіктері. Олар зат есімдермен тіркесіп, анықтауыштық қатынаста жұмсалады: мына кітап, қандай мәселе?

Есімдіктердің сөз тіркесінің құрамындағы анқтауыштық мағыналары бірдей емес.

Сілтеу есімдіктері заттың айтушыға алыс-жақындық бағдарын нұсқап көрсетіп анықтайды: ол осы өзенді жағалап Кремль жақтағы сонау көк мүйіске қарай серуендемекші еді-ау!

Сұрау есімдіктері ол құрамда заттың сұраулық сапа қатынасын білдіреді, мысалы, қай қала? неше мектеп?

Мұндай құрамда айтылатын сұрау есімдіктері - қабыса байланысатын анықтауыштарға (сын есім, зат есім , сан есім, есімше және сілтеу есімдіктерінен болған анықтауыштарға) қойылатын сұрақтар.

Басқалары қабыса байланысатын анықтауыштардың орнын баспайтындықтан, мұндай құрамда айтылмайды.

Жалпылау есімдіктері есімді сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызмеетінде заттың жинақталған мөлшерлік сапасын білдіреді. Мысалы, барлық жұрт, бүкіл дүние.

Үстеулер қатысқан есімді тіркестер. Үстеулер - өздерінің лексикалық мағыналарына заттың қимылдық сапасын айқындайтын сөздер. Солай болатындықтан лоар көбінесе етістіктерге қатысты болып, етістікті сөз тіркесінің құрамында жиі қоданылады. Үстеулердің есім сөздермен тіркесуі де кездейсоқ құбылыс емес. Қазақ тілінің материалдарына қарағанда, мезгіл үстеулері сөйлем ішінде сын есім, зат есім, сан есім және бар, жоқ сөздеріне қатысты болып, солармен қабыса байланыста көп ұшырамайды. Мысалы, бүгін жайлауда, еді көңілді, қазір жас, ертең жоқ.

Бірақ бұлар – мағыналық ьайланысты бетік сөздердің үйлесуі негізінде жасалған бүгін келді, енді айтады сияқты сөз тіркестер емес, арқауы бос тіркестер. Олай дейтін себебіміз – мезгіл үстеулері есімдермен тіркескенде, олардың тіркесу қабілеті айқын болғандықтан және мағыналық байланысы берік болғандықтан тіркеспейді, сөйлемнің жалпы мазмұны керек ететіндіктен ғана есімді сөйлемнің құрамына еніп, есім баяндауышқа мезгілдік мағына үстеу үшін тіркеседі.

Баяндауыш қызметіндегі есімдер мен үстеулердің мезгілдік қатынастағы сөз тіркесін құрауына мысалдар: Қасен қазір колхозшы.

Мезгіл үстеулер сөйлемде баяндауыш болған есімдерге ғана қатысты болғандықтан, олар есімдерден қашықтап тұрып, олармен жанаса байланысуы да мүмкін: Бүгін онда бір түрлі сергектік, сезімділік бар.

3.2. Матасу – изафеттік құрылыстағы сөз тіркесінің байланыс формасы: ағаштың бұтағы, біздің қаламыз.Бұл сөз тіркестерінің бірінші сыңарлары ілік жалғауда, екінші сыңарлары тәуелдік формада айтылған.

Сөйлемдегі сөздердің осылай байланысуы –түркі тілдерінің грамматикалық құрылысындағы ерекшелігінің бірі. Ондай сөз тіркесінің байланысын бірқатар авторлар (И.А.Батманов, Н.К.Дмитриев, А.Н.Кононов) қиысу (согласование) деп қарайды. Енді бірқатар авторлар (С.Аманжолов, А.Әбілқаев, И.Ұйықбаев) басқа тілдерде бар байланыс формасының, әйтеуір, біріне жатқызу үшін оны меңгеру (управление) деп таниды.

Шындығында, матасу мен қиысудың кейбір сыртқы ұқсастығы бар. Бірақ екеуі бір емес, екеуінің мазмұны да, сөз тіркесін құраудағы қызметі де екі басқа. Айырмашылығы: егер қиысуда өзара байланысқан сөздердің бірі екіншісіне бағынып тұлғаланса, матасуда бағыныңқы сөз бағынатын сөзге қарай айқас байланысады. Егер қиысуда бағыныңқы сөз басыңқы сөзге иек артып, соның жақтық, көптік мағынасына лайық, белгілі грамматикалық тұлғада айтылса, матасуда, керісінше, басыңқы сөз өзіне бағыныңқы сөздің жақтық мағынасымен үйлесіп, тиісті грамматикалық тұлғада (тәуелдік формада) жұмсалады. Сөйте тұрып, ол бағыныңқы сөздің тиісті жалғауда (ілік септікте) айтылуын керек етеді.

Матасу деген терминді қолдануда изафеттік құрылыстағы (Айнұрдың інісі тәрізді) тіркестің сол сияқты басқа сөз тіркестерімен де тізбектеліп, шиыршықтана беретінін ескеру қажет. Мысалы:

Айшаның інісі;

Айшаның інісінің пальтосы;

Айшаның інісінің пальтосының түймесі;

Айшаның інісінің пальтосының түймесінің бауы.

Бұл матаса байланысқан бір тізбекті тіркестің соңғы сөзі одан бұрын тұрған сөзбен матаса байланысып, ол басқа сөздермен тағы сондай синтаксистік байланысқа еніп, 3-4 сатылы шумақты топ жасаған. Ол топтың бірінші және соңғы сөзінен басқалары да анықталушы, әрі анықтауыш болып, бәрі жиналып, өзара матаса байланысқан бір синтаксистік шумақ болып тұрады.

Изафеттік құрылыстағы сөз тіркестерімен өзара матастырып тұратын грамматикалық тұлғалар-ілік, тәуелдік жалғаулары. Тек біз, сіз деген екі есімдік ілік жалғауда жұмсалғанда, онымен тіркесетін сөз жалғаусыз да айтылады: біздің ауыл, сіздің үй.

Матаса байланысатын сөздер –негізінде, зат есімдер. Сондықтан зат есім мағынасында не зат есім орнына жұмсалатын сөздердің бәрі сол тіркестің бірінші не екінші сыңары бола алады: адамның мінезі, үштің бірі, аңның ізі т.б.

Мұндай сөз тіркестері анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Ілік жалғаулы сөздердің әр түрлі құрамда айтылуына қарай МБСТ әр түрлі анықтауыштық қатынаста жұмсалады:

а) Меншіктілік қатынасты білдіреді. Ол дара (менің киімім, студенттің дәптері ) және қоғамдық (мемлекеттің мүлкі, елдің байлығы) меншіктілік болуы мүмкін.

ә)Туған-туысқандық, дос-жарлық қатынасты білдіреді: қарындасым, Омардың баласы, сенің нағашың, менің жиенім .

б) Зат пен заттың табиғи байланысын көрсетеді: ағаштың жапырағы, түйенің сүті, қойдың жүні, түлкінің терісі

в) Ілік жалғаулы сөз тәуелдеулі сан есім, есептік ұғымы бар зат есім және сын есімдермен тіркесіп, бөлшектеу, талғау мағыналарында да жұмсалады: егіздің сыңары, адамның ақылдысы, студенттердің бірі, аттың жүйрігі.

Изафеттік қатынастағы сөз тіркесінің бірінші сыңары жалғаусыз айтылған анықтауыш болғанда, олар өзара әрә қабыса, әрә тәуелдене байланысады. Ондайда ілік септеуі зат пен заттың жоғарыдағыдай меншіктілік, туыстық қатынасын білдірмейді, тек заттың заттық сапасы ретінде тәуелдік қатынаста жұмсалады: колхоздың малы, колхоз малы сияқты екі түрлі формада айтылатын анықтауыштардың мағынасы бірдей емес. Сондықтан мал шаруашылығы сияқты жалғаусыз айтылған анықтауыштарды малдың шаруашылығы деп жалғаулы айтуға болмайды. Себебі –ілік септікті сөз жалғаулы болса, меншіктік қатынасты білдіреді де, жалғаусыз болса, заттық сапа ретінде жұмсалады.

Изафеттік темір пеш, ағаш күрек т.б. сияқты құрылыста келетін тіркестер –синтаксистік байланыстағы сөз тіркестері. Екеуі де қабыса байланысқан зат есімдер тобын (қыл арқан, ағаш үй) жалғаулы есімдер (студенттердің білімі, кеңес өкіметі т.б.) тобымен салыстырғанда, алдыңғыдан соңғы топтағы сөз тіркестерінің синтаксистік байланысының беріктігін көреміз. Оның себебі –тіркескен сөздердің соңғысы алдыңғысына тәуелдік жалғауы арқылы да байланысып тұрады. Солай болғандықтан, Темір пештің оты лаулап жана бастады деген сөйлемдегі темір сөзін тастап айтуға болады, ал Қазақстанда кен байлығы үлкен орын алады деген сөйлемдегі кен байлығы деген сөз тіркесін олай ыдыратып, екі сыңарының бірін түсіріп айтуға болмайды.

Изафеттік құрылыстың ілік жалғаулы, ілік жалғаусыз болып келетін екі түрінің айырмашылығы жоғарыдағыдай. Ол айырмашылықты байқау үшін жоғарыдағы екі тіркесті бір изафеттік құрылысқа сыйыстырып сөйлем құрайық: Қазақстанның кен байлығы мол. Мұнда кен сөзінің тіркесті сыңары – байлығы, Қазақстанның деген сөздің тіркесті сыңары тек байлығы емес, кен байлығы.

Бірақ бұл құрылысты матаса байланысқан сөз тіркесінің ортасында басқа анықтауышы бар құраммен (Алатаудың биік шыңдары деген сияқты) бірдей деп қарауға болмайды: соңғыда үш сөзден құралған екі сөз тіркесі бар: Алатаудың шыңдары, биік шыңдары.

Түркологиялық әдебиетте (Н.Ф.Катанов,Н.К.Дмитриев,А.П.Поцелуевский) изафеттік құрылыстағы анықтауыштық топтың бірінші сыңары белгілі зат болса, жалғаулы, белгісіз болса, жалғаусыз болады деп түсіндіреді. Дұрысында, ілік септіктің жалғаулы, жалғаусыз болуы жалғанатын сөзінің айтушыға, тыңдаушыға белгілі, белгісіз болуымен байланысты емес, меншіктілік қатынасты ерекше білдіру, білдірмеуімен байланысты: егер тәуелдеулі заттың қай затқа, кімге меншікті екенін әдейілеп көрсету керек болса, ілік септігіндегі сөз жалғаулы болады. Ал мұндай құрамдағы сөздердің бірі екіншісіне тек заттық сапа ретінде жұмсалса, ілік септігіндегі сөз жалғаусыз айтылады.

Сөйлеуші бір затты біреуге меншіктеп айтқысы келсе, меншіктелген сөзге -ныкі, -нікі жұрнағын жалғап, мына кітап менікі сияқты сөйлемдер құрайды.

МБСТ екінші сыңары зат есім, заттанған сын есім, сан есім, есімше, есімдіктер болады: теңіздің толқыны, сенің өзің, менің айтқаным т.б. Жалпы алғанда, есім сөздердің бәрі де мұндай тіркестің екінші сыңары бола береді.

Грамматикаларда жіктеу есімдіктері мұндай тіркестің екінші сыңары болмайды делінгенмен, олардың да кейде тәуелденіп айтылуын кездестіреміз: оның мені.

Негізінде зат есімдер матаса байланысқан сөз тіркесінің екінші тәуелдеулі сыңары болып көбірек кездеседі.

Сын есім изафеттік тіркестің екінші сыңары болғанда, мынадай мағыналарда айтылады: а) субстантивтенген зат есім орнында тәндік мағынада жұмсалады: менің тентегім. ә) сын есімнің таңдаулы шырай мағынасында: аттың жүйрігі.

Сан есім екінші сыңар боп ілік жалғаулы зат есімнмен, сан есіммен матаса байланысқанда, бүтіннің бөлшегі ретінде жұмсалады: төрттің бірі, қонақтардың екеуі.

Есімшелер жоғарғыдай тіркесте тәндік қатынаста, әрі заттық, әрі қимылдық сапа мағынасында жұмсалады: менің айтқаным, сенің жазғаның.

Сонымен, МБСТ-нің мағыналық та, грамматикалық та орталығы –оның екінші сыңары. Оның синтаксистік қызметі бірінші сыңардан басым: ол сол тіркестегі сөздердің бірінші сыңары ерекше айтылмаған күнде, тіркескен сөздер тобының орнына да жұмсалады.

3.3. МеңгБСТ-нің ерекшелігін олардың құралу тұлғасынан қарап айыруға болады. Олар барыс, шығыс, табыс, жатыс, көмектес жалғауларының бірінде болады да, басыңқы сөз сол жалғаудағы сөзді керек ететін етістік не есім болады. Осыдан меңгеріле байланысқан сөз тіркесі жасалады.

МеңгБЕСТ-нің басыңқылары көбінесе баяндауыш қызметіндегі есімдер болады: мінезге бай, маған түсініксіз т.б.

Есімдердің есімдерді меңгеруі,етістікті тіркестердегідей, әрі мағыналық, әрі синтаксистік тығыз байланыс негізінде емес,әлсіз байланыс ыңғайында пайда болады. Мысалы:кетті, келді сияқты етістіктерді бөлек алғанда, олардың лексикалық мағыналары қаншалықты түсінікті болғанымен, мүшелік мазмұнында бір күңгірттік бар сияқты болады да тұрады. Оның мүшелік мазмұнын толық ашу үшін аталған етістіктердің алдына кім келгенін, кім кеткенін, оның қайдан келіп, қайда кеткенін көрсету керек. Мысалы: Алмас қалаға кетт, Әлия ауылдан келді. Осындағы сөздер бірін-бірі керек етіп, өзара жымдаса байланысқан. Соның негізінде қалаға кетті, ауылдан келді тәрізді меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері жасалған.

Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері онша көп кездеспейді және барлық есімдер бірдей ондай сөз тіркесінің меңгеруші сыңары бола алмайды. Есімдердің ішінде көбінесе бастауыштың күйін, халін білдіретін сөздер есімді сөз тіркесінің басыңқы сыңары болып жиі жұмсалады. Олар:

а) Сын есімдер. Сын есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалғанда, есімді сөз тіркесінің басыңқы сыңары болып та айтылады. Бірақ олардың бәрі бірдей сөз тіркесін құрай алмайды: мысалы, заттың түсін білдіретін сын есімдер тек қардан ақ, сүттен ақ, қаннан қызыл сияқты тіркес құрамында келеді, ал заттың ішкі-сыртқы сапасын білдіретін сын есімдер ондай құрамда әлдеқайда көп кездеседі: өзіңе жақсы, ақшаға сараң т.б.

Барыс, шығыс, көмектес, кейде жатыс септіктерінде айтылып, сын есіммен тіркесетін сөздер толықтауыштық қатынаста жұмсалады: Жуас түйе жүндеуге жақсы.

ә)Зат есімдердің ішінде ағаш, тас, көмірсияқты атаулардан гөрі күш, бай, мейрам сияқты абстракт зат есімдер баяндауыш қызметінде сөз тіркесінің меңгеруші бөлшегі болып көп жұмсалады: Елім менің жерге бай.

б) Заттың күйін білдіретін есімдер (бар, жоқ, көп, аз, мәлім т.б) сөз тіркесінің құрамында басыңқы болып көбірек айтылады: Сақтықта қорлық жоқ.

Сан есімдер мен есімдіктер жоғарыдағыдай есімді сөз тіркесінің меңгерушісі болып өте аз кездеседі: Басқада құлақ екеу болса, секретарьда төртеу (Ғ.Мүсірепов).

Сонымен, сөз тіркестері байланысу формасына қарай, қабыса байланысқан СТ, матаса байланысқан СТ, меңгеріле байланысқан СТ болып бөлінеді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Сөз тіркестері қандай принциптер бойынша топтастырылады?

2. Сөздер тіркесу қабілетіне қарай қалай бөлінеді?

3. Қиысу дегеніміз не?

4. Матасу дегеніміз не?

5. Меңгеру дегеніміз не?

6.Қабысу дегеніміз не?

7.Жанасу мен қабысудың қандай айырмашылықтары бар?

8.Есімді тіркес дегеніміз қандай тіркес?

9. Етістікті тіркестерге қандай тіркестер жатады?

10.Сөз тіркестері қандай құрылымдық компоненттерден тұрады?

Ұсынылатын әдебиеттер: 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 39.

Дәріс №4. Жай сөйлем синтаксисі. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Мақсаты: Тұрлаулы мүшелерге сипаттама бере отырып, олардың сөйлемдегі орнын, рөлін көрсету.

Тірек сөздер: сөйлем мүшесі, сөйлемнің тұрлаулы мүшесі, бас мүше –бастауыш, баяншы мүше –баяндауыш, үйірлі мүше, бастауыштың жасалуы, баяндауыштың жасалуы.

1.Ойымызды тіл арқылы жарыққа шығарғанда біз белгілі бір жүйеге түскен сөздер тіркесімен береміз, сөйтіп оларды сөйлем жүйесіне келтіреміз. Сөйлем белгілі бір мүшелерден тұрады. Мысалы: Тарих көшінің ұзақ жолдарында талай-талай оқиғалар болып өтті. Сөйлемде әр сөз керегіне қарай өз орнында, синтаксистік қызметте жұмсалған. Солардың басын құрастырып, айтылған ойға әр мүшені ортақ етіп тұрған бас мүшелер бар. Олар –бастауыш пен баяндауыш. Грамматикада оларды тұрлаулы мүшелер дейді. Сөйлем құрауға негіз болатын, өзара предикаттық қатынаста жұмсалатын сөйлем мүшелерін тұрлаулы мүшелер дейміз.

Дәстүрлі грамматикада сөйлем мүшелерін тұрлаулы, тұрлаусыз деп бөлу А.Байтұрсынов еңбегінен бастау алады. Ол «Тіл құралында» тұрлаулы мүшенің екенін көрсетіп, оларды 1)бас мүше, 2) баяншы мүше деп атағаны белгілі. Сонымен қатар жеңілдік үшін бас мүшені –бастауыш, баяншы мүшені –баяндауыш деп атады. Осылай атау дәстүрі қазақ тіл білімінде күні бүгінге дейін жалғасып келеді.

Тұрлаусыз мүшелер де сол кезде қалай аталса, қазір де солай аталып жүр –толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш.

2.Тұрлаулы мүшелердің синтаксистік қызметі бірдей емес. Әдетте бастауыш сөйлемдегі айтылған ойға негіз болады, ол баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не басқа сапаның субъектісі(иесі) болады.

Баяндауыш бастауыштың ісін, қимылын, күйін және басқа заттық, сындық сапасын білдіріп, бастауышқа бағынады. Бұл жағынан тұрлаулы мүшелердің негізгісі –бастауыш, бірақ сөйлемдегі қызметі жағынан баяндауыштың синтаксистік қызметі анағұрлым басым болатыны белгілі. Оны мыналардан байқаймыз:

1) Баяндауыш сөйлем арқылы айтылған ойды тиянақтап, көптеген сөздерді ілестіріп барып, сөйлемді аяқтап тұрады. Демек, сөйлемнің негізгі ұйымдастырушы мүшесі.

2) Бастауыштың мағынасы баяндауыштың морфологиялық құрамындағы тұлғалар арқылы белгілі болып тұратын жағдайда бастауыш сөйлем ішінде арнайы айтылмайды. Ал баяндауышсыз толымсыз сөйлемдер сирек кездеседі.

3. Бастауыш –сөйлемнің тұрлаулы мүшесі, А.Байтұрсынов анықтамасы бойынша, «бас мүше, сөйлем ішіндегі сөздер байланатын қазық сөз, сөйлем иесі». Бастауыштың сұрақтары да әртүрлі. Бірақ грамматикалық жағынан тұлғаланған көрсеткіші –атау септігінде тұру. Алайда бастауыштардың кейде формаланбаған ілік септігінде де айтылатынын ескеру керек. Ондай сөйлемнің баяндауышында тәуелдік жалғаулы сөз күрделі баяндауыштың құрамында болып келеді: Сабақ айтайын десем, мыналар кедергі жасап тұрғаны.

Сұрақтары: кім? не? Бастауыш қызметінде жұмсалатын сөздердің көптік, тәуелдік формаларында келуіне қарай сұрақтары да сол формаларға өзгеріп отырады.

Бастауыштың жасалуы:

  • Сөйлемде бастауыштық негізгі қызмет атқаратын сөздер –зат есімдер мен олардың орнына жүретін есімдіктер: Бақта бұлбұл сайрады. Есімдіктердің ішінде бастауыш қызметінде көбірек жұмсалатындары жіктеу, сілтеу, өздік және кім? не? деген сұрау есімдіктері: Бұған өзім кінәлімін.

  • Сапалық есімдер –сын есім, сан есім, есімше. Субстантивтеніп бастауыш болатын сын есімдер, әсіресе аз сөзбен көп мағына беруді көздейтін мақал-мәтелдерде кездеседі: Сыпайы тоңбайды, қалтырайды. Оқыған озар, ойнаған тозар. Қорқақ бұрын жұдырықтар т.б.

Жалпы алғанда, бастауыш бола алмайтын сөз жоқ. Субстантивтеніп

қолданылғанда, тіпті өз алдына сөйлем мүшесі болмайды дейтін шылаулар да, жеке дыбыстар да бастауыштық қызметте жұмсалуы мүмкін.

. Бастауыштар құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі болып бөлінеді. Бір ғана сөзден болған бастауыш дара болады: Бірде Жиренше серіктерімен алыс жолдан келе жатады. Көпті бу көтереді, жүйрікті ду көтереді.

Екі немесе одан да көп сөзден тұратын бастауыш күрделі болады. Тілімізде күрделі бастауыштардың жасалуы алуан түрлі:

  • Ілік септіктің жасырын түріндегі сөз бен тәуелдіктің үшінші жағындағы сөздер тіркесіп келген күрделі бастауыштар: Құс жолы күз айларында айқын көрінеді. Қазақстан Республикасы –тәуелсіз мемлекет.

а) Тәуелдеулі көмекші есімдермен (қасы, жаны, арты, маңы, іші, бойы т.б.):Үдің іші тып-тыныш.

ә) Тәуелдеулі өздік есімдігімен: менің өзім, сенің өзің, оның өзі т.б. Мұндай тіркестің ілік септіктегісыңары атау күйінде де айтылады: мен өзім, сен өзің т.б.

  • Бастауыш құрамында екеуміз, төртеуміз, дегеніміз, деген сөздері айтылып күрделі бастауыш жасалады: Айжан екеуміз барамыз.

  • Негізгі және көмекші етістіктер (субстантивтенген), есімдер тобы күрделі бастауыш болады: Сенің айтып отырғаның –басқа нәрсе. Күле беру ұят болады.

  • Субстантивтенген күрделі сын есім, сан есімдер тобы күрделі бастауыш болады: Екі жүз елу беске бөлінеді. Жүйрік торы ойнақшып тұр екен.

  • Көп сөзден болған күрделі жалқы есімдер: Біріккен Ұлттар ұйымы –дүние жүзі елдерінің бас қосып кеңес құратын жері.

Үйірлі бастауыштар да көп сөзден құрылады. Оның күрделіден айырмашылығы мынау: егер күрделінің құрамында түйдекті тіркестер болса, үйірлі бастауыштардың құрамында бастауыш-баяндауыш ыңғайындағы сөздер тобы болады: білегі жуан бірді жығады, білімі толық мыңды жығады.

Үйірлі мүшені құрайтын сөздер өз алдына предикатты бірлік болатын бастауыш-баяндауышқа бөлінетін жай сөйлем құрамдас болып келеді. Мұндай өз алдына предикатты бірлік болып саналатын консттрукция (құралым) екінші негізгі сөйлемнің кез келген мүшесі болып синтаксистік қызмет атқара алады. Бұл тектес құралымдар ең бірінші бастауыш қызметін атқарады: Алыпқа өмірі қала көрмеген, үсті-бастарын бит басқандар келді (С.Ерубаев).

.Қ.Шәукенұлы бастауыштарды мағынасына қарай бірнеше топқа бөледі:

  • Мекендік бастауыш: Көкшетаудан Телікөлге дейін екі мың шақырымдай дала.Төр жақ қана бос екен.

  • Меншік бастауыш. Жасалуы: 1)-ныкі, -нікі, -дыкі, -дікі қосымшалары арқылы: Менікі жай қызулық. 2)Тәуелдіктің үшінші жағында тұру арқылы: Жауынбайдың Мараты келді.

  • Мезгіл бастауыштың жасалуына мезгіл үстеулері негіз болады: Оларға таңертеңі, түсі, таңы –бәрібір.

  • Сапалық бастауыш.Тентек күнде туады, кемеңгер мың жылда бір туады.

  • Сандық бастауыш: Үш құда төрге келіп отырды. Төртеуі отыр еді.

  • Амалдық бастауыш: Ыңырсып жатқан елуге таянған тұтқын еді.

  • Салыстырмалы бастауыш: Сенің інің түгілі, екеумізді тапқан шешеміз, аузынан ақ майды ағызып отырып-ақ, сол жіңішкерген науқастан қаза болған.

  • Белгісіздік: Біреулер домбыра тартып отыр.

  • Болымсыздық: Ешкім қарсы болған жоқ.

  • Жалпылау: Бәрі де желге ұшады, өмір түгесілген сағатта.

Грамматикалық бастауыш -өзіне баяндауышты жақ бойынша қиыстыратын тәуелсіз заттық мағынадағы позиция.

Логикалық бастауыш дегеніміз –пайымдаудағы субъект

Психологиялық бастауыш дегеніміз –сөйлемдегіойдың иесі, сөйлем кім,не туралы боса, психологиялық бастауыш –сол.

1)Логикалық бастауыш пен психологиялық бастауыштары сәйкес келетін, граммтикалық бастауышы сәйкес келмейтін сөйлем: Менің барғым келмеді.

2)Грамматикалық жағы логикалық жағына қайшы келетін, психологиясы грамматикаға сәйкес келетін түрі: Қазақстанның астанасы –Астана, Оны көркем қылып тұрған зәулім ғимараттар. Жылаған Кәмшат екен. Граммтикалық бастауыштары психологиялық бастауышқа сәйкес келеді, бірақ логикалық субъектілер –Астана, ғимарат,Кәмшат.

3)Грамматикалық бастауыш логикалық бастауышпен сәйкес келгенмен, психологиясы қайшы келетін: Қайран туған жер! Сені де көрер күн болар ма екен? Ортамызда өткел бермес дариядай жау бар. Мұндағы психологиялық бастауыш –туған жер, ортамыз.

Сонымен, бастауыш сөйлемде айтылатын ойға негіз болатын, қимыл-әрекеттің субъектісі болып табылатын бас мүшелердің бірі.

4.Баяндауыш. Сөйлемдегі айтылған ойдың белгілі бір тиянағы болып келетін мүше баяндауыш деп аталады. А.Байтұрсынов: «Нәрсенің срын-сипатын, жайын, амалын, болмысын айтып баяндайтын сөз баяншы мүше болады».

Баяндауыш болатын мүше бастауыштың әр түрлі жай-күйін білдіреді. Оның мұндай қызметі қай сөз табынан, қандай грамматикалық тұлғада, мағынада тұрғанына байланысты. Тіліміздегі сөйлем мүшелерінің қай-қайсысы да, оның ішінде баяндауыштың әр түрлі тұлғада қолданылуы оның қызметі кең көлемді екенін білдіреді.

Баяндауыштың жасалуы.

  • Сөздердің түбір күйінде баяндауыш болуы.Қай сөздің болса да баяндауыштық қызметі сол сөйлемдегі субъектілік, предикаттық қатынастан көрінеді. Сондықтан баяндауыштың қызметі басқа мүшелермен, әсіресе бастауышпен қатар айтқанда айқын болады.Дара тұрған күйінде көбірек баяндауыш болатын –етістіктер.

  • Сөздердің грамматикалық тұлғалар арқылы баяндауыш болуы. Баяндауыштардың мофология-синтаксистік тұлғасы –жіктік жалғаулары. Жіктік жалғаулары әрі баяндауыштық, әрі бастауыш пен баяндауышты қиыстыратын синтаксистік тұлға.

Баяндауыштың негізгі түрлері: етістік баяндауыштар, есім баяндауыштар. Бұл екеуі де дара, күрделі, құрама болуы мүмкін.

Күрделі етістікті баяндауыштың құрамы: негізгі +көмекші. Көмекші етістіктер жоғарғыдай синтаксистік тіркеске түсіп, баяндауыштың шақтық, тұрпаттық, модальдық т.б. мағынасын түрлендіріп, кейде бір қалыптан екінші қалыпқа түседі. Проф. Насилов: су ағып тұр тіркесіндегі етістікке талдау жасай келіп, ағып етістігінің динамиканы, тұр етістігінің статиканы білдіретініні, сөйтіп екеуі тұтасып үздіксіз болып жатқан қимылды білдіретінін көрсетеді.

Күрделі баяндауыштардың қимыл кезеңін білдіруі.

  • Қимылдың басталу кезеңі. Отыр, қал, жатыр, кел, баста, жөнел т.б. етістіктер.

  • Қимылдың болып жатқан кезеңі: тұр, кел,бер, жүр, қой, түс, т.б. көмекші етістіктер болады: Ол Баршагүлге күле сөйлеп келеді.

  • Қимылдың аяқталып қалған кезеңі: қал, кел, кете, жазда көмекші етістіктері болады.

  • Қимылдың аяқталған кезеңі: жібер, кет, бербол, қой, таста т.б.етістіктер болады.

  • Қимылдың дүркінділігі: қой, бер, жатыр, отыр, түс, бар т.б.етістіктер болады. Абай күрсініп қояды.

Есім баяндауыштар: 1. Зат есімдерден болған;

2.Сапалық есімдер мен есімдіктерден болған;

«Бар», «жоқ» сөздерінен.

Есімдерден болған күрделі баяндауыштар:

  • Күрделі атаулар мен күрделі есімдер: Екі ауылдың арасы – сексен бес шақырым.

  • Изафеттік тіркестегі есімдер тобы: Мына қыз кедейдің қызы.

Құрама баяндауыштар. Есім +көмекші етістік: Ол Итбайдың нағашысы екен.

Құрама баяндауыштағы модаль сөздер: сияқты, тәрізді, секілді, шығар, болар,

көрінеді, білем, керек, тиіс.

Баяндауыштың бастауышпен қиысуы: жақтық қиысу, сандық қиысу. Үш жақта

айтылатын бастауыштар баяндауыштарын өздеріне ілестіре белгілі жақтық мағынаға ие қылып отырады. Соған сәйкес бастауыштың баяндауышпен жақтық қиысуының екі түрі бар: 1) жалғаулы қиысу; 2) жалғаусыз, мағыналық қиысу.

Баяндауыштыбастауышпен сандық мағынада қиыстыру үшін І,ІІ ж. жіктік жалғауының көптік формалары қолданылады. ІІІж. Көптік мағынада қиыстыратын арнаулы жіктік жалғауы жоқ.

4.Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі болып бөлінеді. Үйірлі мүшенің жасалуы құрамы жағынан күрделіге ұқсас болып келеді. Демек, үйірлі мүше де екі немесе одан да көп сөздерден жасалады. Бірақ құрылымдық, грамматикалық семантикасы жағынан күрделі мүшеден ерекшеленеді.

Үйірлі мүшені құрайтын сөздер өз алдына предикатты бірлік болатын бастауыш-баяндауышқа бөлінетін жай сөйлем құрамдас болып келеді. Мұндай өз алдына предикатты бірлік болып саналатын консттрукция (құралым) екінші негізгі сөйлемнің кез келген мүшесі болып синтаксистік қызмет атқара алады. Бұл тектес құралымдар ең бірінші бастауыш қызметін атқарады: Алыпқа өмірі қала көрмеген, үсті-бастарын бит басқандар келді (С.Ерубаев).

Баяндауыш: Есіркеп тұратын үйдің іші сіз көргендей емес.

Толықтауыш: Әкесі өлгенді де естіртеді.

Пысықтауыш: Сіз бар деп жасық ойым батылданып...

Осындай құралымдардың бастауыштан кейін өнімді қолданылатын мүшесі- анықтауыш. Өйткені үйірлі мүшенің екінші сыңары көбінесе сын есім болып келеді. Ал үйірлі мүшенің бірінші сыңары зат есім, жіктік, өздік есімдіктері болады да, олар түбір күйінде не тәуелдік жалғауының көбінесе III жағында айтылады. Сондай-ақ үйірлі мүшенің екінші сыңары есімше және бар, жоқ, көп, аз деген сөздер болады: Аласы аз қара көз нұр жайнайды.(Абай)

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Сөйлем мүшесі дегеніміз не?

2.Сөйлем мүшелерінің қандай түрлері бар?

3. Үйірлі мүше дегеніміз не?

4.Дара және күрделі мүшелерге қандай мүшелер жатады?

5.Тұрлаулы мүшелерге қандай мүшелер жатады?

6.Бастауыш қандай сөз таптарынан болады?

7.Баяндауыш қандайсөз таптарынан болады?

8.Күрделі бастауыш болатын сөз тіркесінің құрылысы қандай болады?

9.Үйірлі бастауыштың күрделі бастауыштан айырмашылығы қандай?

10.Күрделі баяндауыштар қалай жасалады?

Ұсынылатын әдебиеттер: 11, 15, 16, 18, 19, 27, 33, 34, 36, 39,41,50,54.

Дәріс №5. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

Мақсаты: Тұрлаусыз мүшелерге сипаттама бере отырып, олардың сөйлемдегі орнын, рөлін көрсету. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне қарай талдауға жаттықтыру

Тірек сөздер: тұрлаусыз мүшелер, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш, тура толықтауыш, жанама толықтауыш, айқындауыш, қосарлы айқындауыш, қосалқы айқындауыш, оңашаланған айқындауыш, мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, мақсат, себеп, амал пысықтауыш.

1. Сөйлем мүшелерінің тарихына назар аударсақ, Қ.Жұбанов өзінен бұрынғы авторларды сынай келіп, олардың жүйелеулерінің көбіне мағыналық ерекшелікке тоқталғанын дұрыс емес деп тауып, сөйлем мүшелерін топтастыруда толығырақ принципті басшылыққа алады. Яғни, сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері деген терминнің орнына орыс тіл білімі мамандарының топтауы негізінде оларды текайқындауыш деп атағанды жөн көреді. Бұдан әрі ол сөйлем мүшелерін топтауда мағыналық жағынан гөрі тұлғалық жағын қарастыра келе, септік жалғаулы сөздің бәрін толықтауышқа қосып жібереді.

Осы мәселеге С.Аманжолов та тоқталған. Ол Қ.Жұбановтың пікірін қолдай келіп, тұрлаусыз мүшелерді анықтауыш деп атайды. Екеуі екі түрлі термин қолданғанымен, ішкі ерекшеліктері бірдей деуге болады. С.Аманжоловтың кейінгі еңбектерінде тұрлаусыз мүшелерді аныұқтауыш, толықтауыш, пысықтауыш деп бөліп, пікірін өзгерткенін байқаймыз.

Сонымен, қазіргі қазақ тіліндегі жайылма сөйлемдерде тұрлаулы мүшелерден басқа, оларды айқындайтын мүшелер де бар, олар: толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш.

Зат есімдермен атрибуттық қатынаста жұмсалатын түрлі-түрлі тұлғадағы сөздердің бәрі –анықтауыш, етістікпен және кейбір есімдермен объектілік қатынаста тіркесетін, заттық ұғымы бар сөздердің мүшелік қызметі толықтауыш болады. Сондай-ақ, етістіктерге, кейде кейбір есімдерге қатысты болып, мезгіл, мекен, амал т.б. мағыналарда жұмсалатын сөздер, қандай тұлғада болмасын пысықтауыш қызметінде жұмсалады.

2. Анықтауыш сөйлемдегі зат есімнен не зат есім орнына жұмсалған басқа есімдерден болған мүшелерді түрлі жағынан сипаттап тұрады. Қазақ тілінде анықтауыштардың көпшілігі анықтайтын мүшелерінен оқшауланбай, қатар тұрып, қабыса байланысады, олар фразалық бір екпінге бағынып, екпін жағынан бір түйдек болып тұрады. Жалпы ереже бойынша анықтауыш зат есімдерден болған мүшені анықтайды, кейде зат есім орнына жұмсалған есімді, сан есімді де анықтауы мүмкін.

Анықтауыштар құрылысына қарай –дара, күрделі және үйірлі болып үшке бөлінеді. Мағынасына қарай –сапалық және меншікті болып бөлінеді.

Сапалық анықтауыштарға сын есім, сан есім, есімдік, есімше, атау тұлғалы зат есімдерден болған анықтауыштар, ал меншікті анықтауышқа ілік жалғауында айтылған анықтауыштар жатады.

Сапалық анықтауыштар анықтайтын сөздерімен қабыса байланысса, меншікті анықтауыштар матаса байланысады.

Анықтауыштар да басқа сөйлем мүшелері сияқты бірнеше сөзден де құралады. Күрделі анықтауыштардың бір тобы (ұзын бойлы, қара мұртты) өзара атрибуттық қатынастағы сөздерден құралған. Екінші бір тобы ( өңі құп-қу, жасы келген) зат есім мен сын есімнен немесе зат есіммен етістіктен құралған. Олар өзара анықтауыштық ыңғайда айтылмаған, бірібастауыш, екіншісі оның баяндауышы ыңғайында айтылған. Мұндай анықтауыштарды предикаттық қатынастағы үйірлі анықтауыштар дейміз.

Айқындауыш анықтайтын сөзінің заттық не пысықтауыштық сапасын қосымша, жанама қасиет ретінде айқындайды. Анықтауыштан айырмашылығы: анықтауыш анықтайтын сөзінің алдында тұрып, оның өзіне тән басқа заттан ерекше сынын, сапасын білдірсе, айқындауыш айқындайтын сөзінен кейін келіп, көбіне оның лексикалық мағынасын, мүшелік қызметін басқа сөздермен дәлелдеп толықтырады: біз, студенттер, инженер-механизатор т.б.

Айқындауыштар құрылысына қарай үшке бөлінеді:

1)Қосалқы айқындауыш: Алпамыс батыр, Айбазар ақсақал т.б.

2)Қосарлы айқындауыш: телефон-автомат, Алматы-бірінші т.б.

3)Оңашаланған айқындауыш: Артынан, Абай ұғындырған соң, олар үндемей қалды (М.Әуезов).

Айқындауыштар айқындайтын сөзімен тұлғалас, мағына жағынан әуендес болып келеді.

3. Толықтауыш –қимыл процесінің объектісі болатын мүше. Өзі бағынған сөзбен грамматикалық байланыста тұрып, барыс, табыс, шығыс, көмектес, кейде жатыс жалғауларының бірінде жұмсалады.

Мағынасына, синтаксистік қызметіне және тұлғасына қарай екі топқа бөлінеді: тура және жанама.

Табыс септігінде жұмсалатын сөйлем мүшесі тура толықтауыш болады. Ол заттың(субьектінің) қимыл процесін білдіретін сабақты етістіктермен тығыз байланыста болады: Олар өткен жылғы табыстарын баянды етті.

Тура толықтауыштардың жалғаулы және жалғаусыз айтылуы туралы пікірлер ертеден бар. А.Казембек: «қимылға қатысты зат белгісіз болғанда және ол етістіктің дәл алдында тұрғанда табыс себтік атау септігімен алмастырылады», -дейді.

П.М.Мелиоранский субьективтік жағдайға сүйенген ереже ұсынады, яғни сөйлеушінің көзқарасына байланысты (көңіл аударғысы келсе, жалғаулы, келмесе, жалғаусыз).

ХІХ ғасырдың аяқ шенінде бұл мәселе жөнінде чуваш тілі материалдары негізінде Н.А.Ашмарин оң пікір айтқан, дәлірек айтсақ, тура толықтауыштың жалғаулы және жалғаусыз айтылуы белгілілік пен белгісіздікке байланысты емес екенін көрсеткен.

Қазіргі қазақ тілінде тура толықтауыштар мына жағдайларда үнемі жалғаумен айтылады:

  • Тура толықтауыш өзі қатысты сөзден (көбінесе сабақты етістіктен) қашықтап тұрып, екеуінің (толықтауыш пен толықталатын сөздің) ортасында басқа сөйлем мүшесі тұрса, ол жалғаулы болады: Малды өріске жайдық.

  • Экспрессивті мағынада жұмсалатын күрделі не қосарлы етістіктердің жетегінде айтылатын тура толықтауыштар да әрдайым жалғаулы болады: Ол атқа қамшыны басып-басып жіберді.

  • Сөйлемде тура толықтауыш болған сөзге не онымен байланысты сабақты етістікке логикалық екпін түскенде: Өнерді үйрен де, жирен.

  • Бір сөз бір сөйлемде екі рет айтылып, бірі бастауыш, бірі тура толықтауыш қызметінде жұмсалғанда, олардың сол синтаксистік қызметі айқын болу үшін: Адам адамды сыйлайды. Бір кемпір бір кемпірді әже дейді.

  • Бір етістікке бағынған бірнеше бірыңғай тура толықтауыш мен, бен, пен жалғаулықтары арқылы не жалғаулықсыз интонация арқылы байланысып, екеуі бір тұлғаға ортақ болып айтылу керек болғанда: Әдебиет пен тарихты бөлуге бола ма?

  • Тура толықтауыш қызметіндегі зат есімдер қос сөз болса: Сай-сайды жағалай ілгері жүрдік.

  • Тура толықтауыш болған сөздің мағынасы етістіктің лексикалық мағынасымен тығыз байланыстыболмай, әдетте ол екеуі қатар келмейтіндей сөз болса: Пароход теңізді тіліп барады.

  • Кісі аттары мен олардың орнына жүретін есімдіктер тура толықтауыш (ТТ) қызметінде жұмсалғанда: Абайды оқыдым.

  • Сын есім, сан есім, есімшелер, сілтеу есімдіктері ТТ қызметінде жұмсалғанда: Жақсыны көрмек үшін.

  • Тәуелдік формадағы сөздер ТТ болғанда: шашымызды алдық, құмарымды қандырдым.

  • Мағынасы абстракт туынды зат есімдер ТТ болғанда: абыржуды білмейді.

Барыс, шығыс, жатыс және көмектес септіктеріндегі толықтауыштар жанама толықтауыштар деп аталады. Олар салт және сабақты етістіктермен алшақ байланыста тұрып, оларды жанама түрде толықтайды.

4. Пысықтауыш та, анықтауыш сияқты, басқа сөздің ерекше белгілерін білдіру үшін жұмсалатын тұрлаусыз мүше. Одан айырмашылығы: анықтауыш зат есімнен болған мүшені анықтаса, пысықтауыш етістіктен болған мүшені анықтайды. Сондықтан көбінесе анықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер етістікке қатысты болып, етістікті «анықтаса», оларды пысықтауыш деп танимыз.

Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер –үстеулер, үстеу мәндес есімдер, сапалық есімдер мен мекендік, мезгілдік, мақсаттық, амалдық мағыналарда жұмсалатын септеулі (жатыс, барыс, шығыс, көмектес) зат есімдер.

Пысықтауыштың мағыналық түрлері:

1.Мезгіл пысықтауыш – етістіктің шақтық мағынасына мезгілдік мағына үстеп, оның қашан, қай мезгілде болған процесс екенін білдіретін пысықтауыш. Мезгіл пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер –мезгілдік үстеулер, зат есім, сын есім мен кейбір сөз тіркестері. Мысалы: Лезде қайта оралды. Мен бүгін тойға барамын.

2.Мекен пысықтауыш –қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бет алысын, қайдан екенін білдіретін пысықтауыштар. Мекен пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер –мекен үстеулері (жоғары, төмен, ілгері, кейін т.б.). Мысалы: Ол үйге қарай кетті. Торғайлар бұтаққа қонды.

3.Мақсат пысықтауыш –іс-әрекеттің не үшін, қандай талапқа лайық істелетінін білдіретін пысықтауыш. Кім үшін? не үшін? неге? қандай мақсатпен? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Ол жорта айтып отыр. Мақсат пысықтауыш қызметінде жұмсалатын үстеулер өте аз: әдейі, қасақана, жорта, босқа, бекер, әшейін. Сондай-ақ -у қосымшалы қимыл есімдер барыс жалғауында кел, кет, әкел, бер сияқты етістік баяндауыштарға қатысты болғанда, олар мақсат пысықтауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы: Біз мұнда білім алуға келдік.

4.Себеп пысықтауыш қимыл процесінің себебін білдіреді. Неліктен? Не себепті? Деген сұрақтарға жауап береді. Себеп пысықтауыштар сөйлемде тек баяндауыш болған етістіктің мағынасын айқындап, тек сол қимылдың болу-болмау себебін ғана білдірмейді, көбінесе, оның қасындағы басқа амал, мекен пысықтауыштармен демағыналық байланыста тұрады: Оның даусы шаршағандықтан бәсең шықты.

5. Амал пысықтауыш қимылдың қандай тәсілдермен атқарылуын білдіреді. Сұрақтары –қалай? қайтіп? қалайша? Амал пысықтауыштар тәсілдік амал және сапалық амал болып екіге бөлінеді.

  • Тәсілдік амал пысықтауыш болатын сөздер –үстеулер, еліктеуіш сөздер, көсемше тұлғалы етістіктер.

  • Көбінесе етістіктің көсемше формасында келеді: Олар бір-біріне күлімсіреп қарады.

  • Өткен шақтық есімшеге -ша, -ше жалғанып, қимылдық меже, шек қою мағынасындағы пысықтауыш болады: тойғанша жеді, шаршағанша жүгірді.

Сапалық амал пысықтауыш болатын сөздер –сын есімдер (жеңіл, жылы, теп-тегіс), сын есімге ұқсас үстеулер және сан есімдер.

Негізгі сын есімдерден гөрі, туынды сын есімдер пысықтауыш болып өте жиі қолданылады. Онда да олардың бәрі емес, үстеумен шендес сын есімдер(сенсіз, дәлелсіз, жауар күндей, найзағайдай, балықша, кісіше).

Сан есімдер пысықтауыш қызметінде келгенде түбір күйінде, кейде олардан кейін рет, есе деген көмекші есімдер тіркесіп айтылады: Қарға екі шоқып, бір қарайды. Оған екі рет ескерттім.

Осы мысалдардағыдай, сандық сапа ретінде пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сан есімдер –тек есептік сандар. Олардан басқа жинақтау, болжалды сандар көсемшеге айналып және шығыс жалғауда тұрып пысықтауыш бола алады: екеулеп істейік, бір-бірлеп кіре бастады.

Заттың анық санын білдірмей, сандық ұғымда айтылатын аз, көп, шамалы, азырақ, көбірек, едәуір, талай т.б. сияқты сөздер де сапалық пысықтауыш қызметінде жиі қолданылады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Тұрлаусыз мүшелер деп қандай мүшелерді атаймыз?

2.Толықтауыш қандай мүше?

3.Толықтауыштың қандай түрлері бар?

4.Анықтауыш қандай сөз таптарынан жасалады?

5.Айқындауыш мүше дегеніміз не?

6.Анықтауыштың қандай түрлері бар?

7.Күрделі және үйірлі анықтауыштардың айырмасы?

8.Пысықтауыш қандай мүше?

9.Мағынасына қарай пысықтауыштар қалай бөлінеді?

10.Пысықтауыш қай сөз таптарынан болады?

Ұсынылатын әдебиеттер: 11, 15, 16, 18, 19, 30, 33, 37, 38, 39,41, 50, 52,54, 63,65.

Дәріс № 6. Жай сөйлемнің күрделену жолдары.

Мақсаты: жай сөйлемнің күрделену жолдарын көрсету.

Тірек сөздер: бірыңғай мүшелер, үйірлі мүшелер, оқшау сөз, қаратпа сөз, қыстырма сөз.

1.Сөйлем мүшелері сөйлемде жеке-жеке қолданылумен бірге топ-тобымен де қолданыла алады. Осындай сөйлем мүшелері бір сөз табынан да және бір ғана синтаксистік қызметтегі әр түрлі сөз таптарынан да жасалады, олардың бәріне бірдей бір-ақ сұрау қойылады. Бұлардың тұлғалары да көбінесе бір формада болып келеді. Бұндай мүшелер сөйлемнің барлық мүшелері осылай бір сұрауға жауап беріп, бір синтаксистік қызмет атқарып, тобымен бәрі сөйлемнің белгілі бір мүшесімен ғана қатынасқа түсіп сөйлемнің бірыңғай мүшесі бола алады. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері санамалы интонациямен бөлініп-бөлініп айтылады.

Яғни олар сөйлемдегі басқа синтаксистік қатынастағы мүшелер сияқты бірсыдырғы, бір-біріне ұласа айтылмайды. Бірыңғай мүшелер өзара салаласа, бірімен-бірі тең байланысады. Олар бірінен кейін бірі тізбектеле, арасына басқа мүшелі сөз түспей, әрқайсысы дербес интонациялы кідіріспен қолданылады, сонысымен басқа мүшелерден ерекшеленіп, өзара бір топқа бірігеді. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері сөйлемнің басқа мүшелерімен сөйлемнің жеке мүшелері тәрізді байланысады және солар сияқты синтаксистік қатынас жасайды.

Сонымен, сөйлемде синтаксистік қызметі бірдей, көбінесе өзара тұлғалас сөйлем мүшелері бірыңғай мүшелер деп аталады.

БМ-дің салаласа байланысуы екі тәсіл –интонация және жалғаулық арқылы жүзеге асады. Интонация санамалы түрде, кезектесе кішкене пауза жасаумен атқарылады: Мақсат –қазақ тілінде қатесіз сөйлеу, қатесіз жазу. Байланысудың екі тәсілі бір сөйлемде қатар, аралас қолданылуы да мүмкін. Интонация жеке сөздерден кейін де, немесе жалғаулық арқылы жұптасқан бірыңғай мүшелерден кейін де келіп байланыстыра береді: Қазақтың қара тырнағы мен көлеңкесінен, ұртын толтырып бауырсақ шайнауынан, сапырып сары қымыз ішуінен де ұлтшылдық іздеген зымиян темір қыспақ ендігі жерде ұлт тарихын, оның Абылай сынды арыстарын жазуға жол қалдырмаған еді(Д.Досжанов).

БМ интонация арқылы, кейде әрі жалғаулық, әрі интонация арқылы байланысып, айырым әуенмен айтылса, жазуда олардың арасына үтір қойылады.

Жалғаулықсыз бірыңғай мүшелерді әрі қарай жалғастыра беруге болады –тұйықталмайды, ал жалғаулықты бірыңғайлар көбіне тұйықталады.

Кейде БМ жалғаулықтар арқылы екеу-екеуден қосақталып айтылады. Олай айту БМ -ді басым мағынада айтудың стильдік амалының бірі болады:Олардың бұтақтарынан алма мен алмұрттың, өрік пен інжірдің, шие мен шабдалының неше сорттарын кездестіресің.

Бірыңғай мүшелердің стильдік қызметін түсіну үшін бірнеше сөйлемдерге талдау жасайық: 1).Қорықпаймын енді мен,

Аңыздан, желден, бораннан (Т.Жароков)

Бұл сөйлемде шығыс тұлғалы үш жанама толықтауыш бар. Олар бір-біріне бағынбай, әрқайсысы өз бетімен, бірақ өзара байланысты тізбек ретінде бір сөзге (қорықпаймын) бағынған.

Осылай ету, бір жағынан, бірнеше сөйлемді бір сөйлем ішіне сыйыстыру амалы болса, екіншіден, көп сөздерді бір сөйлем ішіне тізбектеу арқылы оның іргесін кеңейтіп, жайылма ету амалы болады. Мұндайда бірнеше бірыңғай бастауыштың бір баяндауышы, бірнеше бірыңғай баяндауыштың бір бастауышы, бір толықтауыштың бірнеше анықтауышы т.б. болуы мүмкін. Сөйтіп бірыңғай мүшелі сөйлемдердің мағыналары кеңіп, ой айқындала, саралана түседі.

2).Қыран көзді, қаһарлы, қара мұртты, атақты қолбасшыны бірден таныдым (Ғ.Мүсірепов). Бірыңғай анықтауыштың төртеуі де зат есімдерге -лы, -ді, ты жұрнағы жалғану арқылы жасалған туынды сын есімдер. Бірыңғай мүшелерді осылай, мағыналық , тұлғалық сыбайластығына қарап сөйлем құрай білуге де дағды керек. Стильдік қателер жібермеу үшін мынадай мүмкіншілікті пайдалана білу керек:

1.БМ-ң ең соңғысы жинақтаушы болады да, тиісті жалғау тек соған ғана жалғанады: Құнанбай... Тоғалақ, Әнет, Бекенді де шақыртты(М.Әуезов).

2. Бірыңғай күрделі мүшелерге қатысты көмекші етістікті не бір көмекші есімді барлығына ортақ етіп, ең соңғысынан кейін бір-ақ рет айтуға болады: Бәкен қуанған да, ренжіген де жоқ(Б.Майлин).

БМ-ді саралап, әрқайсысына ерекше мән бере, екпін түсіре айту үшін мынадай амалдар қолданылады:

1.БМ-ң әрқайсысынан кейін де жалғаулығы қойылады: Көпей жұртқа өзінің ажарымен де, естілігімен де, тазалығымен де ұнайтын еді(Ғ.Мұстафин).

2.БМ мен, бен, пен жалғаулығы арқылы екеу-екеуден қосақталады: Ақ пен қара, қызыл мен көк, күрең мен қына сары біріне-бірі еппен тоғысып, бәрі жымдасып тұр(Ғ.Мүсірепов).

3. БМ-ң алдына бір, я, әрі, не, кейін сөздерін қою арқылы да оларды тәптіштеп таңдап, талғап жұмсаймыз: Оның көзі бір ашылып, бір жұмылады(М.Әуезов).

4.БМ (көбіне бастауыштар) тізбектеліп айтылады да, олардың ең соңғысына көптік жалғауы жалғанады, кейде одан кейін да жалғаулығы қойылады. Мұндайда көптік жалғаулы соңғы сөз БМ-ді жинақтаушы болады: Ұраңқайда Көкпай, Ерболдар да шайын ішіп болыпты (М.Әуезов).

5. Қатарынан айтылған бірнеше БМ-ді саралап көтеріңкі мағынада, әрі бәріне де ой екпінін түсіре айту үшін олардан кейін жинақтаушы –жалпылауыш сөз қойылады: Баланың да, жігіт-желеңнің де, егде-мосқал үлкеннің де – барлығының аузында бір жаңалық, бір хабар (М.Әуезов). Ғылыми, іс-қағаздар стилінде жалпылауыш сөз алдынан қойылады.

Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын қандай жалғаулықтар? Олар салаластырушы жалғаулықтар деп аталады. Қазақ тілінде олардың саны біршама: да, де (та, те), және, мен, бен, бірақ, дегенмен, әйтсе де, сонда да, я, не, немесе, әлде, алайда , т.б. БМ-ді салаластырушы бұл жалғаулықтардың шығу тарихы әртүрлі; олардың бірқатары (да, де, және, тағы) көне жазба нұсқаларда да жиі ұшырайды, ал бірқатары бертінде қазақ сөздерінен пайда болған: не, немесе, әлде (әлі) (П.М.Мелиоранский «Памятник в честь Кюль-Тегина»,1899г.,Н.К.Дмитриев «Грамматика башкирского языка»),бірде (бір-де), яки парсы тілінен, мен (бен, пен) дегендер білән демеулігінен пайда болған.

Бұл жалғаулықтар өздеріне тән мағынаға сай байланыстыру қызметін атқарады. Сондай мағынаға сәйкес мынадай үш топқа бөлінеді:

  1. Ыңғайластық: және, мен, тағы, да, әрі. Бұлар бір топқа біріктірілгенімен әрқайсысының дербес семантикалық өзгешелігі бар.Мысалы, және, мен жалғаулықтары БМ-ді жұптастыра байланыстырса, да, де жалғаулықтары байланыстыру мен бірге сөзге үстемелеу, күшейту мағынасын да жүктейді. Сондай-ақ және, мен жалғаулықтары санамалап айтылған интонация тәсілімен байланысқан БМ-дің ең соңғысының алдында ғана қолданылу ерекшелігі байқалады:

  2. Қарсылықты: бірақ, деген, әйтсе де, сонда да, алайда. Бұл жалғаулықтар бірыңғай мүшелер бір-біріне қарсы қойыла айтылғанда қолданылады. Дала аласа, бірақ тығыз бетегемен жайнаған.

  3. Талғаулықты жалғаулықтар: я, не, не болмаса, немесе, әлде. Жалғаулықтардың бұндай түрі бірыңғай мүшелердің екшеліп, талғанып қолданылатын жағдайларында жүзеге асырылады. Сонымен бірге кезектілікті білдіретін мағынасы бойынша да пайдаланылады. Көзге түртсе көрінбейтін қара түн,Күңірене ме, күле ме әлде әлдекім? Кезектілік мәнді көбінесе біресе, бірде, кейде жалғаулықтары білдіреді. Ағаларымыз да кейде сезіммен, кейде есеппен жәбірлепті, кейде әлдекімнің айтағына еріп кетіпті.(Тәжібаев)

  4. Тұрлаулы мүшелер бірыңғай, сөйлемнің құрамы жайлы түседі, бірақ сөйлем күрделі болмайды.

Бастауыш бірыңғай болғанда, олар бір баяндауышты өздеріне ортақтасқан түрде бағындырады:

Бейсен, Шымырбек, Қали құлаған жеді аршып жатыр. (С. Ерубаев)

Бірыңғай бастауыштардың тұлғалары да, жоғарғы мысалдардағыдай, негізінде, біркелкі болады. Сонымен қатар жалғаулықсыз байланысқан бірыңғай бастауыштар түрі лексикалық топқа жататын, тұлға жағынан әркелкі сөздер болуы да мүмкін. Мұнда бір жеңіл салқындық, кең тыныс бар (М. Әуезов).

Сөйлемде бірыңғай бастауыштарға ой екпінін түсіріп, бәрінің синтаксистік қызметі бірдей екенін аңғару үшін, оларда жинақтауыш тұлға мен жинақтауыш сөздер қолданылады:

1.Бірыңғай бастауыш кісі аттары болғанда, олардың ең соңғысына көптік жалғау жалғанады. Ондайда көптік жалғауы жинақтаушы қызмет атқарады. Мысалы:

Абай, Біржан, Әйгерімдер тысқа шығып, оларды аттандырып жатыр (М. Әуезов).

2.Біркелкі бірыңғай бастуыштарды (кей басқа да мүшелерді) жинаушы сөз жинақтау сан есімдері болады: Жұрт тарай бастағанда, Михаил, Айдынғали, Жақсылық үшеуі оңаша қалған еді (Ғ. Сланов)

3.Бірыңғай мүшелерді жинақтау қызметінде бәрі, барлығы да, осының бәрі үшеуі... дегендер сөздер жиі қолданылады: Анау төскейдің сай-саласы, бие бауы, ауыл қонысы, қой өрісі- барлығы да соншалық таныс, жақын (М. Әуезов).

Баяндауыштар бірыңғай болғанда, олардың бәрі бірдей болғанмен, көп жерде ең соңғы баяндауыштың сөйлем құрауда синтаксистік қызметі ерекше болып келеді. Оның үстіне етістіктен болған бірыңғай баяндауыштың есімді бірыңғай баяндауыштардан елеулі ерекшеліктері бар.

  • Етістік бірыңғай баяндауыштар қимылдың бірінен соң бірі болып жатқан үдетпелігін және мезгілдестігін білдіреді:Дала боран, Жел дүрілдейді, ысқырады (Б. Майлин).

Бірыңғай баяндауыштардың тұлғалары әр уақытта, жоғарғы мысалдардағыдай, біркелкі болып келе бермейді. Кейде олардың алдыңғылары көсемше тұлғалы етістік ең соңғысы тиісті жақ жалғауында тұрады; сол жалғау бәріне де ортақ болады:Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады (Мәтел).

Кейде бірыңғай баяндауыштың алдыңғысы мүлде айтылмай қалып, сол арқылы ең соңғы бір баяндауыш екі рет айтылғандай болып ұғынылады:Қара жігіт саған бір, Айшаға бір қарады (С. Сейфулин). Бұл- бірыңғай баяндауыштарды ықшамдау мақсатымен айтылған сөйлемдер. Олардың түрі -...саған бір қарады, Айшаға бір қарады... Кейде бір баяндауыш бір сөйлемде бірнеше рет қайталанып айтылады. Ондай баяндауыштың мағынасы күшейтіліп, сөйлемге ерекше экспрессивті өң беріледі: Дауыста, Жамбыл, дауыста! Сөйлеп бір жібер, сөйлеп енді (Жамбыл)

  • Есімді бірыңғай баяндауыштар субъектінің бір беткей әр түрлі сындық, не заттық сапасын білдіреді; бірыңғай баяндауыш болатындар- көбінесе сын, зат есімдерден жасалған баяндауыштар...Аттың желісі бір түрлі қатты, мазасыз (М. Әуезов).

5. Екі не бірнеше тұлғаусыз мүшелер басқа тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің біріне бағынып, бір сұраққа жауап болып тізбектеледі:

Бақшада жастықтан, ьақыттан, шаттықтан, сұлулықтан тасып шыққан ешбір қайғы-уайымсыз, күмістей таза күлкі естілді (С. Ерубаев).

Жоғары мысалдардағыдай бірыңғай тұлғаусыз мүшелер көбінесе тұлғалас келеді. Кейде тұлғасы бөлек, бірақ түр-тұрпаты жағынан әуендес, қызметі бірдей сөздер де (көбінесе анықтауыш, пысықтауыштар) бірыңғай бола береді. Тұлғасы бөлек екі сөз, мысалы анықтауыш қызметінде, бірыңғай болып айтылу үшін, олар бөлек-бөлек әуенмен саналып айтылуы керек.

... Қайғысыз, күмістей таза күлкі естіледі. Орта бойлы, ақ құба жігіт алдымыздан шықты.

Соңғы сөйлемдегі анықтауыштарды интонация арқылы екі жікке бөлмей, әрқайсысына ой екпінін түсірмей, бірімен-бірін ұластыра айтсақ, олар бірыңғай болмайды. Тұрлаусыз мүшелердің барлығының бірыңғай болу амалдары бірдей емес.

Толықтауыштар бірыңғай болғанда, олар жалғаулықты, жалғаулықсыз байланыста тұрып, екі түрлі тұлғаланады: бірде (көбінесе) әрбір бірыңғай толықтауыш тиісті септік жалғауда айтылса, кейде онда жалғау ең соңғы толықтауышқа ғана жалғанып, алдыңғылары сол жалғауға сырттай телініп, жалғаусыз айтылады: Әкем Балжандарға хат беріп, туыс жолдастарын сырттан таныстырып жүр (Ғ. Мұстафин)

Бірыңғай толықтауыштар мен (пен, бен) жалғаулығы арқылы байланысқанда, олардың әр уақытта тек соңғысы жалғаулы болады, ал жалғаулықсыз байланысса, кейде олай, кейде бұлай болып тұлғана береді:Тау мен тасты су бұзады (Мақал).

Анықтауыштар анықтайтын сөздерінің алдында екі түрлі ыңғайда топтанады: кейде бірнеше анықтауыш бірін-бірі анықтап барып, ең соңғы зат есімге бағынып тұрады. Мысалы: Әлеуметтік құрлыстың жаңа міндеттері дегенде «әлеуметтік» деген анықтауыш құрлыстың дегенді анықтайды, құрлыстың жаңа дегендер – міндеттері дегенді анықтайды, Мұндай бір сөзді түрлі жағынан сипттайтын анықтауыштар әркелкі анықтауыштар болады.

Кейде анықтайтын сөзіне қатысы бірдей бірнеше анықтауыш бір сөзді әр жағынан анықтайды. Олар мағыналық, грамматикалық белгілері жағынан ыңғайлас болады. Мысалы: Дала қызыл, сары, көкшіл түстермен құлпырып тұр (М. Әуезов).

Мұндай мағыналас, көбінесе тұлғалас сөздерден жасалған барлығы бірдей дәрежеде бір сөзге қатысты болып тұратын анықтауыштар бірыңғай анықтауыштар – ойды, көрікті, көркем етудің де тәсіл бояулары.

Кейде тұлғасы, мағынасы жағынан түрлі сөз табына жататын сөздер де бірыңғай анықтауыштар болуы мүмкін. Ондайда олар да айырым интонациямен айтылады. Мысалы: Орысша киінген, ақ құба, қара сақалды, орта бойлы адам үйге кірді.

Пысықтауыштар да анықтауыш сияқты бірыңғай болып көп жұмсалады. Әсіресе туынды үстеулерден, көсемшелерден болған пысықтауыштардың бірыңғай болу қабілеті күшті. Олар көбінесе интонация арқылы, кейде жалғаулықтар арқылы да байланысады: Ол хатты асықпай, баппен, жақсылап тағы бір оқып шықты. (С. Көбеев).

Бірыңғай мүшелердің әрқайсысы дарасөзді (жалаң) және сөз тіркесінен (күрделі сөздерден де) құралған күрделі (жайылма) болуы мүмкін:

Шалқар көл, сайраған құс, мұнарлы бел.

Жап-жасыл, жайнаған шөп, самалды жел

( Н. Байғанин).

Қорыта айтқанда, бірыңғай мүшелер ойды, біржағынан шұбалаңқы етпей тұжырымдау үшін, екінші жағынан, тарамдап талдау үшін жұмсалады.

Сөздер сөйлемде қалай болса солай орналаспайды, тіліміздің синтаксистік ерекшеліктеріне лайық белгілі тәртіппен орналасады. Сондықтан әрбір сөйлем мүшесінің сөйлемде қалыпты орны болады.

Осыны ескере отырып, қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібі, негізінде, екі түрлі болады дейміз: сөйлемдегі бірқатар сөйлем мүшелерінің орын тәртібі тұрақты, бірқатарының орын тәртібі жылжымалы болады. Орын тәртібі тұрақты болатындар –жалғаусыз қабыса байланысатын сөйлем мүшелері, орын тәртібі жылжымалы болатындар –жалғаулар арқылы қиыса, меңгеріле, матаса байланысатын сөйлем мүшелері.

Сөйлемдегі сөздердің қалыпты орнын ауыстырып айтуды и н в е р с и я дейміз. Инверсия арқылы ондағы сөздің бірі болмаса біріне ой екпінін түсіріп айтуға болады.

Сөйлем мүшелерінің тұрған орнына қарай өзара қарым-қатынаста, байланыста тұратынын айырғанда, Н.К.Дмитриев айтқандай, Олардың қандай сөйлемдердегі мүшелер екендігіне де қараймыз. Жалаң сөйлемде бастауышты баяндауышқа, баяндауышты бастауышқа қарап, жайылма сөйлемде тұрлаусыз мүшелерді басқа сөздермен қарым-қатынасына қарап, олардың сөйлемдегі қалыпты орны қайсы екенін белгілеуге болады.

Жалпы ереже бойынша сөйлем мүшелерінің орын тәртібі былай болады: баяндауыш сөйлемнің ең соңында, бастауыш одан бұрын, анықтауыш анықталатын сөзден бұрын, толықтауыш пен пысықтауыштар өздері қатысты сөздерінен бұрын тұрады.

Бастауыш пен баяндауыштан құралған жалаң сөйлемде бастауыш бірінші орында, баяндауыш екінші орында тұрады: Сіз студентсіз

Олар жайылма сөйлемдерде де өз орындарын сақтап бастауыш бұрын келеді, баяндауыш одан соң тұрады: Кеше жаңбыр жауды.

Бұл сияқты жайылма сөйлемде бастауыштың баяндауышпен қатар тұруы, не одан қашықтап тұруы сөйлемдегі тұрлаусыз мүшенің қай тұрлаулы мүшенің ықпалында болуымен байланысты не болмаса ой екпінінің сөйлемдегі сөздің қайсысына түсетіндігімен байланысты.

а) Егер тұрлаусыз мүшелер бастауыштың жетегіндегі сөздер болса, бастауыш баяндауыштың дәл алдында келеді: Сенен сауға сұраған келіншек кетіп қалды.

ә) Егер тұрлаусыз мүшелер баяндауыштың жетегіндегі сөздер болса, бастауыш олардан бұрын тұрады: Біз Алматы қаласына бардық

б) Егер бастауыштың да, баяндауыштың да жетегінде тұрлаусыз мүше болса, бастауыш сөйлемнің ортасында, баяндауыш ең соңында тұрады: Шоқша сақалды кісі арбадан түсті.

Бастауыш, толықтауыштарға қарағанда, баяндауыштың сөйлемдегі орны аса тұрақты: баяндауыш көбінесе сөйлемнің соңында тұрады.

Өлеңді сөйлемдерде бұйрық рай, есімше тұлғалы етістіктерден, жіктік жалғаулы етістіктер мен есімдерден болған баяндауыштар сөйлемнің басында да, ортасында да тұра береді:

Көзіңді салшы далама,

Түкті кілем түгіндей (Жамбыл)

Жіктік жалғаулары жалғанбай айтылған есім баяндауыштар әр уақытта бастауыштан соң тұрады. Оларды басқа мүшелермен орын ауыстырып айтуға болмайды: Халқым бақытты.

Баяндауышқа ой екпінін түсіре, басқа сөздерден басым мағынада айту үшін, кейбір ұранды, лепті сөйлемдерде оны бірінші орынға қойып айтуға болады: Жасасын сүйікті Отанымыз!

Диалогты сөйлемнен соң айтылатын автор сөзінде баяндауыш бұрын, бастауыш одан соң келеді

Хабарлы сөйлемдерде толықтауыштардың қай-қайсысы болса да өздерін жетектеп тұратын етістіктерден және есімдерден бұрын тұрады.

Бастауышы, баяндауышы бар сөйлемнің толықтауышы да болса, соңғының қалыпты орны, негізінде, баяндауыштың қасы болады (Мен кітапты оқыдым).

Бір сөйлемде бірнеше жанама және тура толықтауыш болса, олардың сөйлемдегі орын тәртібі, өзара грамматикалық, мағыналық байланысына қарай әр қилы болады: Олар егіннен мол өнім алуды қамтамасыз етуге уәде берді.

Қазақ тіліндегі толықтауыштардың сөйлемдегі орны туралы мынадай негізгі ережелерді айтуға болады:

а. Тура толықтауыш барыс, шығыс жалғауларындағы жанама толықтауыштардан соң тұрады: Қолыма қалам алдым.

Тура толықтауыштың қалыпты орны барыс, шығыс жалғауларындағы толықтауыштардан бұрын болуы да мүмкін. Ондай жерде тура толықтауыш тек баяндауыштың ғана объектісі болмай, өзінен кейін тұрған толықтауыштарға да қатысты болады: Таз ашуын тырнадан алады

ә. Барыс жалғауындағы толықтауыш көбінесе шығыс жалғауындағы толықтауыштардан соң тұрады.

б. Көмектес жалғауындағы толықтауыштар барыс, шығыс және табыс жалғауындағы толықтауыштардан соң да, бұрын да тұра береді.

Толықтауыштар бұйрықты, лепті, сұраулы сөйлемдерде болмаса, хабарлы сөйлемде баяндауыштармен орын ауысып, баяндауыштың соңында келе бермейді.

5. Анықтауыштың сөйлемдегі орнын белгілейтін сөз –анықталушы мүше, жалпы ереже бойынша анықтауыш анықталатын сөздің алдында тұратындықтан, анықталатын сөздің қай мүше, қандай орында тұрғанына қарап, анықтауыш кейде сөйлемнің басында, кейде орта шенінде тұра береді.

Сөйлемде орналасу тәртібі онша қатал болмайтын анықтауыштар –изафеттік құрылыстағы ілік жалғауда жұмсалатын анықтауыштар. Олардың орын тәртібі ,негізінде, былай болады:ілік жалғауындағы анықтауыш тәуелдеулі сөзден бұрын келеді: Мұғалімнің беделі артты.

Ілік жалғаудағы анықтауыш өзі қатысты сөзімен қатар тұруы да, олардың ортасына басқа сөздер қойлып, бірінен бірі қашықтап тұруы да мүмкін.Өлеңді сөйлемде және кейбір сұраулы сөйлемдерде ондай анықтауыштар тәуелдеулі сөзден кейін тұруы мүмкін: Аяғы жазылды ма өзінің?

Сапалық анықтауыштар мен анықталушы сөздер бірімен-бірі қабысып қатар тұрады. Сонда анықтауыш анықталатын сөзден бұрын тұрады.

Бірыңғай анықтауыштардың анықтауыштық қызметі бірдей болатындықтан, орындарын ауыстыра беруге болады: Күшепті жігіт.

Анықтауыштардың анықтайтын сөзінен қашықтап, инверсия жасалып айтылуы аз да болса кездеседі: Үлкен кісісің ғой,апа, көп көрген.

Пысықтауыш қатысты сөз көбіне етістік, кейде баяндауыш қызметіндегі есімдер болатындықтан, оның сөйлемдегі орнын соларға қарай белгілеуге болады.

Бірқатар пысықтауыштардың сөйлемдегі орны тұрақты –пысықтайтын сөздердің дәл алды болады: Баяндамашы жақсы айтты.

Пысықтауыштардың бірқатарының орын тәртібі «еркін»болатыны түркі тілдерінің грамматикаларында бұрыннан айтылып жүр. Н.К.Дмитриев оның себебін былай түсіндіреді: біріншіден, ондай пысықтауыштар етістіктермен тығыз байланысты болмайды, екіншіден, пысықтауыштар сөйлемнің басында тұрғанда, олар жеке сөзге ғана емес, түгел сөйлемге қатысты болады.

Кейде бір сөйлемде бір етістікке бағынған бірнеше түрлі пысықтауыштар болуы мүмкін. Олардың етістікпен тығыз байланыстағысы және негізгісі етістіктің қасында тұрады да, басқалары өзара байланысына және басқа мүшелердің қатысына қарай ілгері-кейін қойыла береді.

Сонымен, сөйлемдегі сөздердің, сөйлем мүшелерінің белгілі тәртіппен тізбектелуінің мәні зор. Ол синтаксистік байланыстың басты формуласының бірі болып та, сөзден сөз тудыру амалы, ой өзгешелігін білдірудің стильдік амалы ретінде де жұмсалады. Сондай-ақ көп жерде сөйлемдегі сөздердің синтаксистік қызметін белгілеуге себепкер себепкер болады.

Қазақ тіліндегі жайылма сөйлемдегі бағыныңқы сөздер басыңқылардың алдында тұрғанда олардың позициялық діңгегі әр уақытта тұрлаулы мүшелер болады.Ал тұрлаулы мүшелер керісінше құрылады: бағыныңқы мүше (баяндауыш) көбінесе басыңқы мүшеден (бастауыштан) соң тұрады, бастауыш (сол сияқты толықтауыш та) тұрлаусыз мүшелердің өзіне не баяндауышқа қатысты болуына қарай жайылма сөйлемнің басында да, ортасында да, аяқ шенінде де тұра береді. Соларды жинақтап кестелегенде мынадай үш үлгіні сөйлем мүшелерінің орналасуының негізгі түрлері деуге болады:

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Бірыңғай мүшелер деп қандай мүшелерді айтамыз?

2.Оқшау сөз дегеніміз не?

3.Оның қандай түрлері бар?

4.Үйірлі мүше дегеніміз не?

5.Оқшау сөздердің тыныс белгілері қандай?

6.Сөйлем мүшелерінің қалыпты орны дегеніміз не?

7.Сөйлем мүшелерінің инверсиялық орны дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер: 11, 15, 16, 18, 19, 28, 30, 33, 35, 36, 37, 42, 50,52, 54, 63,65.

Дәріс №7. Жай сөйлемнің түрлері. Жай сөйлемнің құрылымдық типтері.

Мақсаты: Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін және құрылымдық типтерін ажыратып көрсету.

Тірек сөздер: хабарлы сөйлем, көп құрамды хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, ашық сұрақ, күмәнді сұрақ, қарсы сұрақ, таңырқаулы сұрақ, риторикалық сұрақ, бұйрықты сөйлем, жалаң және жайылма, толымды, толымсыз, атаулы сөйлемдер.

1.Бірдеңенің не бір істің жайын баяндау мақсатымен айтылған сөйлем хабарлы болады: Асау терек долданып, буырқанып, тауды бұзып, жол салған, тасты жарып (Абай). Күн қызыл арай шатырынан жаңа ғана шыққан (Ғ.Мүсірепов)

Хабарлы сөйлемдердің мазмұны әр түрлі болады. Олардың мазмұны сөйлемге қатысқан сөздердің, сөйлем мүшелерінің, әсіресе, баяндауыштардың мағыналық, тұлғалық ерекшеліктерімен байланысты. Баяндауыштардың тұлғалық ерекшеліктеріне қарай хабарлы сөйлемдер, мысалы, болымды (Жаңбыр жауды), болымсыз (Жаңбыр жаумайды), қалаулы (Енді қырманға барайықшы), болжалды (Жездең ертең келетін шығар) болады, ал баяндауыштарының қай сөз табынан болатынына қарай етістікті (Үйдің іші жылынды), есімді (Күн жылы.Аспан ашық) болып бөлінеді.

Хабарлы сөйлемдер, жалпы алғанда, бірсыдырғы баяу әуенмен айтылады: жалаң сөйлемдер тақ-тұқ қайырылса, жайылма сөйлемдерді айтқанда, дауыс сөйлемнің соңында бәсеңдей түсіп тынады.

Мысалы: Түн жым-жырт. Жел де жоқ. Бірақ сәл ғана білінген салқын бар.

Бір сөйлемнен екінші сөйлемнің межелі жігі пауза арқылы айрылып тұрады. Бірақ хабарлы сөйлемдегі жеке сөздердің айтылу әуені әр уақытта бірқалыпты бола бермейді.

Көп құрамды хабарлы сөйлемнің ішіндегі бастауыштың не толықтауыштың маңына топтанған сөздердің саны неғұрлым көп болса, сол топ солғұрлым оқшаулана түсіп, көтеріңкі дауыспен айтылады да, одан кейін дауыс бәсеңдей береді.

Таудан төмен қарай сырғанап келе жатқан шаңғышылар колхоз клубының алдына келіп тоқтады.

Бұл сөйлемдердегі дауыстың жоғарылап төмендеуін былайша көрсетуге де болады.

Шаңғышылар

келе жатқан колхоз клубының

сырғанап алдына келіп

төмен қарай тоқтады.

Таудан

Баяндауышы зат есім мен есімдіктен болатын сөйлемдер интонация жағынан екі бөлініп айтылады: жазуда оны сызықша арқылы таңбалаймыз.

Москва // - ұлы астанам.

Отанымның жүрегі // - Москва.

2.Сөйлеу тіл жұмсаудың басты тәсілінің бірі жүздесіп және басқа амалдар арқылы өзара сөйлескен адамдар істің, әр нәрсенің мән-жайын білгісі келгенде, сұраулы сөйлемнің сұраулы түрлерін қолданады. Ауызекі сөйлеу стиліне тән пікір алысудың бұл түрі әдебиетте, әсіресе көркем әдебиет тілінде жиі қолданылады; мысалы: - Әй , тілің бар ма өзіңнің ? Неге бұғасың?.. Неге жөніңді айтпайсың ? – деді Қадырбек (С. Сейфуллин).

Басқадан (кейін өзінен) жауап күту мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемдер көтеріңкі дауыспен айтылады. Олардың жасалу амалдары әр алуан: көркем әдебиетте ( халық өлеңдерінде де) сөйлемдердің ,әсіресе хабарлы сөйлемдердің қолданылу мақсаты ойды әсерлі, көрікті, көркем етуде ескеріледі. Мысалы:

Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт, дел-сал қып,

Түн басады салбырап (Абай).

Сұраулы сөйлемдер интонация арқылы және сұрау есімдіктері, сұраулық шылаулар, кейбір көмекші етістіктер мен қосымшалардың қатысуы арқылы жасалады. Олардың бастылары мыналар:

1. Сұраулы сөйлемдер ма, ме, ба, бе, па, пе сұраулық шылаулар арқылы жасалады: Жиналыс басталды ма?

Сұраулық шылау қысқарып, жіктік жалғаулардан бұрын келу арқылы да сұраулы сөйлем жасайды: Сен немене, тоңып қалғансың ба? -деді офицер. Сұраулы сөйлемді бұлай құру сөйлеу тіліне тән болғандықтан, олар диалогтарда жиі ұшырайды.

2. Сөйлемде кім? не? қашан? қайдан? кімді? сияқты сұрау есімдіктері арқылы сұраулы сөйлем жасалады: Мұнда қайдан жүрсің?

3. Шығар, болар, қайтеді деген көмекші етістіктер күрделі баяндауыштың құрамына еніп, сұраулы интонациямен айтылғанда, сөйлем сұраулы болады:

Сен осы ауылдың баласы шығарсың?

4.Баяндауыштың құрамында -ау, ғой шылаулары мен одағай айтылып та сұраулы

сөйлем жасалады: Сен кіп-кішкене қуыршақтай едің-ау, ә?

5. Ше демеулігі баяндауыштардың құрамына ену арқылы да сұраулы сөйлем

жасалады: Ал Жамал ше, өзің ше?

6.Кейде (көбнесе диалогтарда) хабарлы сөйлемдерде сұраулық интонация арқылы

сұраулы етіп айтуға болады: Богданов: сіздер ертеңнен бастап теңізге шығу жұмысына кірісіңіздер. Мәжен: Ертеңнен бастап?

Сұраулы сөйлемде, әдетте, түгелімен, кейде сұрау есімдіктері көтеріңкі дауыспен айтылады да, сұраулық интонациямен аяқталады. Сонымен қатар көп құрамды сұраулы сөйлемдерде жауап күтуді білдіретін сөздер (әсіресе сұрау есімдіктері) басқа сөздерден гөрі басым әуенмен айтылады (Сені кім шақырды?Өзге жолдастар қайда?). Кейде ондай ой екпіні түсіп, басым әуенмен айтылатын сөз тікелей баяндауыштың қасында тұрады: Сен баяндамаға дайындалдың ба?

Сұраулы сөйлемдерде қойылатын сұрақтардың мазмұны әртүрлі болады. Олардың негізгілері мыналар:

1.Ашық сұрақ: біреудің ойын немесе біреудің я бірдеңенің жайын, бар-жоқтығын білу мақсатымен айтылған сұраулы сөйлемдерде сұрау ашық қойылады: -Атың кім? –деді ересек бала.

-Қайырғали.Өзіңнің атың кім?

-Шеген.

Ашық мәнді сұраулы сөйлемдердің баяндауыштарына ой екпінін түсіре, сұраққа жауап алу үшін бір сөйлемде сұрақ кейде екі рет айтылады.Мұндай екі рет айтылатын сұрақтар, көбінесе, біріне-бірі қарсы мәнді сөздер болады. Сұраулы сөйлемнің сондай экспрессивті мәнін күшейту үшін бір сұрақ қазбаланып, кейде бірнеше рет қойылады: Ол бүгін келе ме, келмей ме?

2.Қарсы сұрақ. Бірқатар сұраулы сөйлемдергше ашық жауап берілмей, сұраққа сұрақ түрінде де жауап беріледі де, қарсы сұрақ қойылады: Богданов: олай болса, сонша малға жерді қайдан тапқансың? Жанар: Жеріміз енді көбейгелі тұрған жоқпа?

3. Күмәнді сұрақ. Бірқатар сұраулы сөйлемдер бірдеңенің жайын білуді ғана көздеп айтылмай, айтушының бірдеңеге күмәнданғанын да білдіреді. Ондай әрі сұраулы, әрі күмәнді сөйлемдердің баяндауыштырының құрамында ма, ме, екен-ау және ә деген сөздер болады.

-Сол жаққа менде барсам ба екен?

- Мына мыңболғыр бой бермей кетер ме екен?

4. Таңырқаулы сұрақ. Баяндауыштың құрылысы күмәнді сұрақ формаларында немеседеймісің деген сөзбен келетін сұраулы сөйлемдер кейде бірдеңеге таңдану, таңырқау мағынасында айтылады. Ондай сөйлемдер әрі сұраулы, әрі лепті болатындықтан, жазуда олардан соң сұрақ белгісі мен леп белгісі қатар қойылады.

-Сізде де арман бар ма екен?!

-Арық адамның көзі өткір болады екен-ау?!

Жоғары сұраулы сөйлемдердің ішінде кісінің көңіл –күйін білдіретін одағай сөздер болса, сұраулы сөйлемдердің мазмұнына тағы басқа эмоциялық реңктер қосыла береді: Апырым-ай, біздің таласымыз не болды екен? Қап кеше неге айтпадың?

5.Риторикалық сұрақ. Кейбір сұраулы сөйлемдер жауап күту мақсатымен айтылмай, бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен де айтылады. Ондай сөйлемдерде риторикалық (риторика гр.rhilos –шешен деген сөзінен алынған) мән болады. Риторикалық сұраулы сөйлемдер көркем әдебиетте жиі қолданылады:

Күнде жақсы бола ма,

Бір қылығы жаққанға?

Оқалы тон бола ма,

Ар-ұятын сатқанға?

Риторикалық сұраулы сөйлемдер кейде салалас құрмалас сөйлемнің құрамына енгенде құрмаластың аралығында әйтеуір, қалайда деген сөздер қолданылады: Әлде ақсиған тістері ме, әлде ақкөңілділігі ме, әлде қабағына қақ тұрмайтынойнақылығы ма, әйтеуір Шеген мені біржола тартып әкетті(Ғ.Мүсірепов)

Бұйрықты сөйлем біреуді іс істеуге жұмсау мақсатымен айтылады. Ондай сөйлемдер жалаң бұйрық ретінде ғана айтылмайды, сонымен қатар кісінің еркін, талабын, кеңесін, тілегін, жалынышын т.б. білдіреді.

Бұйрықты сөйлем негізінде ауызекі тілге тән, көркем әдебиетте ондай сөйлем диалогте жиі ұшырайды.

Бұйрықты сөйлемдер етістіктің бұйрық және қалау райы арқылы жасалады. Олар сөйлемнің баяндауышы болып жұмсалады да, сөйлем түгелімен асқақ әуенмен айтылады. Бұйрықты сөйлемдердің айтылу әуендері оларды қандай мазмұнда жұмсалуына қарай түрліше болады. Егер бұйрықты сөйлем бұйыру, қатал талап мағынасында жұмсалса, ол көтеріңкі дауыс екпінімен айтылады; егер кеңес, жалыныш, тілек мағыналарында жұмсалса, олар бәсең дауыспен айтылады. Алдыңғы жағдайда баяндауыш көбінесе сөйлемнің басына қойылады: Шеген, тоқта, қайырыла кет.

Бұйрықты сөйлем көбінесе толымсыз (бастауышсыз) болады да, оның орнына қаратпа сөз қолданылады. Қаратпа сөздер істі істеуге тиісті кісіні, бұйрықтың кімге, неге арналғанын білдіреді.

Бұйрықты сөйлемдердің тағы бір ерекшелігі мынау: олар көбінесе аз сөзден құралған ықшамды болады да, екпінді әуенмен тақ-тұқ айтылады: Қорқытпа,тоқта, бала, тоқта! Мұндай сөйлемдерде қаратпа сөздің болуы, сөйлемдердің ықшамдалып айтылуы олардың бұйрықты мәнінің өткір, әсерлі болуымен байланысты. Сондықтан бұйрық, талап, үндеу мәнді болумен байланысты. Сондықтан ондай сөйлемдерді салмақты етіп айту үшін сөйлем белгілі біреуге арналады да сол «біреу» қаратпа сөз қызметінде жұмсалады. Қаратпа сөз болмаса, сөйлемнің бұйрықтылығы күші солғын болады да, бұйрық, талап, тілек көпке арналады. Соңғы жай мақал-мәтелдердің стиліне тән: Темірді қызған кезде соқ, жалғаймын деп үзіп алма, түзеймін деп бұзып алма!

Бұйрық сөйлемдердің баяндауыштары қандай сөз болғанына қарай және сөйлемнің құрамы қандай болуына қарай олардың мазмұны әртүрлі болады.

1.Баяндауыштары етістіктің бұйрық райының ІІж. айтылған сөйлемдерді көбінесе бұйрық, талап кейде үндеу мәні болады: Тарт тіліңді, жоғал көзіме көрінбей, -деп, Ысқақ кимелеп кетті.

2. Баяндауыштары бұйрық райының ІІІж. айтылған сөйлемдер көбінесе талап, тілек мәнді болады: Керімбек малды тез жайлауға айдасын! Бағар көбейсін, шалым!

3. Баяндауыштары етістіктің бұйрық райында айтылып, оған -шы, -ші қосымшасы жалғанып, тілек, жалыныш не сыпайы түрде бұйыруды білдіретін сөйлемдер жасалады. Ондай сөйлемдер Іж. қалау мағынасында да айтылады: Келші, қалқам, менің қасыма отыршы. –шы, -ші қосымшасы жалғанған бұйрық рай тұлғалы баяндауыштары бар сөйлемдер кейде біреуге сес көрсетіп, қорқыта сөйлегенді білдіреді: Қане, осы баланың бәйгесін бермей көрші!

4. Етістіктің қалау, бұйрық рай тұлғасынан жасалған баяндауыштары бар сөйлемдер ұран, үндеу мағынасында да жұмсалады: Колхозшылар мен совхоз қызметкерлері ауылшаруашылық мамандары! Егіс көлемін ұлғайтыңдар, егіншіліктің мәдениетін арттырыңдар!

4). Лепті сөйлем –кісінің көңіл-күйін, әр түрлі эмоциялық сезімін білдіру үшін жұмсалатын сөйлемдер. Олардың мағыналары жай хабар болумен қатар кісінің қуанышы, қорқынышы, таңырқауы, ызасы т.б.сияқты ішкі сезімдерін білдіреді.

Лепті сөйлемдер мұндай мағыналарда айтылу үшінолардың құрамында көбінесе одағайлар болады. Кейде одағайлардың өзі лепті болады. Оның үстіне сөйлем асқақтаған көтеріңкі дауыспен, лептілік интонацимен айтылады:

-Қап!-деді Ахмет өте шығып.

Лепті сөйлемдердің мағыналары олардың құрамындағы одағай, модаль сөздер мен сөйлемдердің лептілік әуенімен байланысты.

1.Қорқу, сескену, аяу т.б. сияқты кісінің көңіл-күйін білдіретін сөйлемдердің баяндауыштарының құрамында ау, ай демеушілері айтылады:

-Құлайды-ау, құлайды-ау! Ол бүгін келмеді-ау!

2. а) Баяндауышы бұйрық рай тұлғадағы етістік баяндауышты сөйлем кейде тілек мағынасында айтылады: Жасаған-ау, бала бере гөр! –деді (ол). Бірақ тілек іскек аспады.

б) Баяндауыштары етістіктің шартты рай тұлғасында айтылып, бірдеңені көксеу, арман ету мағынасында лепті сөйлем жасалады: ондай сөйлем шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас болып айтылмай, жай сөйлем ретінде жұмсалады: Мына көгалға бауырыңды төсеп жатсаң! Әрбір бригадаға жерді өлшеп, сыбаға берсе!

Күрделі баяндауыштың негізгі сөзі келер шақтық есімше болып, одан кейін сұраулық ма, ме шылауы мен еді көмекші етістігі тіркесіп те арман мәнді лепті сөйлем жасалады: Па, шіркін, мына атқа мінер ме еді!

3. Өткенде істелуге тиісті, бірақ істелмеген, болмаған іске өкіну ретінде айтылатын да лепті сөйлемдер болады. Ондай сөйлемдердің баяндауыштары көбінесе екі түрлі болып келеді.

а) Болымсыз тұлғадағы өткен шақтық есімше мен есімше тұлғасындағы көмекші етістік (екен) одан кейін демеулік те тұрады: Қап, орылған астықты кеше жиып алмаған екенбіз де!

Іж. шартты рай тұлғасындағы етістікке –шы, -ші қосымшасы жалғанады. Ондай сөйлем ерекше көтеріңкі әуенмен айтылады: Қап, кеше кешке қонаққа барғанша, театрға барсамшы!

Тұйық райлы етістікке керек еді ғой деген тіркес жалғасатын күрделі баяндауышты лепті сөйлемдерде кейде өкініш мәні де болады: Омарбекке солай деп айту керек еді ғой!

Кейде тұйық етістікке -ың, -ің қосымшасы жалғанып, одан кейін ғой шылауы жұмсалған күрделі баяндауышты сөйлемдер де өкініш мәнде айтылады: Кеше осыны айтуым ғой!

4.Бірдеңені асыра мақтан ету, масаттану, қолпаштау мағыгнасында да лепті сөйлемдер жасалады. Ондай сөйлемдердің ішінде кейде қандай ғажап, неткен, болғанда қандай, пай-пай, ай деген сөздер болады: Айналаңа қарашы! Дүние қандай сәнді!

Тұлғасы сұраулы сөйлемдер кейде экспрессивті мағынадағы лепті болып жұмсалады: -Ол –ол болсын, жә, мынау көргеніміз қай мазағымыз!

Сонымен жай сөйлемдер мағыналық түріне қарай 4-ке бөлінеді: хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Жай сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз?

2.Айтылу мақсатына қарай жай сөйлем қалайбөлінеді?

3.Жақты сөйлемдерге қандай сөйлемдер жатады?

4.Жақсыз сөйлемдер дегеніміз қандай сөйлемдер?

5.Жақты сөйлемнің қандай түрлері бар?

6.Қандай сөйлемдер толымды болады?

7. Қандай сөйлемдер толымсыз болады?

8.Атаулы сөйлем дегеніміз не?

9.Жалаң сөйлемдерге қандай сөйлемдер жатады?

10. Жайылма сөйлем дегеніміз қандай сөйлемдер?

Ұсынылатын әдебиеттер: 11, 15, 16, 18, 19,21, 24, 28, 30,31, 35, 37,39, 48, 64,65.

Дәріс №8. Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлемдер: өзіндік белгілер, жасалу жолдары.

Мақсаты: Құрмалас сөйлем туралы жалпы түсінік беру, салалас құрмалас сөйлемдердің өзіндік белгілерін, жасалу жолдарын көрсету.

Тірек сөздер: құрмалас сөйлем, салалас, паратаксис, гипотаксис,

1.Синтаксис ғылымының басқа салалары сияқты құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттейтін күрделі объектісі бар. Адам сөйлегенде бір-біріне байланыссыз жеке сөздерді айтпайды, оның сөйлеуі бір-біріне ұштасып жататын сөйлемдер тізбегі түрінде болады. Оның өзінің белгілі заңдылығы бар. Құрмалас сөйлем синтаксисінің міндеті осы заңдылықтардың немесе жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өзара ұласып, күрделі бір сөйлемге айналуы, бір ойды екінші бір ойға жалғастырып, күрделі бір ойды білдірудің жолдарын, амал-тәсілдерін зерттеу. Жай сөйлем синтаксисі жеке ұғымды білдіретін сөздердің өзара тіркесіп сөйлем болуы, ал құрмалас сөйлем синтаксисі жеке ойды білдіретін сөздердің бір-бірімен ұласып құрмалас сөйлем болу заңдылықтарын зерттейді. Осыған орай синтаксист ғалым Т. Қордабаев «Құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттеу объектісі құрмалас сөйлем (синтаксисі) ғана емес, сонымен бірге бірнеше сөйлемдер тіркесінен құралатын синтаксистік күрделі бірлікті де қарастырады», –дейді.

Құрмалас сөйлемнің қалыптасу жолдары туралы алғаш пікір айтушылардың бірі С. Аманжолов: «Адам ой-өрісінің дамуымен бірге, жай сөйлем адам қажетін толық қамтамасыз етпейтін болды, қоғамдағы өндіріс қатынасының өсуімен бірге тіл де өсті, сөйлем де күрделенді», –дейді. Сондай-ақ Т.Қордабаев құрмалас сөйлемнің қалыптасу даму жолдарына жан-жақты тоқталады. Тіл дамуының ерте сатысында құрмалас сөйлемдердің ең қарапайым тәсілі –мағыналары бір-біріне жақын жай сөйлемдердің тіркесуі арқылы жасалған –салалас құрмаластар. Ғылымда паратаксис деп аталады. Дүние жүзі тілдері тарихында да сондай: А. Мейе «Введение в сравнительное изучение индо-европейских языков» (М.-1938. 375.) атты еңбегінде үнді-еуропа тіліндегі салалас құрмаластардың тарихын айтып Ю. Цезарьдің сөйлемін мысалға алады: Келдім, көрдім, жаздым. Орыс тіл білімінің зерттеушілері А.А. Потебня, И. Лысев көне жазбаларда салаласқан сөйлемдердің басым екендігін айтқан. А. Рифтин «Құрмалас сөйлем дамуының екі жолы» еңбегінде жай сөйлемдердің салаласу немесе бір-біріне қосылуы –құрмалас сөйлем дамуының бірінші сатысы деген.

Қазақ тіліне келер болсақ, көне ескерткіштер тілінде көбіне салаласқан немесе келте қайырылған сөйлемдер: Аштықта тоқтықты түсінбейсің, тоқтықта аштықты түсінбейсің. Соның үшін алдандың, Қағаныңның тілін алмадың(О.-Е.).

Кейіннен салаластардың орнына әр түрлі дәнекерлер арқылы бір-бірімен бағына байланысатын сабақтас сөйлемдер қалыптасқан. Бұл ғылымда гипотаксис деп аталады.

Құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен жымдаса байланысқан сөйлемдердің пайда болуы –жазба әдебиеттің нәтижесі. «Өйткені сөйлеу тілі сөйлемді онша ұластыруды, күрделендіруді көтермейді» (И.И.Мещанинов). Бұл туралы Н. Сауранбаев та « Көне ру-тайпа тілінде, ауызекі тілде сөйлемдерді жеке-дара айту басым болған. Күрделену әдеби тілге тән», –дейді.

Қазақ тіл білімі саласында ең аз зерттелген сала –құрмалас сөйлемдер. Олар туралы ең алғаш пікір айтқан –А.Байтұрсынов ( «Тіл құрал») құрмалас сөйлемді екіге бөледі: сыйысулы: шұбалаң, ықшам; қиысулы құрмалас. Қ. Жұбанов ( «Қазақ тілі жөіндегі зерттеулер») «құрмаласты» «күрделенген» терминімен ауыстыруды ұсынған. Сондай-ақ Н.Сауранбаев, С.Жиенбаев, С.Аманжолов, қазір Т. Қордабаев, Қ.Есенов зерттеп жүр.

Құрмалас сөйлемнің басты критерийлері туралы түрлі пікірлер айтылып келді. Әр лингвист құрмалас сөйлем болудың белгісі ретінде түрлі сөйлем қасиеттерін ұсынды:

1) Сөйлемнің мағыналық, тұлғалық байланысы (А.Байтұрсынов) немесе «тең байланыс, кем байланыс».

2) Әр компонент құрамында бастауыш, баяндауыш болуы (Қ.Жұбанов). Бірақ бұл ғалым интонацияның болуын ескермейді. Сондықтан үйірлі мүшелерді де бір жай сөйлем деп кетеді.

3)1954ж. Н.Сауранбаев «Құрмалас сөйлемнің синтаксисі» еңбегінде үш критерийін ұсынады: а) ой дербестігі, ә)дербес бастауыш пен баяндауыш болуы, б) құрмалас сөйлем компоненттерінің интонациялық жігінің айқын болуы.

С.Аманжолов дербес бастауыш қажет деп есептемейді. Негізгі шарт – өзіндік баяндауыш пен дербес интонация.

Қазіргі синтаксист ғалымдарымыз ұсынып жүрген бірнеше критерийлері мыналар:1) Әр сөйлемнің тиянақты, тиянақсыз болса да дербес ойға ие болуы.

2) Әр сөйлемде айтылған ой бөлек-бөлек болмай, бір-бірімен ұласып жатуы. 3) Құрмалас сөйлемдердің әр компоненті (жай сөйлемдері) сөйлемге тән қасиеттерге ие болуы шарт.

4) Құрмалас сөйлем компоненттерінің әр қайсысының дербес интонациясы болуы шарт.

Жеке талдау жасайық: Әр жай сөйлемнің дербестігі шартты нәрсе. Неге десеңіз құрмалас сөйлем компоненттерінің әр қайсысының дербестігі тең дәрежеде емес. Мыс.: Шұрайлы жер аз емес, бірақ соның бәрі байлардың, дворяндардың, помещиктердің қолында. Олар өз жерлерін ешқашан бермек емес,алхаштан өлуге шақ жүрген мұжықтардың оны сатып алуға шамасы жоқ(М.Дулатов). 2-4-сөйлемдердің дербестігі «шартты», 1-3-сөйлемдердің дербестігі «нақты». (Қ.Шәукенов). Сөйлемге тән басты қасиет: коммуникация, модальдылық, предикация. Предикацияның екі жолы бар: а)бастауыш пен баяндауыштың қатар болуы; ә) тек баяндауыш арқылы. Алғашқысы –аналитикалық, аналитика-синтетикалық, соңғысы –синтетикалық. Мыс.: Сендер тәлтіректеп белестен асып кеткенше, мен көз алмай қараумен болып едім. Баяндауыш кеткенше –жақты, шақты көрсетпейді. Жақ, шақ сендер бастауыш арқылы –предикаттың аналитикалық тәсілі. Ақырында осы отырған түрлі Нілді мен Қарағандыны мына Боздақ пен Байжандікі деп тапты да, өзгеміз соған қол көтеріп шықтық. 1-жай сөйлемде предикация нақты өткен шақ. (Біз шықтық) –аналитико-синтетикалық. Бірақ баяндауыштары бірнешеу, бастауыштары көрінбей тұрған сөйлемдер үшін басты белгі әр баяндауыштың әр бөлек бастауышқа ие болуы. (Жеке субъектіге тәуелді –Т.Қордабаев). Мыс.: Көрдім, танымады. Берсе, тастамаспын. Ал бір ғана субъектінің бірнеше іс-әрекетті көрсетіп, бір ғана сөйлемнің бірыңғай мүшесі болуы мүмкін: Жолықтым, сөйлестім. Қарт көрпе астынан еті қашқан оң қолын шығарып, үп-үшкір шынтағымен жер таяп, ұмтылып барып, тұра алмай аунап түсті. Алдыңғысы бірыңғай баяндауыш, соңғысында шығарып, жер таяп, ұмтылып барып, тұра алмай етістіктері аунап түсу қимылының амалын білдіреді(Т.Қордабаев).

Ал баяндауыштары көсемше, есімшелерден жасалса, міндетті түрде бастауышы болуы керек. Себебі жіктік жалғаусыз предикатты көрсете алмайды. Бұған қосымша: Атаулы сөйлемдер предикатты көрсетпейді. Соған қарамастан бірнеше атаулы сөйл-ден тұратын құрмалас сөйл-р де бар: Ояна келсе, баяғы жаман Қартқожа, баяғы жымырайған жаман тымақ, бастама мәсісі, бір жамбасына қисайған жаман кебісі, мойынындағы кішкене қалтаға салған тері сасыған ....дұғасы. Бұндай сөйлемдіҚ. Шәукенов «суреттемелі салалас құрмалас сөйлем» дейді.

Қ о р ы т ы н д ы: Әрбір компоненттің белгілі мағыналық дербестігі, субъект- предикаты және интонациялық мәні бір күрделі ойды білдіретін синтаксистік бірлікті құрмалас сөйлем дейміз.

Құрмалас сөйлем мен жай сөйлем арасындағы айырмашылық—құрылысында. Жай сөйлем жеке сөйлем мүшелерінен тұрса, құрмалас сөйлем жеке сөйл-ден тұрады. Әрине, көлемі үлкен--құрм., кішісі—жай деген ой тумауы керек.Әңгіме ой дербестігінде, ой көлемінде.Сондай-ақ бөлек-бөлек жай сөйл-ң дербестігі айқын. Түрлі субъектінің түрлі іс-әрекеті құрмалас сөйл. жай сөйл-ң дербестігі шартты, мағынасы беретін ойы жағынан бір-бірімен тұтасып, астасып байланысып жатыр. Біреуінде бір предикат, екіншісінде кемі екі предикат.

Құрмалас сөйлемдердің құрылымы екі компоненттен де, одан көп компоненттен де тұра береді. «Жабық құрылымды, ашық құрылымды» деп бөлеміз. «Ашық құрылымды» құрмалас сөйлемдерде айтылған ойды жалғастыра беруге болады: Биылғы қыс түсініксіз болды: күн тез суытты, қар жаумады. «Жабық құрылымды» әрі қарай айтып жалғастыра алмаймыз. Құрмалас сөйлем компоненттері өзара тығыз бірлікте, байланыстырушы амал-тәсілдер мен дәнекерлер арқылы құрмаласады:1. Алдыңғы компоненттердің баяндауышы тиянақсыз боп, кейінгі компонентпен байланысады (сабақтас сөйлем): Жалт қараса, кемпір жақындап қалған екен.

2.Септеулік шылаулар, солар мәндес сөздер арқылы: Келгендер төрге түгел жайғасып болған соң, үй иесі сөз бастады(сабақтас).

3. Жалғаулық шылаулар арқылы: Баршагүл қасына шопан ерітіп еді, бірақ жүре алмады (салалас).

4. Мағына жалғастығы, интонация арқылы (жалғаулықсыз салалас).

5.Алғашқы компоненттің баяндауышы есім сөз: Сіздің сұраған затыңыз қоймада бар, бірақ оны бастықтың рұқсатынсыз бере алмаймын. Жалпы баяндауыштың тұлғасы арқылы –синтаксистік байланыс, ал жалғаулар, септеулік шылаулар, интонация арқылы –аналитикалық байланыс болады.

2.Құрмалас сөйлемді тұңғыш классификациялаған А.Байтұрсынов салаласты жиылыңқы, қайырыңқы, айырыңқы, сұйылыңқы, қойылыңқы.

30-жылдардың алғашқы жартысында жарияланған тілдік оқулықтардың ішіндегі сол дәуір үшін көрнекті құралдардың бірінен саналған С. Аманжолов басқарған бригада жазған «IV жылдық тіл кітабы» болатын. Мұнда «сыйысқан құрмалас, қиысқан құрмалас» деп бөледі. Сыйысқан сөйлем: «бірнеше сөйлем сыйысып, бір сөйлем болса немесе бірнеше баст. бір баяндауышқа ортақтасып келсе...» Мыс.: Әлібек пен Кенжебек жер жыртуға шықты—дегеннен өзге пікір білдірмейді. Қиысқан құрмалас сөйлем: «Сөз құрылыс жағынан да, мағына жағынан да бір-бірімен үйлесімді болып, айыруға келмейтін болса, не бірнеше сөйлемдер бірігіп келсе, қиысулы құрмалас деп аталады. Қиысқан сөйлемдердің екі түрі бар: тең сөйлем, кем сөйлем»

Бұдан соң тың пікірді алғаш рет Қ. Жұбанов жазды. V-VI-VII-кластарға арналған қазақ тілі программасында салалас, сабақтас деп бөледі. Салаластың 10 түрі көрсетіледі. Кемшіліктері: 1)сабақтас сөйл. мен салалас жасалу тәсілдері жағынан ара жігі ашылмаған. 2) жай сөйлемдердің құрмаласу тәсілдерінің бір- екеуі ғана көрсетілген. 3) тіл фактілеріне сай емес ережелер берілген. «Жанғазы» деп айтылатын хатында құрмалас сөйлем туралы негізінен 2 пікірдің айналасында:1.Сабақтас сөйлемдердің тиянақсыз компоненті басыңқы сөйлемдегі бір мүшені меңгеріп, бағынып, жай сөйлемдердің қалыпты бір мүшесі атқаратын қызметті атқаруы шарт. Егер ондай меңгерілу болмаса, тиянақсыз компонент баяндауышының қандай формада айтылғанына қарамастан, ол салаласқа жатқызылады,- дейді. Мыс: Нұрымдікіне келсек, өзі кетіп қалған екен деген сөйлемді салалас дейді. 2. Бағыныңқы сөйлем болу үшін, құрамында бастауыш, баяндауыш боларлық сөздің болуы шарт. Егер сондай сөздері болса, ол тізбектің өзіне тән интонациялық паузасының бар-жоқтығына, баяндауыш боларлық сөздің қай сөз табына жататындығына, қай тұлғада айтылғандығына қарамастан, барлығы да бағыныңқы сөйлем болады. Өйткені сабақтас сөйлем дегеніміз құрамында бастауыш, баяндауышқа бөліне аларлық күрделі мүшесі бар сөйлем. Ол үйірлі мүшелі сөйлемнің бәрін сабақтас деп есептеген.

С.Аманжолов пен Н.Сауранбаевтың бірігіп жазған оқулығында ( «Қаз. тілі грам.» II бөлім. 1939ж.) тұңғыш рет құрмаластың салалас, сабақтас, аралас түрлерін көрсетіп, дәлелдеген.

С.Аманжолов «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» (1940) еңбегінде: салалас, сабақтас, аралас, тиянақты басыңқылы сабақтас деп 4-ке бөледі. Тиянақты басыңқылы сабақтасқа мысал ретінде Абайдың «Жаз» өлеңін келтіреді. Кейбір өзіне дейінгілерге қарағанда салалас сөйлемдердің жалғаулықсыз түрлерінің жасалу жолдарына байланысты соны пікірлері де бар.

Құрмалас сөйлем синтаксисіне біршама еңбек арнаған ғалым Сейт Жиенбаев екіге бөледі: салалас, сабақтас. Салаластың жіктелу үлгісін береді: ыңғайлас, қарсылас, талғаулы, себеп-салдар. Көсемшелі баянд. құрмаласты салаласқа жатқызады. Үйірлі мүшелі сөйлемді құрмаласқа жатқызады.

Сабақтастық пен салаластық жөнінде екі түрлі пікір бар:

1) Компоненттерінің баяндауыштары тиянақты ма, тиянақсыз ба бәрібір, кейінгі сөйлемдердің сөйлем мүшелерімен синтаксистік байланысқа түсіп, не толықтап, не анықтап, не пысықтап, әйтеуір сұрауға жауап берсе, сабақтасып тұр. Ал өз алдына дербестігін сақтап, келесі сөйлемге мағыналық жағынан меңгерілмесе – салалас. Мыс: Қой маңырап, түйе боздап, ауыл у-шу дегенде салаласып тұр. Себебі белгілі сұрақтармен келесі сөйлемге меңгерілмейді. Немесе Омар кітап оқып, мен жазу жаздым (не істеп, мен қалай жазу жаздым деген сұрақпен мең герілмейді)—салалас сөйлем (Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев). 2) Алдыңғы компоненттің баяндауышы тиянақсыз болып, кейінгі сөйлемге бағына байланысса –салалас. Соңғы пікір дұрыс.

Салаласа құрмаласу деп құрмалас сөйлем құрамына енген компоненттердің грамматикалық жағынан бір-біріне тәуелді, бағынышты болмай, өзара теңдік қатынаста тұрып, салаласа құрмаласуды айтады. «Грамматикалық теңдік қатынаста» дегенде, мына нәрсе ескерілу керек: салалас құрмалас сөйлемдердің жай сөйлемдерінің баяндауыштары тұлғалық жағынан тиянақты, интонация, мағына жағынан дербес емес (әйтпесе құрмалас сөйлем болмаған болар еді) (Т.Қордабаев).

Салаласқа енген сөйлемдер форма жағынан бөлек болғанмен мағына жағынан бір-бірімен байланысып жатыр. Күрделі ойды білдіру үшін екі сөйлем бірігіп барып, кеңірек ойды білдіреді. Салалас құрмалас сөйемдердің жай сөйлемдерін байланыстырушы –интонация. Салалас құрмаластың жай сөйлемдерінің бөлек-бөлек жай сөйлемдерден айырмашылығы: салалас құрмаластың компоненттері мағына жағынан тиянақсыз болып, ойдың аяқталмағанын, әлі де жалғасатынын немесе жалғастырып айта беруге болатынын білдіреді. Дәлелдеу үшін С.Аманжоловтың мысалдарын келтірейік: Жаңбыр жауып еді, жер көгерді. Мен барып едім, ол жоқ екен. Еді, екен әлсіз етістіктер. Тиянақты емес, одан кейін айтылар ой бар.

Егер екі жай сөйлем екі басқа ойды, ұғымды білдірсе, салалас сөйлем бола алмайды. Ағаш өсіп тұр. Біз оқып отырмыз.

Өлеңді сөйлемдерде 2-3-4-5 жай сөйлемдермен бір құрмаласты береді. (Интонация ырғақпен билеп кетеді). Қара сөзде салаластың компоненттері неғұрлым көп болса, ұғымы ауыр.

Көбіне жақ жағынан үйлескен, мағыналары жағынан тығыз байланысты арнаулары бір бағытта болған тиянақты жай сөйлемдердің бірліктерін салалас құрмалас дейміз, –дей келіп, салалас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдердің мағына жақындығын 19 түрлі көрсетеді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Құрамалас сөйлемнің белгілері қандай?

2.Құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттеу нысаны не?

3.Құрмалас сөйлемнің қалыптасуы туралы қандай пікірлер бар?

4.Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен өзгешелігі неде?

5.Құрмалас сөйлем қандай компоненттерден тұрады?

6.Құрмалас сөйлем қандай жолдармен жасалады?

7.Құрамлас сөйлемнің қандай түрлерібар?

8.Салаласа байланысу дегеніміз не?

9.Салалас құрмаласқа қандай белгілер тән?

10. Салалас құрмалас қандай жолдар арқылы жасалады

Ұсынылатын әдебиеттер:1, 3, 4,7, 10, 32, 33, 44, 49, 50, 51, 52, 53, 58, 60, 63.

Дәріс №9. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.

Мақсаты: Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру, салалас құрмалас сөйлемнің түрлерімен ,ол туралы пікірлермен таныстыру.

Тірек сөздер: салалас, жалғаулықты, жалғаулықсыз, мезгілдес салалас, себептес салалас, қарсылас салалас, талғаулы салалас, кезектес салалас, түсіндірмелі салалас, салыстырмалы, шартты, көп компонентті салалас.

1.Салалас сөйлем компоненттерін бір-бірімен құрмаластыратын грамматикалық тәсілдер ішіндегі маңыздысы –жай сөйлемдерді жалғаулықтар арқылы құрмаластыру тәсілі. Мұндай жалғаулықтар қатарына мыналар жатады:

а) себептестік қатынасты білдіретін сондықтан, себебі, сол себепті, өйткені, неге десең;

ә) мезгілдестікқатынасты білдіретін және, да, де, та, те, әрі;

б) қарсылықты қатынастыбілдіретін бірақ, сонда да, сөйтсе де, алайда, өйтсе де, ал, дегенмен;

в) кезектестік, талғаулық, бірдейлестік қатынасты білдіретін бірде, біресе, кейде, не, немесе, болмаса, әлде, яки, я;

г) бейтараптық қатынасты білдіретін мейлі, құй т.б.

Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыру функциясында қолданылатын бұл жалғаулықтардың мағыналарына қарай мезгілдес, қарсылас, себептес, талғаулы, кезектес, бейтарап мәнді деп бөлінетіні сияқты, бұлардың дәнекерлігі арқылы жасалатын жасалатын салалас құрмалас сөйлемдер де жалғаулықтар аттарына сәйкес бөлінеді.

Мезгілдес салалас. Қазақ тілінде жазылған тұңғыш оқу құралынан бастап сөз болып келеді.1936ж. жасалған оқу бағдарламасында «ыңғайлас салалас» деп аталған. С.Аманжолов, Н.Сауранбаевтар авторлығымен1939ж. шығарылған «Қазақ тілінің грамматикасы» атты оқулықта «Тіркес салалас» деп аталған. Бұдан кейінгі жылдардағы зерттеулерде салаластың бұл түрі брде «ыңғайлас», бірде «мезгілдес» деген атаулармен аталып келді. Осы оқулықтың бірінші басылымынан бастап «мезгілдес салалас» деген атау тұрақталды.

Себептес салалас –компоненттері бір-брімен себептестік қатынаста тұратын құрмалас сөйлем. Салаластың бұл түрі 1936ж. оқу программасында «себеп-салдар салалас» деген атпен тұңғыш ретсөз болды. Олар өйткені,себебі, сондықтан, сол себепті жалғаулықтары арқылы жасалады.

Қарсылас салалас –компоненттері бір-біріне қайшы мағынада тұратын салалас түрі. А.Байтұрсынұлы оқу құралдарында «қайырыңқы салалас» деп аталған да, оған «соңғысы алдыңғы сөйлемге қарсы мағыналы болып қиысады» деген анықтама береді. Қарсылас салалас бірақ, сонда да, сөйтсе де, алайда, өйтсе де, ал, дегенмен жалғаулықтары арқылы жасалады.

Талғаулы салалас А.Байтұрсынұлы оқу құралдарында «айырыңқы салалас» аталған. Не, немесе, болмаса, әлде, яки, я жалғаулықтары арқылы жасалады.

Кезектес салалас деп құрамына енген жай сөйлемдердің мағынасынан байқалатын іс-әрекеттердің брнен соң бірі кезектесіп болып отыратындығын білдіретін салалас құрмалас сөйлемді айтамыз. Бірде, біресе, кейде т.б. жалғаулықтар арқылы жасалады.

Түсіндірмелі салалас 1961ж. жарық көрген оқулықтың бірінші басылымынан бері қарай ғана есептеліп жүр. Онда «іліктес салалас» деген атаумен аталған. Компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан алғанда, бірінші жай сөйлем баяндауышы сол, сонша, соншалық, сондай, соншама деген есімдіктер мен үстеу сөздерден болған сөйлемдерде түсіндірмелі салаласқа жатады.

Салыстырмалы салаласқа бір-бірне антитеза немесе анология ретінде алынған екі түрлі субъектінің іс-әрекеттерін, қасиеттерін, жай-күйлерін салыстыра баяндайтын сөйлемдер жатады.

Шартты салалас компоненттерінің мағыналары өзара шарттас болып келеді.

Шартты салалас сөйлемдер екінші компоненттегі әрекеттің болу-болмауына бірінші компоненттегі әрекет шарт болып келеді.

1.Екі компонент баяндауышы да бұйрық райда айтылады: Біраз дем ал, тынығып қаласың.

2.Бірінші компонент ІІ ж., екінші компонент І немесе ІІІж. Айтылады: Осыны істе, ақысын төлеймін.

3. Бірінші компонент баяндауышы бұйрық райдың Іж., екінші компонент баяндауышы ІІ немесе ІІІ ж. айтылады: Мен барайын, сен қорықпайсың ба?

4. Кейде қарсылық жалғаулықтары арқылы да байланысады: Біз білмеген-ақ болайық, өзі тиыш жүрсінші.

5. Бірінші компонент баяндауышы ІІІ жақта, екіншінікі І жақта: Ол тез кететін болсыншы, біз үндемейік.

Шартты салаластың шартты бағыныңқылы сабақтастан айырмашылығы баяндауыш формасында ғана.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Мезгілдес салалас туралы қандай пікірлер бар?

2.Жалғаулықты мезгілдес салалас қандай жалғаулықтар арқылы жасалады?

3.Себептес салалас қандай жалғаулықтар арқылы жасалады?

4.Қарсылықты салалас қалайжасалады?

5.Талғаулықты салаластыжасайтын жалғаулықтар?

6.Кезектес салалас қалай жасалады?

7.Түсіндірмелі салалас қалай жасалады? Оның тыныс белгілеріқандай?

8.Салыстырмалы салалас қалай жасалады?

9.Шартты салаласқа қандай сөйлемдер жатады?

10.Көп компонентті салалас дегеніміз қандай сөйлемдер?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 3, 4,7, 10, 32, 33, 44, 49, 50, 51, 52, 53, 58, 60, 63.

Дәріс №10. Сабақтас құрмалас сөйлемдер: құрылымдық бөлшектері, жасалу жолдары.

Мақсаты: Сабақтас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру, оның құрылымдық бөлшектерімен, жасалу жолдарымен таныстыру.

Тірек сөздер: бағыныңқы компонент, басыңқы компонент, ұйымдастырушы орталық, гипотаксис, баяндауыш формасы.

Құрмалас сөйлемдерді ұйымдастырушы орталық бағыныңқы компоненттің баяндауышы болады. Осы баяндауыш сөзінің түрлі формалық өзгерістерге түсуі арқылы сабақтас сөйлем жасалады.

Бағыныңқы компоненттің баяндауышы, әрине, етістік сөздермен беріледі. Алайда қандай етістік сөздері бағыныңқының баяндауышы ретінде жұмсалады деген мәселеде түркологияда тиянақталған пікір жоқ. Өйткені кейбір ғалымдар (Б. А. Серебренников, Н.А. Баскаков, М. Ш. Ширалиев т.б.) сабақтас құрмалас сөйлемді жасауда тек қана етістіктің шартты рай тұлғасы қатынасады деп түсіндіреді. Мұндағы бұлардың дәлелі – сабақтас құрмалас сөйлем болу үшін оның бағыныңқысының баяндауышы өз бастауышымен әр уақытта жақ жалғауы арқылы байланысып тұруы керек.(Сен шақырсаң, мен барамын). Егер осы сөйлемді Сен шақырған кезде, мен жетіп келдім түрінде құрсақ, енді бұл конструкция жоғарыда аталған ғалымдарда сабақтас құрмалас сөйлем болып танылмайды, өйткені бағыныңқының бастауышы өз баяндауышымен жақ жалғауы арқылы қиыса жұмсалмаған. Осы принципті негізге алатын болсақ, есімше, көсемшелер арқылы жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріске шығаратын боламыз. Демек, сабақтас құрмалас сөйлемде бағыныңқының баяндауышы өз бастауышымен қиыса да (шартты рай тұлғасы), қиыспай да байланыса береді.

Сөйтіп, сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолындағы негізгі орталық бағыныңқы компоненттің баяндауышы болып есептеледі. Сонымен қатар сол баяндауыш сөздеріне қосымша ретінде шылау, қатыстық сөздері де елеулі қызмет атқарады. Сондай-ақ сабақтас құрмалас сөйлемнің ұйымдасуында интонация мен орын тәртібінің өзіндік үлестері бар.

1.Бұл жол сабақтас құрмаластың ең негізгі ұйымдастырушы орталығы болып есептеледі. Мұндай ұйымдастырушы орталық өз дербес бастауышы болуына негізделеді.Әйтпесе,ұйымдастырушы орталық бағыныңқы сөйлем болып танылмай, оралым қатарында қалып қояды.

«Баяндауыш формасы» деп алуымыздың себебі, мұнда басқа қосымша амалдар (шылау, қатыстық сөздер) баяндауыш сөздерімен тіркесе жұмсалмайды. Бандауыш сөз-і белгілі бір септік жалғау-да, не болмаса арнаулы жұрнақтар арқылы тікелей тұрып-ақ бағыныңқы компонентті жасауға қатысады. Мұндай баяндауыштар есімше, көсемше, шартты рай тұлғалы сөздер болып келеді.

А. Е с і м ш е. Есімшенің барлық формалары бірдей дәрежеде бағыныңқы компоненттің баяндауышын жасауға қатыса бермейді. Мұндай функцияға өзгелеріне қарағанда көбінесе -ған формантты есімшеие бола алады. Есімшенің осы түрі сөйлем ішінде қолданылу ыңғайына қарай әр түрлі қызмет атқарады: бірде анықтауыш, бірдетолықтауыш, енді бірде

Пысықтауыш қызметіне ие болады. Осыдан келіп сабақтас құрмалас жасаудағы оның қызметі қиындай түседі. Бұл мәселе тек қазақ тіл білімінде ғана емес жалпы түркі тілдерінде де күні бүгінге дейін әр жақты түсіндіріледі.

Мәселен, бір топ ғалымдар (Н. З. Гаджиева, М.З. Закиев, У. Б. Әлиев,И.А.Андреев т.б.) есімше барлық септік жалғауларында тұрып-ақ бағыныңқы сөйлемнің баяндауышын жасай алады десе, енді біреулері бұл ретте оның септік жалғауларын саралай қарайды. Ал енді бір ғалымдардың (Н.А. Баскаков, М.Ш. Ширалиев т.б.) есімшемен келген сөйлемдерді тіпті сабақтас құрмалас ретінде танымайтынын жоғарыда ескерттік.

Есімшемен келген сөйлемдердің өзіндік бастауышы болса, мұндайларды проф. Н.К. Дмитриев бағыныңқының «ауыспалы түрі» ретінде қарастырады.

Есімшемен келген сөйлемдерді тани білуде осындай дмитриевтік ілім кеңінен өріс алды. Сабақтас құрмаласта жоғарыдағыдай, есімшенің барлық қызметі бірдей қарастырылғандықтан, оның жіктелу барысы сөйлем мүшелерінің негізінде жүргізілді: анықтауыш бағыныңқы,пысықтауыш бағыныңқы т.б. Мұндай жіктеудің көрінісі кейін қазақ тіл біліміне де әсерін тигізді.

Проф. Ғ.А. Абдурахманов -ған формантты есімшенің сабақтас құрмаласты жасай алудағы үлесін оның сөйлем ішіндегі қызметімен байланыстырады.

Проф. Қ.Қ.Сартбаевтың түсіндіруінше, объектілі және атрибуттық қатынаста жұмсалған есімшелер (ілік, барыс, табыс септ-р) жай сөйлем жасауға қатынасады дакеңістік қатынаста келгендері сабақтас құрмаласты ұйымдастырады. Есімшелі конструкциялы сөйлемдердің сабақтас құрмаластағы қызметінің сараланбауы соңғы жылдарға дейін қазақ тіл білімінде де орын алып келді. Проф. Н. Сауранбаев өзінің алғашқы зерттеулерінде есімшелі сөйлемдерді өзінің арнайы бастауышы болса, оларды сабақтас құрмалас ретінде таныды. Ал 1954 ж. жарық көрген акдемиялық «Қазіргі қазақ тілі» курсында аталған ғалым есімшемен келген сөй-ді бұрынғыша анықтауыш, толықтауыш бағыныңқылар ретінде тани тұрмаса да, оларды бір жерде жинақтап «үйірлі мүшелі сабақтастар» деп қарастырады.

Талдап отырған -ған есімшелі сабақтас құрмалас сөйлем жасаудағы қызметі соңғы кездерде қазақ тіл білімінде саралана бастады. Соның нәт. есімшенің атау қалпы ілік, табыс септіктерде қолданылған түрлерін көпшілік ғалымдар жай сөйлемнің аясында қарастыруда Ал есімшенің барыс септікті түрінде келгенде екі жақты пікір бар: Біреулері (Н.Сауранбаев, С.Аманжолов,А. Әбілқаев т.б.) осындай конструкциялы түрін бағыныңқы сөйлем деп таныса, енді бір қатары (М.Балақаев) жай сөйлемнің бір мүшесі ретінде қарастырады.

Барыс септігіндегі есімше де, ілік, табыс септік жалғауларында тұрғандардай, өзі тіркесе жұмсалған сөздерімен көбінесе объектілік қатынаста жұмсалады. Осыған орай Құнанбай күлгенге үй ішіндегі қонақ әйелдердің бәрі күлді ( М. Әуезов) тәріздес сөйлемдерді жай сөйлемнің күрделенген түрі аясында таныған жөн.

Сонымен, есімше сөздерінің сабақтас құрмаласты жасай алудағы қызметін олардың кеңістік қатынаста жұмсалу табиғатымен тығыз байланыстыра қарайтын боламыз. Ал мұның өзі олардың пысықтауыштың қызметімен тығыз байланысып жатады. Мұндай қызмет есімшелердің жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларында тұруымен айқындалады. Осындай көрсеткіштерге ие болған есімше сөздері ( арнайы бастауыштары болуына байланысты ) сабақтас құрмаластың бағыныңқы баяндауышын жасауға бейім тұрады. Ал бұлардың атау, ілік, барыс, табыс септік жалғауларында келген түрлері бұл талапқа жауап бере алмай, атрибуттық және объектілік қатынастардың аясында қалып қояды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Сабақтаса байланысу деп қандай байланыс түрін айтамыз?

2.Сабақтас құрмалас қандай компоненттерден тұрады?

3.Бағыныңқы сыңар баяндауыштары қандай формада келеді?

4.Жай сөйлемдердің көсемше арқылы құрмаласуын қалай түсіндіресіз?

5. Жай сөйлемдердің есімше арқылы құрмаласуын қалай түсіндіресіз?

6. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуын қалай түсіндіресіз?

7.Жай сөйлемдер қандай шылаулар арқылы құрмаласады?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 3, 4,7, 10, 32, 33, 44, 49, 50, 51, 52, 53, 58, 60, 63.

Дәріс №11. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері.

Мақсаты: Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері, олардың жасалу жолдары туралы білім меңгерту.

Тірек сөздер: функционалды принцип, формалды (тұлғалық) принцип, құрылым-семантикалық принцип, бастауыш бағыныңқы, толықтауыш бағыныңқы,

I. Сабақтас құрмаластың жеке түрлері оның бағыныңқы компонентінің ыңғайына қарай ажыратылады. Осыған орай бағыныңқы сөйлемдердің таптастырылуы дегенімізде жалпы сабақтас құрмаластың жеке түрлерін түсінетін боламыз.

Тіліміздің тарихында бағыныңқы сөйлемдердің таптастырылуы әр кезеңде әр қилы болып отырды.

Алғашқы кезеңдерде (20-30 жж.) бағыныңқы сөйлемдердің іштей саралануы орыс тілінің ізімен жүргізілген болатын. Ал орыс тілінде күні бүгінге дейін сабақтастарды өзара жіктеуде үш түрлі принцип орын алды. Алғашында функционалды принцип ( бағыныңқының сөйлемдегі қызметін басшылыққа алу), содан кейін формалды (тұлғалық) принцип басшылыққа алынған еді. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді жіктеуде тіл білімінде соңғы кезеңде құрылым-семантикалық принцип өріс алды.

Қазақ тіл білімінде де бағыныңқы сөйлемдердің таптастырылуы, жоғарыдағыдай, алғашында функционалды принцип негізінде жүргізілді. Осы негізде бағыныңқы компонент сөйлем мүшелерінің атқаратын қызметімен тепе-тең қарастырылып, солардың атымен аталатын болды: бастауыш бағыныңқы, толықтауыш бағыныңқы т. т. Осылайша таптастыру А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Жиенбаев, Н. Сауранбаевтардың еңбектерінен орын алды.

Бағыныңқы сөйлемдерді өзара жіктеуде мағыналық принцип те қолданылды. Бұл әсіресе проф. С. Аманжоловтың еңбегінен кеңінен көрініс тапты. Автор аталған еңбегінде сабақтас құрмалас сөйлемдерді мағыналық көріністеріне қарай 18 түрге жіктеген.

Бағыныңқы сөйлемдерді жіктеуде соңғы кездері қолданылып жүрген принцип –құрылым-семантикалық принцип. Осы принцип бойынша сабақтас құрмаластың жасалу жолдары мен олардың бағыныңқы және басыңқы компоненттерінің бір-бірімен аралық тығыз байланысынан туындайтын мағыналық көріністері басшылыққа алынады. Осы негізде тіліміздегі сабақтас құрмалас сөйл-ді ең алдымен жалпы үлкен ү ш са л а ғ а бөліп қараған жөн тәрізді.

Қазақ тіліндегі бағыныңқы сөйлемдердің дені өз басыңқыларымен қарым-қатынасына орай пысықтауыштық ыңғайда жұмсалады. Демек, бұл –кеңістік қатынаста жұмсалады деген сөз. Ал кеңістік қатынас өз мағыналық көрінісіне лайық бағыныңқы компоненттің өз басыңқыларына мезгілдік, себептік, амалдық, шарттық тәріздес ыңғайда жұмсалуымен айқындалады. Мұндай мәндік көріністер байланыстырушы амалдың көбінесе есімше және көсемше формалары негізінде туындайды. Осындай амалдар арқылы байланысқан бағыныңқы сөйлемдер өз басыңқысына сіңісіп кетпей, тұтастық қалпын сақтайды. Бұлардың арасындағы тығыз байланыстылық синтаксистік компоненттердің мағыналық үйлесімділігі және бағыныңқы баяндауыштың грамматикалық формалары арқылы жүзеге асады. Мұндай сөйлемдердің құрылысы мына тәріздес болып келеді: Мұғалім келген соң сабақ басталды.

Енді бір бағыныңқы сөйлемдерр өз басыңқыларымен әр уақытта да шартты рай тұлғасы арқылы байланысады, сонымен қатар бұлардың құрамында сілтеу, сұрау есімдіктерімен берілген қатыстық сөздері де (қандай –сондай, қанша –сонша, қайда –сонда) міндетті түрде қолданылып тұрады: Еңбек қайда болса, бақыт сонда. Мұндай тәріздес құрылыста жұмсалған сабақтас сөйлемдердің синтаксистік компоненттері бір-бірімен өте тығыз байланыста, бір-біріне көгенделіп тұрады. Тәуелділіктің бұл сипаты қатыстық сөздердің сөйлем құрамында жарыса қолданылуымен тығыз байланысты.

Мағыналық көрініс жағынан СҚС-ң үшінші бір саласы өрбіп жатады. Мұнда синтаксистік компоненттер өз мағыналық тиянақтылығын сақтайды, оқиға-әрекеттердің орындалуы бір-біріне байланыссыз, әрқайсысы өз беттерімен орындалып жатады. Тек байланысу амалы мұнда тиянақсыз тұлғаны сақтайды. Әшірбек сурет салып, Жамал кітап оқып отыр. Жеке сөйлемдер арасында бірін-бірі айқындау қабілеті жоқ, оқиғалардың орындалу барысы бір мезгілде, өзара ыңғайласа өтетін болады. Осыған орай да бұл тәріздес сөйлемдер тек байланыстырғыш амалдың тиянақсыз қалпына сай сабақтас құрмаластың қатарынан танылады.

Қазақ тіліндегі бағыныңқының дені өз басыңқы сөйлемдерінде хабарланған оқиға-әрекеттің мазмұнын ашу ыңғайында жұмсалады. Осыған байланысты бағыныңқының басыңқыны айқындайтыны үстіңгі стрелкамен көрсетілген. 1-сызбада мұндай бағыныңқылар, негізінен алғанда, пысықтауыштық мәнде жұмсалады.

2-сызбада бағыныңқының басыңқыға екі жақты тәуелді екендігі көрсетілген:мағыналық байланыс және қатыстық сөздер жұптаса қолданылуы.

Соңғысында (3) үстіңгі стрелка көрсетілмеген, демек, мұнда бағыныңқының басыңқыға мағыналық тәуелділігі байқалмайды.

Осы үш топтағы бағыныңқыларға ортақ бір қасиет бар. Ол –ортадағы стрелканың басыңқыға иек а ртуы. Тіліміздегі бағыныңқы сөйлемдердің жеке түрлері осы үш түрлі топтағы сабақтас құрмаластардың заңдылықтарынан өрбіп шығады. Сонда бағыныңқы сөйлемдердің таптастырылуы төмендегідей болып келеді: шартты БСС, себеп БСС, амал БСС, мақсат БСС, салыстырмалы СС, түсіндірмелі СС, үлестес СС, қарсылықты СС, мезгіл БСС.

II. Түркологиялық ілімде бағыныңқылардың ең бір орныққан түрі шартты және қарсылықты бағыныңқылар деп танылады. Осыдан болар, кейбір қазақ тіл мамандары бұларды нақты бағыныңқылар деп атайды (С. Жиенбаев).

ШБС-та синтаксистік компоненттерде баяндалған оқиға-әрекеттердің орындалу барысы бір-біріне шарт мәнінде байланыса құрмаласады. Бұлайша шарт мәнінің туындауы бағыныңқы компонент баяндауышының берілу жолдарымен де тығыз байланысып жатады. Демек, компоненттер аралығындағы мағыналық байланыс пен грамматикалық тұлғалардың осылайша өзара үйлесе жұмсалулары белгілі бір бағыныңқы сөйлемдерді туындатып отырады. Бұл жерде бір ескерте кететін жайт – кейбір тұлғалар басқа да мәндік сөйлемдерді жасауға қатынасып жатады. Сондықтан да сөйлем бойындағы мәндік құбылысты, жоғарыда айтқанымыздай, мағына мен форманың өзара тығыз байланысынан іздеуміз қажет. ШБСС-нің табиғаты олардың жасалу жолдары арқылы айқындалады.

III.Тіліміздегі ШБСС белгілі бір граммат. амал-тәсілдер арқылы жасалады. Солардың ішіндегі ең көп қолданылатыны – етістіктің шартты рай тұлғасы (-са, -се). ШБСС, негізінен, синтетикалық жолдармен жасалады.

  1. Шартты рай тұлғасы арқылы. Бұл форма арқылы жасалған ШБСС әдеби тілімізде кеңінен қолданылуы оның ертеден келе жатқан көне тұлға болуымен тығыз байланысты. Бұрынғы жазба ескерткіштерде бұл тұлға -сар, -сер түрімен берілген. Сондай-ақ шартты рай тұлғалы баянд. ол кездерде мағыналық жақтан айқын сараланбай, көбінесе шарт, мезгіл мәндерінде жұмсалып отырған. Шартты рай тұлғалы сөйл-ң осылайша қолданысы кейде бүгінгі әдеби тілімізде де кездесіп қалады. Мұны сол көне дәуірден қалған құбылыс деп тануымыз керек.

Шартты рай тұлғалы сөйлемдердің осындай мәндік құбылыстары толық сараланбағандықтан болу керек, бірқатар бұрын-соңды шыққан грамматикаларда олар өз атауымен шартты бағыныңқылар деп аталмай екі жақты аталып отырды. Мәселен, Н.И.Ильминский болжал-шарт (условное и предположительное), «Алтай тілі граммат-да» –шамалау формасы (предварительная форма), Н.П.Дыренкова –ьшамалау-шарт (предверительное-условное), Н.А.Баскаков –қалау-шарт (условно-желательное) деп, әрқайсысы әр түрлі жақтан келіп отырады.

Түркологтардың көпшілігі бағыныңқы сөйлемдер жайында әңгіме болғанда, ең алдымен осы тұлға арқылы жасалған шартты бағыныңқы сабақтастарды бірден атайды. Сондағы дәлелі –мұндай құрылыстарда жұмсалғандарда сөйлемге тән басты қасиет бастауыш пен баянд-ң қиыса жұмсалуы қатал сақталады деу (Мен шақырсам, сен келесің). Ал осы тәріздес сөйлемдер Мен шақырғанда, ол келеді түрінде келсе, енді мұндайларды кейбіреуі сабақтас құрмалас ретінде танымайды. (дәлелдері –қиысу заңдылығы жоқ).

Шартты рай тұлғасындағы бағыныңқы сөйлемдер өзге формада жұмсалған сабақтастардан осындай ерекшелігімен даралана алады: Тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші шешен болады.

Шартты рай тұлғасындағы етістік кейде болымсыз түрде жұмсалады. Мұндайда сөйлемдегі шарт мағынасы айқын сезіліп, басқа қосымша мәндерді кейін ығыстырады. Маған дәрігер көмек етпесе, өлетін түрім бар.

Кейде шартты бағыныңқы сөйлемнің құрамында (басында) егер жалғаулығы қосыла айтылады.Мұнда да шарт мағынасы бұрынғыдан да саралана, айқындала түседі. Алайда шарт мағынасының күшін тек осы жалғаулық бойынан іздеп қою жеткіліксіз. Өйткені ол сөйлем құрамында әрдайым да арнайы айтыла бермейді.

Шартты рай тұлғасы арқылы жасалған осындай сөйл-ң құрамында кейде м ү ш е л і к қ а т ы н а с т а жұмсалған сөздер қолданылады. Бұлар комп-р арасындағы шарттастық байланысты күшейте түсіп, оқиға-әрекеттердің орындалуына мүмкіндік туғызады. Жарық неғұрлым көп түссе, өсімдік солғұрлым жақсы өседі.

  1. Көсемше арқылы. Көсемше арқылы жасалған ШБСС қазақ тіл білімінде 40-ж. кейін елене бастады. Мұнда да көсемшенің барлық тұлғалары қатынаспай, тек -й тұлғасының болымсыз түрі (-ма+й) шартты бағ. сөйл-ді жасауға қатынасады. Бағ. сөйлем баянд-на сәйкес басыңқының да баяндауышы етістіктің болымсыз түрінде жұмсалып отырды. Мұның өзі комп-р арасындағы шарттастық байланысқа негізделген оқиғаның орындалу барысына мүмкіндік жасағандай болады. Бас екеу болмай, мал екеу болмас.

Осы тұлғадағы шартты бағыныңқы сөйлемдер кейде (-ма+й+ынша) түрінде де жұмсалады.Соған

өз көзі әбден жетпейінше, ешкімнің сөзін тыңдар емес.

Көсемше тұлғалы сөйлемдердің шартты бағыныңқы екендігін білу үшін оның айқындалған –са//-се түрімен алмастырып айтуымыз керек: Бірлік болмай, тірлік болмас. Бірлік болмаса, тірлік болмас.

3. Есімше арқылы. Есімшенің -ған формасы жатыс септігінде, оның өзінде көбінесе болымсыз түрде жұмсалып, ШБС-ді жасауға қатынасады: Дәл осы минутта мұғалім кіріп келмегенде, мұның аяғы жақсылықпен тына қоюы екіталай еді.

-ғанда тұлғасы есімшелі баяндауыш мезгіл бағ. сөйл-ді де жасауға қатынасады, мұнда ол етістіктіңболымды түрінде жұмсалады: Ермек ашылмаған жастай ұялып қалғанда, Марияштың мөлдір көзі күлімдеп кетеді.

IV. ШБС-гі синт. комп-р арасында болатын оқиға, әрекеттердің болашақта орындалу, орындалмау нәтижесі әр сапада болып отырады: бірінде шартқа негізделген оқиғаның орындалуы іс жүзінде шындыққа асырылуы көзделсе, енді бірінде мұндай қатынас керісінше көрінеді; яғни бағ. комп-гі қойылған шарттық болмыстың жүзеге асуына басыңқыдағы қимыл-әрекет қарсы тұрады. Осыдан барып құбылыстар арасындағы шарттастық нәтиженің орындалуы іс жүзінде болмай жатады. Ал енді бір шартты бағ. сөйл-де баяндалған қимыл-әрекеттің орындалуы әлі белгісіз, екіталай, болжам ретінде болып тұрады.

ШБС синт. комп-рі арасында болатын мұндай көрініс –тіл-тілдің қайсысына болса да ортақ заңдылық. Осыған орай да көптеген түркі тілдерінде шарт пен нәтиженің бір-бірімен ара қатынасына қарай ШБС мағыналық жақтан бірде үш түрге (реалды, ирреалды, болжалды) ажыратылса, енді бірде екіге бөлініп (реалды, ирреалды) қарастырылады.

Қаз. тіл білімінде ШБС-ді осылайша мағыналық жақтан саралау соңғы кездерге дейін орын алмай келді. Бұл жайындағы алғашқы зерттеу 50-ж. көріне бастады.

А. Реалды шарт бағыныңқы. Бұл сөйл-де хабарланған оқиғаның орындалуы жүзеге асатын болып көрінеді. Реалды ШБС жоғ. Аталған жолдармен жасала береді. СОлардың ішінде көп қолданылатыны –шартты рай тұлғасы: Сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады(Абай).

Реалды шарт бағ-да (басқаларда да) екі қанаттың (бағ., бас.) баянд-ң берілу жолдары айрықша қызмет атқарады. Сондықтан да тек бағ. комп-т баянд-ң берілу жолдарына назар аудару жеткіліксіз болып жатады. Басыңқы жақ баянд-ң түрленіп отыруы да жалпы сөйлем бойына өзіндік мән үстемелеп отырады.

Реалды ШБС баянд-ң осылайша берілу жолдарын үйлестіре қарағанымызда, бұлардағы шарт мәнінің көріну сапасының өзі де әртүрлі болып келеді. Осындай заңдылықтарға байл. Бір реалды шарт бағ-да шарттық дәреженің күші айқын, күшті сезілсе, енді біреулерінде жай ғана орын алатын болады.

Реалды шарт бағыныңқының к ү ш т і т ү р і сөйлем құрылысының кейбір ерекшеліктерімен тығыз байланысып жатады. Жасалу жолындағы мұндай заңдылықтарды өзара былайша саралауға болады.

ШБС-ң басыңқы компонент баянд. етістіктің бұйрық райымен беріледі. Бұлайша берілу –бағыныңқыдағы шарттық дәреженің күшін одан сайын арттыра түседі. Өйткені басыңқы баяндауышының бұйрық райда келуіне байланысты сөйлем бойындағы шарттылық мән екі жақтан да (бағ., бас.) егесе орын алып тұрады: бағыныңқы компонентте бір оқиғаның орындалу барысына шарт қойылса, басыңқыда сол шарттың орындалуына қайтарма шарт қойылады. Бұл шарттық дәреженің күшін шыңдайды да, оқиғаға, әрекеттердің орындалу барысының болымдылығын айқындайды. Еңбегін сіңірмесе ешкімге бидай бермеңдер.

Енді бірреалды ШБС а н т есебінде беріледі. Мұндайда бағ. комп. баянд. көбінесе болымсыз тұлғамен беріліп,бас-ң құрамында ант есебінде айтылған сөздер болады.Жаясының майы тап бір елі шықпаса, мұрынымды кесіп берейін.

Реалды ШБС күшті түрі құрамында м ү ш е л і к қ а т ы н а с т а жұмсалған сөздер арқылы да жасалады. Мұндайда да компоненттер арасындағы шарттастық қатынас бір-біріне жетектеліп, өзара тығыз байланысып тұрады. Біріндегі оқиғаның орындалысына байланысты екіншісінде де міндетті түрде жүзеге асатындығы көрінеді.Кісі неғұрлым көп болса, канал соғұрлым тез бітеді.

Ә.Ирреалды шарт бағыныңқы. Ирреалды ШБС-де керісінше –шартқа негізделген оқиғаның нәтижесі іс жүзінде жүзеге аспайды, орындалмайды. Мұндай мағыналық белгі жалпы сөйлемдердің өз мазмұны, не болмаса контекст арқылы белгілі болып тұрады. Бағ. және бас. Комп-ң баяндауыштары да шақ жағынан үйлесе жұмсалады: бағыныңқы баяндауышы өткен шақта тұрса, басыңқыныкі –аяқталмаған өткен шақта (имперфект) келеді. Егерде көңілді кірбің ой баспаса, бүгін Әбіш атқа мініп ап, ағындап шапқылар еді.

Б. Болжалды шарт бағыныңқы. ШБС-ң бұл түрінде қойылған шарттыңкөрінісі реалды түрде болады, алайда оның орындалу, орындалмау нәтижесі әлі белгісіз болжал ретінде келеді. Осыған орай да мұндай мәнді сөйлемдер түркологияда реалды шарт пен ирреалды шартты бағ-ң аралығында қарастырылады.

Болжалды шарт бағ-ң қатарына мына тәріздес сөйлемдер жатады: Егер осы ойларды іске асыра алса. Кеңтоғай колхозы лезде бұрқырап өсіп кетуге тиісті.

Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем түрінде бағыныңқы компонент басыңқыдағы ой желісінің себебін білдіріп тұрса, осы себептің нәтижесінде басыңқыда оның салдары келіп шығады. Мыс: Қаламыз курорт болғандықтан, онда өнеркәсіп орындары жоққа тән.

СБСС синтетикалық, аналитика-синтетикалық тәсілдер арқылы жэасалады.

1.Есімше арқылы. Бұл жолдың өзі екі түрін қамтиды:

а) -ған формантты есімше шығыс септік тұлғасында жұмсалады. Төл жолы, басқа бағыныңқы жасауға қатынаспайды: Күн ысығандықтан, қыз плащын шешіп іште қалдырыпты.

ә) -ған формантты есімше соң шылауының меңгеруінде болады:Шұға шын ауруға айналған соң, Есімбек жұмсайын деді.

Осындай сөйлемдердегі соң демеуінің кейде есімшелі баяндауышқа кірігіп кетіп аффикс ретінде қолданылатын кезі де болады. Көбіне ауызекі тілге тән: Басқа істің реті бола қоймағасын, Ақбала күбіге көже асып құйғысы келеді.

Осындай құрылыста келген себеп бағыныңқылардың бойында кейде мезгілдік мән де қабаттаса жүреді: Машина тақап кеп тоқтаған соң, қойлардың ұйытқуы да басылған еді. Осы сөйлемнің бойында әрі мезгілдік мән бар( машина тақап кеп тоқтаған кезде...),әрі себептік мән бар(машина тақап кеп тоқтағандықтан...).

Н.Сауранбаев себеп бағыныңқының бойында кейде осындай екіұшты мәннің болуына оның о баста мезгіл бағыныңқы сөйлемнен өрбіп шыққандығымен түсіндіреді. Осы тұрғыдан келгенде, тілдің көне дәуірінде ең алдымен мезгіл бағыныңқы сөйлемдер болған да, кейінірек олар себептік мәнді де бергенге ұқсайды. Ал содан кейін бара-бара мезгіл бағыныңқылардан себеп бағыныңқы сөйлемдер өз алдына бөлініп шыққан болу керек.

Себеп бағыныңқының бойында кейде мезгілдік мәннің қатар жүруі оның бағыныңқы баяндауышының болымды түрінен орын алады. Болымсыз түрімен берілсе, ол ешбір қоспасыз басы ашық себеп мәнін білдіріп тұрады: Тезек бықсып жанбаған соң, келіншек еңкейіп, отты үргіштеп жандырды(І.Есенб.).

2.Көсемше арқылы. Мұнда синтетикалық тәсіл ретінде көсемшенің екі түрлі амалы қатынасады:

а) -п формантты көсемше: Патша тағынан түсіп, Жәуке түрмеден құтылып үйіне келіп еді.

Осындай құрылыстағы сөйлемдердің бойында кейде мезгіл, не болмаса амалдық мәннің барлығы сезіліп тұрады. Мұндайда компоненттерінің аралық қарым-қатынастарына жіті назар аударып, басыңқы сөйлемде хабарланған ойдың неліктен болғандығы туралы себебін бағыныңқыдан іздеуіміз керек: Жәукенің түрмеден құтылуы патшаның тағынан түсуімен байланысты.

ә) -й тұлғалы көсемше болымсыз түрде жұмсалады: Араларына түсетін арашашы болмай, екеуі де әбден титықтап шаршады(М.Әуезов).

Мұндай сөйлемдердің себеп бағыныңқылы екендігі олардың бұрыннан айқындалған меншікті тәсілімен (-ғандықтан) алмастырып айтудан айқындала түседі.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Сабақтас құрмаластарды топтастыру кімнің еңбегінен басталады?

2.Сабақтас құрмаластарды жіктеу туралы тағы кімнің еңбектерінде сөз болады?

3.Сабақтастарды жіктеу туралы Қ.Жұбановтың пікірі қандай?

4.С.Аманжолов пен Н.Сауранбаев авторлығымен 1939ж. жарияланған оқулықта сабақтастар қалай жіктелген?

5.Сабақтас құрмаластар қазіргі қазақ тіл білімінде қандай белгілері бойынша топтастырылған?

6. Шартты бағыныңқылы сабақтас қалай жасалады?

7. Қарсылықты сабақтас қалай жасалады?

8. Салыстырмалы сабақтас қалай жасалады?

9.Себеп бағыныңқылы сабақтас жөніндегі пікірлер?

10.Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың қалыптасуы туралы қандай пікірлер бар?

11.Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас туралы алғашқы пікірлер қай жылдары қалыптасты?

12. Мақсат бағыныңқылы сабақтас туралы алғаш қандай еңбекте сөз болды?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4,7, 10, 32, 33, 44, 49, 50, 51, 52, 53, 58, 60, 63.

Дәріс №12. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер. Құрмалас сөйлемнің зерттелуі.

Мақсаты: Көп компонентті құрмалас сөйлем туралы түсінік беру, олардың құрамымен таныстырып, зерттелу тарихына шолу жасау.

Тірек сөздер: көп компонентті құрмалас сөйлем, аралас сөйлем, көп компонентті салалас құрмалас сөйлем , көп компонентті сабақтас, құрмалас сөйлем, көп компонентті аралас құрмалас сөйлем.

Құрамындағы сыңарларының саны үш немесе одан көп болып келетін құрылымдар қазіргі қазақ тілінде көп компонентті құрмалас сөйлем деп аталып жүр. ККҚС-дің қайсы түрінде болмасын сыңарлары арасындағы мағыналық қатынастар екі компонентті құрмаластардағыдай бір ізді болып келмейді. Олардың арасы бір сөйлемдерде түсіндірмелі, ыңғайластық немесе талғаулы, қарсылықты т.б. болып келеді.

Қазақ тіл білімінде көп компонентті құрмалас сөйлем туралы алғаш пікір айтқан А.Байтұрсынұлы болатын. Ол бұндай құрылымдағы сөйлемдерді өрнекті сөйлемдер деп атап, оған мынадай анықтама береді: өрнекті сөйлем деп құрмаластардың бастары қосылып кестелі болып құрылуын айтамыз. Ондай сөйлемдер нақ текеметке, яки кілемге салынған түр сияқты болмағанмен, өрнек, өрнегімен айтылады. Өрнектісөйлемді айтқанда дауыс көтеріліп, төмендеп әнше оралып, қайырылып отырады. Сондықтан өрнекті сөйлем оралым деп аталады.

Оралым екі мүшелі болады. Бір мүшесінде пікір тақырыбы болады да, екіншісінде пікір баяны болады.

Көп компонентті құрмалас сөйлемдер құрамындағы компоненттерінің байланысу түріне қарай көп компонентті салалас құрмалас сөйлем, көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, көп компонентті аралас құрмалас сөйлем болып үшке бөлінеді.

Көп компонентті салалас құрмалас сөйлем компоненттері бір-бірімен жалғаулықтар арқылы да, жалғаулықсыз да байланыса береді: Қатыннан келген жалғыз алашаны қыстыкүні ашыққанда сатпай сақтап едім, соған жарты пұт тары алып сеуіп едім, енді мынау бәрі налогқа кетейін деп отыр.

Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем үш немесе одан да көп жай сөйлемдерден тұрады. Оның құрамындағы бағыныңқы компоненттердің бірі –бір түрлі мағыналық қатынасты білдірсе, екіншісі –екінші түрлі мағыналық қатынасты білдіреді. Сондықтан көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді компоненттерінің мағыналық қатынасына қарай жіктеу мүмкін емес.

Бағыныңқы компоненттерінің басыңқы компонентпен байланысу жолдарына қарай көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жарыспалы(әр бағыныңқы жай сөйлем өз бетінше басыңқығы тікелей барып байланысса) бағыныңқылы және сатылы (әр бағыныңқы компонент өзінен кейінгі бағыныңқымен байланысып барып басыңқымен құрмаласады) бағыныңқылы сабақтас сөйлем болып екіге бөлінеді.

Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланыса береді. Мұндай сөйлемдер аралас құрмалас деп аталады. Мысалы: Қарағандының қары биыл бұрқан-тарқан қауырт еріп еді, сай-салалар суға толып, қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы кемелдеп тұр.

Аралас құрмалас сөйлем құрамында оның жеке компоненттері ретінде төл сөздің болуы да мүмкін. Мысалы: «Пушкин дегеніміз –төтенше көрініс және ол орыс рухының бірден-бір көрінісі болуы да мүмкін», – деп, Гоголь Пушкиннің орыс әдебиеті тарихындағы рөлін жоғары және соншалық әділ бағалады деген сөйлем де аралас құрмаласқа жатады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Құрамындағы компоненттердің байланысу түріне қарай ККҚС қалай бөлінеді?

2.Аралас құрмалас сөйлемдерге қандай сөйлемдер жатады?

3.КССҚС компоненттері өзара қалай байланысады?

4.ККСҚС компоненттері қалай байланысады?

5.ККҚС компоненттерінің мағыналық қатынасына қарай бөліне ме?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 3, 4,5, 6, 7, 10, 32, 33, 44, 49, 50, 51, 52, 53, 58, 60, 63.

Дәріс №13. Бөгде сөз, оның түрлері

Мақсаты: бөгде сөз және оның түрлерімен таныстыра отырып, олардың сөйлем ішінде дұрыс берілуін, тыныс белгілерінің дұрыс қойылуын меңгерту.

Тірек сөздер: бөгде сөз, төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі, келтірінді сөз.

1. Автор сөйлеген кезде немесе жазғанда өзі баяндап отырған оқиғаға, мәселеге байланысты басқа біреулердің пікірін,сөзін келтіреді. Мұндай келтірінді сөздер автор үшін бөгде сөз болады.

Бөгде сөздерді қолданудың түрлі тәсілдері болады:

  • Бөтен біреудің сөзі ешқандай өзгеріссіз, сөзбе-сөз алынады;

  • Ол азды-көпті өзгертіліп, грамматикалық тың формалар қосылып, не түсіріліп айтылады. Соған қарай бөгде сөз төл сөз бен төлеу сөз болып екіге бөлінеді.

2. Сөйлеуші не жазушы адам өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертпей сол күйінде келтірсе, ондай сөйлемді төл сөзді сөйлем дейміз.

Мұнда басқа біреудің сөзі төл сөз болады да, сөйлеуші не жазушы адамның сөзі автор сөзі болады.

Төл сөз құрамы жағынан әр алуан болып келеді. Ол жеке бір сөз болуы да, бір сөйлем болуы да немесе әлденеше сөйлемдер тізбегінен құралған тұтас бір үзінді болуы да мүмкін.

Қандай құрамда айтылса да ол автор сөзімен байланысты болады. Бұл байланысты қамтамасыз ететін дәнекер –де ( деді, дейтін, деген, депті, деп, десе) етістігі.

3.Автор сөзі орналасуы жағынан да түрлі-түрлі болады:

1) Төл сөзден кейін автор сөзі келеді. Мұндай жағдайда олардың арасына де етістігі кекледі. Егер автор сөзі төл сөздің иесін атаумен ғана тынатын болса, де етістігі тиянақты формада айтылады: Мені қайда апарасыңдар, – деді Ботакөз.

2) Автор сөзінен кейін төл сөз келеді: өзара қатынасы тәуелсіз тұрады. Төл сөзден бұрын келетін автор сөзі кейде өзінен кейін төл сөздің келетінін білдірсе, соған нұсқап айтылады. Мұндай жағдайда автор сөзі ішінде мынау, былай, мынаны деген тәріздес сілтеу мәнді сөздер де болады.

3) Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді. Қазақ тілі синтаксисінде көп қолданылатын, көне түрі.

4) Төл сөз – автор сөзі – төл сөз. Мұндай қолданыс әдеби тілімізде кейін қалыптасқан.

Автор біреудің айтқанын төл сөз күйінде бермей, өз тарапынан өзгеріске түсіріп те беруі мүмкін. Мұндайда біреудің айтқанының негізгі ойы сақталады да, оның өзіне тән басқа ерекшеліктері: ритмика- интонациялық бояуы өз тарапынан сөздер, қосымшалар қосып, грамматикалық кейбір формаларын өзгертіп пайдаланады.

Сонымен, автор сөзінің біреудің тарапынан өзгеріске ұшырап берілуін төлеу сөз дейміз. Арқылы

Төл сөз бен төлеу сөз бір емес. Айырмашылықтары:

  1. Төл сөз сөйлеуші бөгде біреудің сөзін ешқандай өзгеріссіз, қоспасыз

бұлжытпай келтіретін болса, төлеу сөзде олай болмайды, оның бірер сөзі болса да өзгереді, бірер сөзінің бастапқы морфологиялық формасы өзгереді., соған байланысты синтаксистік қызметін өзгертеді.

  1. Төл сөздің айналасында міндетті түрде автор сөзі болады және ол екеуінің

жігі айқын байқалып, бөлектеніп тұрады. Байланыстыру үшін тұлғалық өзгерістер қажет болмайды, тек дәнекер ретінде де етістігі қолданылады.

  1. Төл сөзде сөйлемнің әр алуан мағыналық түрлері болады: хабарлы, лепті,

сұраулы. Соған байланысты оның әр сөйлемінде өзіне лайықты сазы, интонациясы болып отырады. Төлеу сөзде мұның бірде-бірі сақталмайды.

  1. Төл сөз бен төлеу сөз жақтық жағынан , жіктеу есімдіктерін қолдану жағынан

да біркелкі болмайды. Төл сөзде іс-әрекеттің иесі өзі болған жағдайда автор жіктеу есімдігінің І жағын қолданып сөйлей береді. Ал төлеу сөзде олай етуге болмайды.

Сөйтіп, төлеу сөз автор сөзімен әр түрлі тәсілдер арқылы байланысады. Бірақ табыс септігі жалғауы төл сөзді төлеу сөзге айналдырудағы, оны автор сөзімен ұштастырудағы бірден-бір шешуші форма болып есептеледі.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Бөгде сөзге қандай сөздер жатады?

2.Төл сөз дегеніміз не?

3.Автор сөзі дегеніміз не?

4.Төлеу сөз дегеніміз не?

5.Төл сөздің қандай түрлері бар?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 3, 4,5, 6, 7, 10, 32, 33, 44, 49, 50, 51, 52, 53, 57,58, 60, 63.

Дәріс №14. Мәтін. Күрделі синтаксистік тұтастық.

Мақсаты: Мәтін және күрделі синтаксистік тұтастық туралы ұғым қалыптастыру, мәтіннің құрылымдық бөліктерімен таныстыру.

Тірек сөздер: мәтін,сөйлем, күрделі синтаксистік тұтастық, абзац, мәтіннің құрылу шарттары.

Өзара қарым-қатынас жасау процесінде белгілі бір мазмұн, ой, идея, пікір жеке сөйлеммен беріліп қоймай, көптеген сөйлем топтары арқылы беріледі. Ол сөйлемдер бір-бірімен байланыссыз емес, мағыналық жағынан тығыз жымдасып, белгілі бір сүбелі ойлар төңірегінде топтасып тұрады.

Лингвистикалық әдебиеттерде мағыналық және синтаксистік жағынан біріккен сөйлем топтарын күрделі синтаксистік тұтастық деп атаушылық бар. Күрделі синтаксистік тұтастық –жеке сөйлемдерге қарағанда, ойдың дамуын неғұрлым толық бере алатын, мағыналық және синтаксистік жағынан өзара тығыз байланысқан сөйлемдердің тобы. Сөйлем сөздердің тіркесуі арқылы біршама аяқталған ойдыбілдірсе, күрделі синтаксистік тұтастық сөйлемдердің тіркесуі арқылы аяқталған ойды білдіреді. Егер шартты түрде шығарманың композициялық сызбасын сызып көрсетер болсақ, былай болар еді: сөйлем –күрделі синтаксистік тұтастық –тарау –бөлім –шығарма.

Сонымен, күрделі синтаксистік тұтастық деп бірнеше сөйлемдердің тізбегінен жасалып, мағыналық және құрылымдық жағынан тұйықталған, белгілі бір күрделі ойды білдіретін синтаксистік бірлікті айтамыз. Күрделі синтаксистік тұтастық категориясына тән негізгі белгілер: мағыналық бірлік, синтаксистік бірлік (құрамындағы сөйлемдердің өзара тығыз байланысы), біртұтас интонациялық-ырғақтық бірлік.

Күрделі синтаксистік тұтастықтың өзіне тән құрылысы болады. Оның құрамындағы сөйлемдер бірыңғай қызметте болмайды. Ондағы негізгі ойды белгілеп, басқа сөйлемдерге қазық болып тұратын бір не екі сөйлем болады. Олар негізінен күрделі синтаксистік тұтастықтың басқы бөлігінде орналасады да басқаларға қарағанда өзіндік еркіндікке ие болады. Ал қалған бөлігі сол негізгібөлікте айтылған мазмұнды түрлі жағынан нақтылап, дәлелдеп, түсіндіріп тұрады және синтаксистік құрылымы жағынан соған тәуелді болады.

Негізгі басқы бөліктен басқа күрделі синтаксистік тұтастықтың айқын белгіленген қорытушы бөлігі болады. Ол ккөбіне сонымен, қорыта келгенде, сөйтіп сөздерімен басталып, күрделі синтаксистік тұтастықтың аяқталғанын білдіріп тұрады.

Сонымен, күрделі синтаксистік тұтастықтың құрылымы мынадай:

а) күрделі синтаксистік тұтастықтың барлық мағынасын өзінежинақтап тұрған алғашқы сөйлем;

ә) ойдың, теманың дамуын көрсететін ортаңғы сөйлем;

б) кішкене теманың, ойдың мағыналық және синтаксистік жағынан аяқталғанын білдіретін қорытушы сөйлем.

Абзацтың күрделі синтаксистік тұтастықтан айырмашылығы: ол мағыналық-құрылымдық бірлік емес, стилистикалық-композициялық бірлік болып табылады. Бірнеше сөйлемнен құрылған абзацтар көбіне өзінің шекарасы жағынан күрделі синтаксистік тұтастықтармен сәйкес келеді. Мұндай абзацтар стилистикалық дербес абзацтар болып табылады. Абзацтар бір сөйлемнен де, бірнеше күрделі синтаксистік тұтастықтан да тұруы мүмкін.

Мәтін –тілдік таңбалардың мағыналық және тұлғалық байланысы негізінде түзілген жүйелі тізбесі. Мәтіннің құрылу шарттары: сыртқы тұлғалық байланыстарға, белгілі бір ішкі мазмұнға ие болуы, аяқталғандығы, қарым-қатынас жасауды іске асыру мүмкіндігіне иеболуы т.б. Мәтін –жазудың шығуымен байланысты қалыптасып, әрі қарай дамып отырған тілдік құрылым. Мәтіннің көлемі туралы әр түрлі пікір бар. Дегенмен, құрылымдық тұлға бірліктеріне қарап, мәтінге сөйлем, күрделі синтаксистік тұтастық, абзац жатқызылып жүр.

Әрбір мәтінде басқа мәтіндердің қоспасы («мәтін ішіндегімәтін») болуы мүмкін.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Мәтін дегеніміз не?

2.Мәтіннің қандай түрлері бар?

3.Мәтіннің қандай белгілері бар?

4.Күрделі синтаксистік тұтастық дегеніміз не?

5.Мәтін қандай құрылымдық компоненттерден тұрады?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 3, 4,5, 6, 7, 10, 32, 33, 44, 49, 50, 51, 52, 53, 58, 60, 62,63.

Дәріс №15. Тыныс белгілері

Мақсаты: Тыныс белгілері туралы мәлімет бере отырып, олардың түрлері мен қызметі туралы білім меңгерту.

Тірек сөздер: пунктуация, тыныс белгілері, нүкте, үтір, қос нүкте, сызықша, сұрау белгісі, леп белгісі, нүктелі үтір, көп нүкте, тырнақша, жақша.

Пунктуация жазуда қолданылатын тыныс белгілерінің құрамын, атқаратын қызметтері мен білдіретін мағыналарын зерттейді. Тіл дыбыстарының таңбалары сияқты, тыныс белгілері де графикалық шартты белгі болып табылады. Бірақ атқаратын қызметтері жағынан да, қолданылатын орындары жағынан да екеуі екі бөлек категория.

Пунктуация емле сияқты, дұрыс жазудың, жазылғанды дұрыс оқып, дұрыс түсінудің құралы.

Жазу мәдениеті дамуының қазіргі сатысында тілдерде тыныс белгілерінің түрі де, атқаратын қызметі де әр алуан. Бірақ солардың бәрі де бір мезгілдің ішінде, бірден пайда болмаған. Жалпы жазу тілісияқты тыныс белгілер де, оларға байланысты заң ережелері де бірте-бірте дамып, жетіліп отырған.

Тарихшы ғалымдардың айтуына қарағанда, нүкте 15, сұрау белгісі 16, леп белгісі 17, көп нүкте 18, сызықша 19-ғасырдан бастап қолданылған. Алғашында тыныс белгілері жазылған пікірді әр түрлі мәнді бөлшектерге бөліп тұру функциясында ғана қолданған.

Қазіргі тілдерде кездесетін тыныс белгілеріне тән қасиет –олардың интернационалдығы. Олар түр-тұрпаты жағынан да, мағыналары мен функциялары жағынан да тілдердің басым көпшілігінде біркелкі болып келеді.

Тіліміздегі тыныс белгілері сан жағынан көп болмағанымен, мағыналары, қолданылатын орындары жағынан әр алуан:

Сөйлем соңында келетін тыныс белгілері. Біршама аяқталған ойды білдіретін жай немесе құрмалас сөйлемдерден кейін олардың мағыналарына, айтылу саздарына қарай нүкте, сұрау, леп белгілерінің бірі қойылады. Сөйлем соңында келетін белгілердің әрқайсысы, негізгі екі түрлі мағынада, екі түрлі функцияда қолданылады: біріншісі –сөйлемнің аяқталғанын білдіріп, оны басқа сөйлемдерден бөліп көрсету, екіншісі –сөйлемнің қандай мақсатта, қандай мағынада айтылғандығын байқату. Сонымен бірге олардың әрқайсысының кейде сөйлем ішінде тұрып та атқаратын қосымша функцияларыболады.

Сөйлем ішінде келетін тыныс белгілері. Бұлардың негізгі қызметі –оқушыларға сөйлемнің құрамын, оның қандай бөлшектерден құралғанын, ол бөлшектердің бір-бірімен мағыналық және синтаксистік қатынастарын байқату. Солай болғанмен, сөйлем ішіндегі тыныс белгілері түр-тұрпаты жағынан да, мағыналары мен функциялары жағынан да алуан түрлі.

Үтір –тыныс белгілері ішіндегі функцияға ең бай белгі. Оның қолданылатын орындары:

  1. құрмалас құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірінен бөліп көрсету;

  2. сөйлемнің бірыңғай мүшелерін бір-бірінен бөліп тұру;

  3. қаратпа сөзді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұру;

  4. қыстырма сөзді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұру;

  5. одағай сөзді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұру;

  6. оқшау сөздерді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұру;

  7. хабарлы сөйлем түрінде айтылған төл сөзден кейін, автор сөзінің алдында қолданылады.

  8. сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұру;

Нүктелі үтір –хабарлы сөйлемдерден кейін қойылатын нүкте мен үтірдің аралығындағы тыныс белгісі. Бұл –аралары үтірмен бөлінгенсөйлемнің күрделірек бөлшектері арасында да, мағыналары өзара байланысты, ортақ немесе бірыңғай тұлғалы мүшесі бар талдап, санамалап, пункттеп баяндау түрінде айтылған тиянақты сөйлемдер арасында да қолданылады.

Қос нүкте мынадай орындарда қолданылады:

1) Соңғы жай сөйлемі алдыңғы жайсөйлемдегі пікірді талдап, саралап ашып түсіндіретін құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдеріарасына;

2) Бірыңғай мүшелер алдында келген жалпылауыш сөзден кейін;

3) Төл сөзден бұрын келген автор сөзінен кейін.

Көп нүкте пікірдің аяқталмағанын, әлдеқандай себептен сөйлемнің бірер сөзінің түсіп қалғандығын білдіреді.

Сызықшаның қолданылатын орындары:

  1. бастауыш пен баяндауыш арасына;

  2. өзінің алдындағы сөздің немесе сөздер тіркесінің мағыналарын айқындау, саралап ашып көрсету үшін қолданылатын оңашаланған айқындауыштыбөлу үшін;

  3. бірыңғаймүшелерден кейінкелген жалпылауыш сөздіңалдынан сызықша қойылады да, соңғының жинақтауыш сөз екенін білдіру;

  4. төл сөз бен автор сөзін бір-бірінен бөлу;

  5. мезгілдік, мекендік шаманы, шектібілдіретін сөздер арасына;

  6. тетедесе болған әрекеттерді білдіретін кейбір шарт мәндес құрмалас сөйлемдерарасына қойылады.

Тырнақшаның қойылуы кідіріске, интонацияға немесе сөйлеудің құрылыс ерекшеліктеріне байланысты болмайды. Сондықтан ол шын мәнісіндегі тыныс белгісі емес. Ол мынадай функцияларда қолданылады:

  1. цитат түрінде келтірілген біреудің сөзін алуүшін,

  2. кері мағынада,сықақ, кекесін түрінде айтылған сөздер;

  3. басылымдардың, кеме-ұшақтардың, фабрикалар мен зауыттардың т.б. аттары мен маркалары;

Жақшаға алынатындар, негізінде сөйлеммен тікелей байланысы жоқ, оның мүшелерімен грамматикалық байланыста тұрмайтын, жазушының айтқанын айқындай түсу үшін қолданылатын кейбір ескертпе сөздер мен сөйлемдер.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Тыныс белгілерді қандай ілім зерттейді?

2. Қай тыныс белгі бірінші қалыптасқан?

3.Алғашында тыныс белгілер қандай функция атқарған?

4.Тыныс белгілердің қандай түрлері бар?

5.Орхон-Енисей жазуларында қандай тыныс белгілер кездеседі?

6.Қазақ тілінің пунктуациясы қашаннан бастап қалыптасты?

7.Сөйлем соңында қандай тыныс белгілер қойылады?

8.Тек қана сөйлем ішінде келетін тыныс белгілерге қандай белгілер жатады?

Ұсынылатын әдебиеттер: 5, 6, 7, 10, 25,32, 33, 44, 49, 50, 51, 52, 53, 55,58, 60, 63.

5.СОӨЖ

№

Тақырыбы

Мақсаты

Өткізу формасы

Сағат саны

1

Синтаксис, оның салалары, зерттелуі

Синтаксис салаларымен, ол туралы зерттеулермен танысболу

Пікірсайыс, баяндау

1

2

Сөз тіркесіне тән белгілер. Сөздердің тіркесу тәсілдері мен формалары

Мәтіннен сөз тіркестерін анықтап, олардың тіркесу тәсілдеріне, байланысу формаларына қарай ажырата білу

Танымдық ойындар, жаттығулар

1

3

Сөйлем мүшелері

Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдап, ажырата білуді меңгерту

Жаттығулар, талдаулар,сұрақ-жауап

1

4

Жай сөйлемнің күрделенуі, сөйлемнің түрлері

Мәтіннен жай сөйлемдерді тауып, оларды құрылымына, айтылу мақсатына қарай ажырату. Жасалу жолдарын, өзіне тән белгілерін айқындау

Түрлі жаттығулар, сұрақ-жауап

1

5

Құрмалас сөйлем.

Кез келген мәтіннен құрмалас сөйлемдерді дұрыс таңдап, оларды жай сөйлемдерден ажырату

Түрлі жаттығу жұмыстары, танымдық ойындар

1

6

Салалас құрмалас сөйлемдер. Жалғаулықсыз салалас сөйлемдер

Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді, оның ішінде салалас құрмаласты анықтап, жасалу жолдарын көрсету

Дидактикалық ойындар, жаттығулар

1

7

Жалғаулықты салалас сөйлемдер, олардың түрлері

Түрлі жалғаулықтар арқылы жасалаған салалас сөйлемдерді мағыналық түрлеріне қарай ажыратуға жаттығу

Дидактикалық ойындар, жаттығулар

1

8

Сабақтас құрмалас сөйлемдер

Дайын мәтіннен алынған сөйлемдерді ғана емес, студенттердің өздері құраған сөйлемдерді талдатып, сабақтастың жасалу жолдарын меңгерту

Дидактикалық ойындар, жаттығулар

1

9

Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері

Теориялық білімнің толық меңгерілгенін байқау үшін сауаттылыққа баса назар аудару

Жазбаша жұмыстар

2

10

Құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты еңбектер

Құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты зерттеу еңбектеріне шолу, ғалымдар пікірлерімен таныс болу

Пікірсайыс, сұрақ-жауап

2

11

Аралас құрмалас сөйлемдер

Аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарына жаттығу жүргізу

Дидактикалық ойындар, жаттығулар

2

12

Бөгде сөз, оның түрлері

Мәтіннен төл сөз бен төлеу сөзді ажырата білу, төл сөздің берілу жолдарын білу

Пікірсайыс, жаттығулар, сұрақ-жауап

2

13

Мәтін, оның белгілері, негізгі ұғым категориялары, құрылымдық ерекшелігі

Мәтіндерді түрлеріне қарай ажырата білу, құрылымдық ерекшеліктерін, түрлерін көрсету

Пікірсайыс, танымдық ойындар

2

14

Тыныс белгілері

Түрлі белгілерді негізге ала отырып, тыныс белгілерді дұрыс қою

Дидактикалық ойындар, жаттығулар

2

Барлығы

20