Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
01 Конак уй мен мейрамхана иси Дәрістік кешен...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
352 Кб
Скачать
☆
  1. Тақырып Туристік бизнес саласындағы, туристік өнімнің өзіндік құнын қалыптастыратын шығындар есебі

Сабақтың мақсаты Туристік кәсіпорындардағы шығындарды жіктеу. Туристік өнімдерге анықтама беру. Олардың өзіндік құндарының есептелуін түсіну

Дәрістің жоспары

  1. Туристік өнім. Туристік өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындардың құрылымы

  2. Туроператор және турагенттегі туристік өнімді шығаруға және сатуға байланысты шығындарды жіктеу.

  3. Өндірістік шығындарды есепке алу.

  4. Турөнімді сату бойынша шығындарды есепке алу.

  5. Жалпы әкімшілік шығындарды есепке алу.

  6. Туристік өнімді шығаруға байланысты туроператордың шығынын есепе алу.

Дәрістің қысқашы мазмұны

1. Туристік өнімдердің өзіндік кұнына қосылатын шығын құрамы «Тауарлы-материалдық қор есебі» және оған әдістемелік ұсыныспен реттелінеді. Осы құжаттарға сәйкес туристік өнімдер өзіндік құны табиғи ресурстар, шикізат, материалдар, отын, энергия, негізгі кұрал, еңбек ресурстары, сондай-ақ басқа шығындардың өндірістік процесінде пайдалану бағаларының құнын білдіреді.

Туристік өнімдердің өндірістік өзіндік құнына тікелей және жанамаға бөлінген шығындар қосылады.

Тікелей шығындар – бұл туристік өнімдердің өзіндік құнын тікелей қосылуы мүмкін шығындар (туристік өнімдерді және өткізумен байланысты қызметкерлердің еңбекақысы, аударым (21% әлеуметтік салық) және әдеттегінше шығын элементтері-нің аумағында ескеріледі.

Жанама шығындар – бұл туристік өнімдердің өзіндік құнына оның бөлінуі бойынша қосылатын шығындар (халықаралық телефонмен сөйлесу шығындары, Интернетке кіргізудің қызмет көрсету төлемі; жарнамалық (каталогтар) және сувенирлік өнім-дерді дайындау, жылдық ақы). Өндірістегі процестегі қызметтік ролі бойынша айрықшаланатын, олар кешенді баптарды (бірнеше экономикалық элементтерді қосып) қалыптастырады.

Туристік өнімдерді өндіру шығындарын топтастыру эконо-микалық мазмұнына және БЕС 7 «Тауарлы-материалдық қор есебі» мен оған әдістемелік ұсынысқа сәйкес жүзеге асырылады:

а) экономикалық элементтермен:

- материалдық шығындар;

- еңбекақы шығындары;

- аударым;

- құралдардың тозуы;

- басқадай шығындар;

ә) шығын баптары бойынша:

- материалдар;

- еңбекақы;

- аударым;

- үстеме шығындар.

Турөнімді сатып алушы немесе турист белгілі бір көрсетілетін қызмет түрі пайдаланады. Толық кешенді көрсетілетін қызмет түрі екіге бөлінеді.

Біріншісі – инклюзив-тур деп аталады, немесе авиа тасымал-дау қызметінде барар және қайтар жүру жолының ақысы арнайы тарифпен есептелу арқылы пайдаланушы туристке жеңілдікпен ұсынылған турөнімнің жалпы бағасының түрі.

Екіншісі – пэкидж-тур деп аталады немесе тасымалдау қыз-метінің бағасы турөнімнің құрамынан тыс жеке сатылған түрі.

Турөнімнің өзіндік құнын анықтау үшін арнайы калькуляциялық құжат толтырылады. Калькуляциялаудың мақсатына қарай төмендегідей түрлері қарастырылады:

1. жоспарланған кезең ішіндегі мөлшер мен смета бойынша жасалынған баға.

2. нақты баға турөнімге кеткен шығындардың нақты сомасы.

3. сметалық немесе жаңа турөнімдерге сметалық құжат ар-қылы жасалған жобалық баға.

Туристік өнімдерді өндірудің шығын есебіне 8110 «Негізгі өндіріс», 8300 «Қосалқы өндіріс» калькуляциялық шоттар, 8400 «Үстеме шығындар» жинау - бөлу шоты және «Алдағы кезең шығындары» 1620 бөлімше шоты пайдаланылады. Дебет бойынша бұл шоттармен бір элементті шоттарға алдын-ала жиналған шығындар ескеріледі, ал кредит бойынша есептен шығарылады. 8110, 8300, 8400 шоттарының сальдосы жоқ және есепті айдың бітуі бойынша бұл шоттарда дебет бойынша жиналған шығындар «Өткізілген өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік кұны» 7010 шоттың дебетінде есептен шығарылады.

ХҚЕС 2 «Қорлар» оған әдістемелік ұсынысқа сәйкес туристік өнімдердің өзіндік құнына мыналар қосылады:

- туристік кәсіпорындарды туристік өнімдерді қалыптасты-ратын жұмысшы күшімен (қызметкерлермен) қамтамасыз ету шығындары;

- аударым (әлеуметтік салық);

- көлік шығындары: тасымалдап қызмет көрсетулер (әуе, темір жолдары, су жолы);

- туристік фирмалардың асырау, қызмет ету және басқару шығындары;

- жаңа туристік өнімдерді әзірлеу және игеру шығындары;

- турды жүзеге асыру бойынша қызмет көрсеткені үшін басқа жақтағы кәсіпорындарға (тұлғаларға) төлемақылар;

- контрагенттерге комиссиялық сыйақылар;

- басқадай шығындар мен төлемдер.

Туристердің өнімдерді өткізумен түскен табыстар мен шығындар есебі 22.02.02 ж. №296 - II «Қазақстан Республика-сында туристік қызмет туралы» заңда белгіленгендей, қызмет көрсету қолданыстағы заңға сәйкес жазбаша түрде бекітілген келісім шарт негізінде жүзеге асырылады.

"Директ-костинг" жүйесі жағдайында операцияларды бухгалтерлік шоттарда көрсету тәртібіне келетін болсақ, тікелей шартты-өзгермелі шығыстар бухгалтерлік есепте 8110 "Негізгі өндіріс" және 8300 "Қосалқы өндіріс" шоттарында жиналады. Жанама шартты-өзгермелі шығыстар алдын ала 8400 "Үстеме шығыстар" шотында жинақталады, сосын ай сайын 8110 "Негізгі өндірістің қосымша шығыстары" және 8300 "Қосалқы өндірістің қосымша шығыстары" шоттарына көшіріледі. Жалпы басқару мен шаруашылық шығындары бөлігіндегі шартты-тұрақты шығыстар 7210 "Әкімшілік шығыстар", шотында, ал өткізу шығыстары бөлігінде 7110 "Өнімдерді сату және қыз-меттер көрсету бойынша шығыстар" шоттарында көрсетіледі.

Өнімнің өзіндік құнының нақты сомасы 8110 "Негізгі өндіріс" шотынан 1340 "Дайын өнім" немесе 7010 "Өткізілген дайын өнімнің (тауардың, жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құны" шоты дебеттеріне көшіріледі.

7110, 7210, 7310 шоттарында жиналған шартты-тұрақты шығыстар әрбір есепті кезеңнің соңында толығымен 5600 "Жиынтық табыс (зиян)" шотынан жиынтық табысты азайту үшін есептен шығарылады.

"Директ-костинг" жүйесінде кірістер туралы есепті кұру сызбасы көпсатылы екендігін мысал келтіре отырып 3-кестеден көруге болады. Мұнда екі қаржылық көрсеткіштер бар: маржиналды табыс пен пайда.

3-кесте

Пайданың қалыптасуы

№

Көрсеткіштердің атауы

Көрсеткіштердің мәні, теңге

1

Турөнімді өткізуден түскен түсім (Т)

Т = 5000

2

Өзгермелі шығындар (ӨШ)

ӨШ = 3000

3

Маржиналды табыс (МТ)

МТ = Т - ӨШ = 2000

4

Тұрақты шығыстар (ТШ)

ТШ = 1000

5

Пайда (П)

П = МТ-ТШ = 1000

Маржиналды табыс – өзгермелі шығыстар бойынша есептелген турөнімді сатудан түскен түсім мен оның толық емес өзіндік құны арасындағы айырма. Маржиналды табыс құрамына туристік кәсіпорынның пайдасы мен тұрақты шығындары кіреді. Маржиналды табыстан тұрақты шығындарды шегергеннен кейін операциялық пайда көрсеткіші жасалады.

"Директ-костинг" жүйесіндегі кірістер мен шығыстар туралы шамамен алынған есеп 4-кестеде ұсынылған.

4-кесте Маржиналдық табыс тәсілімен жасалған кірістер мен шығыстар туралы есеп

№

Көрсеткіш

мың.теңге

1

Өткізілген турөнім көлемі

285000

2

Өзгермелі шығындар

165000

3

Маржиналдық табыс (1-2 жол)

120000

4

Тұрақты шығыстар

68500

5

Таза пайда (немесе зиян) (3-4 жол)

51500

Ұсынылған есепте екі саты бар: жоғарғы – маржиналдык табыс: төменгі – таза табыс есептің кезеңдік процесінде толтырылады.

Өзгермелі шығындар бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың маңызды сәті шығындар мен пайданың оңтайлы арақатынасын есептеуге арналған әдіс пен зиянсыз-дықты талдау калькуляциясының байланысы болып табылады.

Өзгермелі шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау турөнім бағасы деңгейіне, бизнестің әр қилы сегментінің өнімділігін ынталандыруға елеулі ықпал етеді.

Стандартты "директ-костинг" – кәсіпорынның түпкілікті мақсатына таза пайда алуға жету жүйесі деп түсініп, оның артықшылықтарына тоқталсақ:

- өзіндік кұнды жарым-жартылай калькуляциялаудың қарапайымдылығы мен объектілігі, өйткені тұрақты шығынды шартты түрде бөлудің қажеттілігі болмай қалады;

- өзіндік кұнды әр түрлі кезеңдердің өзгермелі шығындары, абсолютті және салыстырмалы маржа бойынша салыстыру мүмкіндігі;

- шығаруды ұлғайту үшін тиімділігі жоғары өнімді анықтау;

- өзгермелі шығыстарды, өткізу бағаларын және дайын өнім кұрылымын өзгерту нәтижесінде пайда өзгерісін бақылау мүмкіндігі;

- тұрақты шығыстардың шамасын жедел бақылау үшін жағдайлар жасау, өйткені толық өзіндік құн есебінде қосымша шығыстардың бөлінбеген сомасының бөлігі бір кезеңнен екіншісіне көшеді, сондықтан бақылау нашарлайды;

- есептің талдаушылық мүмкіндіктерін кеңейту, өйткені есеп пен талдаудың байланысты бірігу процесі жүреді;

- "директ-костинг" жүйесі принциптерін басқару есебінің басқа жүйелерімен үйлестіре қолдану.

3. Халық шаруашылығының саласы ретiнде туризм сұраным мен ұсыныстың нарықтық санаттарына сәйкес тиiс өнiм шығарады. Осыған қатысты шетелдiк тұтынушыға бағдарланған халықаралық рынок пен Қазақстан азаматтарына арналған iшкi рыноктың ара жiгiн ажырата бiлу қажет.

Халықаралық туристiк рынок бүгiнгi күнi миллиардтаған айналымды және қатаң бәсекелестiкте орасан зор механизмдi бiлдiредi, сондықтан, бiрiншi кезекте мiндет Қазақстанға ғана тән ерекшелiгi бар және сұраныс болатын туристiк өнiмдi (бұдан әрi - турөнiм) анықтау болып отыр. Соған байланысты рыноктың қандай сегменттерiнде қазақстандық турөнiмнiң жарқын болашағы бар екенi көрiнетiн болады.

ДТҰ-ның ұсынымдарын ескере отырып жүргiзiлген талдау мен қазiргi тәжiрибенiң негiзiнде, қазақстандық турөнiмнiң екi базалық құрамдас бөлiгiн баса көрсетуге болады: Жiбек жолы бойындағы мәдени туризм (зиярат ету және дәстүрлi), сонымен қатар онымен тығыз байланысты экооқиғалы туризм (сафари, рафтинг, орнитологиялық, треккинг, аңшылық, балықшылық). Бұл ретте экономикалық туризм үшiн Жiбек жолы бағытымен өтетiн ресурстары бар аймақтарды: Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарын атап өткен орынды.

Орталық Азия аймағындағы туризмнiң ерекшелiгiн ескеру қажет. Жiбек жолы және оқиғалы туризм сегменттерiнде шетелдiк туристердiң негiзгi ағыны барлық көрсетілген аймақтың iшiнде: Қазақстан, Шыңжан-Ұйғыр автономиялық округi (ҚХР), Қырғызстан, Өзбекстан, Түркiменстанның шегiндегi ұдайы қозғалысына бағытталған.

Сөйтiп, қазақстандық өнiм тек қана кешендi орталық азия турөнiмiнiң құрамында тиімдi ұсынылуы мүмкiн, сондықтан мынадай қорытынды шығады:

1. Турөнімнiң институционалдық элементтерi үкiметаралық деңгейде келiсiлуi тиiс.

2. Қазақстандық турөнiм бiздiң аймақтағы көршiлерiмiздiң турөнiмдерiнен (ең болмағанда баға/сапа қатынасында) кем түспеуi тиiс.

Қазақстандық туристiк өнiмнiң ерекше белгiсi оның сипатының маусымдығы болып табылады, бұл маусымнан басқа кезде нақты шаралар қабылдауды және туризмнiң баламалы түрлерiн дамытуды талап етедi.

Туризмнің экономика саласына әсер ететін туристік фирмалардың қызметінің шығынсыздығын анықтайтын кейбір мәселелер бойынша қазіргі экономикада туризмнің ролі үнемі өсіп және өзгеріп тұратындығын көрсетеді. Бұрын туризмде алдыңғы қатарда болған елдер, қазір екінші және үшінші орындарға кетуде. Олардың орнына жаңа елдер келуде. Экономикалық жағынан туризмді былайша қарастырады:

өнімді өндіру, айырбастау және бөлу саласындағы қоғамдық қатынастардың белгілі бір жинағы ретінде;

белгілі бір өндіріс саласы мен экономикалық іс-әрекеттерді қосып, елдің халық шаруашылық кешенінің бір бөлігі ретінде;

туризмді елдің немесе аймақтың шаруашылық саласы сияқты зерттейтін экономикалық ғылым ретінде;

туристік өнімді өндіретін, оны қолданатын, бөлетін және айырбастауды зерттейтін қоғамдық ғылым ретінде;

туристік экономика жүйесінің барлық деңгейіндегі адамның мінез-құлқын зерттейтін қазіргі экономикалық теория ретінде.

Негізделген экономика жағынан қарасақ, туризм дегеніміз ол экономикалық кешен, оның дамуы ішкі себептерден гөрі, көбінесе әлемдік шаруашылық процестер мен қатынастар арқылы түсіндіріледі. Сонымен қатар, туризм – көптеген дамушы елдердің экономикалық өсуінің катализаторы. Өйткені туристер басқа елге демалысқа барғанда өндірісте өндірілген өнімнің бір бөлігін ғана апарып қоймайды, сонымен қатар онда жаңа жұмыс орнын да құрады.

Қазіргі туризм экономикалық құбылыс ретінде:

- индустриялдық түрде болады;

- туристік өнім мен қызмет түрінде көрінеді, оны жинауға және көлікпен тасуға болмайды;

- жаңа жұмыс орындарын құрайды және жаңа аудандарды игерудегі алғашқы қарлығаш, сонымен қатар ұлттық экономиканың жылдам дамуының катализаторы болады;

- туризмге мамандандырылған елдің пайдасына ұлттық табысты қайта бөлу механизмі ретінде кіріседі;

- ұлттық табыстың өсуіне, жергілікті инфрақұрылымның дамуы мен жергілікті халықтың өмір деңгейінің өсуінде мультипликатор рөлін атқарады;

- жоғарғы деңгейдегі әсерлікпен және инвестицияның жылдам қайтарылуымен сипатталады;

- табиғат пен мәдени мұраны қорғаудың тиімді құралы ретінде жұмыс істейді, өйткені оның негізгі ресурстарының базасын осы элементтер құрайды;

- барлық шаруашылық салаларымен және адамның іс-әрекет түрлерімен сәйкес келе береді.

Сонымен, туризм аймақтың немесе елдің экономикасына белсенді түрде әсер ете алады, онда ол оның шаруашылық, әлеуметтік және гуманитарлық негізінде дамиды.

Туристік өнімнің өткізу ерекшеліктеріне келетін болсақ, оның бағасы туристік кәсіпорынның нарықты ескеру тәртібімен өткізілуі тиіс. Қосымша құн салығымен қоса есептелген баға бойынша турөнімді босату және өткізу кәсіпорынның арнайы жүргізіліп отырған тіркеу журналы арқылы есептеледі. Сатылған және өткізілген турөнімге шот-фактуралары толтырылып, журналға тіркелу арқылы есеп жүзеге асады. Салық салу мақсатында өнімді өткізу кәсіпорынның есеп саясатының негізінде 2 нұсқаға бөлініп қаралады. Бірінші нұсқасында төлем талабы арқылы турөнімнің толық құны төленген жағдайда өнім өткізілген деп саналады. Ал, екінші нұсқада кәсіпорын өнімді өткізуден түскен түсім арқылы анықтайды. Жалпы бухгалтерлік есепте өнімді өткізуден түскен табыс тұтынушының төленген құжаты арқылы растаған сомасы арқылы анықталады. Өткізу қортындысы бойынша есеп саясатында көрсетілгендей турдың алдындағы сатылған өнім бағасы мен турдың соңындағы бағасымен анықталуы мүмкін.

Егер туристік өнімді өткізумен байланысты келесі жағдай-ларды ескерсек, мысалы:

1. туристік кәсіпорын турөнімді туроператор ретінде өткізсе – әртүрлі қызмет көрсету құқығын өзі орындаған кезде, яғни көлікпен тасымалдау қызметі, қонақ үйдегі жатар орны мен тасымалдау және жол жүру билетімен қамтамасыз ету.

2. туристік кәсіпорын турөнімді турагент ретінде өткізсе – басқа фирмаларға турөнімді ұсынған жағдайда.

3. туристік кәсіпорын басқа фирмалардан турөнімді сатып алып қайта өткізген жағдайда.

4. туристік кәсіпорын турөнімді басқа фирмаларға тауарға айырбастаған жағдайда, онда осы құбылысты ескере отырып төмендегідей бухгалтерлік жазбалар береміз. Туристік жолдама-ларды өткізуде мына бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылуы қажет:

а) туристік өнімдерді өзіндік құны есептен шығарылғанда: 7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік кұны» шоты дебеттеліп, 8110 «Негізгі өндіріс» шоты кредит-теледі.

ә) сатып алушыға шотты ұсынғанда:

1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты дебеттеліп, 6010 «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс» шоты кредиттеледі.

б) ҚҚС сомасына:

1210 «Алынуға тиісті шоттар» шот дебеттеледі, 3130 «ҚҚС» шоты кредиттеледі.

в) сатып алушыдан төлемдер келіп түскен жағдайда:

1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қара-жаты», 1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шоты дебеттеледі, 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты кредиттеледі.

Қолма-қол есеп айырысумен туристік жолдамаларды өткізуде:

а) сатудан түскен түсім сомасына:

1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шоты дебеттеледі; 6010 «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс» шоты кредиттеледі.

ә) ҚҚС сомасына:

1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шоты дебеттеледі; 3130 «ҚҚС» шоты кредиттеледі.

б) бюджетке аударылған ҚҚС сомасына:

3130 «ҚҚС» шоты дебеттеледі, 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты» шоты кредиттеледі.

Есептік кезеңнің соңында:

а) қорытынды табысты кеміту шығындары есептен шығарылады:

5600 «Жиынтық табыс» шоты дебеттеледі, 7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік кұны» шоты кредиттеледі.

ә) жиынтық табысты көбейтетін табыс есептен шығарылған жағдайда:

6010 « Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс» және 5600 «Жиынтық табыс» шоттары дебеттеледі, 7210 Әкімшілік шығындары», 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шоттары кредиттеледі.

б) корпоративтік табыс салығы есептелді - 30% 7700 «Корпоративтік табыс салығы» шоты дебеттеледі, 3110 «Төлеу-ге ағымдағы корпоративтік табыс салығы» шоты кредиттеледі.

в) жиынтық табысты кемітуге табыс салығы бойынша шығындар есептен шығарылғанда:

5600 «Жиынтық табыс» шоты дебеттеледі, 7700 «Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар» шоты кредиттеледі.

г) таза табыс анықталып есептен шығарылғанда 5600 «Жиынтық табыс» шоттың дебетінде, ал 5500 «Бөлінбеген пайда жабылмаған зиян» шоттың кредитінде жазылады.

Турагенттік қызметтің есебі

Туризмдегі агенттік қызмет заңды және жеке тұлғалардың осы қызмет көрсетуге лицензиялау арқылы жүзеге асырылады. Олар жеке кәсіпкер ретінде немесе комиссиялық сыйақы алу мақсатында жұмыс істеуге мүдделі. Турагент қызмет көрсету құқығын сатып алуға кеткен шығынын жолдама құнына қосу арқылы туристік жолдама бағасын көтеріп пайда табу мақсатында қызмет етеді.

Турагенттің балансының активінде сатып алған жолдама құны көрсетіледі. Осы жағдайда туристік мекеме кірістеу арқылы төмендегідей бухгалтерлік жазбалар беруге тиіс:

а) турөнімді сатып алып құнын кірістегенде 1350 «Өзге қорлар» шоты дебеттеліп, 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» немесе 4140 «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді берешек» шоттары кредиттеледі;

б) ҚҚС сомасына 1420 «Қосылған құн салығы» шоты дебеттеледі, ал 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты кредиттеледі;

в) туроператорға төленетін ақы сомасына 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты дебеттеледі, ал 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты» және 1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шоттары кредиттеледі.

Турөнімді өткізу кезінде бірқатар шығындар пайда болуы мүмкін, мысалы жарнама шығыны, маркетингтік шығындар, делдалдық мекемелерге төленетін төлем, комиссиялық жиынтықтар және де өткізуге байланысты шығындар, яғни оларды төмендегідей қарастыратын болсақ: 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шоты дебеттеледі, ал 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты кредиттеледі.

а) ҚҚС сомасына 1420 «Қосылған құн салығы» шоты дебеттеледі, ал 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты кредиттеледі;

б) өнімді өткізуге кеткен басқа шығындар бойынша 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шоты дебеттеледі, ал 3390, 3540, 4170, 4430 шоттары кредиттеледі.

Делдалға төленген ақша сомасы Қазақстан Республика-сының Салық Кодексінің 92 бабына сәйкес азайтылады. Турөнімді өткізу кезінде төмендегідей бухгалтерлік жазба көрсетіледі:

а) өткізілген турөнімнің өзіндік құнына 7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шоты дебеттеледі, ал 1350 «Өзге қорлар» кредиттеліп жатқызылады;

ә) турөнімнің бағасы төленсе 1210 «Сатып алушылармен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты дебеттеліп, 6010 «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс» шоты кредиттеледі;

б) ҚҚС сомасына 1250 «Сатып алушылармен тапсырыс-шылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты дебеттеліп, 3130 «Қосылған құн салығы» кредиттеледі;

в) қолма-қол ақшаға сатылған турөнім сомасына 1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шоты дебеттеледі, ал 6010 «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс» шоты кредиттеледі;

д) ҚҚС сомасына 1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шоты дебеттеледі, ал 3130 «Қосылған құн салығы» кредиттеледі.

Кезең шығындары төмендегідей көрініс табады:

а) әкімшілік қызметкерлерге еңбекақы төленгенде 7210 «Әкімшілік шығыстар», 7400 «Басқа да шығыстар» шоттары дебеттеліп, 3350, 4170 шоттары кредиттеледі;

б) әлеуметтік салық сомасына 7210 «Әкімшілік шығыстар», 7400 «Басқа да шығыстар» шоттары дебеттеліп, 3150 «Әлеуметтік салық» шоты кредиттеледі;

в) өзге де шығындар сомасына 7210 «Әкімшілік шығыстар», 7400 «Басқа да шығыстар» шоттары дебеттеліп, 3310, 4110 шоттары кредиттеледі;

г) ҚҚС сомасына 1420 «Қосылған құн салығы» шоты дебеттеледі, ал 3310, 4110 шоттары кредиттеледі.

Есепті кезеңнің соңында шаруашылық операцияларының жағдайына келетін болсақ:

а) табыстан шығындар көлемі азайтылып көрсетіледі де, 6010 «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс» шоты дебеттеліп, 5510 «Есепті кезеңдегі бөлінбеген пайда жабылмаған зиян» шоты кредиттеледі;

б) қорытынды табысқа түскен табысты қосып, төмендегідей жазбада көрсетеміз:

3520 «Алдағы кезеңдердің кірістері» шоты дебеттеледі, 6010 «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс» шоты кредиттеледі;

в) корпоративтік табыс салығына 7710 «Корпоративтік табыс салығы» шоты дебеттеледі, ал 3110 «Төлеуге тиісті корпоративтік табыс салығы» шоты кредиттеледі;

г) қорытынды табыстан табыс салығы бойынша шығындар шегеріледі де, 6010 «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс» шоты дебеттеліп, 7710 «Корпоративтік табыс салығы» шоты кредиттеледі;

д) таза табыс анықталғанда: 6210 «Активтердің шығуынан түскен кірістер» шоты дебеттеліп, 5510 «Есепті кезеңдегі бөлінбеген пайда жабылмаған зиян» шоты кредиттеледі.

Өз бетінше дайындалу сұрақтары

  1. Туризмдегі турагенттік қызмет көрсету қандай құжат арқылы жүзеге асырылады?

2. Турагенттік қызмет көрсету қандай мақсатта қызмет етеді?

3. Турагенттің балансында сатып алған жолдама құны қалай көрсетіледі?

4. Турөнімді өткізу кезінде қандай шығындар пайда болуы мүмкін?

5. Турөнімді өткізуге байланысты шығындарға қандай бухгалтерлік жазба беріледі?

6. Турөнімді өткізуге байланысты кезең шығындарына қандай бухгалтерлік жазба беріледі?

7. Есепті кезеңнің соңында шаруашылық операцияларының жағдайы қандай болады?

8. Турөнімді өткізуде таза табыс анықталғанда қандай бух-галтерлік жазба беріледі?

9. Қорытынды табыстан табыс салығы бойынша шығындар шегеріледі ме?

10. Әлеуметтік салық сомасына қандай бухгалтерлік жазба беріледі?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]