- •1 Тақырып Туризм халықаралық сауда қызметінің бір түрі
- •Негізгі әдебиеттер
- •2 Тақырып Туристік кәсіпорынның экономикасы
- •3 Тақырып Туристік бизнес саласындағы кәсіпорындардың есеп саясатын таңдауының экономикалық аспектілері.
- •Тақырып Туристік бизнес саласындағы, туристік өнімнің өзіндік құнын қалыптастыратын шығындар есебі
- •Негізгі әдебиеттер
- •5 Тақырып Қонақ үй қызметін қалыптастыру негіздері
- •6 Тақырып Қонақ үй бизнесіндегі кәсіпорын есебінің спецификалық ерекшеліктері
- •Мысалы:
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •7 Тақырып «Қонақ үй бизнесіндегі кәсіпорынның қызмет көрсету есебі мен қаржылық нәтижесінің қалыптасуы»
- •10.Тарату материалдары
Негізгі әдебиеттер
Бейсенбаева А.К. Туризмдегі бухгалтерлік есеп. 2007 жыл. Заң әдебиеті.
Кеулимжаев К.К. Корреспонденция счетов. – Алматы: БИКО,2000ж.
Қосымша әдебиеттер
Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралыҚазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңы
2. «Салық және бюджетке төленетін басқада міндеттер төлемдер туралы» 2001ж 12 маусымдағы №209-ІІ ҚР салық кодексі.
4.Бухгалтерлік есеп стандарттары. ҚР Ұлттық комиссиасы-Алматы,1996 -2003ж.
5.Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары.-М.,1998ж.
7 Тақырып «Қонақ үй бизнесіндегі кәсіпорынның қызмет көрсету есебі мен қаржылық нәтижесінің қалыптасуы»
Дәріс сұрақтары:
12.1. Қонақ үй көрсететін қызмет есебінің ерекшелігі
12.2. Қонақ үй қызметінен алынатын табыс есебі
12.3.Мерзімзік шығындар есебі
12.4. Қонақ үй бизнесіндегі кәсіпорынның қаржылық есебінің нәтижесі және оның қалыптасуы
Сабақтың мақсаты: Қонақ үй көрсететін қызмет есебінің ерекшелігі, олардың алатын табыстарының есебі және қаржылық нәтижесің анықтауды қарастыру
Негізгі түсініктер: табыс, түсім, шығыс, пайда, зиян, мерзімдік шығындар
Дәрістің қысқаша мазмұны
Қызмет — атқарушы мен тұтынушы арасындағы өзаралық нәтижесі, былайша айтқанда тұтынушының қажеттігін қанағаттандыру үшін атқарушының өз тарапынан көрсеткен қызметі (жұмысы) болып табылады. Яғни, «қызмет» түсінігі әмбебаптық мәнді құрайтындығын көруге болады.
Қонақ үй қызметінің басты сипаты болып мыналар жатады: бөлінбейтіндігі, яғни қызмет көрсету мен өндіріс жүргізудің бір уақытта жүзеге асырылуы. Қызмет қонақ үй аумағында жүреді. Қонақ үйдегі қызмет көрсетушілер тұтынушымен байланысқа түседі, бұл деген сөз тұтынушы оны қызмет көрсетудің ажырамас бөлігі деп есептейді. Бұлардан басқа, әр номірде қонақ үйде тұру тәртібі туралы ақпарат, өртке қарсы және электр тұрмыстық құралдарды пайдалану ережелері болуы қажет.
Қосымша ақыны кажет етпейтін қызметтің келесі түрлері жүргізілуі тиіс:
а)Жедел жәрдем көрсету қызметін шақыру;
ә)Медициналық қорапты қолдану;
б)Корреспонденцияны нөмірге әкелу;
в)Қайнаған ауыз суды, ине-жіпті, асханалық жабдықтарды пайдалану.
Қонақ үйлік қызметтер тікелей немесе турагенттердің көмегімен немесе турпакет түрінде сатылады. Көрсетілетін қызмет саны мен сапалығына қарай қонақ үйлік өнім келесі 3 дәрежеге жіктеледі:
1)материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі;
2)номеклатурасы мен сапалық қызмет көрсетілуі;
3)қызмет көрсету деңгейі.
Есеп беру дегеніміз–меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы шаруашылық қызметін және ұйымдық– құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.
Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай–ақ министрліктер, ведомостволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.
Қаржылық есеп негізінде субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын дер уақыттында аңдап, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай–ақ пайданы молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа жетуге болады. Кәсіпорындағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай жасайжы, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі мен қаржылық жағдайының қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорының төлем қабілетіне кепілдік береді.
Жылдық есеп мынадай тұтынушыларға беріледі:
Меншік иелеріне (қатысушыларға, құрылтайшыларға) немесе өкілдікті органдарға немесе құрылтайшылық құжаттарға сәйкесті органдар;
Кәсіпорының тұрған жеріндегі салық органдарына;
Жергілікті қаржы органдарына;
Мемлекеттік статистикалық органдарына;
Заңды тұлғаның қаржылық есебі тұтынушылар үшін ашық болып табылады. Ол қалың көпшілікті субъектінің даму бағыттары туралы және оның аймақтық экономикалық, әлеуметтік ахуалын жақсартуға соңғы жетістікрі туралы ақпаратпен қамтамасыз ете алады.
Қаржылық есеп берудің элементтеріне: активтер, міндеттемелер және капитал; кірістер мен шығындар жатады. Мойындау - объектінің балансына қосылатын, сонымен қатар бір элементтің анықтамасына сәйкес келетін және мойындау критерияларына жауап беретін үрдіс.(мұнда объектінің құны немесе бағасы бар, ол өлшеу үшін сенімді болуы мүмкін). Баға - қаржылық есеп беруде элементтер балансқа енгізіліп, шығындар мен кірістер туралы есеп берудің сомасын анықтайтын үрдіс.ХҚЕС- да бағаның әртүрлі екі түрі қолданылады; тарихи баға, ағымдық (қалпына келтірілген) баға, сатудың мүмкіндік бағасы, келтірілген баға.
ХҚЕС сәйкес келетін есеп беру формасының түрлері, нұсқалары, баптары бойынша кеңейтілген түрлері келесідей:
Формасы |
Нұсқасы |
Минимальді баптар тізімі/ бөлімшелері (басқа түсініктемелердің ашылуы бойынша) |
Басшының есеп беруі (басшылығы) |
Еркін түрі |
Компания қызметкерлерінің жалпы сипаттамаса- потенциальді даму мен қол жеткізілген жетістіктер болып табылады.Есеп беру диограмма, графика түрінде көрсетіледі және ереже бойынша суреттер мен басшының қысқаша мәліметі (білімі, қызметі, жасы, ХҚЕБС-ге не талап етілмейді соларды көрсетеді, бірақ шығыс дәстүрі болып табылады); |
Кірістер мен шығындар туралы есеп беру |
Функциональді, шығындық, аралас |
Түсім, операциялық қызметтердің қаржылық нәтижесі, қаржылық шығындар, түсімдерге салықтар бойынша шығындар, қарапайым қызметкерлердің қаржылық нәтижесі. |
Баланс |
Британдық, Европалық, Американдық |
Негізгі құралдар, материалдық емес активтер, қаржылық активтер, қорлар,дебиторлық борыштар, кейінге қалдырылған салықтық активтер мен міндеттемелер, қысқа мерзімді міндеттемелер, ұзақ мерзімді міндеттемелер, капитал, резервтер т.б.; |
Ақша ағымдары туралы есеп беру |
Тікелей әдіс, жанама әдіс |
Операциялық қызметтер (сатып алушылар, жабдықтаушылар,тұлғалар,салықтар);инвес-тициялық қызметтер (ұзақ мерзімді активтер, алынған пайыздар, қаржылық инвестициялар,қаржылық қызметтер (бағалы қағаздарды шығару, алынған және төленген төлемдер арендасы, алынған зайымдар, төленген пайыздар); |
Капиталда өзгерту туралы есеп беру
|
Акционерлік компаниялар, шектеулі жауапкершілік компаниялары, жеке компаниялар |
Анықталмаған шығындар/ бастапқы есеп беру кезеңіндегі жабылмаған зияндар;таза табыс/ есеп беру кезеңіне шығындар; капиталдың түрлері бойынша – акционерлік, жарғылық, жеке, резервтік; |
Пайда болу |
Салық саясаты |
Шығындар, негізгі құралдардың амортизациясы, материалдық емес активтердің амортизациясы, қорлар, зайымдар бойынша шығындар, қаржылық құралдар мен инвестициялар, аренда, салықтар мен кейінге қалдырылған салықтарға шығындар, зейнетақымен қамтамасыз етуге шығындар, ақша құралдары мен ақша эквиваленттері; |
|
Анықтама ақпараттары |
Аты, заңдық статусы, компаниялардың мекен- жайы, компания қызметкерлеріне сипаттама, есеп беру кезеңі/ есеп беру күні, тұлғалардың көлемі-есеп беру күніне/ орташа жылдық; |
|
Есеп беру баптарын ашу |
Әрбір ХҚЕБС-ге сәйкес келетін баптар бойынша тізімдерін ашу,есеп беру баптарының өзгерістерін талдау, шартты жағдай- есеп беру күні мен есеп берудің шығарылған күні. |
Мақсат- бұл қаржылық жағдайдағы есеп беру, қаржылық нәтиже мен ақша ағымдарының сенімді көрінісі.Міндетті есеп беруге кіретіндер: Бірінші басшылардың есеп беруі, кірістер мен шығындар туралы есеп беру, баланс, ақша ағымы туралы есеп беру (ақша құралдарының қозғалысы), капиталды өзгерту туралы есеп беру, есеп беруге түсініктеме және есеп саясаты.Басқа есеп берулер компанияның ынтасы бойынша көрсетіледі.
Есеп берудіңегізгі компоненттері: баланс, кіріс және шығыс тұралы есеп бері, ақша қаражаттарының қозғалысы тұралы есеп беру, меншікті капиталдың өзгерістері тұралы есеп беру.
Дәріс сабағына әдістемелік нұсқаулық:
Берілген дәрістік материал және ұсынылған әдебиет негізінде
1. Маңыздылық деңгейіне қарай құрылымдық жоспар әзірлеңіз.
2. Тақырыптың соңында келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.
3. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.
Ұсынылған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының 28.02.2007 ж № 234-ІІІ «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы - www.Законы.kz
2.Халықаралық қаржылық есеп стандарттары- www.Минфин.kz
3.Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) - www.Минфин.kz
4.Төлешова Г.К. Дамыған қаржылық есеп - Алматы, Экономика, 2005
5.Кеулімжаев К.К., Ажибаева З.Н. Қаржылық есеп - Алматы, Экономика, 2003
6.Кеулімжаев К.К. Бухгалтерлік есеп принциптері - Алматы, Экономика, 2003, Алматы, 2005.
