- •1 Тақырып Туризм халықаралық сауда қызметінің бір түрі
- •Негізгі әдебиеттер
- •2 Тақырып Туристік кәсіпорынның экономикасы
- •3 Тақырып Туристік бизнес саласындағы кәсіпорындардың есеп саясатын таңдауының экономикалық аспектілері.
- •Тақырып Туристік бизнес саласындағы, туристік өнімнің өзіндік құнын қалыптастыратын шығындар есебі
- •Негізгі әдебиеттер
- •5 Тақырып Қонақ үй қызметін қалыптастыру негіздері
- •6 Тақырып Қонақ үй бизнесіндегі кәсіпорын есебінің спецификалық ерекшеліктері
- •Мысалы:
- •Негізгі әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •7 Тақырып «Қонақ үй бизнесіндегі кәсіпорынның қызмет көрсету есебі мен қаржылық нәтижесінің қалыптасуы»
- •10.Тарату материалдары
Мысалы:
Клиент қонақ-үйде 20 наурыздан- 10 сәуірге дейін түрды.Нөмірге орналасу алдында төлемді алдын-ала жасаған ( 40 000 теңге). Тұру қызметі күнделікті көрсетіледі деп есеп саясатында көрсетілген. Сонда қонақ-үй есебінде 20.03-30.03 наурыз айының түсімі, ал 01.04-10.04 аванстық төлем болып табылады.
1. Дт - 1010 Кт-3510 -40 000 теңге
2. Дт-3510 Кт-6010
Дт- 3510 Кт-3130
Дт - 31 10 Қт - 1040 - 20 000 табыс наурыз бойынша
3. Дт-3510 Кт-6010
Дт- 3510 Кт-3130
Дт - 3510 Кт 1040 - 20 000 табыс сәуір бойынша
Егер есеп саясатында төлем қонақ кеткен күннен бастап есептелінеді деп қарастырылса, түсім тек 10 сәуірде көрсетіледі.
Өз бетінше дайындалу сұрақтары:
Қонақ үй түрлері және оның жіктелуі
Қонақ үй бизнесіндегі кәсіпорынның есеп саясатын қалыптастырудағы ерекшеліктер
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
Бейсенбаева А.К. Туризмдегі бухгалтерлік есеп. 2007 жыл. Заң әдебиеті.
Кеулимжаев К.К. Корреспонденция счетов. – Алматы: БИКО,2000ж.
Қосымша әдебиеттер
Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралыҚазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңы
2. «Салық және бюджетке төленетін басқада міндеттер төлемдер туралы» 2001ж 12 маусымдағы №209-ІІ ҚР салық кодексі.
4.Бухгалтерлік есеп стандарттары. ҚР Ұлттық комиссиасы-Алматы,1996 -2003ж.
5.Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары.-М.,1998ж.
6 Тақырып Қонақ үй бизнесіндегі кәсіпорын есебінің спецификалық ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Қонақ үй бизнесіндегі кәсіпорын есебінің спецификалық ерекшеліктерін білу.
Дәріс жоспары (2 с.):
Қонақ үй бизнесіндегі кәсіпорын қызметінің өзіндік құнын құрайтын шығындардың құрамы мен жіктелуі.
Қонақ үй қызметін көрсету барысындағы шығындар есебі
Қонақ үй қызметінің өзіндік құнын калькуляциялау.
Негізгі түсініктер: amadeus , sabre , galileo, fidelio, виза,
Дәрістің қысқаша мазмұны
Броньдау нөмірлерді алдын-ала резервтеу мақсатымен жүргізіледі. Ол белгілі бір нақты күнге және клиенттің тапсырысы бойынша жүргізіледі.
Қонақ-үй броньдау бойынша тапсырысты қарапайым байланыс бойынша (телефон, факс, пошта) немесе орталық броньдау жүйесі аркылы қабылдайды.
Сонымен қатар, нөмірлердің бар болуы мен олардың бос болу туралы ақпаратты ұйымдастырушыдан телефон арқылы білуге болады.Нөмірді резервке қойғанда кезекші ұйымдастырушы клиентке броньдауды растайтын индексті хабарлайды.
Шетел клиенттерін тарту мақсатымең қонақ-үйлер броньдау бойынша халықаралық жүйелерге қосылады.
Броньдау жүйелерін басқаратын агенттіктермен келісім жасағаннан кейін , қызмет көрсету мүмкіндігі автоматты түрде жүріп жатады. Ол үшін агенттік қонақ-үйге компьютерлер мен бағадарламалар орнатып, өзінің ақпараттық жүйесіне қосады. Осыдан кейін барлық клиенттер ақпарат алу мен броньдауды автоматты түрде жүргізеді. Броньдаудың дүниежүзілік жүйелеріне AMADEUS , SABRE , GALILEO жатады.
Қонақ-үй шаруашылығында FIDELIO броньдау жүйесі кеңінен тараған. Бүл жүйе Мюнхенде орналасқан «FIDELIO» атты неміс компаниясына жатады.
FIDELIO компаниясы келесідей қызметерді жүзеге асырады:
1. Броньдау мен қонақтарды орналастыру
2. Қызметтер үшін төлемді есептеу
З. Әртүрлі елдерден клиенттердің төлемеген шоттары бойынша ақпаратты иеленеді
4. Клиенттерге аралық және нақты шоттарды ұсынады.
5.Қаржылық және статистикалык есеп берулерді дайындайды.
Броньдау тәсілдеріне байланысты тапсырыс берушімен есеп айырысу жолдары анықталады.
Кепілдендірілмеген броньдау кезінде қонақ-үй тек белгілі-бір сағатқа дейін нөмірді ұстайды. Тапсырысты жою кезінде клиент айып төлемді төлемейді.
Кепілдендірілген броньдау кезінде нөмір клиентпен бекіткен күнге дейін нөмірді тапсырмайды.Тапсырыс жойылғанда клиент өз кезегінде нөмірде тұрмаса да төлемді толық жасайды. Кепілдендіретін броньдауға жататын негізгі тәсілдер:
- кредиттік карта бойынша алдын-ала төлем
- қонақ-үймен ұзақ мерзімді келісім-шарты бар ұйым міндеттемесіне кепілдік
Әрқайсысын бөлек қарастырайық.
Алдын-ала төлем қолма-қолсыз жүйемен және қолма-қол тікелей кассаға апарылатын жүйемен жүргізіледі.
Алдын-ала төлем теңгемен жасалады, өйткені заңнамаға сәйкес валютамен төлем жасауға тыйым салынады.
Қонақ-үймен алынған айып сомалары шоттардың 6 бөлімінде «Табыстар» көрсетіліп, оларға ҚҚС пен корпоративті табыс салығы салынады. Кредиттік карталар бойынша есеп айырысуды жүргізу үшін қонақ-үй банкпен келісім жасайды.
Келісім-шартқа сәйкес банк қонақ-үйге бланктер, яғни слиптер тапсырады. Бұлар қатаң есептегі бланкілер деп аталады. Слиптер арнайы формадағы бланкілер болып табылады, және ондағы реквизиттер мынадай: фирма немесе ұстаушының атауы, карта нөмірі, төлем күні, жұмсалған сома, төлем жүйесінің түрі (ВИЗА, МАСТЕРКАРТ) қонақ-үй адресі мен авторизация коды.
Алынған слиптер материалды-жауапты тұлғаға тапсырылады. 333 «Есепті тұлғалармен есеп айырысу» шотында есептеледі. Берілген картаның авторизациясы өткеннен кейін слип толтырылады. Қонақ-үй слиптердің 3 данасын толтырады: қонаққа, банкке, өзіне. Қонақ-үй бухгалтериясында берілген слиптердің реестрі 2 данада толтырылады: біреуі-банкке, ал екіншісі банк қызметкерінің сенімхатымен қонақ-үйде калады.
Қонақ-үйде формалық киімді есепке алу.
Формалык киім кәсіпорынның имиджін құру үшін жасалады. 2 жұлдызды және одан жоғары қонақ-үйлерде міндетті түрле формалық киім болуы керек.
Киім қызметкерге пайдалануға өзіне немесе тек жұмыста кию үшін беріледі. Егер киім қызметкер меншігіне берілмесе онда бұл кәсіпорынның меншігі болып табылады.Сондықтан да, қызметкер жұмыстан шыққанда киімді қайтару керек.
Мазмұны |
Дебет |
Кредит |
Келісім құнмен киім сатып алынған |
1320 |
3310 |
ҚҚС |
1420 |
3310 |
Берілген киім құны алдағы кезең шығыстарына апарылды |
2920 |
1320 |
Ай сайын колданылатын киімнің тиісті бөлігі өндірістік шығындарға апарылды |
8040 |
2920 |
Қызметкердің жұмыстан шығуы нәтижесінде қайтарылмаған киім кезең шығыстарына жатады |
7470 |
2920 |
Киім құны ҚҚС есепке алғанда жұмыскерлер еңбек ақысынан ұсталады |
3350 |
1280 |
ҚҚС қоса киім кұны кассаға кірістелді |
1010 |
1280 |
Киімнің ұсталған құны кәсіпорынның табысына апарылды |
1280 |
6280 |
Өз бетінше дайындалу сұрақтары:
Қонақ үйде көрсетілетін қызмет есебінің ерекшелігі.
Қонақ үй қызметінің өзіндік құнын калькуляциялау
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
