Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9-дәріс.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
215 Кб
Скачать
☆

Монитор

Монитор – бейнелерді экранға шығаруды жасақтайтын аспаптан (мыс., электрондық сәулелік трубкадан) және ішкі схемалардан тұратын құрылғы. Оны кейде бейнеблок деп те атайды. Диалогтық дисплейге қарағанда, мониторда жедел енгізу және экранда ақпарат өңдеу құралдары болмайды. Ол пайдаланушыға экрандағы бейнені тек көріп-бақылауға мүмкіндік береді. Монитордың құрамына сәуле жарықтығын өзгертетін сигналдардың бейнекүшейткіштері, жайма генераторы, қоректендіру бөлшегі және оларды басқару схемалары кіреді. Ал кескін құрастыру бөлшегі дербес компьютердің басқа жерінде (жүйелік блогында) орналасады.

Электронды сәулелік трубкадағы мониторлар

Монитор параметрлері электронды-сәулелі трубкалардың сипаттамасымен және бейнеорактаны басқаратын элементтердің сапасымен анықталады. Және де негізгі жауапкершілік электронды-сәулелі трубкаларда. Әлемде электронды-сәулелі трубкаларды дайындайтын өндірушілер саусақпен санарлық. Ал, мониторлар жасайтын өзге фирмалар өздерінің өнімдеріне дайын электронды-сәулелі трубкаларды орналастырады. Өйткені, қазіргі таңдағы технологиялар негізінде трубкаларды меңгеру және оны дайындау өте күрделі және сол себепті электронды-сәулелі трубкаларды тек аса ірі өндірісшілер өндіреді.

Негізінен, ЭСТ құрылымы телевизиялық киноскоппен ұқсайды.

Қауіпсіздік пен электротұтыну стандарттары

Қазіргі таңдағы мониторлар медициналық, эргономикалық және экологиялық параметрлеріне, яғни қауіпсіздік стандарттарына сай болуы тиіс. Олар: MPR II, TCO 92, TCO 95, TCO 99. Монитормен ұзақ жұмыс барысында қорғаныс экрандарын пайдаланған жөн. Егер монитор жоғарыдағы стандарттардың біріне де сәйкес келмесе.

MPR II – сәуле шығарудың базалық стандарты болып есептеледі. Қазіргі таңдағы барлық мониторлар осы стандартқа сай болуы тиіс. Бұндай монитор болған жағдайда, қорғаныс экранының керегі жоқ.

TCO 92 – бұнымен сәйкестік монитордың толық түрде қауіпсіз екендігін білдіретін қауіпсіздік стандарты.

TCO 95 стандартында алғаш мониторларға эргономикалық және экологиялық талаптар қойыла бастады.

TCO 99 стандартында бұл талаптар күшейе түсті. Сонымен қатар, ТСО 99 стандартында көрініс сапасына және энергия тұтынуға өте қатты талаптар қойылды.

Сұйықкристалды мониторлар

Сұйықкристалды мониторлар – қазіргі кезде ең бір перспиктивалы. Көптеген жылдар бойына монитор өндірісшілері мониторлар рыногына үстел компьютерлеріне арналған оның негізінде жасалған құрылғыны шығармақшы болды.

1997 жылы рынокта диагоналі 13,3, 14 және 15 дюймді сұйықкристалды мониторлардың оншақты модельдері пайда болды.

Сұйықкристалды мониторларды екі түрлі технологиялар бойынша жасайды:

  • Белсенді матрицалы мониторлар (TFT) – ең сапалы және ең қымбат. TFT-мониторларда түсті қадағалаудың арнайы жүйесі пайдаланылған. Бұндай жағдайда экранның әрбір ұсақ сұйықкристалды элементі пиксельдің өзінің қадағалаушысы, яғни тек пиксельге ғана командалар беретін арнайы транзисторлары бар. Сол себепті, TFT-мониторлардағы көрініс артынан із қалдырмай өте тез уақытта өзгеру қабілетіне ие.

  • Белсенді емес матрицалы мониторлардың (DSTN) бұндай қабілеті жоқ. Соның салдарынан, көрініс біршама кешігумен өзгереді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]