- •9 Дәріс Мультимедиялық қосымшаларды құрудың технологиясы. Мультимедиялық құрылғылар және олардың қызметі. Қазіргі заманғы мултимедиалық программалардың түрлері.
- •Орталық процессор
- •Оперативті жад
- •Бейнекарта
- •Монитор
- •Қатқыл диск
- •Дыбыстық карта
- •Пернетақта
- •Операциялық жүйе
- •Қолданбалы мультимедиалық бағдарлама
- •Қорытынды
Қатқыл диск
Ж
едел
жадымен салыстырғанда, қатқыл диск
компьютердегі ақпаратты ұзақ уақытқа
сақтауға арналған. Ақпарат бетінде
магниттіжазушы головкілер
ауысып
тұратын бір немесе бірнеше дөңгелек
қатпарлы магнитті пластиналарда
сақталады.
Винчестерді сипаттайтын негізгі параметрлер – мегабайттармен немесе гигабайттармен өлшенетін оның сыйымдылығы. Тиімді жұмыс үшін мультимедиалық компьютердің 10 Гб-тан кем емес сыйымдылығы бар венчестері болуы тиіс
Қатыл дискінің параметрлері
Қазіргі таңдағы барлығы дерлік қатқыл дискілер магниторезисттік эффектілер пайдаланатын технология бойынша шығарылады.
Қазір IDE интерфейсті қатқыл дискілерге стандарт болып минутына 5400 айналыс табылады, ал SCSI интерфейсімен минутына 7200 айналыс стандарт ретінде қарастырылады.
Дыбыстық карта
Мультимедиалық компьютер сапалы дыбысты шығаруға міндетті.
Өзінен-өзі
дыбыстық карталар дыбыс шығара алмайды.
Сол себепті, дыбысты есту үшін дыбыстық
карталарға колонкаларды қосу керек.
Көптеген дыбыстық карталарда екі кіретін
орын бар: сызықтық және микрофонға
арналған; бір немесе екі кіру орны:
колонкілерге және құлақшындарға.
Жұмысының құрылуы және қағидалары
Әрбір дыбыстық карта компьютерлік дыбыстың екі негізгі форматтарымен байланысты болады: сандық (Wave-формат) және синтезделген (MIDI). Демек, оның құрылысында мына дыбыс түрлерімен жұмысқа жауап беретін екі негізгі элементтер бар: сандық-аналогтық және аналогтық-сандық және синтезатор.
Сандық дыбысты фотосуретпен салыстыруға болады. Сандық дыбыс дегеніміз музыканың, адамның сөйлеген сөзінің және өзге де дыбыстардың дәл сандық көшірмесі. Дыбыстық картаның осындай дыбысын өндіру қағидасы магнитофон жұмысының қағидасына ұқсас. Бұндай жағдайда дыбыстық карта сандық дыбысты аналогтық формаға ауыстырады немесе керісінше аналогтық-сандық формаға өзгертеді.
Сандық дыбыс – компьютерлік дыбыстың қазіргі таңдағы негізгі стандарты болып табылады.
Егер сандық дыбысты фотосуретпен салыстыруға болатын болса, онда синтезделген (MIDI) дыбысты стандартты блоктардан жинақталатын құрылысқа теңеуге болады. Блоктар – қысқаша айтар болсақ, бұл қандай да бір инструментпен ойналған дыбыс. MIDI-музыканы ойнатқан кезде дыбыстық картаға сандық дыбыстық ағын емес, белгілі бір инструментпен қандай да болсын нотаны ойнауға мәжбүрлейтін командалар. Және, дыбыстық карта өзіне жіберілген кодтан бір музыканы құрастырады.
Негізгі сипаттамалар
Қазіргі күндегі дыбыстық карталар 16 және 20 разрядты болады. Бұл екі түрдегі карталардың бір бірінен айырмашылығы: 16-битті карталар жаман емес дыбыстың ойнауын қамтамасыз етеді және әр күнге есептелген дыбыстық карталар болып табылады, 20-биттік карталар арнайы мамандарға арналған.
Тағы бір дыбыстық карталардың маңызды сипаттамасы дыбыстың кванттаудың жиілігі. Жоғары сапалы стереодыбыс 44,1 кГц кем емес жиілікке ие болуы тиіс.
Толық қосқабаттылықтың болуы дыбыстық картаның дыбысты бір мезгілде ойнатып және жазып алатындығының көрінісі. Толық қосқабатты болып 1998 жылдан кейін шығарылған барлық карталар табылады.
