- •Пән бойынша оқу -әдістемелік материалдар
- •2.2 Дәріс сабақтарының тезистері
- •Дені сау балалар мен кемтар балалардың психикалық дамуындағы ортақ заңдылықтар.
- •3. Балалар зиятының дамуындағы әртүрлі ауытқулардың этиологиясы және патогенезі
- •Баланың құрсақта қалыптасу кезеңінде әртүрлі залалды себептердің әсер етуі (антенатальдық зияндылықтар).
- •5.Босану кезіндегі зақымданулар мен асфиксия.
- •5.Олигофренияның патоморфологиясы.
- •Идиотияның клиникалық –педагогикалық сипаттамасы
- •2. Кемақылдылықтың гендік түрлерінің клиникасы.
- •Соматикалық хромосомалардың зақымдануларынан
- •4. Жыныстық хромосомалардың зақымдануларынан болған кемақылдылықтың клиникалық түрлері
- •Шекаралық интеллектуалдық жетіспеушіліктің дизонтогенетикалық түрінің динамикасы мен клиникасы.
- •Гидроцефалия және микроцефалияның клиникалық ерекшеліктері
- •5. Гидроцефал балаларды әлеуметтік бейімдеу мен қалыптастыру әдістері және алдын алу шаралары.
- •Микроцефалияның этиопатогенетикалық ерекшеліктері.
- •Микроцефал балаларды әлеуметтік бейімдеу мен қалыптастыру және алдын алу шаралары
- •Туа пайда болған мерез.
- •1. Әлеуметтік адаптация, реабилитация және емдеудің негізгі принциптері.
- •Мінездеменің негізгі бөлімдері:
- •3. Дамуында ауытқуы бар балаларға медициналық – психологиялық- педагогикалық кеңес беру.
- •Интеллектуалды кемістігі бар балаларды оқыту -тәрбиелеу мекемелері
- •2.3 Семинарлық сабақтар жоспары
- •Реабилитациялау
- •Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өздік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •Тақырып: Қанның жалпы анализінің көрсеткіштері
- •2.6 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •2.6.1 Курс бойынша жазба жұмыстар тақырыптары
- •2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •2.8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •2.10 Глоссарий
- •2.11.Әдістемелік ұсыныстар
Мінездеменің негізгі бөлімдері:
тексерілуші бала туралы жалпы мәлімет (аты-жөні, жасы, ата-анасы туралы мәлімет, шешесінің екіқабат кезіндегі білінген ауытқулар, олардың себептері, белгілері) т.б.;
тексерілушінің жалпы дамуы жөнінде мәлімет: туғаннан бастап тексерілгенге дейінгі мерзімде байқалған физикалық жағдайының ерекшеліктері, дамуы ,білінген өзгерістер.
жүйке жүйесіндегі байқалған өзгерістер: ауытқулардың белгілері, оның себептері;
психикалық жағдайының ерекшеліктері: ой өрісінің дамуы, ойлау, зейін, есте сақтау, тілінің дамуы, ақыл-есінің жағдайы, олардың ауытқу дәрежелері, белгілері;
педагогикалық мінездемесі: сабаққа қабілеті, есте сақтау қабілеті, зейіні, сабаққа ынтасы, үлгерімі, жақсы көретін іс-әрекеттері, мінез-құлқы, өз қатарларыменен қарым- қатынасы, үлкен мен кішіге ізеттілігі т.б.;
қортынды: баланы тексерген мамандар қортынды диагноз қойып, оның себептерін айқындап, кемтарлықтың дәрежесін көрсетіп, алдағы уақытқа болжам жасайды. Қажет болған емдеу, түзету әдістерінің түрлерін көрсетеді.
Олигофрен балаларды қалыптастырудағы клиникалық -педагогикалық және психологиялық мінездеменің маңызы. Сапалы, дұрыс, жан-жақты тексерілуден кейін құрастырылған мінездеменің олигофрен балаларды болашақта әлеуметтік бейімдеу үшін, емдеу, түзету, қалыптастыру әдістерін қолдану үшін маңызы өте зор. Осы мінездемеде көрсетілген қорытынды диагнозға сәйкес арнайы мекемелердің мамандары алғашқы түзету, қалыптастыру әдістерін қарастырады. Баланы әрі қарай бақылау кезінде басында қолданылған әдістерге түзетулер енгізуге болады немесе диагнозы өзгерген кезде, басқа патологиялық белгілер пайда болса баланы түзету, толықтыру және сауықтыру әдістерін қайта қарап, жаңадан сәйкестендіріп, құрастыруға болады.
3. Дамуында ауытқуы бар балаларға медициналық – психологиялық- педагогикалық кеңес беру.
Сапалы, дұрыс, жан-жақты тексерілуден кейін құрастырылған мінездеменің дамуында ауытқуы бар балаларды болашақта әлеуметтік бейімдеу үшін, емдеу, түзету, қалыптастыру әдістерін қолдану үшін маңызы өте зор. Осы мінездемеде көрсетілген қорытынды диагнозға сәйкес арнайы мекемелердің мамандары алғашқы түзету, қалыптастыру әдістерін қарастырады. Баланы әрі қарай бақылау кезінде басында қолданылған әдістерге түзетулер енгізуге болады немесе диагнозы өзгерген кезде, басқа патологиялық белгілер пайда болса баланы түзету, толықтыру жәнесауықтыру әдістерін қайта қарап, жаңадан сәйкестендіріп, құрастыруға болады.
Интеллектуалды кемістігі бар балаларды оқыту -тәрбиелеу мекемелері
Миақы дәрежесіндегі интеллектуалды кемістігі бар балалар көмекші мектеп-интернаттарда тәрбиеленіп оқытылады. Көмекші мектеп-интернаттарға интеллектуалды кемістігі бар балалардың ішіндегі олигофренияның жеңіл дәрежесіндегі балалар қабылданып, олар арнайы бағдарламалар бойынша жалпы мектептің бастауыш сыныптарының бағдарламасымен оқытылады. Олигофрендерден басқа бұл арнайы мекемеге басқа да кемақылдылықтың жеңіл түрі бар балалар қабылданады. Олар:
әр түрлі нейроинфекцияның салдарынан қалыптасқан кемақылдылығы бар балалар;
әр түрлі зақымданудың, мидың жарақаттануынан болған кемақылдылық;
эпилепсияның салдарынан болған кемақылдылықтың миақы дәрежесіндегі балалар;
психикалық аурулардың (шизофрения, психопатия) салдарынан болған жеңіл дәрежесіндегі кемақыл балалар;
әр түрлі ішкі бездердің әрекетінің бұзылуынан, гормондардың мөлшері мен сапасының төмендеуінен қалыптасқан кемақылдылықтың еңіл түріндегі балалар.
Көмекші мектеп-интернаттарға, интеллектуалды дамуы зақымданған балаларға арналған мектеп жасына дейінгі арнайы түзету мекемелеріне балаларды арнайы құрылған медициналық-педагогиклық және психологиялық сараптау консультациясының (МППК) қортынды бағыттамасымен қабылдайды. Бұл комиссияның құрамында арнайы мекеменің директоры, облыстық білім беру депортаментінің инспекторы, мекеменің дәрігері, оқытушысы, дефефктолог, логопед және психолог мамандары болады. Бұл комиссияға жіберілген баланың қажетті құжаттары болуы керек: жергілікті емхана берген, педиатр мен психиатр, невропатолог қол қойған анықтама, егер оқу жасындағы бала болса, оған оқыған мектебінің сынып жетекшісі қол қойған, директордың мөрі басылған мінездемесі және үлгерімі туралы анықтамасын көрсетеді, осыған қоса соңғы кездегі қабылдаған әртүрлі емдеу, түзету, сауықтыру шараларын көрсеткен медициналық құжаты да болуы керек. Осы құжаттарды қолдана отырып, және баланы кешенді тексеріп, оның жағдайын анықтап арнайы мекемелердің қандай түріне, бөліміне (көмекші мектеп-интернатқа) жіберілетіні анықталған құжат беріледі.
ҚР кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселелері.
2002 жылдың 11 шілдесінде қабылданған "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық және педагогикалық қолдау" туралы №343- П ҚР заңына сәйкес, дамуында әртүрлі физикалық, психикалық ауытқулары бар балалардың бұрыннан қалыптасқан әлеуметтік, медициналық және педагогикалық түзету әдістері қайта қаралып, толықтырылып, кемтар балаларды әлеуметтік қалыптастырудың тиімді шаралары белгіленді. Осы заңға сәйкес, мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы әдістермен тәрбиелеу, оқыту, еңбекке баулу, өмір сүрген ортасына әлеуметтік бейімдеу шаралары негізінен үш министрліктің (денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім және ғылым) қатысуымен жүзеге асырылады. Олармен қатар, бұл шараларға әртүрлі қоғамдық ұйымдар, қорлар, жеке азаматтардың да қатысуларына болады.
Заңда көрсетілген негзгі бағыттар бойынша қолдау шаралары мүмкіндіктері шектелген, даму процесстерінде әртүрлі дәрежедегі ауытқулары бар балалар үшін мемелекет тарапынан көрсетілетін үлкен қамқорлық болып саналады. Осы заңды іске асыру - әлеуметтік саланың қызметкерлерінің, мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу, арнайы әдістермен оқыту, сауықтыру, түзету әдістерін іс жүзіне асыратын мамандар - дефектологтардың негізгі міндеттері.
Есте болатын жәйт, қабылданған заңдар, өкімет тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен көмек түрлері кемтар балалардың барлық мәселелерін түбегейлі шеше алмайды. Әлі күнге дейін негізгі ауыртпалық кемтар баланың ата - анасының немесе олардың орнындағы жақын - жуықтарының үлесінде.
2001 жылы құрылған Республикалық әлеуметтік бейімідеу және еңбекпен қалыптастыру орталығы жоғарыды көрсетілген олқылықтарды шешу үшін республика көлемінде жүйелі бағдарлама бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда: әр облыс орталықтарында, ірі қалаларда кемтар балаларды қалыптастыру орталықтары ашылды. Олар жоспарлы түрде, облыстық білім және денсаулық департаменттерімен бірлесе отырып, әртүрлі кемістіктері бар балаларды анықтап, бақылауға алып, оларды қалыптастыру орталықтарымен қамту, тиісті көлемде заңдарда көрсетілген көмек, қолдау түрлерімен қамтамасыз ету жұмыстарын бастады. Бұл жұмысты сапалы жүргізу әлеуметтік саланың мамандарымен бірге дефектология саласының мамандарының да міндеті.
Негізгі әдебиет:(3,4,7,10,11,12,15,16)
Қосымша әдебиет:(2,5,6,7)
